АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Күйеуге шығып кетіңдер»: Тоқтар Серіков Қалаубаева бастаған әншілерге ерекше бата берді (видео) [:]

[:kz]

Отандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков өнердегі басы бос қарындастарына бата беріп, елдің қызу талқысына қалды. Әртістердің қатысуымен болған ерекше сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоқтар Серіковтың бата беріп жатқан бейнежазбасы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Онда әншінің Әйгерім Қалаубаева, Әйгерім Мамырова мен Ayree-ге өзінің ағалық тілегін жолдағанын көруге болады. Серіков оларға бар арманына жетіп, тезірек тұрмысқа шығуын тіледі.

«Армандарыңа жетіңдер, биік-биік белестерден өтіңдер. Бар батамыз осы, байға тиіп кетіңдер», — деді әнші.

Мұндай батаны күтпеген арулар соңында күліп жіберіп, өнердегі ағаларына риза болды. Желі қолданушылары да Тоқтар Серіковтың батасына қосылып, басы бос әнші қыздарға өнер саласында көп жүріп алмай, өз уақытында отау құру керектігін айтты.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

kaz.nur.kz

 

[:]