[:kz]
«Талдыкорганец» Facebook парақшасында белгісіз әйелдің басынан кешкен жантүршігерлік оқиғасы туралы жазба пайда болды. Күйеуі аяусыз ұрып, денесін үтікпен күйдірген келіншектің танысы бар жағдайды баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Талдықорғандық белсенді Қайрат Абдрахманға жантүршігерлік жағдайдың қалай болғаны жайлы аты-жөнін жасырын ұстауды жөн көрген оқырман жеткізді. «Талдықорғанда күйеуі әйелін қорлап, екі тәулік бойы бір бөлмеге қамап қойған. Телефонын тартып алған. Аяусыз ұрып-соққан. Үтікпен денесін күйдірген. Алған жарақаттарынан әйел бірнеше рет есінен танып қалған. Бетінің жартысы ісіп кеткен. Асқан жауыздықпен қорлаған. Құлағын кескілеген. Менің осында жазып отырғанымды өзі білмейді. Осы туралы ел білсе екен деймін. Денесінің әр жерінде жарақаты бар. Тіпті омырауы мен ішінде де», — дейді белгісіз оқырман.
Фото: Facebook/Талдыкорганец
Оқиғаны баяндаушы аталған жайттың Талдықорған қаласындағы 4 шағынауданда болғанын атап өтті. Ал әйелдің қазіргі денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.
[:]