АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курсовая работа: Всемирно-торговая организация ВТО

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………………..3

 

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ……………………………………………………………………………………..6-17

1.1 Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері………………………….6

1.2 Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының               

ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………………7

1.3 Сыртқы сауданының көп тарапты реттелуі……………………………………….12

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ………………………………………………………………………………………18-30

2.1 Экспорттық саясаттағы сыртқы сауданың ролі………………………………….20

2.2 Қазақстан Республикасының таяу шетелмен сыртқы саудалық

қатынасы…………………………………………………………………………….22

2.3 Қазақстан Республикасының алыс шетелмен сыртқы саудалық қатынасы………………………………………………………………………………………………………23

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..31

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………………32

 

қосымша

 

 

КІРІСПЕ

 

Елдер мен халықтар арасындағы сауданың дамуы мен ролінің жоғарылауы, теориялық түсіндірілуі мен болу себебінің негізделуі халықаралық айырбастаудың пайда болуынан едәуір кейін қалыптаса бастады. Бұған ішкі феодалдық бытыраңқылықты жеңу, елдер арасында жеткілікті тұрақты сауда байланысының қалыптасуы жол салды. 

Халықаралық сауда теориясы оның пайда болуының себептері мен шарттарын түсіндіреді. Сыртқы сауданы елдегі алтын мен бағалы бұйымдар қорын жоғарылату мәселесінен шығаратын, ұсақ пайдакүнемшілердің ертеректегі бағыттарынан өзге, барлық негізгі концепциялар елдер арасындағы сауда себептерін экономикалық ерекшеліктер мен еңбектің халықаралық бөлінуінің тиімділіктерінен көреді. А.Смит пен Д.Рикардо, еңбек пен өндіріс шығындарының айырмашылықтарымен байланысты елдердің абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары туралы ережені негіздеді және тұжырымдады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі сатысында сыртқы сауда нақты және ұдайы өндірістік процестің, халықтың қажетсінуін қанағаттандырудың және әртүрлі шаруашылық қызметінің ең елеулі факторы болады.  “Аль ПАРИ” журналының талдама мәліметтері бойынша,  2002 ж. тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы 10,6 трлн. долл. межесінен асты, ал оның жыл сайынғы өсу  қарқыны, өндірістің өсуінен едәуір оза отырып (2-2,5 %), 6-8 % артты. Тауарлар мен қызмет көрсетудің сыртқы саудалық айырбасталуы, қазіргі кезде дүниежүзілік елдердің қосынды ЖІӨ қатынасы бойынша 1/3 жоғары – 27 трлн. долл. аса  /31, c. 18/.

 Осылай, әрбір алтыншы тауар немесе көрсетілетін қызмет тұтынушыға дүниежүзілік сауда арқылы жетеді. Қазіргі кезде сыртқы саудасыз, онсызда айқын, шағын елдер халықтарының әртүрлі күнделікті қажетсінулерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар импорттық тұтынушы тауарлардың үлесі халықпен сатылып алынатын барлық көлемнің орташа есеппен 12 –20 % жететін орта және үлкен елдердіңде (АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) күнделікті қажетсінуін қанағаттандыру мүмкін емес.

Одан өзге, қазіргі халықаралық сауданың басқада жаңа ерекшеліктері бар: қызметтерді айырбастау жоғарылауда, және олардың үлесі қазіргі кезде дүниежүзілік экспорттың үш бөлігін дерлік құрайды (1,5 трлн долл. жуық),  және оның негізгі бөлігі жаңа түрлерге келеді – инжинирингке, консалтингке, лизингке, ақпараттыққа және басқаларына. Халықаралық айырбастаудың тауарлық құрылымында дайын өнімнің үлесі күрт жоғарылады – 2/3 жуық, оның ішінде кооперациялық сипатты жеткізілімдер  (торабтар, бөлшектер, агрегаттар) – жартысынан көбі. Бұл халықаралық өндірістік және ғылыми – техникалық мамандандырылудың маңызының артқанын көрсетеді. Сондықтанда, халықаралық рыноктың ұдайы кеңеюінің тұрақты алғы шартын құрайтын, халықаралық кооперациялық айырбастаудың басым бөлігі келетін, Ұлт аралық корпорация (ҰАҚ) шеңберіндегі ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастағы) фирманың ішкі ынтымақтастығының принципті басқаша ролі кездейсоқтық емес. Сонымен бірге, бұл дүниежүзілік шаруашылық қатынасының интеграциялық типінің дамуының нақты факторы. Осының барлығы халықаралық сауданың географиялық, «елдік» құрылымында ілгерілеуді алдын – ала анықтайды: онда ауырлық орталығы экономикалық дамыған елдер мен елдердің топтары арасындағы өзара қатынастарға ауысады (дүниежүзілік тауар айналымының 60 – 70%).

Қазіргі ХЭҚ сандық және сапалық сипаттамалары, халықаралық сауданың артықшылығын алдын – ала анықтай отырып, ұлттық экономиканың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің күшейгенін, сыртқы экономикалық өсу маңызының жоғарылауын көрсетеді, бұл осы процестегі Қазақстанның халықаралық саудасы мен алатын орынының дамуын талдауға арналған осы жұмыстың тақырыбының көкейтестілігімен шартталады.

Берілген тақырыптың көкейтестілігі ғаламдану жағдайында, Қазақстан Республикасында ашық типті нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында, елдің еңбектің халықаралық бөлінуіне белсенді тартылуын болжаумен қорытындыланады. Халықаралық саудадағы негізгі шешімдер, орнықтырылатын ережелер, қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген мемлекеттерімен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) шеңберінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы ДСҰ кіру туралы ресми тапсырысты 1996 жылы берді және осы уақыттан бері келіссөз процесін жүргізуде. Дегенмен, осы кезге дейін халық шаруашылығындағы пайда мен ысырап балансы туралы мәселе ашық қалуда, әсіресе Дүниежүзілік Сауда Ұйымына елдің қатысуының бірінші жылдары. Осындай есептеулердегі сандық және сапалық бағалаудың болмауының салдарынан жалпы пікірталаста, пікірлердің полярлығын тудыратын, сезімдік аргументтер басымдық танытады.  Одан өзге,  алынатын тиімділікті бағаламайынша ДСҰ мүшелігіне дайындалу үшін қажетті нақты шараларды жоспарлауда қиын.

Бұл жұмыстың зерттеу объектісі болып біздің республикамыздың сыртқы саудасы және Қазақстанның ДСҰ кіруінің көкейтесті мәселелерінің контексіндегі дүниежүзілік сауда табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – біздің республикамыздың Сыртқы – сауда ұйымына кіру мәселесін зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты зерттеу келесідей бағыттарда жүргізіледі:

  • ҚР сыртқы сауда қатынастарына сипаттама беру,
  • ҚР – ның ДСҰ кіруінің негізгі этаптарын көрсету,
  • Біздің республикамыздың сыртқы сауда қатынастарын зерттеу,
  • Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы мүдделері мен қызметтерін зерттеу,
  • Қазақстанның ДСҰ кіруінің теріс және оң жақтарын көрсету,
  • Отандық және ұлттық өндірушілердің мүддесін қорғау,
  • Қазақстандық тауарлардың дүниежүзілік рынокка шығуына және олардың бәсекелестік қабілеттіктерін күшейтуге мүмкіндік алу.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс елдің сыртқы саудасына баға беруге көмектеседі, ДСҰ кіру кезіндегі Қазақстанның маңыздылығын тереңірек түсіндіреді, сонымен қатар сыртқы сауда айналымының мәселелері бойынша әртүрлі жақтардың пікірлерін және Қазақстанның ДСҰ кіру проблемаларын зерттейді. Қазақстанның ДСҰ кірудегі үйлесімді (оптималды) стратегиясының негізгі жолы мен таңдалуын анықтауға көмектеседі.

Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасуына, дамуына, экономиканы реформалау процестеріне, әлемдік қоғамдық – саясаттық ойлар қорына енген, халықаралық ғылымның көптеген зерттеулері арналған. Сондықтан, бірінші кезекте, зерттеудің негізгі көзі болған Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін атауымыз керек/1, с.4/ Зерттелетін тақырыпты дұрыс түсінуде Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдаухаты үлкен маңызды орын алады.  

Сонымен қатар, сыртқы саудаға өзінің «Тәуелсіздік жалауы астында: Қазақстанның сыртқы саясаты туралы очерктер», «Ғаламдандыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» кітаптарында К.К.Тоқаев үлкен көңіл аударды. Бұл жерде автор Қазақстанның ДСҰ кіру процесіндегі негізгі проблемаларын, мақсаты мен міндеттерін толығымен қарастырып, сипаттама береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, бірнеше тараушалар, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі сияқты бөлімдерден тұрады.  

 

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

  • Дүниежүзілік сауда және оның негізгі көрсеткіштері

 

Сыртқы сауда статистикасының көрсетуі бойынша, соңғы онжылдықтарда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқындылығынан артатын, дүниежүзілік сыртқы сауда айналымының тұрақты және бірқалыпты жоғарылауы байқалады, бұл барлық елдердің еңбекті халықаралық бөлу жүйесіне күштірек тартылуын жеткілікті куәлендіреді. Дүниежүзілік экспорт екі еседенде жоғары артты, 1980 жылғы 2 трлн долл. – дан 2000 жылғы 5,5 трлн. долл. дейін жоғарылады. Бұл экспорт көлемінің 80 – шы жылдары 70 % — тен аса, ал 90 – шы жылдардың бірінші жартысында 33 % – ке артқанын білдіреді. Импорттың көрсеткіштері де осы сандарға жақын (1 кесте)/15, c.8/

Бағдарланған бағалаулар бойынша дүниежүзілік тауар айналымы 2001 жылы 11,9 трлн. долл. жетті.

Халықаралық саудадағы өлшеулерді талдау, оның ішінде қазіргі этаптағы, екі аспектіні қарастыруды болжайды: біріншіден, оның (экспорт пен импорттың) өсу қарқындылығын жалпы және өндірістің өсуін салыстырмалы; екіншіден, құрылымдағы ілгерілеу: тауарлық (тауарлар мен қызметтердің негізгі топтарының қатынастары) және географиялық (региондардың, елдер тобының және жеке елдердің үлесі).

Біріншіге қатысты келесідей тұжырымдар жасауға болады: дүниежүзілік тауар айналымының өсуінің тұрақты озық қарқындылығы, дүниежүзілік рыноктар сыйымдылығының артуымен байланысты, халықаралық сауданың жаңа сапалы белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Дайын өнеркәсіптік бұйымдардың, оның ішінде машиналар мен жабдықтар саудасының кеңеюінің жеткілікті жоғары қарқынды озықтығы сипатты бола бастады, ал байланыс құралдары, электрон- және электрондық техника, компьютер және т.б. өнімдерімен сауда жүргізудің өсу қарқындылығы оданда жоғары. Ұлт аралық корпорация (ҰАК) шеңберінде, өндірістік кооперация ретінде жеткізілетін агрегаттардың жиынтықтағыштарын, торабтарын айырбастау оданда зор кеңейді. Динамиканың тағыда бір феномені – қызметтердің халықаралық саудасының жеделдетіліп өсуі.

Осының бәрі дүниежүзілік сыртқы сауда айырбасының тауарлық, географиялық құрылымдарының радикалдық ілгерілеуіне әсер етпей қалған жоқ. Бұл кезде, өркендеген, өркендеуші және бұрынғы социалистік елдердің негізгі топтарының үлесі соңғы 15 – 20 жыл ішінде, тәжірибе жүзінде, өзгеріссіз сақталуда. Бірінші жағдайда – бұл шама 70 –76%, екінші жағдайда – бұл шама 20 – 24% шегінде және соңғы топ үшін бұл көрсеткіш  6 –8% аспайды.

1 кесте.

 

Дүниежүзілік сауданың жалпы қорытындысы (1994-2002жж.)

 

 

1994

1999

2000

2001

2002

Тауар айналымы (млрд долл.)

Экспорт (млрд долл.)

Импорт (млрд долл.)

 

Өзгеріс, %, алдыңғы жылға қатысты

Экспорт

Солтүстік Америка (АҚШ және Канада)

Еуроодақ

Өтпелі экономикалы елдер

Жапония

Латын Америкасы

ОША елдері (Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Гонконг)

 

Импорт

Солтүстік Америка

Еуроодақ

Өтпелі экономикалы елдер

Жапония

Латын Америкасы

ОША елдері

7656

3809

3847

 

 

9,5

8,0

14,5

3,5

12,0

 

14,5

 

 

 

 

5,5

4,0

3,5

-0,5

11,0

3,5

10116

5033

5083

 

 

8,0

6,0

11,5

12,5

3,0

 

15,5

 

 

 

 

5,5

2,5

12,0

2,5

10,5

4,0

10359

5100

5259

 

11309

5574

5735

 

 

 

 

 

 

 

 

11812

5824

6018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көздер: БИКИ; Dresdner Bank Statistical Survey, November, 2003.

 

Дүниежүзілік сыртқы сауданың тауарлық айналымында, дүниежүзілік сауданың 70 % — нен асатын, дайын бұйымдар үлесінің өсу тенденциясы сөзсіз байқалады. Қалған үлес ауыл шаруашылық экспорты мен кен өндіру салалары арасында жуық шамамен теңдей бөлінеді. Салыстыру үшін айтуға болады, осы жүзжылдықтың ортасында шикізаттық тауарлар үлесіне экспорттың үштен екі бөлігі келетін, үштен бір бөлігі – дайын өнімдерге.

Қазіргі кезде қызмет көрсету халықаралық сауда айырбастаудың ширегін дерлік құрайды.

 

  • Қазіргі жағдайлардағы сыртқы сауда саясатының ерекшеліктері

 

Мемлекеттердің қазіргі сауда саясаты екі тенденцияның (беталыстың) өркендеуі және тайталасымен ерекшеленеді: қолдампаздық және ырықтандыру. Бұл бағыттардың әрқайсысы регионалдық және дүниежүзілік сауданың белгілі бір кезеңдерінде басымдылық көрсетеді. Егер  50 – 60-шы жылдары ырықтандыру тенденциясы басым болса,  ал 70 – 80-ші жылдары  «жаңа» қолдампаздық толқыны өтті.

 Елуінші және алпысыншы жылдардың ырықтандыруға беталысы кедендік баждың шамасын төмендету, валюталық және сандық шектеулерді қолдануды қысқарту пішінін қабылдады. Егер  50-ші жылдардың ортасында кедендік баждың орташа шамасы еуропалық елдер мен АҚШ-та 30-40% құраса, 70-ші жылдары ол 7-10% төмендеді, ал қазіргі кезде 3-5% шегінде ауытқиды.  

Дегенмен кедендік қорғану деңгейінің төмендеуі реттеудің толық жойылатынын көрсетпейді. Қазіргі жүйе, қолдампаздық қорғанудың жаңа құралдарын қолданудың кеңеюімен байланысты, барынша икемді сипатты алуда.  Қолдампаздық айрықшылықты регионалдық сипатқа ие болуда, жаңа интеграциялық топтасуларды құру және ескілерін кеңейту пішінін қабылдайды. Мысалы, 60-қа тарта Африканың, Кариб бассейнінің және Тынық мұхиттың дамушы елдерінің, 70-ші жылдары Ломейлік келісім базасында ЕО қорытындылаған, ассоциация туралы келісімі өркендеуші елдердің бір топтасуының басқа қалғандарына қарсы салық салудың жеңілдікті режимін белгіледі.

Африканың, Азияның, Латын Америкасының дамушы елдерінің жаңа экономикалық топтастыруды құру белсендірілуде.

Жоғарыда көрсетілген тенденцияның нәтижесі болып, ең үлкен қолайлы жағдай жасау режимі жүйесінде жүзеге асырылған, сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушыларының теңдік принципі біртіндеп «жуылуы» жүреді.  Жаңа топтасулар ішінде айырбастаудың ырықтандыруы жүреді.  Яғни, регионалдық сыртқы сауда айырбасының ішіне ерекше айрықшалықты жағдайлар енгізіледі.  Үшінші елдерге қатысты кемсітушілік режимінің күшеюі пайда болады /35, c. 28/.

Ғалами деңгейде қолдампаздық реттеудің жаңа ережелері ендіріледі. Мысалы, шетелдік тауарлар импортынан зардап шеккен, ұлттық өнеркәсіпке едәуір нұқсан келтірген жағдайда кедендік бажды жоғарылатуға мүмкіндік беретін «шешімді түсініктерді» қолдану белсендіріледі. Кедендік баждың орынын тарифтік емес қолдампаздық шаралары алады және бірінші кезекте қызыметі сайлаулы сипатта болатын сандық шектеулер, стандарттар, техникалық шарттар, экологиялық қауіпсіздік нормалары және т.б.

Осының бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады, тең әрекеттесетін тенденция қолдампаздық тосқауылдарының үлкен икемділігі кезіндегі дүниежүзілік сауданың ырықтануында байқалады. Қолдампаздықтың жаңа пішіндері, осы пішіндерді әзірлеу және оны өмірге енгізу тәжірибесінде бақылау қызметіне жауапты, халықаралық ұйымдардың әрекеттерінің белсенді болуын талап етеді.

Импорт саласында сыртқы сауда саясатындағы қолдампаздық пен бір уақытта ырықтанудың болуы экспортты мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларының модификациясымен толықтырылады. Экспорттық тікелей несиелендірудің дәстүрлі пішінінің орынына, өнімнің жеке түрлеріне сайлаулы әсер ететін, икемдірек және соншалықты байқалмайтын пішіндер өтеді.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бірталай шығындар талап ететін ғылыми сыйымдылықты тауарларға қатысты экспортқа мемлекеттік көмек әншейінде жанама сипатты болады және әзірлемелерді қаржыландырумен, қолданылатын жабдықтар үшін амортизациялық аударым пайызының жоғарылауымен қорытындыланады. Осындай әдістерді, 80-ші жылдары ЭЕМ жаңа буынын жасай отырып, АҚШ пен Жапония үкіметтері қолданды.

Құны жоғары материал сыйымдылықты тауарларды жеткізу жағдайында, көбінесе тікелей мемлекеттік қаржыландыру қолданылады. Мұндай әдістер 70-ші және 80-ші жылдары кемелер мен мұнай бұрғылау платформаларын жеткізу кезінде АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қолданылды, бұл кездегі демеу қаржының шамасы тауар құнының 10-нан 40 % дейін үлесінде ауытқыды /29, c.124/.

Ақырында, дамыған елдерде экспортты тікелей демеу қаржыландырудың жүйесі белсенді қолданылады. Ол негізінен Еуропалық Одақ елдерінен жеткізілетін ауыл шаруашылық тауарларына таратылады. Тікелей экспорттық несиелендіру мен қаржыландыру құралдары дүниежүзілік қоғамдастықпен жағымсыз бағаланады, бұл бәрінен бұрын, олардың еркін бәсекелестік принципін бұзуларымен байланысты.

Халықаралық нормалар экспорттық қаржыландыру мен экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру сияқты құралдарға қатынасы бойынша ықтиярлы.  Несиелендіру жағдайында халықаралық келісімдер несиелендірудің ұйғарынды пайыздық мөлшерлемесінің максимал шамасын тіркейді. Экспорттық сақтандыру, ең алдымен, құны бойынша маңызды тауарлардың жеткізіліміне қатысты және дамыған елдердің экспортының барлық көлемінің 12-20%  қамтиды. Экспорттық жеткізілімдерді сақтандыру тәжірибесінің біртіндеп кеңеюі байқалады. Жаңа ережелер алынатын пайданы, саясаттық, әскерижәнеде басқа тәуекелдерден сақтандыруды қоса есептегендегі мәміленің 10 % дейін сақтандыруды ұйғарады.  Сақтандыру мерзімі ұзарады, сақтандыруды өтеу шарты жеңілденеді және т.б.

Экспортты қолдаудың тағы бір пішіні, ол ұлттық тауарларды жарнамалаумен, дербес фирмаларды қолдаумен және т.б. айналысатын шет елдегі мемлекеттік өкілдіктерге көмектесу болып табылады.  Мысалы, Ұлыбритания сексенінші жылдары жыл сайын 300 – 400 шетелдік көрмелер ұйымдастырды, оның үлкен бөлігі мемлекет есебінен жабылып отырды.  Осыған ұқсас көмекті өзінің экспортерларына Жапонияның, Францияның, Германияның және басқада дамыған елдердің елшіліктері көрсетуде.

Жалпы, экспортты мемлекеттік қолдау саясатының дамуындағы жаңа беталыс жеке салалар мен тауарлар тобын, тікелей экспорттық қаражаттандыру мен демеуқаржыландырудың дәстүрлі сұлбасынан бас тартқан кезде, жанама қолдаудың қарусыз көзге байқалмайтын шараларына көп бағдарлануымен қорытындыланады.

Тағыда айта кетуге болады, көптеген жағдайларда, халықаралық сауданы ырықтандырудың жалпы бағыты, кейбір елдерде, жеке тауарларға қатынасы бойынша қолдампаздық сипаттамасының шараларымен ұштастырылады. Осыған байланысты халықаралық сауданың көпқырлы реттелуіне тоқталу қажет, ең алдымен Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (тсжбк) мен оны қабылдаушы – Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) желісі бойынша.

Экономикадағы бұл жағдай экономикалық және саясаттық процестерде мүдделі беталыстардың пайда болуымен шарттастырылады. Экономиканың проблемалары үлкен дәрежеде, басқарушы ақсүйектерге қарсы наразылықтың құралы болады.  Әртүрлі саясаттық топтасулар жағынан Үкімет атына қазіргі экономикалық саясаттың негізгі идеологиялық концепциясын ауыстыру туралы талаптар тартылады. Нағыз агрессивтік түрде оппозициялық көңілкүйлер Үкіметтің қызметтен кетуін талап ету сияқты көрсетіледі.

Президенттің келесі саяси маневрі республика Парламентінің «белсенді қатысуымен» және «бастамасымен» өтеді.  Депутаттардың әрекеттеріне қарағанда, Н.Балғымбаевтың командасын халық шаруашылығын басқарудан шеттетуге қатынасы бойынша Парламент пен Президенттің қарсы тұру көрінісі кезекті рет ынтагерлікпен өзгертіледі. 

Бұл «айқаста» Президент депутаттардың шабуылынан Үкіметті қорғауға талпыныс жасайды. Дегенмен, жұртшылық пен парламентарлар жағынан күшейіп келе жатқан талаптардың себебіне байланысты, ол қызметтен шеттету туралы Жарлыққа қол қояды, тәрізі, істік және саясаттық белсенділіктің дәстүрлі құлдырау кезінде, яғни жақын жаз айларында. 

Президенттің көрсетілген шешімінің жоғары ықтималдығын едәуір белсенділікпен, оппозициялық және оппозициялық емес саяси күштер күтуде. Олар үшін жұртшылық пікірін жеңіп алудың негізгі құралы болып өздерінің экономикалық саясаткерлерінің, экономикалық дағдарыстан шығатын және халықтың жағдайын жақсартатын, бағдарламаларын көрсету табылады. Бұл бағдарламалардың мак­сималды жалпы шолуы мен салыстырылуы және Үкіметтің экономикалық саясаты негізгі макроэкономикалық бағыттар бойынша және олардың әрекеттегі саясаттан түпкілікті айрықшалануы бойынша бірінші өзара салыстырмалы ұқсастығын алдын-ала анықтайды.

Елдегі барынша қиын жағдайды есепке ала отырып,  Үкіметтің ауысуы мен Премьер – Министрдің қазіргі құрамның ішінен тағайындалмаған  жағдайында,  монетарлық және фискалдық саясаттардың  жұмсаруын күтуге болады, өйткені барлық дерлік альтернативті бағдарламалық шаралар салықтық салмақты төмендетуді, әлеуметтік және инвестициялық мақсаттарға жұмсалатын шығынды жоғарылатуды, экономиканың монетизациялану деңгейінің өсуіне жағдай жасауды және т.б. болжайды.

Сонымен, мемлекеттегі  экономикалық – саясаттық жағдайды талдай отырып және атқарушы өкіметке қатынасы бойынша қоғамдағы негативті көңілкүйлердің шиеленісуін ескерсе, сонымен қатар оның дағдарыс кезіндегі тиімсіз әрекетін ескерсе Үкіметтің қызметтен кету мүмкіндігі жоғарылайды.

Көктемнің аяғы Қазақстанның саяси өмірінде бірқатар қызықты уақиғалармен есте қалды.  Осы кезеңде толық қорғанысқа кеткен Үкіметті, бірігіп сынауға алған Президент пен Парламент белсенділік танытты.

Парламентті түсінуге болады: одан қазір орындалуы мүмкін емес нәрсені талап етеді – бюджеттің кезекті секвестрін заңдандыру. Парламенттік сайлау алдында, оның үстіне атқарушы құрылымға онша барғысы келмегенде, олардың әлеуметтік қажеттікке жұмсалатын шығынды қысқартуды қолдауы, соңғы кездері тартымды бола бастаған, Парламенттегі орынға сайланбауымен теңдей. Осының салдарынан Үкіметтің жақында қызметтен шеттелуі туралы өсек сөздер шықты. Бұл тақырып өткен айда басты көңіл аудартқан мәселе болды.  Дегенмен бәрінде ретпен қарастырайық.

Мамыр айының басында Президент Вице – Премьер О. Жандосовқа және Энергети­ка, индустрия және сауда министрі М. Аблязовқа сөгіс жариялады.  Кейбір газеттер бұл уақиғаны демократияның көрсеткіші ретінде көрсетуге тырысты, бірақ, жан – жағынан алып қарағанда, Президент қаржы саласының жұмысы соншалықты нашар деп санап, көпшілік алдында жазалауды қажет деп тапты. Оның қауіптенуі мамыр айының екінші декадасында расталды, бұл кезде доллардың теңгеге шаққандағы қатынасы әртүрлі айырбастау пункттерінде бірнеше ондаған пункттерге артты.

Оның себебі экспортерларға валюталық түсімді міндетті түрде сатуды биліктің тиым салғанынан ғана емес, кәсіпкерлердің Үкімет жүргізіп отырған саясатқа сенімсіздігіненде болатын. Олардың реакцияларын адекватты емес деп айта алмайсыз. Жұртшылық бұл уақиғаны байсалды қабылдады: мүмкін долларыныңда, теңгесініңде болмауынан, немесе қаржылық дауылдарға үйренгендігінен.

Қоғамды зейнеткерлер мен мүгедектерге әртүрлі қызмет көрсету түрлерін тоқтатып тастағаны толғандырды: қалалық көлікте тегін жүру мен коммуналдық қызметтер. Әйтседе, қаржылық шым – шытырық пен жеңілдікті алып тастау – бір шынжырдың бөліктері – қазіргі кезде тек Қазақстанның басынан өтіп отырмаған, жүйелі дағдарыстың тереңдеуі.

Елдегі жалпы күрделі жағдайды Қырғызстаннан Қазақстанға берілетін судың айналасындағы мәселе қыздыра түсті, суға төлеу үшін ақша жинай бастаған көрші республикаға жақын орналасқан аудандардың тұрғындары тез арада талқылай бастады. Осыдан соң Үкіметтің қызметтен шеттетілуі туралы әңгімелер тек күшейе түсті. Оны жоққа шығару немесе мақұлдау тек Президенттің қолында болды.

Н. Назарбаев Н. Балғымбаевтың командасын қызметтен шеттету мезгілсіз деп есептеді.  Ол Премьер мен оның шенеуніктерін қатаң сынға алды, олардың алдына он мәселені қойып, оның ішіндегі өте жеделдерінің орындалуына бір ай мерзім берді.

Жан – жағынан алып қарағанда, Балгимбаевтың бағамы жеткілікті күшті, өйткені Парламенттің депутаттарымен болып жатқан жағдайлар бойынша өткізген кездесуін жеткілікті агрессивтік мәнерде өткізді. Мысалы, «Отан» парламенттік фракциясының жетекшілерінің бірі М. Жүйріктаеваның елдегі экономикалық жағдайды дұрыстауға қабілетсіз деп айыптаған сөзіне, ол олардың партиясының төрағасы С. Терещенконың Қазақстандағы күрделі экономикалық – саясаттық және әлеуметтік жағдайларға кінәлі екенін айтты, өйткені ол премьер болған кезінде шетелдік несиелерді жинап алғаны енді оны төлеу қажет екндігі сөз болды.

«Отан» партиясының бағамы  түсінбеушілік туғызуы мүмкін, оның ресми емес жетекшісі Президенттің өзі, сондықтанда болып жатқан жағдай кезекті саяси ойынның басталуы болуыда мүмкін. Әзірге билік басындағылар елдегі экономикалық және саясаттық жағдайды қалыптастыру үшін қаражат іздеумен қолдары босамай жүр.

Көктемде себілген тұқымнан егінді алуды күтпестен Қарасай ауданында, билік мемлекет пайдасына алтыннан жасалған әшекейлер мен басқада бағалы заттарды жинауға кірісті, оның аяғы бүкіл қазақстандық масштабтағы күлкілі кешке айналуы мүмкін.  Мемлекет басшысының аудан тұрғындарының бастамасын қолдағанына қарамастан, жұртшылықтың оған деген сыртқы көзқарасы бірдей болған жоқ.  Оппозиция бұл жағдайды билік тарапынан тағыда бір кезекті «тонау» десе, үкімет айналасындағылар бұл құбылысты еңбекшілердің туған еліне көрсеткісі келген көмегі деп түсіндірді.  Мақұлдау қиын, дегенмен қарасайлықтардың бұл бастамасы Қазақстанның көптеген тұрғындарының мүддесін шайқайтыны анық, әсіресе бюджет саласында жұмыс атқаратындардың.  Мұның бәрі болжама, ал қазір алтын қорына бағалы зат өткізуді мүндеттеу туралы мәліметтер шығуда /15, c. 23/.

Бұл ел өміріндегі ерекше эксперимент маусымда өтті, ол басқа уақиғамен паралель өтті десек болады – биліктің төменгі эшалонындағы әкімдерді бірінші рет сайлаумен, атап айтқанда: шамалғандық ауылдық әкімді сайлау. Сайлау Президенттің туған жерінде өткеніне қарамастан, қатысушылардың жоғары деңгейімен ерекшеленген жоқ – сайлаушылардың жалпы санының 60 % ғана.  Сондада бұл сайлауды жетістік деп қарауға болады, өйткені бұл орынға Шамалғандық сайланды, осыған байланысты жаңа «шамалған демократиясы» термині пайда болды, мүмкін ол бүкіл Қазақстанның демократиясына айналуы.

 

  • Сыртқы сауданының көп тарапты реттелуі

 

Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (тсжбк) дүниеүзілік сауданың кедендік – тарифтік мәселелерін реттеуші ғалами ұйым ретінде 1947 жылы  Женевада құрылды. Бұл АҚШ-тың, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің экономикасын беріктендіріп, тауар айналымының даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін халықаралық сауданың тұрақты ережелерін құру үшін күресе бастаған кезі болатын.

Америкалық ұсыныстардың негізінде Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) ережесінің жобасы әзірленді, оның міндеті дүниежүзілік сауданы реттеуді қамтамасыздандыру және оны біртіндеп ырықтандырумен қорытындыланды. Гаванада қабылданған ХСҰ-ның Ережесі қатысушы елдермен бекітілген жоқ, оның орынына кедендік саясаттың негізгі нормалары туралы көпқырлы келісім әрекетке кірді (Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім).  Бірнеше түзеуден өткен америкалық ұсыныстарға сүйеніп жасалған келісім еркін сауда идеясын ұстайды, яғни қатысушы барлық жақтың теңдігін.  Бұл идея бірнеше ережелермен айқындалады.

«Ең қолайлы режим» пішінін алған, бірінші және маңызды ережені, теңдікті сақтау қажеттігі және сыртқы сауданың барлық қатысушыларын кемсітпеушілік туралы тезис ретінде қарауға болады.  «Ең қолайлы режим» қатысушы – елдердің өзара жеткізілетін тауарларына бажды кез – келген үшінші жаққа орнықтырған баждан жоғарылатпауын белгілеу міндеттемесі ретінде тұжырымдалады.   Бұл мағұлымдалатын тезис, дегенмен, арнайы экономикалық (интеграциялық) топтасулар құру жағдайында айрықшалықты ұйғарылады.

тсжбк құру кезеңінде, мұндай ұйғарындылар метрополиялармен (басып алған отарларын иемденуші мемлекет) ерекше келісіммен байланысты отарлық – елдерге берілді. Қазіргі кезде «ең қолайлы режимнен» шығарылатын негізгі масса интеграцияланған топтасуларға келеді:  Еуропалық Одақ, еркін сауданың Еуропалық Ассоциациясы, латынамерикалық және басқада регионалдық интеграциялық топтасулар, сонымен қатар солармен қауымдасқан елдер. Дамушы елдерге біржақты негізде пұрсаттылықты кедендік режимді қолдану берілетіні ерекше айтылған, яғни дамыған елдерден импортталатын тауарларға баждың өзара төмендеуінсіз.

Екінші ережі сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолданудың заңдылығын мойындауға қатысты. тсжбк бажды жалғыз қолайлы құрал ретінде мойындайды. Қалған барлық пішіндер мен әдістер қолданылмауы керек, ал олардың қолданылған жағдайында бұл уақытша сипаттамалы болуы қажет және ерекше жағдайлармен негізделуі керек.

Көрнекілік ретінде, сандық шектеулер (XI – XIY бағ.)секілді шараларды қолдануға жатқызылатын, ТСЖБК бірқатар ережелеріне нұсқау беруге болады.  

тсжбк қатысушы – елдерге үлесті қолдануды, сонымен қатар экспорттық және импорттық лицензияларды қолдануды ұсынған жоқ.  Дегенмен тсжбк  мәтінінде, сандық шектеулерді енгізу қолайлы және мүмкіндікті болғанда, мүмкіндікті айрықшалық тізімі бар.   Бұған ауыл шаруашылығы өндірістерін реттеу бағдарламаларын қолдану, төлем балансының тепе-теңдігі бұзылған жағдайлар жатады.

тсжбк – ның салықтық жеңілдік, регионалдық даму және көмек бағдарламалары және т.б. көмегімен өндірісті ынталандыру сияқты мемлекеттік шараларға да қатынасы жағымсыз болып табылды, бұл шаралар келісімге қатысушы – елдердің кемсітушілігіне апаратын болса, онда бұл жағдайда қолдануға тиым салынады.

Ақырында, тсжбк қызметінің үшінші маңызды аспектісі шешімдер мен әрекеттерді қабылдау принциптеріне қатысты – бұл келіссөздер мен кеңестер пайдасына біржақты әрекеттен бас тарту.  Қатысушы – елдер сауда еркіндігін шектеумен байланысты біржақты әрекеттер жүргізбеуге өзіне міндеттемелер алады; барлық шешімдер раундтар шеңберінде өзара саудалық келіссөздер процесінде ғана қабылданды.

тсжбк негізгі қызметі  көпжақты кездесу – раундтар жүргізумен қортындыланды, бұл кездесулер кезінде  қатысушы-елдердің сыртқы саудасын реттеумен байланысты, күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. тсжбк құрылу кезеңінен ДСҰ-на түрлендірілуіне дейін тсжбк шеңберінде осындай сегіз рандт өткізілді.

1973 жылдың басына дейін негізгі келіссөз процесі кедендік баждың төмендеуіне қатысты болды, ол 1945-1947 жылдары 40-60 %-тен 90-шы жылдардың басына 3-5 % дейін төмендеді.  Төмендеу механизмі келесідей қорытындыланады: негізгі өндіруші-елдер және тауарды тұтынушылар төмендету мөлшері туралы келісті, содан соң қысқарту автоматты түрде барлық қатысушы-елдер келісімдеріне таратылды.

Соның салдарынан, кедендік баж едәуір төмендегенде және сонымен бірмезгілде тсжбк қатысушыларының саны артқанда, кедендік баждың төмендеуі қатысушы – елдер дайындаған тізімдер қорымен жүзеге асты. Бұл тізімдер, ұлттық бюджет үшін (баждың төмендеуінің салдарынан «алынбаған» сомалардың жалпы құны ретінде есептелетін) ысырап болатын шаманың, контрагант – елдердің тарифтерінің төмендеуі базасында шетелге тауарлар жеткізетін өндірушілер пайдасының сомасына тең болатындай етіп құрастырылды.

Жетпісінші жылдары, күн тәртібіне тарифтік емес шараларды реттеудің мәселесі қойылған кезде, шегіну теңдігінің принципі біршама модификацияланған түрде қолданыла бастады. Келіссөздер негізі болып, белгілі бір шектеулерді енгізуден елдердің ысырап шегуінің құндық эквиваленттерін есептеу табылды. Есептеудің күрделілігі, талқыланатын мәселелер спектрінің кеңіюі сияқты, келіссөз ұзақтығының бастапқы этаптағы бір-екі жылмен салыстырғанда үш-алты жылдарға дейін жоғарылауымен шартталынды.

Екінші жағынан мұндай тәсілдеме дүниежүзілік саудаға тікелей әсер ететін, ұлттық экономикалық саясаттың салаларындағы мемлекет қызметіне бақылау енгізе отырып, дүниежүзілік саудаға барынша кең және кешенді ықпал етті – бұл салықтар, акциз алымы, инвестициялық және қаржылық саясат.   

 Жетпісінші жылдарыдың ортасында басталған келіссөздердің екі соңғы сериялары ерекше маңызға ие болды, бұл бәрінен бұрын  талқыланатын мәселелер шеңберінің мәнді кеңеюімен байланысты.  Кедендік салық салу деңгейінің дәстүрлі талқыланатын мәселелеріне салық салу принциптерінің орнығу сұрақтары мен баждың жеке түрлерін қолданудың заңдылығы (салық салынатын қордың құрылуы және компенсациялық және антидемпингтік баждың құрылуы), дербес салалардың сыртқы саудасын реттеу мәселелері  (тропикалық тауарлар, авиатехника), сонымен қатар мемлекеттік қолдампаздық шаралары (лицензилау, мемлекеттік тапсырыстар) қосылды.

Кедендік баждар бойынша келіссөздер нәтижесі, дамыған елдер үшін кедендік салық салудың орташа шамасы 4,7 % дейін, ал дамушы мемлекеттер үшін 7,1% дейін төмендеуі болды. «Токио раунды» шегінісі барысында қамтылған сауданың жалпы көлемі  155 млрд. долл. құрады.

Дамушы елдер үшін тропикалық егіншіліктің ауыл шаруашылық тауарлары, яғни ең күшті дамыған елдерде өндірілетін өнімдермен бәсекелес емес, бойынша шегінім ең маңызды болды. Қабылданған “Тауардың кедендік бағалануы бойынша кодексте” салық салу базасы ретінде бажды есептеу кезінде нақты, яғни берілген тауардың келісімде нақты анықталған сату бағасы алынады. Қосымша шығындар (лицензиялық сыйақы құны, қаптама құны,  фрахта және т.б.) келісімде қатысатын елдердің шешімі бойынша ғана енгізіледі.

Демпингіге қарсы бажды енгізу шартына қатысты қосымша ережелер жаңадан жасалды. Қабылданған келісімдерге сәйкес демпинг тауарларды «қалыптыдан» төмен баға бойынша сату сияқты анықталды, яғни тауардың елдің ішінде сатылатын бағасымен.  Заңда орнықтырылғандай, жазалаушы бажылар шамасының демпингтік айырым шамасынан жоғары болмауы керектігі, яғни «қалыпты» баға мен тауардың оны импорттаушы елге жеткізілу бағасы арасындағы айырымның, өте маңызды. Қаражаттандырылған экспортқа қатыстыда осы принцип қолданылады. Өтемдік немесе жазалаушы бажылардың міндеті тек қана қаражаттандыруды немесе жеңілдікті салық салуды бейтараптандыру болғандықтан, соған сәйкес жазалаушы баждың шамасы қаражаттандыру немесе қосымша жеңілдік шамасынан жоғары бола алмайды.

Тауарды демпингтік бағалар бойынша жеткізілгені және едәуір зиянның бар екені анықталған соң, ол ел арзан тауардың қойылу фактісі мен саланың дағдарыс күйінің арасындағы тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеу үшін күш салмай-ақ жазалаушы бажды талап ету мүмкіндігін алады.

Көптеген шешімдердің арасынан тауарлардың жеке топтары бойынша (ет және сүт өнімдері, авиатехника) сауда туралы келісімді бөліп көрсеткен дұрыс.  Ет және сүт өнімдерінің саудасы саласында бағаны мемлекеттік реттеуге және өнімдердің бұл түрлерін өндіруге бірқатар шектеулер енгізілді, сонымен қатар оларды экспорттауды реттеу мүмкіндігіде шектелінді.  Азаматтық авиатехника саудасы бойынша көпжақты салалық келісімде баждар мен басқада шектеулер алынып тасталды. Шын мәнінде, осы келісімге сүйене отырып авиатехниканың еркін саудасы аймағы құрылды.

Ақырында, қабылданған шешімдердің кең тобы тарифтік емес қолдампаздық шарасы деп аталатын реттеуге қатысты: лицензияға, мемлекеттік тапсырыстарға, мемлекеттік қаражаттандыруға.

Импорттық реттеу процедуралары туралы келісімде лицензиялауға қатысты барлық ережелер мен процедураларды жариялау міндеттемесі белгіленді, сонымен қатар қолданбалы тәжірибені Келісім ережелеріне сәйкестендіру міндеті енгізілді. Автоматты лицензиялау жүйесін енгізу және дербес лицензиялар беру процедурасы орнықтырылды.

“Стандарттар туралы кодексте” сауданың дамуы үшін кедергі болатын стандарттар мен техникалық нормаларды қолдануды жібермеу міндеті қойылды. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: стандарттардың, орау және таңбалау бойынша талаптардың сауданың дамуына кедергі ретінде қолданылуын болдырмау. Нотификация (хабарлама жасау, наразылық хабарлама) туралы, яғни дайындалып жатқан жаңа енгізілулер туралы алдын – ала хабарлау туралы міндеттер қабылдау маңызды болды.  

Дамушы елдер қаражаттандыруды жүзеге асыру құқығын алды, бірақ ол тек уақытша шара болды, бұл шара елдің экономикалық прогресінің өркендеу шамасына қарай тоқтатылуы қажет.

Шын мәнісінде, ЕО елдеріне жолын беру болып табылатын, орман, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасынан өзге барлық қаражаттандыруларға тиым салынды.

Жалпы алғанда келесідей қорытынды жасауға болады: токиялық келісім, өздік кедендік баждың реттелуінен өте отырып, өз аясына ұлттық экономикалық саясаттың бірқатар мәселелерін енгізді (ішкі салық салу, қаражаттандыру) және жеке салалардың (ауыл және орман шаруашылықтары, азаматтық авиатехника саудасы) сыртқы саудасын реттеудің ерекше режимін анықтады.

тсжбк шеңберіндегі келесі ірі көпжақты келісім болып 1986 жылы қыркүйек айында ашылған Уругвайдағы (Пунта дель Эсте)арнайы сессия болды.

Бұл сессияның ерекшелігі тсжбк реттейтін мәселелер шеңберінің ары қарай кеңеюі болды, оның ішінде оған қызмет көрсету саудасын енгізу. Тауар саудасына келсек, бұл жерде кедендік баж шамасының қысқаруы, дүниежүзілік сауданы жеке салалар өнімдерімен реттеу бойынша күш салу және сыртқы саудағы белгілі бір пішінде ықпал ететін ұлттық экономикалық саясаттың аспектілерін бақылауды күшейту бағдарламасы ары қарай жалғасты.

Қатысушылар баж мөлшерлемесін жалпы (сызықты) төмендету міндетін қойған жоқ. Келіссөздер тек тауарлардың жеке топтарына қатысты, сонымен қатар кедендік бажды пайдалануды жою болды, яғни тауарды өңдеу дәрежесінің жоғарылау шамасына қарай олардың артуы.

Келіссөздің нәтижесінде бірқатар тауарларға барлық кедендік баждың жалпы (ғалами) үштен бір бөлікке төмендегені, алкогольді ішімдіктердің кейбір түрлеріне, құрылыс және ауыл шаруашылық жабдықьарына, кеңсе жиһаздарына, ойыншықтарға, фармацевтік тауарларға баждың жойылуы туралы келісім болды.  Жалпы нәтижесі болып 1998 жылға өнеркәсіптік тауарлардың дүниежүзілік импорттың 40 % -не бажды жою табылды. Басқа тауарларға кедендік баждың төмендеуі нәтижесінде кедендік салық салудың жалпы шамасы 3 % құрайтын болады. Осымен қатар дамушы елдердегі тауарларға кедендік баждың бірқатар (20-30%-ке) төмендеуі туралы келісілді, баждардың үйлестірілген жүйесі жүргізілді және кедендік қорғаудың ең жоғары мөлшерлемелері жойылды.

Уругвайдағы раунд кезінде өнеркәсіптік тауарлардың жеке түрлерімен сауда жасаудың ырықтануы мен үйлестірілуі бойынша күш салу жалғасты: текстилмен, киіммен және ауыл шаруашылық тауарларымен. Текстилмен және киіммен сауда жасау саласында 2005 жылға кедендік баждың және сандық шектеулердің толық жойылуы болжалынады. Ауыл шаруашылық тауарлары бойынша шешім бірқатар шектеулі сипатта болды: демеуқаржы беруді жою және экспорттық және өндірістік демеуқаржыны 30-40 % қысқарту. Сонымен қатар, біруақытта ауыл шаруашылық саудасын реттеудің барлық пішінінен, кедендік тарифтер пайдасына, бас тарту болжалынады /5, c.86/.

Келіссһзді жүргізу барысында қорғану шаралары, демеуқаржылану және өтемдік сипатты баждар бойынша алдыңғы келісімдерді талқылау және өркендету жалғасты. 

тсжбк келудің жаңа кезеңінде «заңды» демеуқаржы ұғымы енгізілді, яғни сыртқы саудада қолданылуына тиым салынған «заңсызға» қарама-қарсы қолдануға рұқсат берілетін. “Қолайлы” және “заңдылар” қатарына қоршаған ортаны қорғаумен және регионалдық дамуға байланысты қолданылатын демеуқаржылар жатқызылды. Сонымен қатар минимал сандық параметрлер енгізілді, ол параметрден төменгі демеуқаржы автоматты түрде «заңды» деп қабылданады (3% импорттың жалпы шамасынан немесе 1% тауардың жалпы құнынан).

тсжбк қызмет көрсету аясы, сыртқы саудаға жанама түрде әсер ететін, экономикалық реттеудің бірқатар сұрақтарын енгізу арқылы, кеңейді. Мысалы, келесідей ережелерге белгілі бір шектеулер енгізілді: бірлескен кәсіпорындарда шығарылатын өнімнің минимал экспорты туралы, өндірісте жергілікті компоненттерді міндетті түрде қолдану туралы және т.б. талаптар.

Басқа мәселелер қатарында зияткерлік меншікке және қызметтер саудасын реттеуге құқықтықтың саудалық аспектісі қарастырылды.

Дегенмен Уругвайдағы раундтың ең маңызды нәтижесі Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) құру туралы шешімнің қабылдануы болды. тсжбк  барлық негізгі ережелерін сақтай отырып, жаңа ұйым сауданың еркіндігін қамтамасыз ету міндетін алға тартады. Оған қол жеткізу ырықтандырумен ғана емес, ал «үйлесумен» жүзеге асады деп болжалынады. “Үйлесудің” мағынасы  келесідей тұжырымдалады: қатысушы – елдер тарифтердің біржақты жоғарылауымен байланысты мәселелер бойынша шешімді тек қана басқа тауарлар импортының біруақытта ырықтандырылуымен үйлесімді қабылдауға міндеттенеді. Қолдампаздық пен ырықтандыру бағдарламаларының бұл үйлесуі, ДСҰ жетекшілерінің ойынша, сол немесе басқа елдерде қолдампаздықтың біржақты өсуіне мүмкіндікті болдырмайды.

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы уағдаластық оның құрамына тсжбк өзге Көрсетілген қызметтер мен сауда туралы бас келісімді (КҚБК), Зияткерлік меншікке құқықтың саудалық аспектісі бойынша  келісімді (ЗМҚСА) енгізуді қарастырды.

БҰҰ қызметінің аясынан шығарылған және Халықаралық валюта қоры немесе Халықаралық жаңғыру және даму банкісі сияқты тәуелсіздік статусына  жете отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымы меншікті тәуелсіз саясат жүргізуге мүмкіндік алды.

Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылданған келісімдерді сақтау бойынша қатысушы – елдер саясатын меншікті бақылауды тұрақты түрде жүргізуді жоспарлайды.  Екі жылда кем дегенде бір рет жүргізілетін министрлік конференция, жәнеде Бас кеңес бақылау жүргізеді және ұйымның қызыметін тұтастай басқарады.  Соңғысының шеңберінде көрсетілген бағыттар бойынша үш арнайы қосалқы кеңес болады.  

Қабылданған шаралардың жалпы нәтижесі ретінде сыртқы сауданы реттеудің ұлттық нормаларын бақылаудың көп тарапты жүйесінің күшеюін күтуге болады /6, c.11/.

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САУДАНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Қазақстан Республикасының тауар айналымының алыс шетел мемлекеттеріне қайта бағдарлану беталысы жалғасуда, мұны кедендік статистиканың мәліметтеріде мақұлдайды: тауар айналымдағы алыс шетелдік елдердің үлесі 1997 жылғы 51 %-тен 1998 жылы 56,1 %-ке дейін жоғарылады.  Экспорттың жалпы көлемінде ТМД елдерінің үлесі 45,4 % -тен  41% дейін төмендеді. Бұл кезде экспорттың төмендеуі  22 %-ке жетті.

Қазақстандық өнімдердің негізгі тұтынушылары болып табылатындар:  Ресей Федерациясы, Гер­мания, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Нидерланды, Швейцария, Италия, Қытай және Украина.

Импорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі, импорт көлемінің    11 % төмендеуі кезінде, 54,1 %-ден 47,7 % дейін қысқарды.

Импорттық өнімдердің негізгі жеткізушілері болатындар: Ресей Федерациясы, Герма­ния, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Корей Республикасы және  Нидер­ланды (2 кесте).

Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша, Кедендік одақ елдерімен тауар айналымының азаюы байқалады. 1998 жылдың қаңтар – қазан айларында өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 84 % құрады.  Біздің негізгі серіктесіміз – Ресеймен – тауар айналым, экспорт пен импорттың 22 % және 12 % сәйкесті төмендеуі кезінде,  17 %-ке азайды, бұл бір жағынан ресейлік рубльдің девальвациялық ортасында қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілетінің төмендеуімен (біздің бағалауымыз бойынша 40% аса), екінші жағынан контрабандалық әкелім көлемінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.  Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы елдерімен тауар айналымы 6,5 % жоғарылады, бірақ бұл 1998 жылы ОАЭҚ құрамына Тәжікстанның енгізілуі есебінен өтті, дегенмен әрбір республикамен тауар айналымы өз бетінше жеке төмендеуде.

Еуропалық одақ елдерімен арадағы тауар айналымы жоғарылады (108,9% 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда). Негізгі себеп – ЕО елдерінің экономикасының нақты секторларының тұрақтылығы және олардың жағынан арзандатылған шикізатқа сұраныстарының бірқатар өсуі.

Тауар айналымның, Қазақстан мүшесі болып табылатын, ЭЫҰ (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) елдерімен тауар айналымының төмендеу беталысы байқалады. 1998 жылдың қаңтар – қазан айларындағы тауар айналымы 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 % төмендеді.

Оңтүстік – Шығыс Азия елдерімен сауда көлемінің төмендеу тенденциясы жалғасуда. Мысалы, 1998 жылдың қаңтар-қазан айларында 37 %-ке қысқарды, жәнеде экспорт 45 % -ке төмендеді, ал импорт 15 %-ке.  

Дүниежүзілік қолайсыз жағдаят Қазақстанның сыртқы сауда қызметіне жағымсыз әсер етуін жалғастыруда. Мысалы, кедендік статистика мәліметтері бойынша 1998 жылдың қаңтар-қазан айларында 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, дәнді дақыл экспорты құндық тұлғада 35 %-ке төмендеген,  бұрынғы жылдары тұрақты жоғарылаудың байқалуына қарамастан. Бұл республикада ағымдағы жылда егіннің шықпай қалуымен жәнеде қазақстандық астықтың негізгі импорттаушысы болып табылатын Ресейдегі қаржылық дағдарыстың болуымен байланысты, оған АҚШ астық жеткізу түрінде үлкен гуманитарлық көмек көрсетуге ықылас етіп отыр.

1998 жылдың қаңтар-қазан айларында Ресейдегі астық экспорты, өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 42 % құрады.

Жалпы, тұтас алғанда экспортталушы барлық өнім бойынша тәжірибе жүзінде экспорттың төмендеу тенденциясы байқалады: кедендік статистика мәліметтері бойынша 1998 жылдың қаңтар-қазан айларында 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық тұлғада, қара металдар экспорты 21 %-ке, мыс – 16 %-ке, қорғасын – 10 %-ке, мақта – 17 -ке%, тері шикізатының экспорты екі есеге төмендеді.

Қарастырылған кезеңде Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қара металдар экспорты 52 %-ке, Ресейге екі ретке азайды. Бұл кезде Еуропалық Одақ елдеріне (Герма­ния, Нидерланды, Финляндия) қара металдар экспорты 1,8 ретке артты.

Республикадағы экономикалық-саясаттық жағдайды шолу және талдау дағдарысқа қарсы экономикалық жағдайда саясаткерлер қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі деңгейін көрсетеді.

Статистика атқарушы биліктің мемлекеттің қаржы – экономикалық жағдайындағы жағымсыз бетбұрыстардың тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендігін көрнекі көрсетеді. Осыған сүйенсек қоғамның өмір сүру деңгейінің сандары мен нақты параметрлері Үкіметтің жақын арада қызметтен кетуі туралы болжамы шындыққа айналу мүмкіндігі барын көрсетеді.

Осы жағдайда келесі сұраққа жауап беріп көрейік: Үкімет Азиялық қаржылық дағдарыстың басталуынан бастап дағдарыстық құбылыстың соққысын жұмсарту үшін қандай қарсы шаралар қабылдады? Бұл сұраққа жауап беру тек Үкімет қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беріп  қоймайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару жағдайындағы атқарушы биліктің тиімді қызмет атқаруы жүйесінің баламалылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде халық шаруашылығының дамуының негізгі құрамалары қалай қалыптасады? 2001 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша барлық дерлік макроэко­номикалық көрсеткіштер теріс сипаттамалы.  Көптеген салалық рыноктардың және микроэкономика деңгейіндегі жағдайдың күйі толық тоқыраушылықта (стагнацияда). Сыртқы сауда секторы құлдырау күйін кешуде. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша құрылған төменде келтірілген кесте экономикадағы жағдайдың ағымды жылдың І тоқсанындағы және қаңтар-сәуір айларындағы күйін 2001 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырып көрсетеді.

Кесте мәліметтерінің көрсеткеніндей, экономикадағы құлдырау сақталып қана қоймай, сонымен қатар күшейе түсуде. Одан өзге, ұлттық экономиканың потенциалдық мүмкіндіктерін көрсететін, келесі сандарға көңіл аудару қажет. Мысалы, 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2001 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда темір кендерін қазып алу 65,2 % қысқарған, мұнай айдау —     36,7 %-ке, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу — 24,3 %, оның ішінде тамақ өнімдері өндірісі —  26 % /33, c.2/.

 

Көрсеткіштер

 

Қаңтар — наурыз 2001 ж. (I кв.)

 

 

 

Қаңтар – сәуір 2002ж.

 

Жалпы ішкі өнім индексі, %

 

96.4

 

 

Өнеркәсіптік өнімнің физикалық көлемінің индексі (жұмыс, қызмет көрсету) барлығы өнеркәсіп бойынша

95.9

 

95.4

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

Кен қазу өнеркәсібі, %

 

92.2

 

91.6

 

Өңдеу өнеркәсібі, %

 

96.4

 

96.1

 

Электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату

 

96.3

 

93.4

 

Негізгі капиталға инвестициялау индексі, %

 

 

 

84.8

 

Көліктің барлық түрімен жүк тасу индексі, %

 

 

 

84.8

 

Оның ішінде темір жолмен, %

 

 

 

70.4

 

Сыртқы сауда айналымы индексі, %

 

75.1

 

 

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

 

Тауарлар экспорты, %

 

70.9

 

 

 

Тауарлар импорты, %

 

78.9

 

 

 

 

Нақты бағалау бойынша Қазақстан Республикасының тауар айналымы 2001 – 2002 жылдары, ұйымдастырылмаған сауда бойынша есептеуге дейін ескергенде («желқайықтық» сауда және кедендік статистикамен есепке алынбайтын басқада операциялар), 3364,9 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 27 % төмендеді. Оның ішінде ТМД елдеріне 1405,0 млн. доллар шамасы келеді (63% өткен жылдың төрт айының деңгейіне), немесе 42 % республика бойынша экспорттық-импорттық операциялардың жалпы көлемінен; ТМД шегіне кірмейтін елдерге — 1959,9 млн. доллар (83%).

Көліктік кеден декларацияларындағы ақпараттарға негізделген, кедендік статистиканың мәліметтері бойынша тауар айналымы 2433,6 млн. Долларды құрады (76 %) /33, c. 5-6/.

 

  • Экспорттық саясаттағы сыртқы сауданың ролі

 

2000-2001 жылдардағы тауарлық жеткізілімдер талдауы экспорт пен импорт бойынша – 3,3 және 8,1 % сәйкесті – сауда көлемінің біршама төмендегенін көрсетеді. 2001 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, ТМД елдеріне экспорт бойынша бидай, кендер, мұнай, қара және түсті металдар жеткізу жоғарылады,  қалған тауарлар бойынша едәуір қысқарулар байқалады. Алыс шет елдерге мұнай, қара және түсті металдар экспортының өскендігін атап кету керек.  Мысалы, мұнай бойынша жеткізілім көлемі өткен жылдың деңгейіне шаққанда  102,7 % құрады.

Республиканың көмір өнеркәсібіндегі дағдарыс өнімнің осы түріндегі экспортқа әсер етті (2 есеге дерлік төмендеді), сонымен қатар 1998 жылмен салыстырғанда ферроқорытпалар экспорты қысқарды. 1999 жылдың 11 қаңтарынан қолдануға енгізілген, Ресейден кейбір азық-түлік тауарларының импортына шектеуі туралы, үкіметтік шешімнің қазіргі және потенциалдық экономикалық талдауы. Одан өзге ерекше көңіл аудартатын мәселе Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің келесі қадамы. Істің мән-жайы келесідей:  1999 жылдың 1 ақпанынан  24 ТН ВЭД ТМД тобы бойынша импортталатын темекі мен өнеркәсіптік ауыстырғыштарын кедендік рәсімдеу, оның ішінде Кедендік одақ мемлекеттері территориясынан енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен берілген импорттық лицензияның болуы кезінде ғана жүргізілетін болады.

2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1465,3 млн.доллар деңгейінде болды (68% 2001 ж. қаңтар-сәуір айларына ), оның ішінде ТМД елдерінде -460,8 млн. доллар (45 %), ТМД-дан сырт елдерде — 1004,5 млн. доллар (88 %). 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында экспортталған өнім 1312,8 млн. долларды құрады (67% 2001 жылдың төрт айының деңгейінде)/33, c.7/.

 

Қазақстан экспорты регионалдық қимада, 2001 жылғы

 

 

 

Сонымен бірге, нақты түрде баға беру керек, Қазақстан жайғасымы дүниежүзілік рынокта тұрақсыз, өйткені экспорттың негізін шикізат құрайды, ал шикізаттың дүниежүзілік рыногі бағаның едәуір ауытқуына душар болады. Қазақстанның сыртқы жайғасымының тұрақсыздығын 1996 – 1998 жылдары қалыптасқан жағдай айқын көрсетеді. Саладағы өндірістің өсуіне 1997 жылы металлургиялық кешен өнімдеріне дүниежүзілік бағаның артуымен ғана қол жетті, 1998 жылы бағасы құлдырап, өтімділігі төмендеді, бұл саладағы өндірістің құлдырауына әкелді.

Республика өнеркәсібінің өркендеуіне жету үшін және осы сияқты өндіріс көлемінің ауытқуларын болдырмау үшін, дүниежүзілік бағаның аз мерзімге ауытқуы нәтижесінде алынған табысты салалар арасында қайта бөлу механизмін құру қажет, жәнеде негізгі экспортталатын тауарлар бойынша дүниежүзілік бағаны болжаушы қызмет құру қажет, мұндай ақпараттармен экспорттаушылардың танысу жағдайы болуы керек.

 

  • Қазақстан Республикасының таяу шетелмен сыртқы саудалық қатынасы

 

Экспорттық жеткізілімнің қысқаруының үлкен дәрежесі Достастық елдері үлесіне тиді.  2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында Достастық елдеріне 362,7 млн. долларға тауар экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңдегі деңгейіне шаққанда 41% құрайды. Достастық елдерінің бәрімен экспорттық жеткізілімдер шамасы төмендеді: Ресейге – 59 %-ке, Өзбекстанға – 45 %-ке, Украинаға –      63 %-ке, Түркменстанға – 49 %-ке, Беларуссияға – 79 %-ке, Тәжі­кстанға — 48%-ке, Қырғызстанға – 43 %-ке.

Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі саудалас серіктесі болып табылады және қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушысы. 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында Ресейге барлық экспортталатын тауардың 20 % астамы жеткізілді: ет және еттен жасалған тамақ өнімдері -87 % экспорттың жалпы көлемінен, тас көмір – 99 %, темір кендері мен концентраттары – 74 %, марганецті – 100 %, мырышты – 95 %, хромды – 94 %, тракторлар 96 %, тербелмелі мойынтіректер – 83 %.

Дегенмен соңғы жылдары Ресейге тауарлардың жеткізілімі төмендеуде. Өткен жылдың төрт айымен салыстыру бойынша экспорттық жеткізілімдер, тәжірибе жүзінде, барлық негізгі тауарлар топтары бойынша қысқарды. Мысалы, ет пен еттен жасалған өнімдер, астық өнімдері, қара металдан  жасалған бұйымдар 3 ретке төмендеді, 8 ретке – ұн және жарма өнеркәсібінің  өнімдері, 2 еседен аса — минералды отындар, 21 %-ке – органикалық емес химия өнімдері, 6 есеге – қара метелдар өнімдері, 5 ретке – көлік құралдарының.

Достастық елдеріне экспорттық жеткізілімнің қысқаруымен қатар, алыс шет елдерменде экспорттық белсенділіктің құлдырауы байқалады, дегенмен көлемі бойынша ТМД елдеріне қарағанда соншалықты маңызды болмағанымен, кедендік статистика мәліметтері бойынша ТМД елдеріне 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 950,1 млн.долларға (2001 жылдың қаңтар-сәуір айларының деңгейімен салыстырғанда 88 %) өнім экспортталды.

 

  • Қазақстан Республикасының алыс шетелмен сыртқы саудалық қатынасы

 

Ең мәнді экспорт көлемі Еуропалық елдерге төмендеді (35 %-ке 2001 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда). Бірақ, осыған қарамастан, олар қазақстандық өнімнің негізгі тұтынушылары болып қалуда, олардың үлесіне республикалық экспорттың жалпы көлемінің 38 % келеді.

Соңғы жылдары еуропалық елдер арасында Еуропалық одақ елдерінің үлесінің тұрақты өсуі байқалды, бірақ биылғы жылы ЕО елдеріне экспорт көлемі 56 %-ке қысқарды, соның салдарынан олардың қазақстан экспортындағы меншікті салмағы 32 %-тен қаңтар-сәуір айларында 2001ж.     21 % дейін 2002 ж. сол кезеңінде төмендеді. Ағымдағы жылы қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары болып еуропалық елдер арасынан Италия, Швейцария (жалпы экспорт көлемінен олардың үлесі 7,8 % әрқайсысы құрайды) және Германия (5,3 %).

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыру бойынша Швей­цария өзінің  Қазақстаннан импортын 13 %, Польша — 2 реттен асаға, Эстония —  4 ретке көтерді. Сонымен бірге жеткізілімдер көлемінің келесі елдерге күрт төмендеуі болды: Ұлыбританияға (6 ретке), Финляндияға (5 ретке), Нидер­ландыға (2 еседен аса). Еуропа елдеріне жеткізілетіндер, ең бастысы, мұнай мен түсті металдар. Мысалы, ағымдағы жылдың  4 айында Италияға мұнай өнімдері     4,0 млн.долларға экспортталды (мұнай өнімдерінің жалпы экспортының 56 %), тазартылған мыс – 76,6 млн. (55 %), қорғасын – 1,3 млн. (10 %), мырыш —      16,6 млн.долларға (34 %); Швейцарияға: мұнай — 64,5 млн.долларға (16 % ), күміс — 12,6 млн. (56 %), алтын — 21,7 млн.долларға (81 %); Гер­манияға: мұнай —  4,2 млн.дол­ларға (1 %), күміс — 6,1 млн. (27 %), мыс —  53,1 млн.дол­ларға (38 %);  Ұлыбританияға: алтын — 1,5 млн.долларға (6 %), қорғасын — 3,7 млн. (28 %), титан — 3,6 млн.долларға (38 %); Нидерландыға: мырыш — 29,3 млн.долларға (60 %), тита­н — 3,6 млн. (38 %).

2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2001 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Азия регионы елдеріне қазақстандық өнімнің жеткізілімінің көлемі  6 %-ке артты. Экспорттың мұндай жоғарылауы негізінен Қытайдың есебінен алынды, ол біздің республикадан жеткізілетін импортын 45 %-ке жоғарылатты, Қазақстан экспортының 13 % Қытайдың үлесіне келеді.

Қытай кәсіпорындары қара металл илемдерінің, әртүрлі қалдықтар мен сынықтар түрінің негізгі тұтынушысы болып табылады. Мысалы, Қытайға жеткізілген өнімдер: қара металдың жазық илемі — 114,0 млн.долларға (72 % илем экспортының жалпы көлемінен), мыс — 8,0 млн. (6 %), алюминий — 2,7 млн. (83 %), мыс қалдықтар мен сынықтары —  4,8 млн. (71 %), қара металдар қалдықтары мен сынықтары — 5,2 млн. (66 %), алюминий қалдықтары мен сынықтары — 0,8 млн.долларға (57 %).

Одан өзге, Қытайға минералды және химиялық тыңайтқыштар 1,9 млн.долларға (100 %) жеткізілді, бұл 2000 жылдың төрт айлық деңгейінен         5 есеге  көп; ірі қара малдың терісін — 8,2 млн.долла­рға (88 %), бұл өткен жылдың деңгейінен 28 % жоғары.

Вьетнамға қойылатын жеткізілімдер — 5 ретке, Малайзияға — 6 ретке,  БАЭ — 2,5 ретке жоғарылады, бірақ бұл елдердің, экспорттың жалпы көлеміндегі меншікті салмағының төмендігінен, экспорттық операция барысындағы көрсеткіштерге соншалықты әсер ете алған жоқ. Сонымен қатар келесі елдерге жеткізілімдер төмендеді: Түркияға және Сауд Аравияға — 5 рет, Корей Республикасына – 24 %, Иранға —  23 %, Жапонияға – 38 %.

Америка елдеріне қазақстандық өнімнің экспорты 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2001 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты, бұл көбінесе мұнай жеткізілімі есебінен болды, 185 млн.долларға Бермуд аралдарына жеткізілді.

Осымен бірмезгілде АҚШ-қа экспорттық жеткізілімдер күрт қысқарды —  41,5 млн.-нан 3,8 млн.долларға дейін (10 ретке). АҚШ қара металдардың қазақстандық илемінің (9% 2001 ж. қаңтар-сәуір), титанның (56%) көлемін қысқартты, ал мырыш пен мақта талшығының жеткізілімі тіптен жүргізілген  жоқ.

Республикаға импорттық түсулер, ағымды жылдың төрт айы ішінде (тасымалдау мен сақтандыру шығындарын есептегенде) 1899,6 млн.долларды құрады (78 % 2001ж. 4-айының деңгейіне), оның ішінде ТМД мемлекеттерінен -944,2 млн.доллар (79 %), ТМД-ға кірмейтін елдерден — 955,4 млн.дол­ларға (77 %). Кедендік статистика мәліметтері бойынша, осы кезеңде 1120,8 млн.доллардың өнімі (88 %) импортталды.

Төрт айдың қорытындысы бойынша Достастық мемлекеттерінен жеткізілетін импорт 17 %-ке төмендеді, оның ішінде Ресейден – 19 %, Беларусиядан —  4%, Украинадан —  39 %, Қырғызстаннан – 19 %, Тәжікстаннан — 4 ретке. Сонымен қатар, Өзбекстаннан келетін жеткізілім – 45 % және Түркменстаннан – 38 % артты.

Импорт көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі тұтасымен республика бойынша алғанда 48 %құрайды, ұйымдастырылмаған сауданың шоттарына дейін есептегенде оның үлесі 42 % дейін төмендейді. Достастық елдерінен келетін импорт құрылымында машина, жабдықтар және көліктік құралдар басым – 38 % (2001 ж. қаңтар-сәуір айларында 24 %), отын-энергетикалық ресур­стар (атап айтқанда, электрэнер­гиясы, табиғи газ және мұнай өнімдері – 26 % (33 %), химиялық өнімдер – 11 % (13 %), метал­лургия өнімдері – 10 % (17 %).

ТМД елдерінен импорттық тауарлар 539,7 млн.долларға түсті. Ресей қазақстан рыногіндегі импорттық өнімдердің басты жеткізушісі болып табылады, ресейлік кәсіпорындармен 2002 жылдың 4 айында 430,4 млн.долларға тауарлар жеткізілді, бұл барлық импортталушы тауарлардың      38 % құрайды. Қаңтар-сәуір айларында Ресейден барлық импортталатын азық-түлік тауарлары мен олардың өндірісіне арналған шикізаттардың 26 %,  55 % — минералдық өнімдер, 45 % — химиялық өнеркәсіптің өндірістері, 57 % — ағаш пен содан жасалған бұйымдар, 46 % — бағалы емес металдар, 16 % — машиналар мен жабдықтар, 72 % — көлік құралдары әкелінді.

Бірақ, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Ресей Федерациясынан келетін импорт 19 % қысқарды, атап айтсақ, сүт пен сүт өнімдерінің импорты    (27 %), қант және кондитерлік бұйымдар (2 ретке), электр энергиясы (37 %), қара металдар (36 %) және қара металдан жасалған бұйымдар (52 %), өсімдік майы (39 %), қағаз бен картон (29 %), соған қосатас көмір коксі мен мұнай өнімдері. ТМД құрамына кірмейтін елдерден келетін импорт 581,1 млн.долларды құрады. Бұл елдерден келетін импорттың құрылымында басым көпшілігі машиналардың, жабдықтардың, көлік құрал-жабдықтарының, аспаптар мен аппараттардың – 47 % (қаңтар – сәуір 2000 ж. – 46 %), азық – түлік тауарларының – 15 % (18 %), химиялық өнімдердің – 11 % (11 %),  металлур­гиялық өнңркәсіп өнімдерінің  — 9 %  (7 %) жеткізілімдері болды.

Алыс шет елдер Қазақстанның бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыздануында шешуші роль атқарады. Мысалы, машина жасау өнімдері бойынша импорт үлесі, көрсетілген тауарлардың жалпы импортының, 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында 57 % (2000ж.қаңтар-сәуірінде – 65 %), фармацев­тік тауарлар – 74 % (80 %), киім – 86 % (79 %), азық – түлік тауарлары – 66 % (74 %) құрады.

Қиыр шет елдерден жеткізілетін импорттық өнімдердің негізгі жеткізушілері болып еуропалық елдер табылады, 2002 жылдың қаңтар-сәуір айларында олардың меншікті салмағы импорттың жалпы көлемінде 30 % құрады (2001ж.қаңтар-сәуірінде – 29 %). Еуропалық одақ елдерінің меншікті салмағы 25 %  (23 %) құрады.

Еуропалық елдер ішінде меншікті салмақтың ең жоғары үлесі Ұлыбританиядан — 7,8 %, Германиядан — 6,8 % және Италиядан — 2,5 % жеткізілетін импорттың үлесіне келеді. Төрт айдың қорытындысы бойынша  келесі елдерден жеткізілімдер жоғарылады: Ұлыбритания – 67 %, Италия – 21 %, Польша – 22 %. Соған керісінше төмендегі елдерден импорт төмендеді: Германиядан – 29 %, Нидерландыдан – 24 %, Финлян­диядан – 37 %. Еуропалық елдерден азық – түлік тауарлары мен олардың өндірісіне арналған шикізаттар, химиялық өнімдер және машина жасау өнімдері әкетіледі.

Зерттелген уақыт ішінде импорттың жалпы көлемінде, Азия регионындағы елдердің үлесі 12 % аса көлемді құрады (өткен жылмен салыстырғанда – 11 %). Азиялық елдердің ішінде қазақстандық рынокке өз өнімдерін жеткізуші  негізгі мемлекеттер: Түркия (3,2 % импорттың жалпы көлемінде), Қытай (2,3 %), Индия және Корей Респуб­ликасы (1 %) болып табылады. Түркиядан барлық импортталатын азық – түлік және химиялық өнімдердің – әрқайсысы 4 %-ті, машиналар мен жабдықтардың 5 %-ті әкетіледі; Қытайдан барлық жеткізілетін аяқ киімнің – 73 % әкелінеді; Қазақстанға ең ірі шай жеткізушілер болып Индия (әкелінетін жалпы шай көлемінің 67 %), Шри-Ланка (17 %) және Бангладеш    (9 %) табылады.

Америка елдерінің импорты 100,1 млн.долларды құрады (9 % импорттың жалпы көлемінде), бұл көлемнің 60 % жуығы АҚШ импортына келеді, ол жақтан республикаға жеткізілетін барлық машиналар мен жабдықтардың 8 %-ті, аспаптар мен аппараттардың – 12 %-ті, 23 % — текстиль бұйымдары, 7 % — химиялық өнеркәсіп өнімдері, 9 % — азық – түлік тауарлары импортталады. Импорталатын ет пен еттен жасалған өнімдердің — 71% -ті, майлар мен өсімдік майларының – 39 % АҚШ-тың үлесіне келеді.

Ұйымдастырылмаған сауданы қоса есептегенде, сыртқы сауда сальдосы  2002 жылдың 4 айында, импорттың экспорттан асып кетуі есебінен, 434,3 млн.доллар мөлшерінде теріске шықты (2001 ж. 4 айында — теріс 263,6 млн.дол­лар), оның ішінде Достастық елдерімен — 483,4 млн.долларға теріс (теріс 160,2 млн.доллар), ТМД шеңберіне кірмейтін елдермен — 49,1 млн.долларға оң, (теріс 103,4 млн.дол­лар). Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша сальдо —  192,0 млн.долларға оң (оң 681,2 млн.долла­р), оның ішінде ТМД елдерімен —  177,1 млн.долларға теріс (оң 229,5 млн.доллар), алыс шет елдермен — 369,1 млн.долларға оң (оң 451,7).

Енді біз халықаралық бизнестің біздің Республикамыздағы өркендеу жағдайына өтейік. Сонымен, егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, біздің еліміздің дүниежүзілік рыноктағы ғаламдану процесіне қатысу жағдайы енді жүре бастаған баланың аяқ басуы сияқты сипаттаманы береді, яғни ғаламдану процесінің белсенді қатысушысы ретінде МСП туралы айтуға әзірше ертерек. Олар әлдеде сыртқы рынокқа шығатын жол іздеу сатысында, соңғы онжылдарда «гипербәсекелестік» сызығына жеткен бәсекелестіктің күшейген жағдайында, ойынның жаңа рыноктық ережесі дамыған кезде, шаруашылықтың ғаламдануының өсуі, рыноктардың полярлануы, салалар арасындағы шекара эрозиясы, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияның тарауы көзге көрініп тұрғанда, осының бәрі тапсырыскерлер, бәсекелестер, саудалық делдалдар мен жеткізушілер беталысына теңдей дәрежеде ықпал етіп тұрғанда,  — осының бәрін үлкенде, кішіді фирмалардың өндірісінің даму стратегиясында есептеуге болмайды.

Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдану жағдайында қызметін бастаған, халықаралық бизнестің барлық пішіндері мен түрлерінің бізде қолайлы дамуы үшін қазақстан ахуалының ерекшеліктері мен проблемаларының қандай екеніне көз тастайық.

Біріншіден, ғаламдану процестері бірінші кезекте электрондық, ақпараттық және телекоммуникациялық техникалар, автомобиль- және ұшақжасау және т.б. өндіретін кәсіпорындарға қатысты болады, сонымен қатар ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтердің көлемінің кеңеюіне бағытталған стратегияны қамтиды. Дамыған елдерде шағын бизнес, жоғарыда айтылғандай, бұл жерде толық өзін өткізеді. Қазақстандық кәсіпорындар қызметтің бұл аясында, өкінішке орай, көбінесе дайын өнімді жасаушы емес, керісінше тек  қолданушы болып табылады. Осылай, өзіне қатысты МСП табысты қосалқы медігер болатындай іс-әрекеттің өзіде жоқ. Сонымен қатар, жекеленген ғылыми бәләмдә және өнертабыстарды тәжірибеге енгізе алатын жүйеде жоқ.

Екіншіден, ғаламдану процестерін қозғалтқыш және асықтырғыш фактор болып ұлттық шекаралар арқылы тауарлардың, көрсетілетін қызметтің және капиталдың еркін тасымалдануы үшін сауда және басқада шектеулерді алып тастау табылады. Дамудың қазіргі сатысында Қазақстан, отандық тауар шығарушыларды қолдау және елді ірі ұлт аралық корпорациялардың (ҰАК) шикізаттық қосымшасына айналдырмау мақсатында, өзінің сыртқы экономикалық саясатында кейбір қолдампаздық шараларын қолданбай қоюға мүмкіндігі жоқ.   Осының бәрі ғаламдану процесінің біздің елімізде таралуын кідіртеді, оның ішінде МСП қызметінің республика шеңберінен тыс жерде жәнеде Қазақстан территориясындада таралуын ұстап қалады.

Үшіншіден, әзірше қазақстандық ұлт аралық корпорация туралы (ҰАК) айтуға болмайды. Қазақстан шетелдік серіктестер қатысқан ірі кәсіпорындардың акцияларының бақылау пакетін ұстайды немесе, ең болмағанда оларға қатысушысы болып табылады. Алайда бұл кәсіпорындар негізінен кен қазу салаларында, қара және түсті металлургия салаларында жұмыс істейді, яғни бұл салалардың өзіндік ерекшеліктері, осы өндірісте өзінің орынын іздеу кезінде МСП қолдана алатындай егжей-тегжейлі мамандандыру бойынша кең ауқым беруге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайларда шағын фирмалар, қазақстандық шикізатты шетелдік алушыларға қайта алып – сатушы делдалдар ролін ғана атқарады (атқарыпта жүр). Әрине, бұл секілді МСП әртүрлі елдердің шаруашылықты субъектілерінің өзара әрекеті мен өзара түсінушілігі кіреді, бұл жабдықтарды, технологияны, менеджментті және басқаларды беру деңгейінде жүреді, осының бәрі өндірістің ғаламдану элементі болып табылады, бірақ бұл қатынастарда қазақстан жағына көбінесе технологиялық процестің негізгі әзірлеушісінің емес немесе дайын өнімді жасауда және дүниежүзілік рынокқа жылжытуда басты шешушісінің емес, керісінше алушы, қолданушы, оқушы ролі тиеді.

Егер статистикаға жүгінсек, онда 1997 жылы Қазақстанның шағын кәсіпорындарының жалпы құнындағы МСП жекеменшігінің үлесі жуық шамамен 17 % құрады. Салалық қимада шағын МСП келесі бағыттарда басымдылығы болды:

— жылжымайтын мүлік, жалға беру және кәсіпорындар қызметі операциялары;

— автомобильдерді сату және ақауын түзеу;

— өңдеуші өнеркәсіп, әсіресе тамақ өнімдерінің өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу.

Ең аз үлес көлік пен байланыс, тау кен қазу өнеркәсібі (шикі мұнай және газ алу аясында және солармен байланысты қызметтер, тек қана Атырау обласында), құрылыс, қонақ үйі және мейрамханалық бизнес салаларына келеді. Осыған қарағанда, Қазақстан Республикасында шағын МСП сауда, қызмет көрсету және тамақ өнеркәсібінде басымшылықты. Бұл МСП  өндірілетін өнімдердің үлкен бөлігі ішкі рынокқа жеткізіледі, сыртқы рынокта негізінен делдалдық фирмалар жұмыс істейді, олар республикадан тыс жерлерге шикізаттық өнімдерді жеткізеді.

Сыртқы рыноктарға ену жолының басталу жағында орналасқан, біздің МСП, ережелі түрде, сыртқы экономикалық байланыстардың мемлекеттік ынталандыруын қолданбайды немесе мүмкіндіктері мен құралдарын білмейді, дүниежүзілік рыноктарда бәсекелестік күресті жүргізу әдістерін жорамалды қолданады. Бұл шалт кету мен қателіктерге соқтырады және, ақырында, сыртқы рынокта жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайларда шағын кәсіпорындарға бұрынғыданда көбірек жан – жақты көмек пен қолдаулар қажетті, оны әртүрлі одақтар, ассоциациялар және кәсіпкерлерді қолдаушы қорлар жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің соңғы қаулылары мен жарлықтарына байланысты ондай құрылымдар қазірдің өзінде өз қызметтерін белсендіруді бастады, олар МСП жергілікті тұтынушылар үшін өнімдер өндіруге көмектесуге тырысуда, ал шағын фирмалардың сыртқы экономикалық қызметі әзірше сырттап қалуда. Дегенмен, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай құрылымдарға келесідей қызмет бағыттарын бүгінгі күннен бастап дамытуы керек: кооперация бойынша серіктестерімен қарым-қатынас іздеу және жақсарту; кеңес беру қызметін ұйымдастыру, халықаралық рыноктар мәселелері бойынша ақпараттар мен тәжірибелерді алмасуға көмек көрсету және т.б. Біздің республикамызда орын тапқан, ғаламданудың тағы бір аспектісі болып халықаралық ұйымдардың қызметі болып табылады, атап айтқанда шағын бизнестің дамуына жәрдемдесу аясы. Мысалы, МСП қолдауға және дамытуға келесідей ұйымдардың қызметі бағытталған: кәсіпкерлікті қолдаудың Орталық-Азия Америка қоры, Азия банкінің, ЕБРР және басқалардың. Тек қана техникалық көмек шеңберінде Қазақстан Республикасында 11 бағдарлама жүзеге асырылуда, олардың жалпы сомасы 30 млн. долл. АҚШ асады, бағдарламалар ТАSIS, USАID, МОТ және басқалары. Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсетеді, МСП саласында шаруашылық саясатын өз бетінше жіберуге болмайды. Ол кәсіпкерлер одағы және өнеркәсіптік палата жағынанда, шаруашылықты дамыту және басқару органдарының көптеген ұлттық және халықаралық институттарының және саясаткерлер жағынанда қолдауды керек етеді.

Қазақстанда жұмыс істейтін бірлескен және шетелдік кәсіпорындардың саны, областар бойынша 1998 – 2002 жылдар /34, c. 11/.

                   (жыл соңында)  

                    бірліктер

Областар атауы

1998

1999

2000

2001

2002

БАРЛЫҒЫ

491

736

995

1388

1677

Оның ішінде

 

 

 

 

 

Ақмола

2

4

4

9

8

Ақтөбе

8

10

12

21

30

Алматы

42

39

37

48

48

Атырау

41

35

25

37

55

Шығыс Қазақстан

28

34

44

52

60

Жамбыл

6

12

12

14

11

Батыс Қазақстан

5

7

17

27

28

Қарағанды

31

41

52

67

85

Қызылорда

6

5

6

8

6

Қостанай

8

12

21

23

16

Маңғыстау

5

5

9

12

21

Павлодар

22

24

25

36

35

Солтүстік – Қазақстан

13

17

15

12

14

Оңтүстік – Қазақстан

24

27

35

39

39

Астана қаласы

10

15

19

40

82

Алматы қаласы

240

449

662

943

1139

             

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның сыртқы саудасының жетілдірілуінің негізгі бағыттары болып табылатындар:

  1. Әкелінетін тауарларға кедендік баждың мөлшерлемесін біртіндеп төмендету. Бұл ДСҰ кіру бойынша жүргізілетін келіссөздің негізгі мәселерінің бірі болады.

Әкелінетін тауарларға кедендік баж мөлшерлемесін төмендету қарқыны бойынша шешім қабылдау үшін олардың ішкі тұтынушылық рыногі мен отандық тауар өндірушілер экономикасына ықпалын бағалау бойынша есептеулер жүргізу қажет. Мұндай есептеу шекті мөлшерлемені және импорттық кедендік тарифтердің байланыстыру шамасын анықтау үшін негіз болып табылады. Дағдарыс күйінде тұрған, ал сыртқы сауда маңызды роль атқаратын біздің экономика үшін, мөлшерлемелер қысқаруының жылдамдатылған қарқыны ішкі рынок пен шаруашылықты субъектілердің экономикалық жағдайына өте күшті әсер ете алады. Ұлттық экономиканың экономикалық дамуы  нашарлаған жағдайда қайтадан қорғану шараларын қабылдау мүмкіндігі болуы үшін, ТСЖБК ХХIII бабының қолданылу мүмкіндігінің барлық аспектілерін қарастыру қажет. 

  1. Кеңінен қолданылатын тауарлар өндірісі төменгі бәсекелестікті болып табылады, және сондықтан импорттық баждың төмендеуі оны қиын жағдайға түсіреді. Осыған байланысты қорғаушы шаралар қолдану проблемасы туады.

Бұл мәселені шешу үшін сыртқы экономикалық қызметке демпингтік бағаны жібермеу бойынша жүйе әзірленген. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің субъектілері, олардың ұйымдастыру-құқықтың пішініне тәуелсіз және атқарушы билік органдары, сыртқы экономикалық қызметке шетелдік экспорттаушылармен демпингтік бағаны қолдануға қарсы қорғаушы шараларды қолдану бойынша орнықтырылған тәртіпте ұсыныс жасай алатыны анықталған (арнайы қарсы демпингтік және өтемақылық баждар). Сонымен қатар, импорттық тауарларды массалық әкелуге қарсы сандық шектеулер жүйесін енгізу қарастырылған, өйткені ол әкелінген тауарларға ұқсас тауарлар өндіретін саланың экономикасының беделін түсіреді. ТРИПС Келісімі бойынша (зияткерлік меншік пен қызмет) жүргізілетін жұмыс маңызды проблема болып табылады. Зияткерлік меншік өнімдерінің саудасының меншікті салмағы сыртқы сауданың жалпы көлемінде әзірше соншалықты мәнді емес. Дегенмен Қазақстан бұл салада үлкен потенциалға ие және оның тиімді қолданылуы үшін, зияткерлік меншіктің қорғаудың және қолданудың әрекетті механизмін құру қажет. Қазіргі кезде авторлық құқық және аралас құқық туралы заң қабылданды және тәжірибе жүзінде оны жүзеге асырудың аспектілері әзірленуде. Жәнеде зияткерлік меншік саласында өтетін барлық өзгерістердің транспаренттігін қамтамасыздандыру қажет, оларды қорғау және орындау стандарттарын жасау керек. Кешенде зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері бойынша тұтас механизм құрылуы қажет. Онсыз ДСҰ бұл келісімінің тиімді қолданылуына қол жеткізу мүмкін емес. Сыртқы сауда режимінің көкейтесті бағыты болып көрсетілетін қызмет саудасы саласындағы нормативтік базаны әзірлеу табылады. Қазіргі кезде қызмет секторында жұмыспен қамтылғандардың саны жалпы қызметшілер санының 40 % құрайды, ал өнім көлемін ЖІӨ 50 % жоғарылатамыз. Қазақстандағы қызмет көрсетудің негізгі типтері – құрылыс жұмыстары, қаржы қызметтері, көлік пен байланыс қызметтері, тауарлық қызметтер. Осы келісімге қосылған кезде Қазақстан басқа елдер үшін өзі аша алатын қызмет секторларын дербес анықтау мүмкіндігін алады. Осыған байланысты  осы секторлардың шетелдіктер үшін жабық секторлармен өзара әрекеттесу механизмін әзірлеу, трансшекаралық қызмет аспектілерін ашу, жеке тұлғалардың елдің территориясы бойынша қозғалысының айқын критериялары мен мүмкіндіктерін әзірлеу қажет. Қызмет көрсету механизмін жүзеге асыру мақсатында шетелдік өкілдердің қолдануына арналған қызметтің ұлттық тізімін құру қажет. Сыртқы сауда режимін жетілдірудің бұл бағыттары кешенді түрде, жалпы қабылданған халықаралық нормаға жауап бере алатын, сыртқы сауданың жеткілікті ырықтандырылған жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономика-лардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы — осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ, қара» деп жіктеп, оған «капитализм», “социализм» атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үлгін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зшшды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.

Экономикалық кеңістіктің өтпелі кезеңі деп белгіленіп отырған алты жылдың алғашқы үш жылы дайындық кезеңі болмақшы. Онда келісімге сәйкес қужаттар дайындалады. Ал соңғы уш жыл ішінде барлығы сараптан өткізіліп, тиісті құжаттарға қол қойылып, заңдастырылуы керек. Бірыңғай экономикалық кеңістік қуру жөніндегі Н. Назарбаевтың усынған бул шарт жобасы мемлекет басшылары тарапынан мақулданып, оны елдің укіметтеріне тапсыру туралы шешімге келді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н. Казахстан-2030. Послание Президента страны народу Казахстана.
  2. Меморандум Президента Республики Казахстан», 1996.
  3. Арынов Е.М. и д.р. Международные экономические организации и экономические союзы. Алматы: ИРТ, 1996
  4. Внешняя торговля США правами на интеллектуальную собственность / ВИКИ. 2001. №81 (8277) .С.11-12
  5. Комарова Л. Международные правовые принципы и формы экономического сотрудничества государств. ВЮЗИ, 1986
  6. Кошанов А. Интеграция Казахстана в международную торговую систему и ВТО. Аль ПАРИ, № 6, 1999
  7. Трофимов А. И др. Международные экономические организации. Алматы, 1998
  8. Проблемы региональной интеграции и участие Казахстана с экономических союзах государств. Круглый стол. Экономика Казахстана, № 3 1997
  9. Майзель А. Предпринимательская структура в рыночной экономике. СПБ., 1998.
  10. Хоскинг А. Курс предпринимательства. М.: Международные отношения, 1997.
  11. Молдажанов Р. Улучшение деятельности институтов общества по снижению уровня бедности населения. / «Труд в Казахстане», № 6, 2002.
  12. Караваев В. Государственное регулирование иностранных инвестиций: российские реалии и мировой опыт // Проблемы теории и практики управления, 2002. № 2. С46.
  13. Яковлева Е. Политика привлечения иностранных инвестиций в Россию: пора перемен? // Мировая экономика и международные отношения, 1999. № 1. С.90.
  14. Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан. Статистический сборник. Алматы, 2002. С.21, 24.
  15. Вступление Казахстана в ВТО: последствия для устойчивого развития. В рамках международного проекта Совета Земли «Глобализация, ВТО, и ННГ». «Делюкс» Алматы 2002.
  16. Болатбекова Г. Казахстан будет стремиться к достижению инвестиционного рейтинга, до которого еще две ступени // Панорама, 2002. 28 июня (№ 25).
  17. График уступок каждой страны; ВТО; WT/ACC/7 и его редакции; Секретариат ВТО Всемирный банк, Обзор Всемирного банка за 1999 г. Расчеты ЮНКТАД.
  18. Рыбалкин. Международные экономические отношения. М.: Экономика, 1998
  19. Макконел, Брю Экономикс. М: Прогресс, 1993
  20. Григоренко И. Внешнеторговые сделки. Сумы; 1994

1 қосымша.

Қазақстан Республикасының ДСҰ енуі бойынша

Жұмысшы топтың мүше – елдері

 

Австралия

Болгария

Бразилия

Греция

Грузия

Египет

ЕО

Индия

Канада

Қырғызстан

Қытай

Колумбия

Корей

Куба

Латвия

Литва

Малайзия

Мексика

Молдова

Монғолия

Жаңа Зеландия

Пәкістан

Парагвай

Польша

Словакия

АҚШ

Таиланд

Түркия

Хорватия

Швейцария

Эстония

Ямайка

Жапония

 

Ескерту: Жұмысшы топтың құрамы 2002 ж. 01 желтоқсанындағы күйі бойынша

 

2 қосымша.

ДСҰ қосылған елдердің қосылған жылына қарай тауарлар бойынша шегінісі мен міндеттері

ЖҰӨ жан бас. шаққ.

(АҚШдолл)

 

Елдер

 

ДСҰ ену жылы

Ауыл шаруа-шылық тауар-лары бойынша тарифтік шегіну

 

Басқа тауарлар бойынша тарифтік шегіну

Секторлық бастамаларға қатысу

 

Ауыл шаруа-шылын қолдаудың аграрлық шаралары

Ауыл шару.бойынша экспорт-тық демеуқ-аржылар

1310

 

Эквадор

 

1996

 

25,8% (негізінен 15-тен  30%дейін) өту кезеңі 5 жыл ҚАҚ қолдану кейбір тауарларға

 

20,1% (негізінен 15-тен  30%дейін) өту кезеңі жоқ

 

 

 

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

1380

 

Болгария

 

1996

 

34,9% (негізінен 15-тен  63%дейін) өту кезеңі 5-6 жыл ҚАҚ қолдану кейбір тауарларға

 

 

12,6% (негізінен 5-тен  25%дейін) өту кезеңі 15 жылға дейін

 

 

Тек қана кейбір «нөлдік» бастамаларда

 

Екі жылда  79% төмендеу

 

Нақты төлем бойынша төмендеу 35,8%, ассигнов. бойынша 22,0% алты жылда

 

350

 

Монғолия

 

1997

 

18,4% (негізінен 10-тен  30%дейін) өту кезеңі жоқ

ҚАҚ қолданбайды

20%(негізінен   20%дейін) өту кезеңі жоқ

 

Химиялық үйлесімдік

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

300

 

Қырғызстан

 

1998

 

1 1,7% (негізінен 5-тен  20%дейін) өту кезеңі жоқ, жүннен өзге; жүннен — 5 жыл ҚАҚ қолданусыз

6,7% (негізінен 10%төмен) өту кезеңі 7 жыл

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

5% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

620

 

Грузия

 

2000

 

12,1% (негізінен 12-тен  20%дейін) өту кезеңі 5 жыл ҚАҚ қолданумен

 

5,8%(негізінен 0-тен  12%дейін) өту кезеңі 5 жыл

Барлығы  «нөлдік» бастама, алкогольді ішімдіктерден өзге, химиялық үйлесу, ИГА

 

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

870

 

Албания

 

2000

 

10,6% (негізінен 10-тен  20%дейін) өту кезеңі 7 жыл ҚАҚ қолданусыз

6% (негізінен 0-тен  10%дейін) өту кезеңі 9 жыл

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

370

 

Молдова

 

2001

 

(негізінен 10-тен  15%дейін) максимально 40% өту кезеңі 4 жыл, ҚАҚ қолданусыз

(негізінен 10-тен  20%дейін) максимал 40% өту кезеңі 4 жыл

 

Барлығы  «нөлдік» бастама, алкогольді ішімдіктер мен жиһаздан өзге, химиялық үйлесу, ИГА

 

Төрт жылда төмендеу16%

 

Нөл

 

3070

 

Панама

 

1997

 

26,1% (негізі-нен 10-тен  70%-дейін) өту кезеңі 14 жыл ҚАҚ қолдану кейбір тауарларға

 

11,5% (негізінен 5-тен  30%дейін) өту кезеңі 14 жыл

 

Химиялық үйлесімдік

 

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

2470

 

Латвия

 

1999

 

33,6% (негізінен 10-тен  40%дейін) өту кезеңі 9 жыл ҚАҚ қолданумен

 

9,3% (негізінен 15-тен төмен) өту кезеңі 9 жыл

 

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

10% а/ш ЖҰО дан 24 милл.АҚШ (SDR) (8% жуық) кем дегенде 1.01. 2003)

Нөл

 

3480

 

Эстония

 

1999

 

1 7,7% (негізінен 10-тен  30%дейін) өту кезеңі 9 жыл ҚАҚ қолданусыз

6,6% (негізінен 15-тен төмен) өту кезеңі 6 жыл

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

5% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

1500

 

Иордания

 

2000

 

25% (негізінен 15-тен  35%дейін) өту кезеңі  10 жыл, ҚАҚ

қолданусыз

25% (негізінен 20-тен  30%дейін) өту кезеңі 10 жыл

Тек қана кейбір «нөлдік» бастамаларда

Химиялық үйлесімдік, ИГА

Жеті жылда төмендеу  13%

 

Нөл

 

4580

 

Хорватия

 

2000

 

10,4% (негізінен 0-тен  15%дейін) өту кезеңі 5 жыл ҚАҚ қолданумен

 

5% (негізінен 0-тен  30%дейін) өту кезеңі 5 жыл

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

1996-1998 базалық кезеңге төмендеу 20% жыл сайын бер.бөліктермен 5 жыл ішінде, кіру уақытынан

Нөл

 

4940

 

Оман

 

2000

 

30,5% (нег. 0-ден 15%дейін) өту кезеңі  8 жыл, ҚАҚ

қолданусыз

11% (негізінен 5-тен  15%дейін) өту кезеңі 4 жыл

Тек қана кейбір «нөлдік» бастамаларда

Химиялық үйлесімдік, ИГА

10% а/ш ЖҰО дан

 

Нөл

 

2620

 

Лигтва

 

2001

 

(негізінен 15-тен  35%дейін) максимал 50% өту кезеңі  8 жыл, ҚАҚ

қолданусыз

(негізінен 10-тен  20%дейін) максимал 30% өту кезеңі 4 жыл

Көпшілігі «нөлдік» бастама, Химиялық үйлесімдік, ИГА

 

Бес жылда төмендеу  17%

 

Нөл

 

 

Көздер: Әрбір елдің шегініс графигі; ДСҰ; WT/ACC/7 және оның редакциясы; ДСҰ хатшылығы дүниежүзілік  Блик, Дүниежүзілік банкінің 1999 жылғы шолуы, ЮНКТДЛ есептеулері.

 

Кестеге қомыиша және түсіндірме:

АҚШ – ауыл шаруашылығындағы арнайы қорғаушы шаралар

ИТА (Ministerial Declaration on Trade in Information Technology Products) – ақпараттық технологиялар бойынша келісім, барлық импорттық бажды нөлге дейін төмендету және ақпараттық технология аясында Келісімде айтылған өнімге басқада тарифтік сауда кедергісін төмендету көрсетіледі.

Секторлық бастамалар – тауарлардың жеке топтарына қатысты ДСҰ жеке қатысушы-елдерімен туылатын бастамаларды орындау үшін заңды түрде міндетті емес бастамалар. «Нөлдік» бастамалар: тауарлардың анықталған түрлеріне импорттық тарифті нөлге дейін төмендету бойынша елмен қабылданған міндеттемелер.

* ҚАҚ (SDR) – қарызға алудың арнайы құқығы (Special Drawing Rights) – ХВҚ құрылған, бес солтүстіктік алдыңғы қатарлы валюталар себеті негізіндегі жасанды ақша бірлігі, ҚАҚ халықаралық резервтік актив болып табылады және ХВҚ мүшелерімен есептеу және тіркеу бірлігі ретінде және өзара есептесу үшін қолданылады.

1 қосымша.

 

Областар бойынша мұнайгаз өнеркәсібі өнімдерінің сыртқы саудасы

 

Областар атауы

 

2001ж.

2001 ж. 6 айы

2002 ж. 6 айы

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Барлығы

2299,3

100

632,4

100

1230

100

340,6

100

705,9

100

184,4

100

Ақмола

 

0

 

0

 

16,9

 

2,7

 

0

 

0

 

1,3

 

0,4

 

0,1

 

0

 

3,3

 

1,8

 

Актөбе

 

160,7

 

7

 

78,3

 

12,4

 

94

 

7,6

 

33

 

9,7

 

52,9

 

7,5

 

25

 

13,6

 

Апматы

 

0,1

 

0

 

2,4

 

0,4

 

0,1

 

0

 

0,7

 

0,2

 

0

 

0

 

1

 

0,6

 

Атырау

 

950,1

 

41,3

 

15,5

 

2,5

 

496,8

 

40,4

 

5

 

1,5

 

390,5

 

55,3

 

2,9

 

1,6

 

ШҚО

 

1,4

 

0,1

 

36,4

 

5,8

 

1,2

 

0,1

 

16,6

 

4,9

 

0

 

0

 

16,3

 

8,9

 

Жамбыл

 

4,3

 

0,2

 

22,7

 

3,6

 

1,8

 

0,1

 

11,5

 

3,4

 

1,6

 

0,2

 

8,5

 

4,6

 

БҚО

 

108,1

 

4,7

 

39,9

 

6,3

 

77,1

 

6,3

 

25,3

 

7,4

 

44,9

 

6,4

 

12,5

 

6,8

 

Қарағанды

 

35,3

 

1,5

 

16,8

 

2,7

 

25,3

 

2,1

 

9,4

 

2,8

 

5,6

 

0,8

 

6,2

 

3,4

 

Қызылорда

 

0

 

0

 

7,9

 

1,2

 

0

 

0

 

2,8

 

0,8

 

0,6

 

0,1

 

3,8

 

2,1

 

Қостанай

 

0,2

 

0

 

69,7

 

11

 

0,2

 

0

 

54,1

 

15,9

 

0

 

0

 

11,3

 

6,1

 

Манғыстау

 

131,4

 

5,7

 

3,8

 

0,6

 

58,2

 

4,7

 

2,8

 

0,8

 

45,3

 

6,4

 

0,4

 

0,3

 

Павлодар

 

295,6

 

12,9

 

51,7

 

8,2

 

174,3

 

14,2

 

27,5

 

8,1

 

77,4

 

11

 

18,5

 

10,1

 

СҚО

 

4,4

 

0,2

 

12,5

 

2

 

4

 

0,3

 

14,7

 

4,3

 

0,2

 

0

 

2,6

 

1,4

 

ОҚО

 

8,8

 

0,4

 

40,1

 

6,3

 

4,5

 

0,4

 

18,9

 

5,5

 

2,5

 

0,4

 

7,5

 

4,1

 

 Астана қ.

 

0

 

0

 

7,6

 

1,2

 

0

 

0

 

3,7

 

1,1

 

0

 

0

 

2,1

 

1,2

 

Алматы қ.

 

367,6

 

16

 

210,2

 

33,2

 

292,5

 

23,8

 

113,4

 

33,3

 

84,3

 

11,9

 

61,8

 

33,5