АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Құпия болмай қалды»: Арман Қоңырбаев Ашаның жүкті екенін айтып қойды[:]

[:kz]

Арман Қоңырбаев келіншегі Аша Матайдың жүкті екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жұлдызды жұптың екінші сәбиін күтіп жүргені туралы соңғы кездері көп айтылып жүр. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды демекші Арман мен Аша туралы бұл әңгіменің рас екені белгілі болды. Бұл туралы Арман Қоңырбаевтың өзі айтып берді. Келіншегі декреттік демалысқа шығатынын, сол себепті жеке шығармашылығын қолға алатынын айтты ол. 

«Шулатқанда шығармашылығымызда өзгеріс болайын деп жатыр. Бұл жолы дуэт емес, басқа емес, жеке клипімді түсіремін, жеке ән жазамын. Өздеріңіз білесіздер Аша бос емес, үйде Асылым қызымыз бар. Тағы да құдай қаласа отбасымыз толығады. Қазір енді құпия болмай қалды ғой, бәрі біліп қойды. Ашаның аяғы ауыр. Құдай қаласа, қыста деп жатырмыз. Барлығы Алланың қолында ғой», — дейді Арман Қоңырбаева.  

Ал екінші рет ана атануға дайындалып жүрген Аша Матай осы жолы жақсылап күтінетінін жеткізді. аман-есен босанып алғаннан кейін, бала қырқынан шыққанша үйде отырамын деп отыр әнші. Тіпті одан кейін де сахнаған қол үзіп, үйде отырып қалуы бек мүмкін екенін түсіндірді ол.  

«Бала қырқынан шыққанша міндетті түрде жақсылап күтінемін, сорпа ішемін, үйде боламын. Ал қырқынан шыққаннан кейін жағдайымызға қарап, мүмкін жұмысқа шығармын, мүмкін үйде отырармын», — дейді Аша Матай. 

 Stan.kz 

[:]