МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1-тарау. Осы дӘуірдегі Әлемдік сауда жӘне Әлем экономикасымен байланысты проблемалар
- Сауда капталы мен сауда пайдасының мәні
- Капиталистік сауда үлгілері
- Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
2-тарау. Қазіргі Нарықтық экономикадағы халықаралық сауда
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
3-тарау. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны жӘне ролі
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
3.4 Сауда және валюта
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда иайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.
Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды. Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.
Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін береді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз. Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда деп айтамыз.
Капитализмде сыртқы сауда ерекше ролін атқарады. Келешекте бұл тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі — әлемдік рынок.
Төлем балансына сырткы саудадан, тасымал кұралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциядан және т.б түскен табыстар кіргізіледі. Толем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және экспорт бойынша кірістері мен шығындары анықталады.
1-тарау. Осы дӘуірдегі Әлемдік сауда жӘне Әлем экономикасымен байланысты проблемалар
1.1. Сауда капталы мен сауда пайдасының мәні
Капиталистік қоғамда сауда капиталы, капиталистердің ерекше тобы тек қана айналыс саласында қолданатын өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі болып табылады. Сауда капиталының айналымы (Д-Т-Д) тауарды өткізу процесінде саудагерлер авансыланған капиталдың орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге осы капиталдан пайда түсіруді де көздейді.
Шын мәнінде сауда пайдасы дегеніміз — материалдық өндіріс саласында жалдамалы жұмысшылар жасаған қосымша құнның өзгерген формасы. Бұл өнеркәсіп капиталистері тауарларды өткізуді жүзеге асырғаны ушін, сауда капиталистеріне беретін қосымша құнның бір бөлігі. Өнеркәсіп және сауда капиталистері жұмысшы табын бірлесіп қанайды, ал жұмысшы табы өндірген қосымша құнды өзара бірдей көлемді пайданы, бірдей көлемді капитал жұмсау принципі бойынша бөліп алады.
Айналыс процесі тауарды сатып алу үшін капиталды авансылауды ғана емес, сонымен бірге тауарларды өткізу ісін ұйымдастыруға шығын жұмсауды да керек етеді. Бұл шығандар айналыс шығындары деп аталады. Айналыстағы өндірістің қосымша шығындары тауарды толык ұксатуға, орауға, буып-түюге, сақтауға, оларды тұтынушыға жеткізуге жұмсаған шығындардан құралады. Таза айналыс шығындары тауарларды сатып алу сату операцияларына, жарнама ісін ұйымдастыруға т.б балансты шығындар.
Сауда қызметкерінің жұмыс күні де қажетті және қосымша жұмыс уақытына болінеді. Бірақ тауарларды тікелей сатумен және сатыи алумен айналысатын сауда қызметкерлерін қанаудың айрықша өзгешеліктері бар. Қажетті жұмыс уакыты ішінде, сауда кызметкерлері саудада істейтін жұмыс күшінің құнына ақы толеуге жұмсалатын қосымша құннын бір болігі болатын тауарлар массасын еткізеді. Қосыміна жұмыс уақытында олар сауда капиталистерінің пайдасын құрайтын қосымша құнның бір бөлігі сіңірілтен тауарларды еткізеді, Сауда капиталистері ұсақ тауар өндірушілерді (шаруалар мен қол өнершілерді) де қанайды. Олар эквивалентсіз айырбас жасау аркылы ұсақ вндірупіілердің еңбегімен жасалган құнның бір бөлігін иемденіл алады.
1.2. Капиталистік сауда үлгілері
Көтерме сауда дегеніміз — бір капиталистің басқа капиталискс тауарларды ірі көлемде сатуы. Сауда өнеркәсіп және сауда капиталистерінің арасында және капиталистерінің осы ерекше топтарының ішінде жүргізіледі. Сауда әдетте котерме сауда орталықтарында — тауар биржаларында, жәрмеңкелер мен аукциондарда жүзеге асырылады. Котерме сауда процесінде тауарлардың едәуір белігі айналыс саласынан тұтыну саласына көшпейді. Мұндай көшу бөлшек саудада аякталады.
Бөлшек сауда дегеніміз — сауда каииталистерінің тауарларды тікелей тұтынушыларга сату. Капитализм тұсында бөлшек сауданы дамытудың негізгі бағытты тұтыну сұранымы мен бәсеке күресінің универсал сипаты итермелейтін сауданы, ірі универсал магазиндеріне шогырландыру болып табылады. Сонымен бірге тауарлардың белгілі бір түрлерін сататын арнаулы магазиндер мен ірі сауда фирмалары.
Капитализм тусында сыртқы сауданың қажеттігі және оның өсуі мынадай факторларға байланысты болып отыр.
- қоғамдык еңбек бөлінісінің және ұлттық мемлекеттердің шекарасынан шығып кеткен тауар өндірісінің дамуы;
- капиталиста: экономика дамуының әркелкілігі, осының салдарынан жедел дамып отырған салалар мен кәсіпорындардың өнімдерін өткізу үшін зат өткізетін қосымша рыноктар қажет болады.;
- неғұрлым көп тауар массаларын едәуір қашықтыққа тасымалдауды экономикалық жағынан тиімді еткен транспорттағы техникалық прогресс т.б.
Сыртқы сауда, тауарларды баска елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Бешілі кезенде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда балансының жайкүйі сол елдің дүніежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің маңызды көрсеткіші.
1.3. Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
Халықаралык сауда — мемлекеттер және ұлттык шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда калыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-жағраігиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өңдіруге маманданудың нәтижесі ретінде керінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің кұрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста кебінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өлімдері гана болса, қазіргі кезде онеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейілгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-тен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар Μβΐϊ қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қаркынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да кұрал жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуга болады.
Қазіргі уақытта халықаралық айырбас орісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және наухау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел осіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд доллар болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің катарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімте жалға алу) инжиниринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралык саудада «жаңа индустриялды елдер» (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркосілтік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктагы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XII1 гасырларда негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм устем болтан кезде мемлекеттер экспортың ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қоаданды. Ұлттық өнеркәсіп өніндерінде тиімді жогары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруга ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық зкошмикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбұр етті. «Еркін сауда» саясатының негізін Р.Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы баытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп «еркін сауда» саясатына көше бастады.
Дүнисжүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптаскан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен корғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандың өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Халықаралық сауда — экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ΕACT, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ-тың тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, ксздесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 90-ға жетті.
ЕАСТ- Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД- БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, соңдай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД халыкаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
2-тарау. Қазіргі Нарықтық экономикадағы халықаралық сауда
2.1. Халықаралык экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан окшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның озі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уакыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатының ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», — деп жазған.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.
Халыкаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
- халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
- экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға иті әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
- дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
- тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
- коптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
- сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
- сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіңдіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» — Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-тендігі жатады Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлыктар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішіңде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.
1-кесте.
Мемлекеттер |
Экспорт млрд. долл |
Дүниежүзілік саудадағы үлесі-% |
1. АҚШ |
512 |
12,3 |
2. Алмания |
421 |
10,1 |
3. Жапония |
397 |
9,5 |
4. Франция |
236 |
5,7 |
5.Ұлыбритания |
205 |
4,9 |
6. Италия |
189 |
4,5 |
7. Канада |
165 |
4,0 |
8. Гонконг |
152 |
3,7 |
9. Голландия |
148 |
3,6 |
10. Бельгия (Люксембург) |
131 |
3,1 |
11. Қытай |
121 |
2,9 |
12. Сингапур |
96 |
2,3 |
1З.Оңтүстік Корея |
96 |
2,3 |
14. Тайвань |
93 |
2,2 |
15 Испания |
73 |
1,7 |
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралык экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді Дүниежүзілік банктің есептеуі бойнша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік » АҚШ — Батыс Еуропа — Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
2.2. Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд долл құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдыктар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, кооперациялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты-есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг — клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, енбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді
Лизинг — машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімде ареңдаға беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп, банк монополияларының жалғасып кетуінің жаңа нысаны.
Консалтинг — жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі
Соңғы онжылдықта (1985-1996ж.ж) өнеркосібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе электротехникалық және электронды жабдыктарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинатехникалық өнімдер экспортының 25% тиеді.
Халыкаралық саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы, қалдықсыз терең өңдеу процестерін қолдану. Дүниежүзілік азык-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалды. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.
Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ХВҚ) мәлімсттері бойынша соңғы онжылдықта (1985-8бж.ж) халықаралық сауда жыл сайын орта есептен 5,2% өскен Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал дәл осы кезенде азиялық «жаңа индустриялды елдерді» сыртқы сауда қарқыны 10%-тен асқан.
1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9,5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы томендеу тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденциясы төмендегі кестенің көрсеткіштері дәлелдейді.
2-кесте
Халықаралық сауданың 1980-96 жылдардағы көлемі.
|
|
1987 -91 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
||
1 |
Халықаралық сауданың көлемі млрд. долл |
|
3650 |
3600 |
4050 |
4700 |
5020 |
||
2 |
Халықаралық сауда колемінің |
11 |
6 |
-5 |
12 |
16 |
7 |
||
|
өсімі, % |
|
|
|
|
|
|
||
3 |
Халықаралық саудадағы баға Деңгеиінің өзгеруі, % |
5 |
1 |
-5 |
2 |
6 |
0 |
||
4 |
Халықаралық сауда көлемінің |
6 |
5 |
4,0 |
9,5 |
8 |
7 |
||
5 |
Өнеркәсібі дамыған елдердегі Импорттың өсімі, % |
6 |
4 |
2 |
10 |
8 |
6 |
||
6 |
Мұнай экспорттаушы елдердегі импорттың өсімі, % |
5 |
13 |
-2 |
-1 |
0 |
3 |
||
7 |
Дамушы елдердегі импорттың осімі, % |
11 |
13 |
14 |
11 |
11 |
10 |
||
Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шенінде жедел өсу АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті.
Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.
Жекелеген елдердің дүниежүзілік саудадағы ролін қарастырсақ, онда дуниежүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚШ жатады. 1994 жылы АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы 1,2 трлн доллар дан асты. Мұның өзі дүниежүзілік сауда келемінің 28%-ін құрайды. АҚШ-тан кейінгі Алмания мен Жапонияның көрсеткіштері жоғары.
Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд доллар болып, дүниежүзілік сауда көлемінің 18,8%-ін құрады.
Жапонияның бұл көрсеткіштерімен қатар 672 млрд доллар мен 15,2% болды. Ең ірі сауда мемлекеттерінің қатарына Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Голландия, Гонконг, Бельгия (Люксембургпен бірге) кіреді Қытай, Сингапур, Чили, Финляндия елдерінің де экспорты жедел қарқынмен дамып келеді.
Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Олардың негізгісі — мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы Дүниежүзілік банктің есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберінде 90 жылдары дүниежүзілік сауданың 42% жүзеге асырылған.
Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтарының құрамы мынадый:
- Еуропалық Одақ — Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.
- Еуропалық еркін сауда ассоциациясы — Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.
- Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім — АҚШ, Канада, Мексика;
- Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы— Австралия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Жана Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили,
- «Меркосур» — Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай,
- Оңтустік Африкалық даму комитеті — Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Номибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве;
- Батыс Африкалык, экономикалық және валюталық одақ — Кот’д Ивуар, Буркина — Фасо, Нигерия, Тою, Сенегал, Бенин, Мали,
- Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымактастық ассоцияциясы — Индия, Пакистан, Шри-Ланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал;
- Анд пакті-Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия,
Аталған одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шенберінде), екінші жағынан кез келген жабық кұрылымдарға тән біркатар кедергілер де болады.
Біртұтас олемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытыңда әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылыктар бар Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда экономикалық одақтастыктарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы, шешімін іздестіру үстінде.
2.3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым — Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ).
ГАТТ-ты құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол келісім 1948 жылы күшіне кірген болатын. 1995 жылы ГАТТ өз қызметін тоқтатып Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып кайта құрылды. Бұл беделді халықаралық ұйымның аты өзгергеиімен, заты, принциптері, құқықтық механизмі өзінің жалғасын Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымын тауып отыр.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы — қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін көп жақты халықаралық келісім.
ГАТТ-тың құкықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын:
- Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарыңда бір-бірінс ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртінке сәйкес келісімшарт жасаған елдер бір-біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған келісім автоматты түрде баска мүше елдерге де міндетті;
- Алаламау (дискриминациялау) принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ-қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда аткарылуы тиіс;
- Ұлттық рынокты қорғауда мүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану, импорттық тауарларды т.б тарифтік емес шектеулерді алып тастау;
- Көп жақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде төмендету;
- Дамушы елдермен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;
- Сауда-саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.
ГАТТ-тың қызмет жасаған жылдардағы жұмыс нәтижелері томендегідей болды.
1996 жылдың басында ГАТТ-тың мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ГАТТ Бүкілдүнисжүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 81 мемлекет мүше. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интеллектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Жаңа ұйым инвестицияларды қорғауды бақылаудың да жүзеге асырып, реттейтін болады.
3-кесте. ГАТТ шеңберіндегі сауда келіссөздерінің тізбесі.
Келіссөздер жүргізілген орын |
Жылдар |
Қорытынды |
Женева (Швейцария) |
1947 |
Кеден тарифтерін төмендету |
Аннеси (Франция) |
1949 |
|
Торки (Англия) |
1950 |
|
Женева |
1956 |
|
Женева |
1960-1961 (Диллон Раунды) |
|
Женева |
1964-1979 (Кеннеди |
Тарифтерді төмендету демлингке қарсы |
|
Раунды) |
кодексті жасау |
Токио |
1973-1979 |
Тарифтерді төмендету |
(Жапония) |
(Токио-Раунды) |
ГАТТ-тың міндеттерін жетілдірін, күшейтетін кодекстерді жасап, кабылдау.(Тарифтік емес кедергілерді жою) |
Пунта-Дель-Эсте |
1986-1994 (Уругвай Раунды) |
Кедендік кедергілерді азайту (БСҰ) құру туралы келісім. Қызмет корсету саудасының Бас келісімін жасау |
Эксперттердің анықтауы бойынша, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының бақылауында 5 трлн доллар тауар айналымы болмак. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының қызметі дүниежүзілік экономикаға жылына қосымша 250 млрд доллар жуық табыс әкелмек.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы баскарушы органы — Министрлер конференциясы.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік. әр-бір қатысумен мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы халықаралық экономикалық қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып, барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастары деңгейін жоғарылатады деген сенім бар
БСҰ-бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейілінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым.
2.4. Еңбекақы, оның әлем саудасымен байланыстылығы
Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді. Жалақы дегеніміз не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді, жалақыға бәсекенің жетілген, жетілмеген түрі қалай ықпал етеді?
Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар.
- Жалақы еңбек бағасы (еңбекпен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар: сұраныс және ұсыныспен анықталады.
- Жалақы жұмыс күші тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайы мен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар сұраныс, ұсыныспен де аныкталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнының бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе табити жалақы) «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады. Яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті кұн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндіреді. Жалақы дәрежесінің төмендігін және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А.Смит жұмысшы тобының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақының динамикасының (қозғалысын) экономикалық жағдайымен байланыстырды.
Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де рыноктық жалакы «табиғи жалақыдан» жоғары болады. Д.Рикардо да А.Смит сияқты жалакыны еңбек бағасы деп ұғынды. Д.Рикардо жалақы теориясын Малтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алды. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалакының төмеңдеуіне әсер етеді, керісінше жалақының төмендеуі жұмысшылар мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқуы ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне күнкөріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады. Жалақы жұмысшының оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумына деген түсінік, жалакының «темірдей» қатты заңының негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек тауар емес, олай болса оның кұны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнынын ақшалай корінісі. Жұмысшы жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек кажетті еңбек мөлшерінің құнын алады. Жалакының экономикалық мазмұны мынада, осы табыс арқылы ендірістің жеке факторының орны толтырылады, білім алу, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады. К.Маркс жұмыс күшінің құны мен жалақы күнкөріс заттарының физикалық минимумына емес, күнделікгі қажетті тұтыну заттарының кұнымен аныкталады деді. Жалакының мөлшері жұмыс күшінің құнына осер ететін еңбек онімділігіне, еңбектің қаркындылығына еңбектің күрделілігіне тәуелді. Жалакы сондай-ак конъюнктурасы еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Еңбек рыногыңда сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең жалақы белгіленеді.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына тәуелді, бірдей жұмыс аткаратын жұмысшылардан жалақысында жекелей айырмашылык орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан да проллетарлық саяси экономикада жалақыны жұмыс күші құнының өзгерген нысаны (яғни мәнін бұрмалайтын нысан), шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді. Қазіргі Батыстық экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген көзкарас орын алуда. Самуэльсон мен Нордхаус «Жалакы рыноктык бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбек багасы» деп жазды. Жаңа классиктер жалақының дәрежесі мен динамикасын рыноктык факторлар (сұраныс пен ұсыныс) деп түсіндірді.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алды. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатыны көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімде және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондыктан ол күндік, апталық және айлык ақы болып бөлінді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты еңбекақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақы дәрежесін салыстыру үшін «еңбек бағасын», яғни бір сағаттық еңбекақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге жұмыс кунінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығын белгілеу мүмкінділігіне ие болады. Кесімді жалақы жа жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты. өйткені бір өлшем өнімінің бағасы мерзімді жалақымен және ол өндірілген өнім санына белу арқылы анықталады. Кесімді жалақынын мөлшері біρ өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді жалақының ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы бақыланып, өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүлделендіреді, жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақынын негізгі нысандары мен бірге жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді — прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы т.б жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б көрсеткіштеріне тәуелді.
3-тарау. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны жӘне ролі
3.1 Қазақстанның халықаралық сауда
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік
- Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 пайыз төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 пайыз ғана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сакталады деп күтілуде;
- Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 пайыз болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 пайыз болды.
- Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (І.Ж.Ө) 1996 жылдың бірінші жартысында 1995 жылдың сол кезімен салыстырғанда 100,1 пайыз, соның ішінде өнеркәсіп орны — 100,2 пайыз болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің кұлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
- Экспорт онімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 пайыз болса, кейінгі жылдар ыда едәуір өседі деп күтілуде.
Қазіргі кезде Қазақстанда колданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр. Солардың ішінде облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы {сауда режимі} экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліл, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
— барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашык және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
— экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесіидс тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, ролін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті.
Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын онім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіру салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға кошіріп, дүние-жүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.
Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.
Қазақстанның халықаралық саудадағы ролін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазакстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ак дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы басқарушы органы — Министрлер конференциясы. Бүкіл-дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын кадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әрбір қатысушы мемлекетке бұрын келісілген кұжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді. БСҰ — бейбіт, қатар өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым. «Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.
Сауда капиталы қанау процесінің шеңберін ұлғайтады. Оның өзгесіне тек өнеркәсіп жұмысшылары ғана емес, қолөнершілер және интеллегенцияның басым көпшілігі ұшырайды. Сауда капиталы еңбекшілерді қосымша тонаудың өткір құралы. Жалдамалы еңбек халық даналығындағы «Жығылғанға жұдырық» дегенге осы жерде тап болдыау.
3.2. Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
Әлем экономикасында тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұлттық шекара арқылы айырбастау процесін «халықаралық сауда» деп атайды.
Шет елдерден сатылып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулер — «импорт» деп аталады. Ал, басқа елдерге сатылатын тауарлар экспорт болып саналады.
Егер ұлттық валюта құны баска валюталармен салыстырғанда немесе онда елдің экспорты көбейіп, ол тауарлар басқа ел тұрғындары үшін арзандайды. Осындай жағдайда, міндетті түрде импорт азайып, ал тауарлар осы елдің тұрғындары үшін кымбаттайды. Ал, ұлттық валюта құны басқа валюталармен салыстырғанда артса, онда керісінше бағыттағы құбылыстар пайда болады.
Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Бір елдегі жеке кісілер мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.
Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.
Қайсыбір елдерде, басқа жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты мен
топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бидайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ал, Канзаста керісінше, апельсинге қараганда бидай өсірген тиімді. Флоридадаға және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жерлер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады, Алайда, ол екі жаңқа да қымбатқа түсер еді. Соңдыктан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кезкелген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір онімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.
Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықтар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.
Жоғарыда аталғандай барлық елдердің түбегейлі артықшылығы бола бермейді. Алайда, олардан басқа елдер де халықаралық сауда да, ездерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсібір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік,
Дороти Диксон заң колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шашгаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шашатарын жақын жердегі
шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан, оның озінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп кабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның озі заң жұмыстарымен шұғылданып, баскаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.
Әлемдегі барлық елдер өздершің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер ондіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер әндіруге болады.
Елдер арасындағы еркін сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:
- Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаннан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халыкаралық сауда үшінде осындай қатынаста болады.
- Қайта қойылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларын қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдауішы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін колданылып, оны шетел бәсекелестігінен корғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға телейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.
3.3. Халықаралық саудадағы кедергілер
Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.
Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отаңдық өнімдерден, кымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.
Импорт үлесі. Бұл импортқа келетін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулсрдің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.
Басқа шектеулер. Аталғаннан баска да елдер арасындағы сауда еркіндігін шектейтін бір қатар әрекеттер бар. Оларға мысал ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшадай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе «былыкшылық» деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.
Кеден тарифтерінің, импорт үлесінің және басқа да шектеулердің негізгі мақсаты, импорттық тауарлар және қызмет көрсетулерді кымбаттату болып табылады. Ендеше оны сатып алатындардың саны кеміп, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді. Онда олардың не керегі бар? Деген заңды сұрақ туады. Соңдықтан да халықаралык саудадағы шектеулерді қолдайтын дәлелдер келтірейік.
Ұлт қорғанысына байланысты салаларды қорғау. Ұлт қорғанысы үшін кейбір өнеркәсіп салалары өмірлік маңызды болады. Сондықтан да, бұл салалардағы өнімдерді шетелдерден алатын болсақ, соғыс бола қойған жағдайда, ол үлкен тәуелділік жүктейді.
Жаңа салаларды қорғау. Көптеген елдер, өздеріндегі индустрияландыруды бастағанда, қолдаушы тарифтер енгізіп, өзінін дамып келе жатқан онеркәсібін қорғаған. Жаңа өнеркәсіп салалары мұндай көмексіз, ешуақытта дамып, басқа елдермен бәсекелесу деңгейіне котеріле алмас еді. 1791 жылы Александр Гамильтон америка өнеркәсібінің барлық жаңа салаларын қорғау үшін қолдаушы тарифтер енгізген. Мұндай әрекеттерсіз Америка өңдірушілері Батыс Еуропаның тиімді кәсіпорындарымен бәсекелесе алмаған болар еді.
Экономиканы диверсификациялау. Бұл әрекеттің де дәлелі алдағы сияқты. Онша дамымаған елдердің экономикасы, әдетте, бір өнімге, әлде тауарлар тобына байланысты болады. Егер осы негізгі өнімнің бағасы тез төмендеп кетсе, ол елдегі қаржы шым-шытырығын тудырар еді, Осындай жағдайларды болдырмау үшін, оларға әртүрлі тарифтер қолданып, субсидиялар бөліп, экономиканы диверсификациялайды (жанжақтылаңдырады).
Сонымен, әрбір елдің мамандандырылып, бір-бірімен сауда жасауды. олардың әркайсысының қажетті тауарлар жене қызмет көрсетулерді әздері әндіргеннен, әлде қайда
тиімді болатындығын байқадық. Алайда бұл тұста, тарифтер мен саудадағы басқа да шектеулер өзара тиімді айырбасқа кедергі жасайтындығын тағы да білеміз. Бұл екі фактор көптеген елдердің халықаралық сауданы дамыту үшін күш жұмсап, еркін сауда ассоциацияларын және кеден одақтарын кұруға мәжбүр етіп отыр.
Еркін сауда ассоциациялары (ҒТА) бірнеше елдердін өзара саудадағы кедергілердің барлығын болдырмайтын келісімді қабылдау нәтижесінде құрылады. Бұл ассоциация мушелері үшін оның мүшесі емес елдермен өзара қарым-қатынастарын өздері анықтауға мүмкнідік берілген.
Кеден одақтары мемлекеттер арасында еркін сауда мүмкіндігін туғызып, олардың мүшелері үшін басқа үшінші елдермен де бірдей мөлшердегі тариф бойынша халыкаралық сауда жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Еуропа Экономикалық Бірлестігі 1992 жылдан бастап бірыңгай нарық құруды жоспарлап отыр. Бұл жоспардың негізі 1986 жылғы шешімге байланысты жасалып, 1992 жылдан бастап Батыс Еуропа территориясындағы тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және адам ресурстарының козғалыстарындағы барлық шектеулердің жойылатындығы жоспарланып тұр. Бұл жоспар «Еуропа 1992» деген атқа ие болды.
Егер біз қашан болмасын басқа елге барып көрсек, онда біз кейбір қонақ үйлерде, дүкендерде, ресторандарда біздің долларымызбен чектерімізді алғысы келмейтіндігін байкаймыз. Оның олай болу себебі, әрбір елдің өз ақшасы болады.
Әрбір елде тауар және қызмет көрсетулер сатушылары оларды осы елдің ақшасына сатуды қалайды. Сондықтан да, экспорт иелері үшін де өз ақшаларын тез және тиімді айырбастап алу кажеттігі туады.
3.4 Сауда және валюта
АҚШ-тың барлык, жерінде валюта диллерлері, әлде банктер шетел валюталарын сатып алып және сатып тұрады. Міне, осы банктер мен валюта диллерлері шетел валюта
нарығын құрады. Шетел валюта нарығы әрқашанда еркін болмаған. 1944 жылдан 1970 жылдарға дейін көптеген елдерде тұракты айырбастау құнды жүйеде жұмыс істеген, яғни бір елдің валютасы екінші елдің валютасына бекітілген құн бойынша ауыстырылған және ол кұн, АҚШ долларына шағылып, бекітілетін болтан.
1971 жылы шетел мемлекеттеріндегі АҚШ долларының мөлшері тым көбейіп кеткендіктен, Құрама Штаттары олардың алтынмен айырбасталуын қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан, Президент Никсон доллардың құны тек сұраным және ұсыным заңдарына байланысты аныкталып, олардың басқа валюталарға ғана айырбасталатындығы туралы шешім қабылдады.
Президент Никсон доллар, франк, песо және басқа да валюталар кез келген, айталық, бұршақ, ет сиякты тауар түрінде шетел валюта нарығында сатылуы тиіс деді. Бұл тұстағы олардың құны сұраным мен ұсыным заңдарына байланысты аныкталатынын атап көрсетті.
Америка Құрама Штаттарынан кейін осындай икемді айырбастау жүйесіне көптеген елдер көшті. Сонымен қазіргі кезде шетел валюталарының құнын мемлекеттік ұйымдар емес, шетел валюта нарығындағы сұраным мен ұсыным заңдары анықтайды.
Валюта кұны уакыт бойынша өзгеріл тұрады. Валюта құнынын өзгеруі сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне байланысты болады. Ұлт валютасына сұраным осы ұлттың тауарлары мен қызмет көрсетулеріне байланысты.
Валютаға ұсыныс халықтың ұлттық валютаны басқа елдің ақшасын сатып алу үшін қалай ұстайтындығына байланысты болады. Мысалға, Франциядағы импорт иелері АҚШ-тан тауар алу үшін халықаралық валюта нарығынан өзінің франктеріне доллар сатып алу керек. Соңынан өз кезегінде олар өз долларына АҚШ-тан тауар сатып алады.
Εл ішінде сауда қатынастары қалай қажет болса, сол сияқты елдердің арасындағы сауда қатынасы, осы елдерде өндірілмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді аз шығынмен алу үшін қажет. Оның барлыгы салыстырмалы артықшылық принциптері бойынша, яғни егер екі елде қайсыбір тауарлардың өндірілетін салыстырмалы құндары әртүрлі болса, онда олардың әрқайсысының тиімді өндірілетін тауарларға мамандандырылып, артық тауарлармен алмасуы екі жаққа да тиімді болатындығына негізделе шешіледі.
Халықаралық сауданың тиімділігше қарамастан, кейбір елдерге өз өнеркәсібін шетел бәсекелестігінен қорғау үшін әртүрлі жасанды кедергілер жасалады. Ол кедергілер әдетте тарифтер және импорт үлесі түрінде іске асырылады. Соңғы кездерде тарифтер төмеңдетіліп, сауда шектеулерінің басқа түрлерінің кемітілу бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Импорт сатушыға тиімді валютамен төленеді. Бұл салалардағы мәмілелерді жеңілдету үшін халықаралық саудаға қатысатын елдердің валюталар нарығы жұмыс істейді. Шетел валютасының екінші баска ел валютасымен есептелтен сатылу бағасы валюта құны деп аталады. Валюта кұны сұраным мен ұсыныс зандарына байланысты өзгеріп отырады.
Қорытынды
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономикалык теория. Қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті омірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономикалық теориясы болу керек. Әрине, тәуелділікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы болмақ елдерден оқшау емес, керісінше, экономикалық интеграция халықаралық еңбек бөлінісі артыкшылықтарын пайдалану кажет.
1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты, бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазакстанда ілгері дамудың дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы қиын қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялык кұкықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы оркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық дамудың бірден-бір жолы тауар-акша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, нарық инфрақұрылымын қалыптастыру.
Тауар шаруашылығын зерттеуге бірінші қадам жасалысымен-ак методологиялык мәселе пайда болады. Бұл құбылыстарға функционалды талдауды, себеп-салдарлы талдауды қолдану керек пе? Мәселені барынша қарапайым етіп, былайша түсіндіруге болады.
Функционалды талдау экономикалык құбылыстардың өзара байланысын «көлбеу сызығы бойынша» қарайды, бірінші не екінші деген сұрақ койылмайды. Мысалы, баға сұранысты анықтау ма әлде керісінше ме?
Себеп-салдарлы талдаудың функционалды талдаудан айрмашылығы, ол тауар шаруашылығы категорияларының шығу төркінінен алынған табыстардың түпкі қайнар көздерін, себептерін, зерттеуге басты көңіл боледі.
Бұл екі талдау тауар шарушылыға категорияларын зерттеудегі қазіргі шектілік және марксистік әдістерді сипаттайды. Догматтық бағыттағы кеңістік экономикалық әдебиеттерде шектілік (маржиналистік) талдауды істің сыртқы көрінісімен айналысатын «дөрекі», «ғылыми емес» деп жариялады. Алайда, неоклассикалық мектепті ғылыми емес деп бағалау қате пікір. Бұл бағыттың өкілдері өз алдарына әлеуметтік-таптық қатынастарды анықтауды мақсат етіп қойған жок. Олардың талдауы жеке фирманың, өндірушінің не тұтынушының шаруашылық жүргізуінің негұрлым оңтайлы әдістерін іздеуге, ең жоғары деңгейдегі әл-ауқаты жетудің барынша тиімді тәсілін табуға арналған. Бұл көзқарас бойынша, еңбекші тап пен меншік иелерін бір-біріне қарсы қою дұрыс емес.
Өндірістің барлық факторлары еңбек те, капитал да, жер де ұдайы өндіріс процесіне өз үлестерін қосады және содан бұл факторлардың иелері тауар құнындағы өз үлестерін алады. Таптар арасындағы қарама-қайшылық емес, олардың өзара әрекеті, өзара бейімделуі экономиканың тиімділігін арттыруға әкеледі.
Қоғамдық өндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, онсыз шаруашылықтардың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық. Яғни еңбек өнімі өндірушшің де жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да, ол тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну ондірумен сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеуге қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар әсіресе, алғашқы қауымдық құрылыста кең орын алды. Натуралды шаруашылыққа патриархалды шаруалар кожалығы және феодалдық иеліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтың тауарлы нысанмен алмасуы ұзақ та, күрделі процесс. Атап өткендей, натуралды шаруашылык әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамыған елдердің өзінде де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізгі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы онімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдерінс оздері ие болып рынокқа сатуға шығады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». «Егемен Қазақстан», 16 мамыр, 1992 ж.
- Н.Ә. Назарбаев «Еуразиялық одақ туралы» Казахстанская Правда 10.1999.
- Послание Президента страны к народу Казахстана. Стратегия «Казахстан-2030».
- Елемесов Р.Е. «Халықаралық қатынастар» Алматы 2002.
- Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., — Киров: АСА, 2002г.
- Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998.
- Таналинов А. «Бұрыңғы КСРО елдерінің кешегі мен ертеңі» Алматы 2003.
- «Саясат» журналы #3 2002 жылы
- «Саясат» журналы #4 2002 жылы
- «Саясат» журналы #5 2002 жылы
- «Континент», № 19. 10.2003 г.
- «Континент», № 6. 03.2003 г.
- Азия – экономика и жизнь /1998 г. №27 (155)
- Аль-Пари /98г. № 3
- Вестник КазГУ. Серия экономическая /2004, №4(16)
- Вестник КазГУ. Серия экономическая /2003, №9