[:kz]
Шындап келгенде, «грубо» айтқанда, құйрық сүртуге жарамайтын марапат қағазын бұлдап қайтесіздер? Түкке алғысыз қағаз. Компьютермен өзім-ақ көптеп шығарып ала саламын.
Оны қоя берші, әлгі жерде медальдар пәлен мыңнан сатылып, соны сатып алып кеудесіне ұялмай тағып алып жүрген адамдарды көргенде ашудан терлеп кетесің ғой. Ондайлар өзгені емес, өзін ақымақ еткені де. Е, мейлі, беті қалыңдарға бәрібір.
Медаль тағып, шіреніп отырған кісіге:
– Бұған қандай да бір ақша төленіп тұра ма? – десем:
– Қайдағыны айтасың… – деп күледі.
– Онда мұны неменесіне жүк қылып көтеріп жүрсіз? – деймін таңданып.
«Қызды-қыздымен» пәлен мыңға сатып алыпты.
– Как раз ұлым үйленіп, құдалыққа бара жатқанмын. Құдалардың алдында мықты көріну үшін сатып ала салдым, – дейді.
– Е-е-е… – дедім де қойдым.
Өткен жолы сондай медальды бесіктен белі шықпаған бір қыздың тағып алғанын көргенде «шок» болғанмын. Өстіп жүріп өліп кетпесем болғаны.
…Айтпақшы, мен де медаль сатамын. Құдалыққа тағып баруға жарайды.
Салтанат АБЫЛБЕКОВА
Zamana.kz
[:]