АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Құдай-ау, алды кебежедей, арты тегенедей болып, сеп-семіз бәйбішелердің шалбар киіп алатынын қайтерсің?! Айнаға қарамай ма екен солар?».[:]

[:kz]

«Құдай-ау, алды кебежедей, арты тегенедей болып, сеп-семіз бәйбішелердің шалбар киіп алатынын қайтерсің?! Айнаға қарамай ма екен солар?».

Журналист Айгүл Болатханқызы facebook парақшасына белгілі жазушы Зейнеп Ахметованың «Жетісу» телеарнасына берген сұхбатынан үзінді жариялады. Онда батыр Бауыржан Момышұлының текті келіні көрінген жерде шалбар киіп жүретін әйелдерді қатты сынаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өлімге де шалбармен барады. Мешітке де шалбармен барады. Театрға шалбармен барады. Алла-ай, театр деген ол бір орда ғой! Өнер ордасы ғой! Қазір барып көрші театрға, тура анау базарда картошка сатып отырған жерінен жетектеп әкеп кіргізіп жібергендей!

Жарайды, кейде бар ғой, анау жас қыздарға «мақұл, шешесі айтпаған шығар, кешірімді» дейсің… Құдай-ау, алды кебежедей, арты тегенедей болып, сеп-семіз бәйбішелердің шалбар киіп алатынын қайтерсің?! Айнаға қарамай ма екен солар?

Кейбіреуінің аяғы доға, бұтының арасынан ит өтіп кететіндей. Бірақ, сонда да өзінше мәдениетті болған сиқы», — деп қынжылыс білдірді қаламгер.

 

[:]