АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы

 

Ж о с п а р

 

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жаңа   Конституцияның қабылдануы

2.2 Конституциялық  құрылыс  негіздері

2.3 1995 жылғы Қазақстан  Конституциясы 

2.4 Конституцияның  құрылысы

ІІІ. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАҢА  КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАУ

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы қантардың 28-і елдің негізгі заңы — тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады.

Егемен Қазақстанның Конституциясын қабылдау жолында мыңдаған адамдар үздіксіз еңбек етті. Қазақстан Республикасының       Конституциясы   — барлық қазақстандықтар   еңбегінің   жемісі.   Бұл   аса   маңызды құжаттың жобасы азаматтардың бас қосуларывда, ауылдық, селолық, аудандық, қалалық, облыстық кеңестер сессияларында талқылаңцы. Жобаны талқылауга әр түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың өкілдері қатысты. Баспасөзде,  теледидарда, радиода қызу талқылау өтті. Әр түрлі митингілерде қарама-қайшы пікірлер де айтылды.

Негізгі заң тексін талқылауға шет елдердің білікті мамандары да қатыстырылды.

Талқылау барысында Конституция тексіне республика жұртшылығы, заңгерлер көптеген ескертулер, толықтырулар енгізді. Негізгі заңды қабылдаудың өзі баспасөз бетінде, еңбек ұжымдарыңда, Жоғарғы Кеңесте өткен көптеген пікірталастардың  қорытындысы еді.

Қазақстаңды әлемнің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыруы жаңа Конституцияның ерекшелігі боп табылады. Бұл арқылы Қазақстан өзінің халықаралық нормаларды қолдап, демократиялық, құқыктық мемлекет орнатуға бағыт алғанын әйгіледі. Сөйтіп Қазақстанның ондаған жылдар бойы әлемдік өркениеттен оқшаулануы тоқтатылды.

Қазақстан     Республикасының     Конституциясы   4-ші бөлімінен, 21   тарапудан  тұрады. Конституцияның құрамдас бөлімі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін   өтпелі   кезең   жағдайларына   арналған   тарау. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа Конститу-цияның завдылықка, мемлекет пен онын органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіру.

Конституцияның бар рухы, бөлімдері, тарауларының, баптарының көпшілігі — отанымызда  ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Онда өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына құқық теңдігін қамтамасыз етеді деп көрсетілген. Сондықтан ңетізгі заңның басты назары — адам, оның әміді. Елдегі , атқарылатын істердің барлығы заң бойынша тек азамат пен қоғам мүддесі үшін жүргізілуі тиіс.

Кеңестік және қазақстандық тәжірибеде түңғыш рет адам қүқы мен бостандыгының басымдылыгы танылып, Қазақстан хшіқы дүниежүзілік қоғамдастықтың ажыра-мас бөлігі боп айқындалды.

Конституцияда тіл мәселелері де анықталды. Жаңа қабылданған Қазақстан Конституциясы бойынша республикада қазақ тілі — мемлекетгік, ал орыс тілі — ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп жарияланды. Конституция басқа да тілдердің қолданылу аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды.

Мемлекеттік тілді немесе үлтаралық карым-қатьшас тілін білмегендік себептері бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге тыйым салынады.

Конституцияда конституциялық негіз ретінде Қазақстан Республикасының жері біртүтас, ол бөлінбейді және оған қол сүғуға болмайды деп көрсетілген. Конституция бойыгапа Қазақстан халқы Республика мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі боп табылады.

Мемлекеттік   билік   Конституция   және  республика заңдары негізівде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар. Конституцияның   орындалуына   республика   Президенті кепіл болады.  Конституцияның толық тараулары мен баптары    азаматтардың    құқығы    мен    міңдеттеріне, қоғамға,     оның     негізгі     құрылымына,     қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге, отбасына арналған. Бүған адамның өмір сүру, мешпік иесі болу құқығы, сез,    пікір,    жиналыстар    өткізу,    бірлестіктер    құру қүқықтары жатады. Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әрбір адамның ар-намысын,    абыройын    қүрметтеуге    тиіс.    Республика азаматтары мемлекеттік символдарды — Ту, Елтаңба, Әнүранды қастерлеуге тиіс. Отавды қорғау — республиканың әрбір азаматыныц абыройлы міндеті. Бүған қооц   республика азаматтары заңды түрде бекітілген алым-са-лықтарды төлеуге тиісті.

Үшінші бөлім мемлекет, оның оргавдары мен инсти-туттарының қүқықтық нормаларын айқыңдауға арналған.

Төртінші бөлім Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның түрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қоргауға арналган.

Республика парламентінің Қазақстан Конституциясын қабылдауы — тарихи маңызы бар оқиға. Конституция мемлекеттің еркениеттілік даму жолының негізін қалап қана коймай, адам құқықтарын қорғаудың сенімді кепілі қаланғанын паш етті. Бұл маңызды құжатты қабыддау арқылы Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің шыққанын мәлімдеді. 

Біз, Қазақстан  халқы,   дүниежүзілік   қоғамдастықтың    ажырамас  бөлігі бола отырып,  қазақ  мемлекеттілігінің   бұлжымастығын   негізге   ала   отырып,   адам  құқығы мен  бостандығының  басымдығын   тани   отырып,  демократиялық  қоғам  мен   құқықтық   мемлекет  құруға   бекем  бел  байлап,     азаматтық  тату лық  пен   ұлтаралық    келісбімді,   өзіміз   үшін  және   өз   ұрпақтарым ыз  үшін    лайықты   өмірді   қамтамасыз    етуді  қалай  отырып,   осы   Конститутцияны    қабылдаймыз  және  конституциялық   құрылыстың   мынадай   негіздерін  жариялаймыз.

 

 

Конституциялыцқ    құлырыс  негіздері

Бірінші. Қазақстан   Республикасы   (Қаюзақстан) –демократиялық,    зиялы  және   біртұтас   мемлекет.

Өзін — өзі   билеитін    қазақ   ұлты     мемлекеттігінің  түрі   ретінде   Қазақстан  Республикасы   өзінің  барлық     азаматының    құқұық    теңдігін    қамтамасыз  етеді.

Екінші.   Қазақстан   Республикасының    жері    тұтас,     ол  бөлінбейді  және    оған   қол   сұғуға   болмайды.

Үшінші. Қазақстан  республи касы   адамды,  оның    өмірін,   бостандығы   мен   ажырамас   құқығын   ең    қөымбат   қазына   деп    тануға   және   өз  қызметін    азамат  пен қоғам     мүдделері   үшін   жүзеге   асырады.

Төртінші.   Қазақстан   халқы  республика   мемлекеттік   өкімет   билігінің    бірден-бір   қайнар  көзі  болып   табылады.

Қазақстан   Республибкасы  1995  жылғы   30 тамызда   өткізілген   Республиткалық  референдумда    қабылданды.

Халық мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру құқығын халықтың қандай да бір бөлігі не ұйым, немесе жекелеген адам иемдене алмайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Қазақстанның бүкіл халқы атынан билік жүргізуге өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Республика Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің ғана құқы бар.

Бесінші. Қазақстан Республикасы Республика Конституциясы мен заңдары ауқымында әрекет ететін қоғамдық бірлестіктердің тең құқылы мүмкіндіктері болуына кепілдік береді.

Қоғамдық бірлестіктердің идеологияны мемлекеттік идеология орнына жүре алмайды.

Алтыншы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципіне негізделеді. Соған шйкес мемлекеттік органдар ез өкілеттігі ауқымында дербес болады, тежемелік және тепе-тендік жүйесін пайдалана отырып, өзара ықпалдасып іс-әрекет жасайды.   

Заң шығарушы конституциялық құрылыс негіздерінің бұлжымастығына сүйенеді. Мемлекеттік өкімет билігі Республика Конституциясы мен заңдары  негізінде жүзеге асырылады.

Жетінші. Қазақстан Республикасы  Конституциясының ең жоғары зандық күші бар. Оңың тұжырымдары тікелей қолданылады. Конституция ережелеріне қайшы келетін заңдар мен өзге де құжаттардың  хандық күші болмайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Сегізінші. Қазақстан Республикасында мемлекеттік — қазақ-тілі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады.                                                                                                                                                                   Мемлекет ұлтаралық қарым-қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолданылу аясын сактауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды.

Мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қарым-қатынас тілін білмегендік себептері бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге тыйым салынады.                                                                                                                                                                                                                                              Тоғызыншы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары — Елтаңбасы, Жалауы, Гимні бар.

Қазақстан Республикасының астанасы — Алматы қаласы.

 

 

 

 

 

 

1995 жылғы Қазақстан  Конституциясы

Қазақстандағы болып жатқап демократиялық өзгерістер    республиканың 1995 жылы қабылдамған Ата заңында өзінің басты көрінісін тапты еліміз егемендік алған уақыт ішінде екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі — 1993 жылдың қаңтарында болған еді. Бұл Ата Заңның бұрынғы КСРО Конституциясының көшірмесіне айналған Қазақ КСР Констптуциясымен салыстырғанда едәуір айырмашылығы мен өзгешелігі болды. Дегенмен бұл бірінші Ата Заңның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі де бар еді. Оған басты себеп — бұрын еркіндік билігі қолына тимеген, оның дәмін татпаған, оған тиісті әзірлігі болмаған елде Ата Заңды асықпай, терең және жан-жақты байыппен қарап қабылдауға белгілі бір уақыт қажет етеді. Осыған қарамастан Конституциялық заң жүйесін қалыптастыруда, ондаған, жүздеген жылдар бойы тәжірибе жинақтаған өркениетті елдердің өткен жолдарын біздің жас мемлскетімізге аса қысқа уақыт ішінде жүріп өтуге тура келді. Сондықтанг егемен елдід бірінші Конституциясын жасауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, бірінші Конституцияны жасау барысында ел  ішінде болып жатқан саяси-экопомикалық  және әлеуметтік т. б. процсстерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктері мен жоспарлары ғылыми тұрғыдаи нақты салмақтау әлі мүмкін болмады.

Конституция жобасын жасаушылар көп жағдайда «еркіндік» сөзінен туындаған  асқақ сезімнен  шыға алмады.

Ата Заңда қоғамда қолданылып жүрген жаңа ұғымдар мен атаулардың ғылыми және күнделікті айналымға енгізілгенін байқау қиын емес.Соның арқасында жаңа кезеңдегі нарықтық термин атаулары арнаулы, түбегейлі теориялық және қолданбалы салаға ауысты, қоғам тұрмысының ажырамас бөлігіне айіналды. Бұл Конституция сөзсіз  жаңашылдығы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Ата Заң бойынша республикамызда демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.. Соған сәйкес Президенттің саяси билігі де қуатты. ІІрезидент Конституциялық негізде Парламентті шақыру немесе тарату және заң шығару бастамашысы құқығына ие.

Конституцияда Президенттік республика жағдайындағы Парламент құзыры айқын белгіленген. Ол халық қамын ойлап, оның мүддесін қорғайтын демократияшыл әрі баршаға түсінікті заңдар шығаратын қабылдайтын  орган. Парламент – Сенат және Мәжіліс палаталарынан тұрады. Бұған дейін Парламентке мұндай екі палата деген ұғым болған емес. Ата Заңда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де егжей-тегжейлі көрсетілген. Жаңа Конституция бойынша ддепутаттар саны  бұрынғы 177-дей 14 адамға дейін қысқарды. Сондай-ақ  Парламент қызметінің  тиімділігін арттырып, оның депутаттық   корпусының   кәсіби   шеберлігін   шығдауға  бағытталған    бірқатар   нормаларды   белгілеген.

Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі  үкіметінің тиісті орны, сот билігінің, прокуратураның қызметтері де айқындалған. Әсіресе, сот жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа реформа жүргізуге назар аударылған.                                                                                                                                                                                                                                                                                         Конституцияға сәйкес жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді, соттар мен судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды   түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, судьялардың ісіне қол сұғуға болмамды. Нақты істері бойынша олар ешкімге есеп бермейді, тек Конституция мен заңға ғана бағынады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Ата Заңның ерекшелігі — ол билік тармақтарының ешқайсысына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқтарды бұзуға жол бермеуінде. Мейлі, ол елдің Президенті немесе қатардағы қызметкер болсын, негізгі конституциялық құқықтарды, соның ішінде адам құқықтары мен бостандығын аяққа басуға жол бермейді. Бұрынғы Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тнянақталмаған көптеген маңызды мәселелердің түйіні Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе мемлекеттік жер, тіл, азаматтық негізгі құқықтар мен бостандық сипаты туралы, қос палаталы парламент құрылымы және Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мәселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.

Қазақстан Конституциясының жаңа бір басты тарихи маңызы ұлт   мәселесіне  ерекше  көңіл бөлуі   дер  едік. Оның өзіндік  себебі де бар. Өйткені  еліміздің тәуелсіздік    алған алғашқы жылдарында ұлт аралық қатынастарда бірқатар түсінбеушілік орын алды. 1992-1993 жылдары әрбір  төртінші  қазақстандықтарды ұлтаралық қатынастардың   ушығу қатері  қатты  мазалаған еді. Бүгінгі  таңда, кейбір  деректерге   қарағанда  осы мәселелерге байланысты  біршама   алаңдаушылық   білдірген  Қазақстандықтардың  саны   5-6  % -ға  дейін төменедеген.  Оған,  әрине,  елімізді мекендеген   жүздеген ұлт  пен  ұлыс   өкілдерінің енді ешқандай   этникалық   ұлтына қарамастан, барлық мүдделердің  қорғалып отырғандығының  нәтижесі.  Мұның өзі біздің  Ата Заңда ерекше  атап  өтілген.

          Сондықтан Қазақстан халықтарының   бір тұтастығы, ұлтаралық келісімі, мемлекетті нығайту, дамыту аясында ерекше маңызды. Түрлі ұлыстардың өкілдері тұрып жатқан ел халқының басын біріктіру, оны күнделікті жүзеге асыру Конституция қағидалары мен баптарында жан-жақты қарастырылған.

Тіл туралы саясат заңды құбылыс. Өйткені тіл ұлттық мүдделердің нәзік тоғысқан қызу нүктесі. Қазір қазақ және орыс тілдерінде 8300-ден аса және одан басқа он жеті ұлт  тіліндк оқытатын жүздеген мектеп, 12 тілде шығатын газеттер мен журналдар, 1 1 және 6 тілде хабар жүргізстін    теле және радио тұрақты қызмет етеді. Тіл саясатын іске асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірқатар,   ұлттық мәдени орталықтарының белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын  атап көрсеткен жөн.

Дегенмен, тіл мәселесі, соның ішінде мемлекеттік тілді қолдану, қазақ халқы арасында айырықша алаңдаушылық туғызуда. Мәртебесі мемлекеттік болып бекітілгенімен  қазақ тілі осы кезге дейін  білім, ғылым, іс жүргізу саласында өзінің лайықты орнын таба алмауы кім-кімді де қынжылтары даусыз. Ал, оның есесіне әлі күнге дейін халық өкілдері жиналған түрлі деңгейдегі бас қосу, ғылыми форумдар, Парламент, Үкімет пен Ассамблея мәжілістері орыс тілінде өтіп келеді. Қазақ тілі бұрынғысынша  тек  жергілікті халықтың арасында, онда да тек күнделікті тұрмыста ғана азды-көпті қолданудан аспауда. Сондықтан бұл жағдайды  ескере отырып, 1997 жылғы шілдеде қабылданаған «Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы заңның» орындалуына бақылау жасау, оны іске асыруда лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін  күшейту, тіл саясатын  жүргізу үшін мемлекет қорынан  тиісінше қаржы бөлу, бүкіл баспасөз, теле және радио хабарларының  тек жартысын қазақ тілінде жүргізу алда тұрған аса маңызды міндет.

Жаңа Конституцияда республпканың азаматтығы туралы талас-тартысқа біржолата нүкте қойылған. Онда бұрынғы КСРО-ның ыдырауы және егемен мемлекеттердің Т’әуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру кезіндегі азаматтық  мәселе жөніндегі орын алған алуан қиғаштықтар мен қайшылықтар нәтижесінде жииақталған өмірлік тәжірибс де жете ескерілген. Осыған байлайысты Қазақстан Коиституциясында қос азаматтық болмайтыны заң жүзінде бекітілді. Ата Заңда бүгінгі таңда іс жүзінде орындалмайтын, азаматтарды қызметпен қамтамасыз ету құқығы қысқартылып, оның  орнына  «Еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін  еркін  таңдауына құқығы  бар» — деп көрсетілген. Білім беру,  тұрғын үй, денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан тегін қаржыландыру өткен кеңес қоғамының қанжығасынада кеткен.  Енді азаматтарға тек мемлекеттік оқу орындарында  орта білім және жоғарғы оқу орындарында іріктеп сұрыпгау арқылы тегін  білім алуға кепілдік  берілген. Мұның өзі   елдің  нарықтық  экономикалық жолына түсуінің айқын дәлелі  іспетті.

Ата Заңда   азаматтардың құқықтары мен оларға  қойылатын талаптар жөнінде де жан – жақты көрсетілген.

          Қазақстан жаңа конституцияны қабылдау арқылы дүниежүзілік қауымдастықтан  өзінің  лайықты орнын  алды. Сондықтан Республиканың  әрбір  азаматы оның  мазмұнын  жеке біліп, талаптары мен  қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды  құрметтеуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын  Қазақстан Республикасының Президенті ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. Республикалық референдум қорытындыларының ресми түрде жариялануына және Конституцияның 1995 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енуіне байланысты  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республиқасының Конституциясы жариялансын.

2.1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентінде сақталатын болып белгіленсін.

  1. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясыңда 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы мәңгілік сақтау үшін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне берілсін.

4.Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Алматы, 1995 жылғы қыркүйектің

6-сы. №2454

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы, 1993 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, 1996 ж.
  3. Майлыбаев М., Рашева Г. «Қазақстан тарихы» 1996 ж.
  4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы, 2005 ж.