АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: 2030 стратегиялық жоспар

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………. 5

 

І Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы………………………………………………………………………………………. 6-20

 

1.1 Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануы………………….. 6

 

1.2 Ағымдағы ахуалды талдау………………………………………………………………. 15

 

II Стратегияның мақсаты мен басымдықтары………………………………. 21-23

 

2.1 Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары…………………………………. 21

 

2.2 Баянды болашақтың бастау-бұлағы. 2030 стратегиялық жоспар………. 21

 

III Тiрек қалаларды дамыту…………………………………………………………….. 24-37

 

3.1 Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың құрылымы…………….. 24

3.2 Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану……………………… 33

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………… 38

 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………… 39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
 Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
 Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
 Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.

 Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
 Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
 Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.
 Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
 Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.

 

 

 

І Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

 

1.1 Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануы

 

 «Бүгінгі күні әлемдік заманауи есептерге сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытуға барлық қажетті параметрлер қалыптасты. Сондықтан да, қазіргі таңда Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай Сіздермен бірге құрған жаңа Қазақстан өзінің баға жетпес жетістіктерімен, экономикалық тенденцияларымен, демократиялық жетістіктерімен алға шыққан уақытта, сондай-ақ, елімізде нақты түрде көппартиялық жүйе қалыптасқандықтан, қазақстандықтардың дауысы үшін еліміздегі барлық партиялар бәсекеге түсіп жатқанда, партиялық саясат біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналғанда, Мен Конституцияға толық сәйкестікпен, Біздің партиямыздың төрағасы болуға құқылымын», деді Елбасы.

 Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық тәжірибеден көрініс тапқан бұл шара ендігі жерде Қазақстанда да қолданылатын болады.

 «Еліміздің саяси өмірінде үлкен өзгерістер болып жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірнеше жылдар бойы дайындық жұмыстарын жүргізіп, арнайы комиссияларда, ел ішінде кең талқылаулар өткізіп,саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен, сарапшылармен кеңесіп жан-жақты ойлана отырып Ата заңымызға өзгерістер енгізгеніміз баршаңызға мәлім. Конституциямызға осы өзгерістер халықтың басқару үрдісіне белсене араласуына, Парламенттің құзіретінің күшеюіне, саяси партиялардың өзара сайысқа түсуіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жетілдірілуіне жағдай жасайтын болады. Еліміз үшін бұл қарыштап алға басқа үлкен қадам. Ата заңымызға енгізілген осы өзгерістерге сәйкес, алдағы тамыз айында Тәуелсіз еліміз өз тарихында тұңғыш рет партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлайтын болады. Бұл ауқымды шара Қазақстан демократиясының жаңа да, жарқы бетін ашатындығы даусыз. Алдымыздағы осынау маңызды сайлау алдында өздеріңізбен арнайы бас қосып, осы съезге жиналып отырмыз. Бүгінгі алқалы жиынға «Нұр Отан» Халықтық -демократиялық партиясының сайлау алды тұғырнамасын, партиялық тізімін және басқа да өзекті мәселелерді бірлесіп талқыламақпыз. Көп жылдардан бері ел ішіндегі экономикалық, әлеуметтік саясатты қолдап, ел бірлігіне ұйытқы болып отырған «Нұр Отан» патиясы бұл жолы да халықтың қолдауына ие болатынына мен нық сенімдімін»,-деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

 Мемлекет басшысы және Конституция кепілі ретінде сайлаудың еркін, әділ өтуіне және Парламентке еліміздің қолдауына сүйенген барлық партиялардың өтуіне қажетті жағдайдың барлығын жасаймын.

 «Нұр Отан» партиясы әрқашанда нақты істердің, жалпымемлекеттік көлемдегі бастамалардың партиясы бола білді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» бүгінгі күні кең ауқымда әлеуметтік базаға иек артатын бұқаралық, жалпыхалықтық партия болып табылады. «Партияның сайлау алды стратегиясы ағымдағы Парламенттік сайлаудың тек тұрақтылық пен қоғамның бұдан арғы дамуына жұмыс істейтіндей болып қалыптасуы тиіс. Осыған байланысты Мен еліміздің барлық саяси партияларын саяси мәдениеттілік көрсетуге, кемелділік танытуға және кейбір партия басшыларының жеке басының шамшылдығына емес, халқымыздың түбегейлі мүддесін басшылыққа алуға шақырамын. Ең соңында айтарым, республикамыздағы барлық партиялар елімізді жаңа ғасырдағы жаңа белестерге көтеру үшін бірлесуі қажет. Барлық қазақстандықтардың қалауы осы», деді Н. Назарбаев.

 Билік бізге тек билік үшін емес, еліміздегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет. «Егер «Нұр Отан» партиясы сайлау бойынша еліміздің жоғарғы заң шығарушы органындағы парламенттік көпшілікке ие болатын болса, онда партия жаңа Үкіметті жасақтайды және олардың жұмыстары өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті арттырады. Сондықтан да біз сайлау алды тұғырнамамызда менің халыққа Жолдауымда айқындағын әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымызға сүйенуіміз қажет. Бұл біздің саясатымыздың сабақтастығын көрсетеді», деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның стратегиялық мақсаттары тек елдің бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейін құруда ғана жүзеге асады. Экономиканы әртараптандыру мен инновацияны дамыту, жаңа технологиялар мен базалық инфрақұрылымдар партияның экономикалық басымдықтары болуы тиіс.
 «Парламенттік көпшілікке ие болған партияның тағы бір маңызды міндеті — мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға атсалысу болып табылады. Біз атқарушы органды жаңаша жұмыс істеуге міндеттеуіміз қажет. Ал, осы бағыттағы әкімшілік реформалар бәріміз үшін маңызды. Бұнда негізгі басымдық мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға, атқарушы органның жұмысының тиімділігін, ашықтығын, тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады», деді Мемлекет басшысы.

 «Нұр Отан» партиясы сайлауға қатыса отырып, сайлаушылар үшін сенімді әлеуметтік бағдарламалар ұсынады. «Нұр Отан» партиясы алдағы сайлауда жеңіске жете отырып, бұның нәтижесінде бүкіл еліміз және әрбір қазақстандықтың жеңіске жететінін дәлелдеуіміз қажет. Азаматтар «Нұр Отан» партиясының Қазақстандағы әлеуметтік жақсару бағытындағы ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруда екенін білуі қажет. Бұның өзі негізінен біздің партиямыздың да стратегиясы болып табылатын «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру деген сөз. Сайлауға қатыса отырып, біз білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйге қолжетімділік, экология, таза ауыз сумен қамтамасыз ету салалары бойынша сайлаушыларымыз үшін сенімді әлеуметтік бағдарламалар ұсынуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.
 Сонымен қатар, Президент партиялық бағыттың өзгермейтінін жария ете отырып, бұл салада экономикалық гүлденген мемлекетті құру шаралары жалғасатынын, әрбір азамат үшін мығым әлеуметтік кепілдік жүзеге асатынын, сол үшін атқарылуы тиіс мәселелерді атап өтті.

 Жалпы жоспарлар бойынша ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 13 мың долларға жеткізу болжанады. Сонымен қатар, осының негізінде халықтың орташа айлық табысын екі есеге арттыру туралы айтқан Елбасы, зейнетақының орташа көрсеткішін екі жарым есеге және мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы деңгейіне жеткізу қажеттігін атап өтті. «Мұғалімдер мен дәрігерлердің және басқа да бюджеттік сала қызметкерлерінің қызметтік жалақысын екі еседен астам өсіру керек. Бала күтімі үшін берілетін жәрдемақыны 2 жарым есеге дейін өсіру қажет. 200-ден астам балалар бақшасы мен 250-ге жуық мектеп, 50 кәсіби-техникалық оқу ғимараттарын салу қажет», деді Президент.
 Мемлекет басшысының айтуынша, бұдан басқа жаңадан 150-ге тарта көпсалалы ауруханалар, ауылды жерлерде 300-ге жуық типтік емдеу-амбулаториялары салынады. Сонымен қатар, алдағы бес жылда 50 млн. шаршы метр тұрғын үйі пайдалануға берілмек, бұның өзі еліміздегі 2,5 млн. азаматты тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. «Жыл сайын 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы қажет. Мүгедектерді сауықтырудың аймақтық орталықтары құрылып, оның ішінде мүгедек балалар үшін халықаралық стандарттарға сай орталықтар ашылуы керек. Республика ауылдарын таза ауыз сумен, сапалы жолдармен, байланыс жүйесімен, медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету түбегейлі шешілетін болады», деді Елбасы.
 2007 жылы жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша біз Шығыс Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жақындадық. Жиын барысында Тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен жолдарына тоқталған Елбасы, 15 жыл ішінде Қазақстанның экономика өсімінің өте жоғарғы көрсеткіштерін бағындырғанын атап өтті. «Осы жылдар ішінде еліміз Қытай, Ресей және Үндістан секілді мемлекеттермен иық теңестіре отырып, экономиканың аса жоғарғы қарқынды өсімін паш етті. 2007 жылы ішкі жалпы өнім халықтың жан басына шаққанда 2004 жылмен салыстырғанда 2 еседен асып, 7 мың долларға жетеді. Және бұл 90-ыншы жылдардың ортасындағы көрсеткіштерге қарағанда 10 еседен артық болады. Бұл көрсеткіш бойынша біз Шығыс Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жақындадық», деді Президент.
 Қазақстан қазіргі заманғы технологияны дамытушы, перспективалы қайта өңдеуші өнеркәсібі бар елге айналды «»Нұр Отан» партиясы 2015 жылға дейінгі елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруда Мемлекет басшысы мен Үкіметке жан-жақты жәрдемдесуге уәде берді. Тек соңғы үш жылдың ішінде 615 кәсіпорын қолданысқа енгізілді. Үкімет алғаш рет отандық бизнестің белсенді қатысуымен 30 корпоративтік көшбасшы – экономиканы әртараптандыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама кеше ғана елдің барлық өңірлерінде бастау алды. Жүзден астам жобаны іске асыру туралы жарияладық», деді Елбасы.
 Сонымен қатар, елдің банктік-қаржылық саласының серпінді дамуына тоқталған Н. Назарбаев, «бұл саланың табыстылығы сонша, ол ТМД елдері үшін үлгі болуға лайық» деп атап өтті.
 «Қол жеткен экономикалық базаға сүйене отырып, 2004 жылы «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды күн тәртібінде 2009 жылға дейін қоғамды одан әрі демократияландыру жөнінде бірқатар басымдықтарды айқындады. Қазіргі таңда еліміз 2009 жылды күтпей-ақ, демократияға қарай шешуші қадамдарды жасады. Таяуда қабылданған Конституциялық түзетулер біздің саяси жүйеміздің дамуына, оның сапалы жақсаруына қуатты серпін берді», деді Н. Назарбаев.

 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы

 Елдiң орнықты дамуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

  1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы (бұдан әрi — Стратегия) бекiтiлсiн.
  2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
    1) бiр ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
     2) жыл сайын 30 қаңтарға Мемлекет басшысын Стратегияның орындалу барысы туралы хабардар етсiн;
     3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы

 Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауларынан:

 «Қазақстан бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр. Бiздiң мiндет — осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану.»

 Мiндеттер. Елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдау және iске асыру негiзiнде елдiң және оның аумақтарының орнықты дамуын қамтамасыз ету.
 Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық, көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану мүмкiндiгiмен айқындалады.
 Өз артықшылықтары мен пайда болып отырған мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң1 экономикалық көшбасшысына айналуға ұмтылып қана қоймай, оның дамыған индустриялық және сервистiк-технологиялық орталығына айналуға тиiс. Қазақстан өңiрге инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен адами ресурстарды тарту орталығына, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстың кiрiктiрушiсiне айналуға тиiс.
 Осы негiзде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануы қалыптастырылуға және елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиiмдi моделi құрылуға, кәсiпкерлiк жандандырылуға тиiс.
 Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қалыптастыру және дамыту ел мен оның жекелеген аумақтарының:
 әлемдiк нарықта:
 минералдық шикiзаттың, астық өнiмдерi мен олардың өңделген өнiмдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi;
 Еуропа, Азия — Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде.
 өңiрлiк нарықта:
 өңiрлiк нарыққа өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң iрi жеткiзушiсi;
 өңiрдiң қазiргi заманғы сервис орталығы;
 өңiр инновацияларының орталығы ретiнде табысты ұстанымдануына бағытталатын болады.

 Қазақстанның әлемдiк нарықта ұстанымдану бағыттары

 Қазақстан — минералдық-шикiзаттың, астық өнімдерi мен олардың өңделген өнімдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi ретiнде
 Өнiмнiң көмiрсутек шикiзаты, уран, металлургия өнiмдерi және бидай сияқты түрлерi бойынша Қазақстанның әлемдiк нарықта жақсы ұстанымы бар. Перспективада өнiмдердiң бұл түрлерi Қазақстан әлемдiк нарықта бәсекелесе алатын негiзгi тауарлар болып қала бередi.
 Осы салалардың өнiмдерiн, ең алдымен, минералды шикiзатты экспорттаудан түсетiн кiрiс экономиканың басқа салаларын дамыту және ел мен оның өңiрлерiнiң әлемдiк экономикалық жүйеге кiрiгу факторына айналуға тиiс.
 Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттерi өндiрiстiң алдыңғы қатарлы технологияларын енгiзу және жаңа әлемдiк нарықтарға шығу есебiнен сыртқы нарықтардағы қазiргi ұстанымдарды күшейту және сапалы минералды шикiзатты, металлургия мен бидай өнiмдерiн iрi әлемдiк жеткiзушiлердiң қатарына кiру болады.

 Қазақстан — Еуропа, Азия — Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi ретiнде
 Елдiң екi континенттiң (Еуропа мен Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлiк-коммуникация дәлiздерiнiң халықаралық дәлiздердiң құрамына қосылғандығы жүк транзитiнен ғана емес, перспективада еуразиялық кеңiстiкте қалыптастырылатын сауда-экономикалық кiрiгулер процесiне қатысуынан да түсетiн пайданы пайдалану мүмкiндiгiн алдын ала айқындап бередi.
 Басты мiндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңiстiкте ресурстардың құйылу процестерiн технологияландыру (логистикалық тораптар, дистрибуцияның осы заманғы арналары) болып табылады.

 Қазақстанның өңiрлiк нарықта ұстанымдану бағыттары

 Бұл бағыттағы iс-қимыл экономикалық белсендiлiктiң өсуiн, елдiң, ең алдымен, шикiзат ресурстарын пайдаланумен байланысы жоқ өңiрлерiнiң жаңа бәсекеге қабiлеттi мамандықтарын қалыптастыруды және құлдырау сатысында тұрған индустриялық аудандарды конверсиялауды қамтамасыз eтуге тиiс.

 Қазақстан — өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзушi ретiнде
 Өзiнiң минералдық-шикiзат және аграрлық әлеуетiн, шетелдiк инвестициялар мен технологияларды басып оза тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары технологиялы өнеркәсiптiк, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңiр елдерiне iрi жеткiзушiлердiң бiрiне айналу мүмкiндiгi бар.
 Жоғары бәсекелестiкке байланысты аталған өнiмдер түрлерiмен әлемдiк нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан қаралып отырған кезеңде назарды өңiрлiк нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай келедi.
 Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндеттер мыналар болады:
 өңiрлiк нарықта бәсекеге қабiлеттiлiк әлеуетi бар салаларды, оның iшiнде кластерлiк ұстанымды (тамақ өнеркәсiбi мен құрылыс материалдары өндiрiсi, металлургия мен машина жасау және басқалары) пайдалана отырып дамыту;
 технологиялық трансферт аймақтарын, жетекшi шетелдiк компаниялардың процессинг орталықтарын құру және дамыту, мысалы, «LG», «Philip Morris», «Knauf» компанияларының Қазақстанда қазiрдiң өзiнде жұмыс iстеп жатқан филиалдары сияқты «жаһандық брэндтердi» тарту;
 экспортталатын өнiм номенклатурасын ұлғайту, қазақстандық брэндтердi алға жылжыта отырып, сыртқы нарықтарда маркетингiлiк қызметтi жандандыру.

 Қазақстан — қазiргi заманғы сервис орталығы ретiнде
 Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйiнiң индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиiс.
 Өңiрдiң сервис орталығы ретiнде Қазақстан өзiн мыналар ретiнде көрсететiн болады:
 өңiрлiк дистрибуция орталығы, бұл елде Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдiк тауар өндiрушiлерге өз өнiмдерiн өңiрде өткiзу үшiн қолайлы жағдай жасайтын iрi сауда-логистика тораптарын құруды көздейдi;
 транзиттiк-логистикалық орталық, бұл елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзитi үшiн қолайлы әрi пайдалы жағдайлар жасауды, бүкiл Орталық Азия өңiрiнiң тұтынушыларына қызмет көрсетуге бағдарланған көлiктiк-логистикалық тораптар құруды бiлдiредi;
 өңiрлiк қаржы орталығы — таяу жатқан елдерге қызмет көрсететiн халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет көрсетулер орталығын құру;
 ақпараттық-коммуникациялық орталық — түрлi ақпараттық және мультимедиялық қызмет көрсетулер, оның iшiнде спутниктерден алынатын спутниктiк байланыс және ақпарат арналарын ұсыну;
 туристiк орталық — туризмдi дамыту және елдi Жiбек жолындағы тарихы мен мәдениетi бай дамыған әрi тартымды туристiк орталыққа айналдыру;
 бiлiм беру орталығы — оқу ақысының қолайлы деңгейi кезiнде өңiр елдерiнiң жастарына батыстық стандарттарға сәйкес сапалы бiлiм беру;
 медициналық орталық — өңiр елдерiнiң азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргiзу.

 Қазақстан — өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде
 Инновациялар және бiлiмдер экономикасы осы заманғы әлемдiк экономиканың негiзiне айналып келедi, сондықтан, әлемдiк дамудан қалыс қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық әзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға тиiс.
 Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:
 өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану және қайта өңдеу технологиялары;
 ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелер;
 химиялық және биологиялық технологиялар;
 экология және энергияның баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер;
 медициналық әзiрлемелер;
 ядролық технологиялар;
 ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
 ғарыштық зерттеулер;
 әскери-өнеркәсiптiк технологиялар.
 Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндет бұрын елден кетiп қалған ғалымдар мен әзiрлеушiлердi, сондай-ақ көршiлес елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйелердi (ӨИЖ) құру болады.
 Елдiң ұстанымдануының жоғарыда аталған бағыттары экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру үшiн негiзге айналады, екiншi жағынан, тиiмдi кеңiстiктiк даму әлемдiк нарықта елдiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануға қол жеткiзуiнiң аса маңызды құралына айналады.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi кеңiстiктiк ұйымдастыра отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел ұстанымдануының жаңа қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
 Ел мен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануының қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға ықпал ететiн факторларды дамыту мақсатында:
 елдiң ресурстық (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) әлеуетiн ұтымды пайдалану ;
 бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың және жүргiзудiң қазiргi заманғы модельдерiн енгiзу ;
 экономикалық қызметтi және адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды (көлiк-коммуникациялық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, әлеуметтiк, рекреациялық және басқалары) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру көзделедi.
 Елдiң тұтастай ұстанымдануының перспективалы мiндеттерi тұтастай алғанда елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн тұжырымдауды және iске асыруды талап етедi.
 Дамыған елдердiң тәжiрибесi бәсекелiк артықшылықтар арзан жұмыс күшiнiң және табиғи ресурстардың болуы есебiнен ғана емес, сондай-ақ ұлттық деңгейде өнiмдiлiктi арттыру есебiнен де болатынын көрсетiп отыр.
 Сондықтан, осы Стратегияда, орта мерзiмдi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделетiн шаралардан басқа, жоғары бiлiктi жұмыс күшi, алдыңғы қатарлы технологиялар, инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебiнен, сондай-ақ қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру үшiн жағдайлар жасау, өндiрiс технологияларын жетiлдiру және өнiм сапасын арттыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар iске асырылатын болады.

 Өсу полюстерiн қалыптастыру

 Мiндеттер. Көшбасшы қалалар мен тiрек қалаларды, жаңа кластерлердi дамытуды iлгерiлететiн перспективалы индустриялық-инновациялық өңiрлердi басым дамыту арқылы өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға кiрiктiрiлген өсу полюстерiн қалыптастыру.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Еуразиялық тауар, қаржы, технология, ғылыми және мәдени алмасулар жүйесiндегi аса маңызды тораптар ретiнде оларды қалыптастыруға назар аудара отырып, Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарын әзiрлеу және Алматы қаласы мен Алматы өңiрiнiң ұстанымдануының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын әзiрлеу. Оларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңдерi ретiнде:
 Астана қаласын дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған;
 Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк нысаналы бағдарламаларын дайындау және iске асыру.
 Көрсетiлген бағдарламалық құжаттарда осы қалалардың жаңа рөлде қалыптасуының аса маңызды шарты ретiнде олардағы жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасын және олар қалыптастыратын агломерацияларды дамыту (қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамыту және басқалары) жөнiндегi шаралармен қатар, мыналар көзделетiн болады:
 1. Алматы және Астана қалалары мен оларға жақын Алматы және Ақмола облыстарының аумақтарында:
 жалпыұлттық және перспективада Орталық Азиядағы дистрибуцияның (сауда және қызметтер);
 перспективада Орталық Азияда аса iрi сауда-логистика орталықтарын (Сингапур, Гонконг үлгiсiмен), авиатранзит орталықтарын («хабтарды») қалыптастыра отырып, көлiктiк-логистикалық және логистикалық-процессингiлiк қызметтердiң;
 технологиялық трансферттiң: бұқаралық стандарттық технологиялар импорты, iшкi және сыртқы нарықтарға бағдарланған озық шетелдiк компаниялардың процессингiлiк орталықтарын (филиалдар, БК) өрiстету;
 инновациялық дамудың (Ақпараттық технологиялар паркi үлгiсiнде);
 туристiк-рекреациялық маманданудың — Алматы және Ақмола облыстарына жақын орналасқан аумақтардың рекреациялық ресурстарының iрi шоғырлану базасында, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының (мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск — Бурабай аймағында ойын бизнесi орталықтарын құру);
 азық-түлiктiк маманданудың (азық-түлiк белдеуi) көп функциялы аймақтарын қалыптастыру.
 2. Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығын қалыптастыру.
 3. Алматы және Астана қалаларында бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйе (ӨИЖ) орталықтарын құру (3.3.3.1-бөлiм).
 4. Алматы және Астана қалаларында — ұлттық, ал кейiннен өңiрлiк деңгейдегi медицина және бiлiм беру орталықтарын қалыптастыру.
 5. Алматы және Астана қалаларына халықаралық өңiрлiк ұйымдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының өңiрлiк кеңселерiнiң, аса iрi трансұлттық компаниялар филиалдарының, әскери туризмнiң көшуiн ынталандыру.
 6. Алматы қаласын Спорттың қысқы түрлерiнiң және спорттық туризмнiң халықаралық орталығына айналдыру.
 7. Әлемдiк бизнес үшiн қалалардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында олардың кәсiпкерлiк ахуалын жақсартудың және беделiн жаңартудың мақсатты саясатын жүргiзу (Дублин қаласының (Ирландия) үлгiсiнде).
 Бiлiктi жұмыс күшiнiң болуы, товарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының, тұтынушылардың немесе клиенттердiң жоғары қолжетiмдiлiгi, өңiрдiң және әлемнiң аса iрi қалаларымен дамыған көлiк байланысы мен телекоммуникация, қалалар iшiнде жүрiп-тұрудың жеңiлдiгi, қолайлы кәсiпкерлiк ахуал, өмiр сүрудiң жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы, тiлдiк қолжетiмдiлiк Астана және Алматы қалаларында бизнес жүргiзудiң тартымдылығын айқындайтын факторларға айналады.
 Астана және Алматы қалаларын дамытуды қолдау экономикалық белсендiлiк пен инвестициялық тартымдылықты ынталандырудың түрлi тетiктерi арқылы, оның iшiнде қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамытуға берiлетiн мемлекеттiк инвестициялар есебiнен жүзеге асырылатын болады (3.5.1-бөлiм).
 Белгiленген iс-шаралардың көпшiлiгiн iске асыру басқа әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң аумақтарын қамтуды көздейдi, бұл бiр жағынан оларды дамыту үшiн түрткi болады, ал екiншi жағынан шараларды iске асыруды үйлестiру (өңiрүстi реттеу), аралас өңiрлерде бiрлескен iс-шаралар жүргiзу (кооперациялық жобалар) қажеттiгiн негiздейдi.
 Астана қаласын өсу полюсi ретiнде дамыту перспективада оған Қарағанды агломерациясы мен Щучинск — Бурабай курорттық аймағының қалаларын тарта отырып, желiлiк өсу аймағын қалыптастыруға алмасуға тиiс.

 Перспективалы жаңа көшбасшы қалаларды (өңiрлердi) қалыптастыру.

 

1.2 Ағымдағы ахуалды талдау

 

 Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.
 Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
 Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.
 Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
 60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. Адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. Адам) – орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. Адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.
 Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.
 Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және инфрақұрылымның салалық схемаларымен өзара байланыстырылған моделi қалыптаспаған.
 Аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн, трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi) жоқ.
 Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былай сипаттауға болады.

 Күштi жақтары

 Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң – Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi – Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.
 Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.
 Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiктердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi – 82 % (1, 2, 3-қосымшалар).
 Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi.
 Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары – отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.
 Елдiң бүкiл аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы. Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген. Ақтау теңiз портын «ТРАСЕКА» және «Солтүстiк-Оңтүстiк» халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.
 Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.
 Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет объектiлерi.
 Демографиялық оң серпiн және еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.

 Әлсiз жақтары

 Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.
 Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.
 Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. Гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. Гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. Гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.
 Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша). Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.
 Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.
 Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан) импортталады.
 Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.
 Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50 %-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын бiтiредi. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.
 Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық жай-күйi.
 Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.
 Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға сай емес.
 Елдiң бүкiл аумағында экологиялық ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және ластануы, «тарихи» ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6, 7-қосымшалар).
 Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi. Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6 мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы реттелмеген.

 Қауiптер (Шектеулер)

 Мыналар елдiң орнықты аумақтық дамуына кедергi болатын факторларға айналуы мүмкiн:
 өңiрлiк және әлемдiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар, негiзiнен шикiзаттық мамандануының, транзиттiк тәуелдiлiгi мен экономикалық оқшаулануының нығаюы, тиiсiнше – елдiң даму қарқынының тұмшалануы мен экономикалық артта қалуы;
 бәсекеге қабiлеттiлiктiң төмендiгiнiң және өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы өндiрiстiң тоқтап қалуының салдарынан бiраз аумақтардың индустрияланбауы;
 бiрiктiрушi көлiк-коммуникациялық желiнiң дамымауына, өңiрлiк аумақтық-шаруашылық жүйелерi үшiн сыртқы тартылыстың әртүрлi бағыттылығына (көптеген инфрақұрылымдық жобалар транзиттiк экономиканы қамтамасыз етуге анағұрлым бағдарланған және елдiң экономикалық кеңiстіктiк кiрiгуiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етпейдi) байланысты елдiң ыдырау ықтималдығы;
 кең ауқымды трансеуразиялық сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық дәлiздердi қалыптастыру бойынша өңiрдiң iргелес мемлекеттерi тарапынан болатын, сондай-ақ елде халықаралық кiрiгудiң өңiрлiк орталық қалаларын қалыптастыру бойынша көршiлес мемлекеттердiң iрi қалалары тарапынан болатын бәсекелестiк;
 елдiң шекара маңындағы өңiрлерiнде көршiлес мемлекеттердiң экономикалары үстемдiгiнiң, ауыл тұрғындарының қалаға ағылуының күшеюi және бiраз ауылдық аумақтардың депопуляциясы, демографиялық қысымның және елдiң шекара маңындағы өңiрлерiне көршiлес мемлекеттерден санкцияланбаған көшi-қонының күшеюi;
 экологиялық ахуалдың нашарлауы, табиғатқа антропогендiк әсердiң күшеюi салдарынан өмiр сүру ортасының тозуы және соның нәтижесiнде өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы аумақтардың азаюы.

 

II Стратегияның мақсаты мен басымдықтары

 

2.1 Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары

 

Мақсаты. Өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

 Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары

 Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң қалған бүкiл аумағы үшiн «локомотив» рөлiн атқаратын «басып оза» өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру.
 Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру.
 Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру.
 Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

 Алға қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.
 Осы Стратегияны iске асыру бағыттары көбiнесе елдiң аумақтық даму аспектiлерiн қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдiң орта мерзiмдi даму жоспарлары мен мемлекеттiң басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберiнде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат құру, өндiрiстiң адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелерi бойынша жалпы үйлестiру жүзеге асырылатын болады.

 

2.2 Баянды болашақтың бастау-бұлағы. 2030 стратегиялық жоспар

 

Дамуымыздың даңғыл бағыт-бағдары болып табылатын “Қазақ­стан-2030” Стра-тегиясында білімді жастардан тұратын қауқарлы қоғам құру мәселесі бірінші кезекке қойылған. Осы бағдарламаның жалғасы іспеттес еліміздің “Білім туралы” Заңы мен оған енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыру­ларда, “Қазақстан Респуб­лика­сында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында” еліміздегі үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасып дамуына, оны әлемдік білім беру кеңіс­тігінің талаптарына сай ұйым­дастыруға ерекше мән беріледі. Үздіксіз кәсіби білім берудің қазақстандық моделі нарықтық экономика жағдайында болашақ мамандарға кәсіби білім берудің өзара сабақтас көп деңгейлі де икемді жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ­стан халқына Жолдауындағы біздің елімізде білім алған жастардың кәсіби біліктілік деңгейінің шетелдерде танылуына қол жеткізудің аса қажеттілігін атап көрсетуі, көп деңгейлі үздіксіз білім беруді жүзеге асыратын бастауыш, орта, арнаулы кәсіби және жоғары білім беру мекемелерінің алдына үлкен мін­деттер жүктейді. Елімізде қалыпта­сып келе жатқан көп деңгейлі үздіксіз кәсіби білім берудің сапасы ең алдымен білім беру сатыла­рының арасындағы білім мазмұны мен оқыту технологиясының, білім беруді басқарудың ғылыми-әдіс­темелік негіздел­ген бірізділігі мен сабақтастығына тікелей байла­нысты болады.

Болашақ маманның өзінің қабілет, бейімділігі мен жұмыс берушінің талап­тарына сай үздіксіз білім беру жүйесінде білім алудың оңтайлы да икемді жолын таң­дауына мол мүмкіндік жасалуы тиіс. Оның өз мүмкіндігі мен қажеттілікке қарай көп деңгейлі үздіксіз білім алудың барлық сатысынан бірізді жүйеде өтуіне, болмаса алдымен орта кәсіби білім алып, соның негізінде жеделдетіл­ген бағдарлама бойынша жоғары бі­лім алуына немесе жоғары база­лық білім алып, соның негізінде кәсіби білімін қалаған бағытта магистратурада жалғастыруына, болмаса екінші жоғары білім алуына мүмкіндік жасалуы тиіс.

Қоғамның әлеуметтік-экономи­калық даму қарқынына сәйкес маманға деген сұраныс пен оның кәсіби білігі мен біліктілігіне қойылатын талаптардың өзі, бүгінгі жастарға болашақ мамандығының бағыты мен үздіксіз білім беру жүйесінде оны игерудің траекто­рия­сын дұрыс таңдай білу қажет­тілігіне әкеліп отыр. Сондықтан да, кәсіби білім беруді ұйымдастыру мен оны басқарудағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру мен мамандардың білімін жетілдіру мекемелерінің басты міндеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау­дың көрсеткіштеріне назар салсақ, орта мектепті бітірушілердің басым бөлігінде, алдымен нақты кәсіби-практикалық білім беруге бағыттал­ған кәсіби-техникалық мектептер мен колледждерде, сәйкесінше, бастауыш немесе орта кәсіби білім алып, сонан соң жұмыс берушінің талабына сай кәсіби білімін қыс­қартылған бағдарлама бойынша жеделдетілген түрде универси­тет­терде жалғастыруға деген ұмтылыс анық байқалады. Соған сәйкес, универси­теттердегі студенттер контингентінде де орта кәсіби білімінің негізінде жеделдетіл­ген түрде білім алушылардың үлес салма­ғы жыл санап артып келеді. Мектепті бітірген бойда сырттай оқу түрінде жоғары білім алушы студенттердің саны да бүгінгі күні білім берудің осы түрінде оқитын студенттердің 20% ғана құрайды. Кәсіби білім беру жүйесінде қалып­тасқан осындай заңды бетбұрысқа байланысты елімізде бастауыш және орта кәсіби білім беретін кәсіби-техникалық мектептер мен колледждердің саны да артып келеді.

Болашақ мамандардың қоғам сұранысына сай кәсіби білім алуға деген осындай талабына байланыс­ты Қорқыт Ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университеті өзінің қалыптасқан оқу-материал­дық-техникалық базасы мен ғылыми-кадрлық әлеуетін пайдала­нып, аймақтың маманға деген сұранысын қанағаттандыру мақса­тында бірнеше жылдан бері кәсіби білім берудің өзара сабақтас көп деңгейлі жүйесін қалыптас­тырып келеді. Университет жанындағы бейімді білім беру лицейінде 9-сынып­тан кейін оқушылардың қабілетіне қарай гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бағытта орта білім беру жүзеге асырылса, бастауыш кәсіби білім беру орталығында 25 жұ­мыс­шы мамандығы бойынша мамандар даярланады. Уни­верситетте даяр­ланатын жоғары-базалық білім — бакалавриаттың 56 мамандығына сәйкес университет жанындағы кол­ледж­де 32 мамандық бойынша орта кәсі­би білімді мамандар даярланып келе­ді. Сонымен бірге университетте жо­ғары оқу орнынан кейінгі магистрату­раның 15 мамандығы бойын­ша білім берумен бірге ма­мандарға қосымша білім беру мен ма­мандардың кәсіби біліктілігін арттыру­ды жүзеге асыратын арнайы факультет пен қа­шықтықтан оқыту орталығы жұ­мыс жасайды. Уни­верси­теттегі кәсіби білім берудің осын­дай көп деңгейлі құрылымында 60 ғылым докторы, про­фессорлар, 264 ғылым кан­дидаты, до­центтер мен жоғары санаттағы тәжі­рибелі мұғалімдер және оқытушы­лар дәріс береді. Бұл облыстағы ғалымдар әлеуетінің 77 пайызын құрайды.

Бір оқу орнының базасында кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру қызметін ұйымдастырудың, үздіксіз кәсіби білім берудің бірізділігі мен сабақтастығын қамтамасыз етудің мол мүмкіндігі бар екендігі сөзсіз. Оны жүзеге асыру үшін әрбір мамандық бойынша оқу жоспа­рындағы, әрбір пәннің оқу бағдарламалары мен оқыту технологиясындағы және білім беру қызметін басқарудағы бірізділік пен сабақтастыққа қол жеткізілуі керек. Әрбір облыс орталығында, әрбір аймақ­та орналасқан болашақ маман­дыққа бағытталған бейімді білім беру лицей­лері, кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру меке­мелерінің білім беру қызметіндегі бірізділік пен сабақтастықты жүзеге асырмайынша, аталған проблеманың кешенді түрде шешілуі қиын болатыны сөзсіз. Ол үшін әрбір аймақта сол аймақтың әлеуметтік-экономика­лық дамуына сәйкес әртүрлі кәсіби деңгей­дегі мамандар даярлаудың бірізді жүйе­сін жасап, үйлестіріп отыра­тын аймақ­тық бірыңғай оқу-ғылыми-әдістемелік кешен қалыптастырылуы тиіс.

Сондықтан үстіміздегі жыл­дың қазан айының ортасында өтетін білім және ғылым қызмет­керлерінің кезекті ІV съезінде еліміздегі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастырып, оның бірізділігі мен сабақтасты­ғын қамта­масыз ету мақсатын­дағы аймақтық бірыңғай оқу-ғылыми-әдістемелік кешендер құрудың қажеттілігі жөнінде сөз болады деп ойлаймыз.

III Тiрек қалаларды дамыту

 

  • Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың құрылымы

 

 Мiндеттер. Өзiне экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және өңiрлердiң сыртқы нарықтарға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн тiрек қалаларды басым дамыту арқылы өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету.
 Ел өңiрлерiнiң аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң даму перспективалары бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердiң болуына ғана емес, ашық нарықтағы ағындар мен алмасуларды тиiмдi басқаратын, өңiрдiң барлық түйiндi (табиғи, қаржы, адами және басқалары) ресурстарын ұтымды желiлiк жүйелерге байланыстыратын және өздерiн сыртқы нарықтарға белсендi ұстанымдайтын бәсекеге қабiлеттi орталық тораптарды — тiрек қалаларды қалыптастыруға да тәуелдi.
 Мынадай факторлар бойынша қолда бар және перспективалы әлеует тiрек қалаларды айқындау өлшемi болды:
 экономикалық дамыған iрi қала және басқару орталығы;
 көлiк торабы мен iшкi және халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасу;
 әлеуеттi iшкi немесе сыртқы өткiзу нарықтарына жақын орналасу;
 көршiлес мемлекеттердiң iрi қалаларымен симметриялық даму мүмкiндiгi (принцип: бәсекелес қалалар).
 Екi деңгейдегi тiрек қалалар айқындалды:
 1. Ұлттық деңгейде — экономикалық макроөңiрлердiң: Қостанай қаласындағы орталығымен Солтүстiк, Қарағанды қаласындағы орталығымен Сарыарқа, Ақтөбе қаласындағы орталығымен Орал, Атырау қаласындағы орталығымен Каспий, Шымкент қаласындағы орталығымен Оңтүстiк, Өскемен қаласындағы орталығымен Ертiс, Алматы қаласындағы орталығымен Жетiсу орталықтарын бөле отырып, барлық қалалар — облыс орталықтары және Шығыс Қазақстанның аса маңызды көлiк торабы ретiнде Семей қаласы.
 2. Өңiрлiк деңгейде — облыстық маңызы бар басқа перспективалы қалалар.
 Елдiң барлық дерлiк тiрек қалаларының шекара маңындағы аудандарда орналасуы олардың таяу орналасқан өңiрлерге белсендi ұстанымдануының қажеттiгiн негiздейдi.
 Шекара маңындағы қалаларға форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және қалыптастырылатын даму осьтерiнiң шеңберiнде халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi буынының рөлi берiледi.
 Шекара маңындағы өңiрлердiң тiрек қалаларын дамыту стратегияларында оларды iргелес елдердiң таяу орналасқан iрi қалаларымен бәсекелi түрде «симметриялық» (тең дәрежеде) дамыту қажеттiгi ескерiлетiн болады.
 Өздерiне таяу орналасқан шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қоса алғанда, тiрек қалалар өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың және кәсiпкерлiктi жандандырудың катализаторына айналады.
 Экономиканың өңiрлiк нарыққа бағдарланған инновациялық секторын (ғылыми-технологиялық, сауда-логистикалық, қаржы, ақпараттық-бiлiм беру және iскерлiк қызмет көрсетулер) қалыптастыру тiрек қалалардың мамандануын әртараптандырудың бағытына айналуға тиiс.
 Тiрек қалаларды дамытуды олардың ұлттық немесе өңiрлiк экономикалық кеңiстiкте тиiмдi ұстанымдануын қамтамасыз етудi көздейтiн өңiрлердiң даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды) iске асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.
 Орталық деңгей тарапынан жекелеген қалаларды дамытуды қолдау өңiрлердi дамытудың стратегияларын (бәсекелi стратегияларды), даму бағдарламаларын және олардың iске асырылу серпiнiн талдау мен бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

  Негiзгі мiндет. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың аса маңызды аймақтары ретiнде шекара маңындағы аумақтарды жайластыру.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде:
 экономикалық қызметтi дамыту, әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн салуды, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды iске асыру;
 ауылдық елдi мекендердiң (АЕМ) даму әлеуетiне қарамастан, алайда халық санын, негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулер ұсынушы әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылымды ескере отырып, оларды қамтамасыз етудiң ең төменгi деңгейлерiн әзiрлеу әрi орталық және өңiрлiк басқару деңгейлерiнiң жауапкершiлiгiн ажырата отырып, оларға кезең-кезеңiмен қол жеткiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
 АЕМ-де шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы жағдай жасау: өнiмдi жерлерге, қаржы ресурстарына, нарықтық ақпаратқа қолжетiмдiлiк, қайта мамандану, оның iшiнде ауыл шаруашылығы емес қызметке және басқаларына қайта даярлану мүмкiндiгi арқылы ауыл тұрғындарының жоғары және орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге шоғырлануын ынталандыру;
 бәсекелiк (табиғи, еңбек және басқалары) артықшылықтарды пайдалану негiзiнде АЕМ-нiң өзiн-өзi дамыту процесiн ынталандыру.
 Мыналарды:
 экономикалық қызмет салаларын кеңейту және ауылдық жерлердi iрi қалалардың базасында қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге тарта отырып, оларды индустрияландыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыруды;
 елдi мекендердiң өңiрге қарасты жүйелерiн (ЕӨЖ) дамытуды және қалыптастыруды жоспарлау шеңберiнде қалалар мен ауылдар арасындағы байланысты күшейтудi (3.2.3-бөлiм) қоса алғанда, өңiрлердiң даму стратегияларына (бәсекелi стратегияларға) қалалық және селолық даму бағдарламаларын кiрiктiру арқылы өңiрлердiң экономикалық дамуында ауылдық аумақтар әлеуетiнiң өсуiн қамтамасыз ету.

 Қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу

 Мiндеттер. Елдiң жекелеген аумақтарында өмiр сүру жағдайының айтарлықтай нашарлауына алып келген техногендiк апаттардың, өндiрiс пен өмiр сүру деңгейiнiң төтенше құлдырауының себептерiн немесе салдарларын жою.
 Бүгiнде елдiң проблемалы өңiрлерiне экологиялық қолайсыз аумақтар, оның iшiнде бұрынғы әскери полигондар аумақтары, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер жатады.
 Күйзелiске ұшыраған елдi мекендердiң жергiлiктi проблемаларын жою өндiрiстi әртараптандыру, шағын бизнестiң қалыптасуын ынталандыру, жергiлiктi инвестициялық ахуалды жақсарту әрi әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту жолымен, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде өңiрлердiң өз күштерi арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
 Орталық тарапынан нысаналы қолдау объектісi капиталды қажетсiнетiн iрi жобаларды iске асыру арқылы Арал, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны өңiрлерiндегi ауқымды техногендiк апаттардың себептерi мен салдарларын жою болады.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны және Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру.
 Арал өңiрi проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу және iске асыру.
 Шағын қалаларды дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру.
 Тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде қолайсыз аумақтардың елдi мекендерiнiң әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн қолдау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру.

 Мiндеттер. Ел халқының ұтымды орналастырылуын қамтамасыз ете отырып, тұрғындарды экономикалық перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аумақтарға шоғырландыру есебiнен таратып орналастырудың және ел аумақтары құрылымының оңтайлы жүйесiн қалыптастыру.

 Таратып орналастыру жүйесi

 Дамудың стратегиялық осьтерi таратып орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi макроаймақтарын (солтүстiк, оңтүстiк, орталық) қалыптастырады.
 Урбанизация процесiнiң қарқынды кезеңiне көше отырып, халықты таратып орналастырудың осы негiзгi жолақтарына, ең алдымен тұру және шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы табиғи жағдайлар кешенi бар аумақтарға одан әрi шоғырландыру жалғасады.
 Жаңа елдi мекендердiң құрылысы тек қана пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын игеруге немесе жаңадан iске қосылатын (қалыптастырылатын жергiлiктi даму осьтерiнiң бойынан) көлiк-коммуникация объектiлерiне қызмет көрсету қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған елдi мекендердi (қалалар мен ауылдарды) қамтитын елдi мекендер жүйесiн оңтайландыру мақсатында ерекше жағдайларда жоспарланатын болады.
 Таратып орналастыру жүйесiн одан әрi жетiлдiрудiң негiзгi бағыты көшбасшы қалалар мен тiрек қалалардың айналасында, оларға жақын орналасқан елдi мекендердi тұрғындардың қолайлы тыныс-тiршiлiгi үшiн қажеттi барлық жағдайлармен жеткiлiктi дәрежеде қамтамасыз етiлген таратып орналастыру жүйелерiне айналдыра отырып, агломерациялар қалыптастыру болып табылады.
 Iрi экономикалық орталықтарды қалаларды басып оза дамытудың жалпы үрдiстерiмен өзара байланысты бұл қағидат ауқымды үнемдеу есебiнен тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыруға мүмкiндiк бередi, бюджет шығыстарын ұтымды етедi және халыққа мемлекет қызмет көрсетулердiң сапасын арттырады, жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасы бар аймақтар құрады.
 Сол арқылы тiрек қалалар мен олардың айналасынан қалыптастырылатын агломерациялар өз көлемiне қарамастан, халықтың, ең алдымен күйзелiске ұшыраған ауылдар мен шағын қалалардан тартылу орталықтарына айналады, бұл қолайсыз аумақтарда тұрып жатқан халық санының бiртiндеп азаюына ықпал етедi.
 Ауылдық таратып орналастырудың перспективалары Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде, ең алдымен қазiргi жоғары және орташа даму әлеуетi бар ауылдардың дамуы, сондай-ақ тыныс-тiршiлiктi қолдау немесе тұрғындардың даму әлеуетi төмен ауылдардан перспективалы мекендерге көшуiн ынталандыру арқылы айқындалатын болады.
 Шекара маңындағы аумақтардың ауқымдылығынан және олардың игерiлуiн сақтап қалу қажеттiгiнен шыға отырып, орта мерзiмдi кезеңде шекара маңындағы елдi мекендердiң экономикалық әлеуетiн және қамтамасыз етушi инфрақұрылымын сақтап қалу және дамыту, шекара маңындағы аудандардағы iрi мекендердiң әкiмшiлiк маңызын арттыру (бұрын таратылған аудандарды қалпына келтiру) жөнiндегi шаралар iске асырылады, бұл тұрғындардың мұндай аумақтардан кетуiн тоқтатуға, ал перспективада көршiлес мемлекеттерден: Ресей Федерациясынан, Орталық Азия өңiрiнiң мемлекеттерiнен сыртқы иммиграцияны күшейтуге тиiс.

 Іс-қимыл стратегиясы

 Халықтың тұруға және шаруашылық қызметке қолайлы жағдайлары бар аймақтар (11-қосымша) мен елдi мекендерге шоғырлануын ынталандыру негiзiнен экономикалық әдiстермен (орта мерзiмдi кезеңде өтемақылық негiзде арнайы көшi-қон iс-шараларын жүргiзу көзделмейдi) мынадай шаралар кешенi арқылы жүзеге асырылатын болады:
 көшi-қон ағынын нысаналы реттеу: оралмандарды таратып орналастыру; елге тұрақты мекен-жайға көшу үшiн (реэмиграция) шамадан тыс әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау; өңiрлiк еңбек нарықтарындағы ахуалды ескере отырып, жұмыс күшi артық өңiрлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуды квоталау;
 кейiннен жұмыс iстейтiн кадрлар тапшы нақты өңiрлерге жұмысқа орналастыру үшiн азаматтарды нысаналы оқыту (қайта оқыту) жөнiнде шаралар қабылдау;
 күйзелiске ұшыраған өңiрлерден iрi қалаларға бiлiм алу көшi-қонын көтермелеу;
 тұрғын үй проблемаларын шешу үшiн жағдай жасау: елдiң iрi қалаларында жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту, жеке тұрғын үй салу үшiн азаматтарға коммуникациялар жүргiзiлген жер учаскелерiн беру;
 тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту мен тыныс-тiршiлiк стандарттарын тиiсiнше арттыру есебiнен халықты перспективалы елдi мекендерге тарту үшiн жалпы ынталандыру жасау, шаруашылық-кәсiпкерлiк белсендiлiк үшiн қолайлы жағдайлар жасау, өнiмдi жерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету.
 Таратып орналастыру процесi ерiктiлiк, күйзелiске ұшыраған өңiрлер тұрғындарының түрлi қалалар мен елдi мекендердегi әлеуметтiк-экономикалық жағдай, еңбек және тұрғын үй нарығы мен басқалары туралы барынша хабардар болуы принциптерiне негiзделуге тиiс.

 Аумақтардың құрылымы

 Жоғарыда айқындалған экономикалық макроөңiрлердiң (өңiрлердiң, өңiрге қарасты өңiрлердiң) шекарасындағы аумақтарды дамытуды жоспарлау және әкiмшiлiк-шаруашылық ұстанымдарды бiр-бiрiмен байланыстыру мақсатында өңiрге қарасты, топтық және топтан тыс елдi мекендер жүйелерiн (ЕМЖ) қамтитын реттелген жүйелi ауыларалық байланысы бар макроөңiрлiк және өңiрлiк елдi мекендер жүйесiн (ЕМЖ) қалыптастыру көзделiп отыр.
 ЕМЖ қалыптастыруды реттеудiң мақсаты елдi мекендердi дамытуды, ең алдымен олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды ұтымды қалыптастыруға бағытталған аумақаралық үйлестiру, оларды дамытудың макроөңiрлiк және ұлттық деңгейдегi мiндеттердi шешумен келiсiлуi болады.
 Елдi мекендi жерлер жүйелерiнiң орталықтары тiрек елдi мекендер: экономикалық, ұйымдық-шаруашылық, әкiмшiлiк және мәдени дамуда елдi мекендердiң барлық жергiлiктi жүйелерiн бiрiктiретiн қалалар, кенттер, iрi селолар (ЕЖМ деңгейiне байланысты) болады.
 Топтық өңiрге қарасты ЕМЖ-лерiн бөлу және олардың санын айқындау өлшемi оларды топтастырудың жалпы факторларымен қатар таратып орналастыру аймақтарына тиесiлiлiгiн айқындайтын орталыққа (тiрек елдi мекенге) қатысты елдi мекендердiң көлiктiк қолжетiмдiлiгiнiң (жолға жұмсалған уақыттың) көрсеткiшi болады (1-кесте).

 

1-кесте

Көліктік қолжетімділік бойынша таратып орналастыру
 аймақтарын қалыптастыру өлшемі

 

Таратып орналастыру аймақтары

Шекарадан орталық қалаға жол жүру уақыты:

I

II

III

IV

қала маңындағы аймақ (минут)

45-90

60-120

120-150

150-ден артық

белсенді ықпал ету аймағы (минут)

60-120

120-150

150-180

180-нен артық

 

 Елдi мекендердi — ЕМЖ элементтерiн дамыту үшiн қолайлы жағдай оның таратып орналастырудың бiрiншi (қала маңындағы аймаққа дейiн 45-90 көлiктiк қолжетiмдiлiк минуты (КҚМ) және тiрек қаланың белсендi ықпал ету аймағына дейiн 60-120 КҚМ) немесе екiншi белдеуде (60-120 және 120-150 КҚМ) орналасуы болып табылады. Үшiншi белдеудегi елдi мекендерде (120-150 және 150-180 КҚМ) одан әрi даму үшiн қолайлы жағдайлары шектеулi.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Халықты таратып орналастыруды тиiмдi аумақтық ұйымдастыру және оны кейiннен экономикалық кеңiстiктi қалыптастырумен, оның iшiнде республикалық, өңiраралық, облыстық және аудандық маңызы бар қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамытудың шоғырландырылған схемаларын iске асырумен өзара байланыстыру мақсатында сәулет-қала құрылысын жоспарлау практикасы жетiлдiрiлетiн болады.
 Шаруашылық жоспарлаудан аудандық жоспарлауға және елдi мекендердiң бас жоспарларын одан әрi әзiрлеуге әдiснамалық көшудi қамтамасыз ету, сондай-ақ аумақтардың осы заманғы жай-күйiне сәйкес келетiн картографиялық негiз құру көзделген жалпы жоспарлау процесiне жаңа саты — өңiрлiк таратып орналастыру жүйелерiн қала құрылысы тұрғысынан талдау енгiзiлетiн болады.
 Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының даму стратегияларына (бәсекелi стратегияға) сәйкес Қазақстан Республикасын кеңiстiктiк дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың болжамды схемасымен өзара байланысты кеңiстiктiк дамудың және таратып орналастырудың перспективалы схемалары әзiрленедi.

 Аумақтарды экономикалық ұйымдастыру

 Ел мен оның өңiрлерiнiң тиiмдi ұстанымдануын және кеңiстiктiк дамуын қамтамасыз ету үшiн экономикалық белсендiлiктi ынталандырудың жалпы экономикалық шараларын iске асырумен қатар мемлекеттiң күш-жiгерiн мынадай нақты мiндеттердi шешуге шоғырландыру қажет:
 өндiрiстiң аса маңызды факторы ретiнде аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану;
 елдiң және өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттi экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған бизнестi тиiмдi аумақтық-экономикалық ұйымдастыруды құру;
 экономиканың өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн толыққанды инфрақұрылым қалыптастыру және адами капиталды сапалы дамыту (бюджеттiк инвестициялардың негiзгi бағыты).
 Осыған байланысты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiнiң, олардың жеке сектормен өзара iс-қимылының мынадай негiзгi бағыттары айқындалды.

 Еңбектi республикалық, өңiрлiк және халықаралық
бөлуде аумақтарды бәсекеге қабiлеттi экономикалық
мамандандыру

 Мiндеттер. Бизнестi аумақтық-экономикалық ұйымдастыру мен жүргiзудiң осы заманғы моделдерiн енгiзу есебiнен ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк экономикалық жүйеде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру. Экономикалық субъектiлердiң кең аясын экономикалық процестерге тарту, сол арқылы кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру.
 Әлемдiк тәжiрибе елдiң экономикалық дамуы оның өңiрлерiн құрайтындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiне тiкелей байланысты екендiгiн көрсетедi.
 Өңiрдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi деп бүгiнгi таңда еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және капиталды ұтымды пайдалану, бизнестi тиiмдi аумақтық-экономикалық ұйымдастыру, ұлттық, өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға кiрiктiрiлу есебiнен халықтың өмiр сүруiнiң жоғары және үнемi өсiп отыратын деңгейiне қол жеткiзу қабiлеттiлiгi түсiндiрiледi.
 Қазiргi уақытта әлемде аумақтарды экономикалық ұйымдастырудың екi негiзгi моделi қалыптасқан — тiгiнен кiрiктiрiлген (орталықтандырылған) және желiлiк.
 Тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлер үшiн негiзгi жұмыс берушiлер ретiндегi, жергiлiктi бюджеттердi толықтырудың негiзгi көзi және өңiрлерде инфрақұрылым шаруашылығын қалыптастырудың негiзгi факторы болып табылатын корпоративтiк құрылымдарға бiрiктiрiлген бiр немесе бiрнеше iрi жаппай өнеркәсiп өндiрiстерiнiң үстемдiк етуi тән.
 Қатаң орталықтану тән аумақты ұйымдастырудың тiгiнен кiрiктiрiлген моделiнен айырмашылығы желiлiк өңiрлер бiрiн бiрi өзара алмастыра алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiретiн жеке-дара кәсiпорындар желiсiн бiлдiредi.
 Кәсiпорындардың өзара iс-қимылы ынтымақтастық және қосалқы келiсiмшарттық қатынастар туралы келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады. Кәсiпорындардың бiр бөлiгi дайын өнiмдi нарыққа шығарады, қалғандарының барлығы осы өндiрiске бастама жасаған кәсiпорындар тобының тапсырысы бойынша операцияларды орындайды.
 Тұтастай алғанда барлық кәсiпорындар кооперациялар мен өзара iс-қимыл желiсiн — өңiрдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн бiрлесiп қамтамасыз ететiн өзара байланысты компаниялар мен институттардың географиялық жағынан тұйықталған жиынтығын бiлдiретiн кластердi құрады.
 Қазақстан үшiн дамудың алдыңғы кезеңдерiнде аумақтарды ұйымдастырудың тiгiнен кiрiктiрiлген моделi экономикалық жағынан ақталған болып табылды, бұл өндiрiстiң технологиялық дәйектiлiгiне негiзделген болатын. Сонымен қатар бүгiнде елдiң тiгiнен кiрiктiрiлген өңiрлерi әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттiлiгiмен ерекшеленбейдi, жаңа технологиялар мен инновациялардың өндiрушiлерi болып табылмайды.
 Оларда негiзiнен құн жинақтау тiзбегiнiң бастапқы буынындағы өндiрiстер орналасқан. Мұндай тiзбектiң ақырғы буындары өңiрлерден немесе елден тысқары орналасады, сондықтан қаржы ағындары мен инновациялар негiзiнен олардан тысқары шоғырланады. Бұл өңiрлердi өңiрлердi құраушы тiгiнен кiрiктiрiлген iргелi компаниялардың жұмыс iстеп тұруына және нарық конъюнктурасына тәуелдi етедi және тұтастай алғанда геоэкономикалық иерархияда бағынысты жағдайға қояды.
 Қазiргi заманғы жағдайларда икемдi мамандануымен және инновацияларға қабылеттiлiгiмен сипатталатын, кластерлiк қағидатты қолдана отырып, бүкiл желiнiң ресурстарын жұмылдыруға негiзделетiн аумақтық-экономикалық ұйымның желiлiк моделi Қазақстан үшiн неғұрлым перспективалы бола түстi.
 Желiлiк модель ұлттық экономикаға үлкен тұрақтылықты қамтамасыз етедi, өйткенi оның қозғалтқыш күшi, ең алдымен, шикiзат емес өңiрлердегi экономикалық процестерге экономикалық субъектiлердiң неғұрлым кең аясын тартуды қамтамасыз ететiн шағын және орта кәсiпорындар болады.
 Өңiрлiк кластерлердi құру желiлiк модельдiң пәрмендi тетiктерiнiң бiрi болып табылады. Өңiрлiк кластерлер өңiрлер маманданатын қызмет салаларының айналасында құрылатын болады және қазiргi бар әкiмшілік-аумақтық бiрлiктердi қамтып қана қоймай, көршiлес аудандардың, облыстардың шекараларын да қамтиды.
 Облыстардың iшiндегi елдi мекендер мен аудандардың, сондай-ақ кейбiр облыстардың күш-жiгерi өз кластерлерiн құруға ғана емес, сонымен бiрге қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге қатысуға да бағытталады.
 Осы модельдiң негiзiнде әлемдiк және өңiрлiк тауарлармен, қаржымен, жұмыс күшiмен, технологиямен және ақпарат алмасу жүйесiне табысты қосылған өңiрлер де (мысалы, Алматы қаласы және Алматы облысына iргелес аумақтар) қазiрдiң өзiнде-ақ ұйымдастырылуда, бұл олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн айқындайды.
 Шикiзат секторының iрi кәсiпорындары үстемдiк ететiн өңiрлерде өңiрлiк бәсекеге қабiлеттiлiктi арттырудың негiзгi бағыттары тiгiнен кiрiктiрiлген компаниялардың анағұрлым жоғары қайта жасау өндiрiстерiн дамыту (шикiзатты тереңдетiп қайта өңдеу базасында), аутсорсинг тетiктерiн құра және шағын және орта кәсiпорындардың көмекшi, қызмет көрсетушi және қайта өңдеушi блогын қалыптастыра отырып, iрi жобалардағы жергiлiктi құрауыштарды күшейтудi дамыту, сондай-ақ қызмет көрсетушi және көмекшi кәсiпорындардың күш-жiгерiн бiрiктiру есебiнен елдiң iрi жүйе құрайтын компанияларының айналасындағы кластерлердi қалыптастыру болып табылады.
 Мұндай көзқарас экспорттық секторды дамытудан, оны ұлттық өсiмдi молайту процесiне белсендi түрде енгiзе отырып, iшкi экономиканың қатарлас салаларына және өңiрлердiң дамуына ауқымды мультипликативтiк әсерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
 Ресурстарды жұмылдыру тетiктерiнiң бiрi неғұрлым дамыған өңiрлiк орталықтарда өзара байланысты бiрнеше өңiрлерде кәсiпкерлiктi жандандыруға бағдарланған Әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациялар (ӘКК) қалыптастыру болады.
 ӘКК активтердi басқара алады, жобаларға бастама жасайды және нақты өңiрдi дамыту мүддесiнде қосымша инвестициялар тартады.
 Бұл корпорациялар қызметiнiң маңызды бағыты өңiрде ұзақ мерзiмдi негізде шағын және орта кәсiпорындардың тауарлары мен қызмет көрсетулерiне сұраныс қалыптастыру болады.
 ӘКК-нi дамыту сонымен қатар рентабельдi емес кәсiпорындар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
 Алдағы уақытта басқару тәжiрибесiнiң жинақталуына және ӘКК-нi капиталдандыру деңгейiн арттыруға қарай, өңiрлiк және халықаралық нарықтарға шығуды қоса алғанда, олардың «жауапкершiлiк саласын» кеңейту мен әртараптандыру туралы мәселе қаралуы мүмкiн.
 Өңiрлердiң экономикалық дамуын жеделдету, «серпiлiс» жобаларын құруды ынталандыру үшiн қолайлы жағдайлар мен осы заманғы инфрақұрылым қалыптастыру, өңiрлерге шетелдiк және отандық инвестициялар тарту (трансұлттық корпорациялар (ТҰК, әлемдiк брендтер) мақсатында арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер құру көзделедi.
 Тұтастай алғанда, өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын қалыптастыру, оның iшiнде бәсекеге қабiлеттi кластерлердi қалыптастыру жолымен, сыртқы нарықтарда бәсекелесу әлеуетi бар мамандықтар (13-қосымша) базасында құрылатын болады.
 Өңiрлердiң мамандануы тұтынушылар мен нарықтарға бағдарланумен қалыптастырылатын болады. Тар маманданған және, дәлiрек айтқанда, дәл осы неғұрлым күштi бәсекелiк басымдықтарға ие салалары бар өңiрлер табысқа қол жеткiзетiндiгiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Сондықтан өңiрлер бiр немесе бiрнеше салаларға (қызмет салаларына) маманданатын болады, ал барлық қалған қызмет түрлерi осы негiзгi салаларға қызмет көрсетумен және қамтамасыз етумен байланысты болады.
 Жергiлiктi атқарушы органдар инноваторлар рөлiнде бой көрсетiп, дәстүрлi факторларға (табиғи, еңбек ресурстары, қазiргi бар өндiрiстiк қорлар) қарағанда өңiрлердiң өздерi құра алатын және олардың ұзақ мерзiмдi бәсекелiк басымдығын қамтамасыз ететiн өндiрiстiң мамандандырылған факторларын (инновациялық әлеует, бiлiктi жұмыс күшi, институционалдық орта) құра отырып, экономикалық тұрғыдан өзiн-өзi құруға ұмтылуға тиiс.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру шеңберiнде мынадай шараларды жүзеге асыру көзделедi:
 инновациялық инфрақұрылымның қазiргi бар базалық элементтерiн: ғылыми және бiлiм беру мекемелерiн дамытуды қолдау;
 перспективалы өңiрлерде және мыналардан тұратын орталықтары бар пилоттық өңiрлiк инновациялық жүйелер (ӨИЖ) құру:
 ұзақ мерзiмдi перспективада елдi ұстанымдау тұрғысынан Қазақстан үшiн өзектi тақырыптар бойынша бiлiм беру-инновациялық кешендерi мен аймақтардан: (өнеркәсiптiк әзiрлемелерден, минералдық шикiзатты кешендi пайдалану мен қайта өңдеу технологиясынан; ауыл шаруашылығы саласындағы әзiрлемелерден; химиялық және биологиялық технологиялардан; экология мен баламалы энергия көздерi саласындағы әзiрлемелерден; медициналық әзiрлемелерден; ядролық технологиялардан; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардан; ғарыштық зерттеулерден; әскери-өнеркәсiптiк технологиялардан; тұрмыста пайдалануға арналған әзiрлемелерден);
 бизнес-технологиялық

 

3.2 Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану

 

 Мiндеттер. Табиғи ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшiн ресурстық әлеуеттi сақтау.
 Халықтың күтiлiп отырған өсуiне және онымен байланысты ресурспен қамтамасыз етiлудiң азаюына байланысты табиғи ресурстардың әлемдiк ауқымдағы шектеулiлiгi 21-ғасырдың ортасына қарай жаһандық сипаттағы проблемаларды туындатуы мүмкiн.
 Қазақстан аумақтарының табиғи ресурстарын пайдалану стратегиясы қазiрдiң өзiнде әзiрленген (пайдаланылатын) ресурстарды (игерудiң қарқынды сипаты) тиiмдi және ұтымды игеру және ресурстарды кейiннен игеру немесе болашақ ұрпақ үшiн сақтау негiздерiн құру қажеттiгiнен шығады.
 Бұл туындап отырған шикiзат базасын кеңейту қажеттiлiгiнен және тиiстi инфрақұрылымның дайындығынан шыға отырып, табиғи және экологиялық ерекше құндылықты бiлдiретiн аумақтарды болашақта өсiру және сақтап қалу үшiн резервтiк ресурстық аймақтарды бiр мезгiлде қалыптастырумен қатар (қорларды барлау), аумақтарды игерудiң кезеңдiк сипатын болжамдайды.
 Табиғи ресурстарды пайдаланудың аса маңызды шарты табиғи ортаға экологиялық әсердi азайту болады.
 Тиiстi табиғи ресурстарды (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) пайдалану және сақтау жөнiндегi тұжырымдамалар, бағдарламалар, iс-шаралар өңiрлер мен елдi кеңiстiктi дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың перспективалы схемаларын әзiрлеумен және iске асырумен өзара кешендi байланыста болады.

 Жер ресурстары

 Мiндеттер. Өнiмдiлiгi жоғары және экологиялық бағдарланған бейiмдi жер пайдалануды қалыптастыру арқылы жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету.

 Іс-қимыл стратегиясы

 Жерге орналастыруды, жер ресурстарын басқарудың экономикалық тетiктерiн, жер заңнамасының сақталуын бақылауды жетiлдiру арқылы жердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
 Жер қорының құрылымын санаттар бойынша жетiлдiру. Нысаналы мақсаттағы санат жерiнiң құрамын экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келтiру.
 Мемлекеттiк жер кадастрын жасау және енгiзу, тиiмдi ведомствоаралық өзара iс-қимылды қамтамасыз ете отырып, оны автоматтандырылған технологияларға көшiру.
 Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа iс-шаралармен бiр кешенде топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, жердiң жай-күйiне терiс антропогендiк әсер етудi болдырмау, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру есебiнен жердiң сапалық жағдайын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау.
 Жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыру кезiнде ландшафттық-экологиялық қағидатты кезең-кезеңiмен iске асыру, жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн енгiзу.
 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық дәлiздердiң желiсiн дамыту;
 Жердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, атап айтқанда жерге орналастыруды және жер қорының құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шаралар өңiрлер мен елдi кеңiстiктiк дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың перспективалы схемаларын әзiрлеумен және iске асырумен тiкелей өзара байланысты болады.

 Су ресурстары

 Мiндеттер. Суды тұтынуды ұтымды ету, суды үнемдеу, судың ластануын болдырмау, су ресурстарын басқару әдiстерiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру арқылы су ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сақтауды (оңалтуды) қамтамасыз ету.

 Іс-қимыл стратегиясы

 Мынадай шараларды iске асыруды көздейтiн Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың (оңалтудың) 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын әзiрлеу:
 өзен ағысын, оның бассейнiшiлiк және өңiраралық қайта бөлiнуiн реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру;
 су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналмалы және жабық жүйелерiн енгiзу, өнеркәсiпте және ауыл шаруашылығында өнiмнiң бiр бiрлiгiне үлестiк су тұтынуды, судың пайдаланушылық шығынын азайту жөнiнде шаралар қабылдау;
 су ресурстарын сақтауды (оңалтуды), олардың ластануын болдырмауды қамтамасыз ету;
 өңiрлер экономикасының құрылымын, әсiресе тапшылықты бассейндерде шаруашылық су тұтынуды төмендету немесе оңтайландыру, суды көп қажет етпейтiн өндiрiстердi дамыту және өңделетiн жерлер құрылымында суармалы жерлердiң үлесiн қысқарту жағына қарай қайта құру;
 ақы төлеудiң қолданыстағы ставкаларын саралау, суды асыра жұмсағаны және су көздерiн ластағаны үшiн айыппұл санкциялары жүйесiн пайдалану, су шаруашылығы объектiлерiн ұстау және жөндеу жөнiндегi шығындарды өзiн-өзi өтеушiлiкке кезең-кезеңiмен көшiре отырып, су пайдаланушыларға су беру жөнiндегi қызмет көрсетулер үшiн баға белгiлеудi оңтайландыру бойынша жағдайлар жасау, су тұтыну нормаларын оңтайландыру жолымен су ресурстарын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру;
 жер асты көздерiнiң суларын кеңiнен пайдалану есебiнен қолдағы су ресурстарының өсуiн қамтамасыз ету;
 трансшекаралық су бассейндерi бойынша су ресурстарын бөлу жөнiнде жақын орналасқан елдермен уағдаластықтарға қол жеткiзу;
 су-шаруашылық инфрақұрылымын дамыту және қайта жаңартуды жүргiзу, су шаруашылығы жүйелерiн қазiргi заманғы су өлшеу және суды реттеу құралдарымен жарақтандыру;
 су ресурстарын реттеу жүйесiн жетiлдiру, су ресурстарын басқару модельдерiн әзiрлеу және келiсу (Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi өзiне тән емес, мәселен ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салу жөнiндегi қызметтен кезең-кезеңiмен алшақтап, су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау мәселелерiне назар аударуға тиiс);
 өңiрлер халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың перспективалық схемаларын әзiрлеп, iске асыра отырып, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын және Ел халқын кеңiстiктiк дамыту мен таратып орналастырудың болжамды схемасын өзара үйлестiрудi қамтамасыз ету.

 Минералдық-шикiзат ресурстары

 Мiндеттер. Жер қойнауын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, елдiң минералдық-шикiзат кешенiнiң перспективалық ресурстық базасын дамыту, резервтiк ресурстық аймақтарды қалыптастыру арқылы жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету.
 Орта және ұзақ мерзiмдi кезеңде минералдық-шикiзат ресурстарын игеру және өндiрушi өнеркәсiптi дамыту елдiң экономикалық даму қарқынын айқындайды және экономиканың қалған секторлары үшiн өсу локомотивi, ал алдағы перспективада — даму орнықтылығы болып табылады.
 Осыған байланысты әлемдiк даму үрдiстерiн, ұзақ мерзiмдi ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету қажеттiлiгiн, сондай-ақ даму саясатымен өзара үйлестiрiлген елдiң көлiк-коммуникация желiсiн ескере отырып, минералдық-шикiзат ресурстарын игерудiң ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажет.

 Iс-қимыл стратегиясы

 Әзiрленiп жатқан Туристiк саланы дамыту бағдарламасын, Өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын немесе жекелеген нысаналы өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде мынадай шараларды iске асыру көзделедi:
 өңiрлердiң табиғи (табиғи кешендер және олардың құрауыштары; бедер, климат, акваториялар, өсiмдiктер және басқалар) әрi социогендiк (мәдени-тарихи ескерткiштер, сәулет объектiлерi және басқалар) сипаттағы рекреациялық әлеуетiне, оның жай-күйiне кешендi бағалау жүргiзу, қандай мақсатта пайдалану перспективаларын (курорттық-санаторийлiк, сауықтыру, экскурсиялық-туристiк, спорттық) және маңызын (өңiрлiк, ұлттық, жергiлiктi) анықтау;
 рекреациялық ресурстардың iрi шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылыққа маманданған аумақтық аймақтар қалыптастыру;
 Өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарларының немесе жекелеген нысаналы өңiрлiк бағдарламалардың құрамына рекреациялық ресурстарды сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды енгiзу;
 маңызды табиғи рекреациялық ресурстар үшiн — аумақтардың экологиялық сыйымдылығына негiзделген табиғи ландшафттарға рұқсат етiлетiн рекреациялық жүктемелер (маусымына адам-гектар) әзiрлеу, одан асып түсу табиғи кешендердiң деструкциясына байланысты;
 маңызды тарихи, мәдени және сәулет ескерткiштерiн қорғауды, сондай-ақ қалпына келтiрудi (реставрациялауды) қамтамасыз ету;
 Алдын ала талдау рекреациялық мамандану үшiн мынадай өңiрлер перспективалық болып табылатынын көрсеттi (12-қосымша):
 Iле (Алматы қаласы, Есiк қаласы, Қапшағай қаласы, Түрген ауылы, Шарын туристiк-рекреациялық аймағы);
 Солтүстiк Тянь-Шань (Кеген ауылы, Нарынқол ауылы, Жалаңаш ауылы, Көлжат ауылы);
 Солтүстiк Жоңғар (Дружба ауылы, Лепсi ауылы, Сарқант қаласы, Алакөл көлi);
 Түркiстан (Түркiстан қаласы, Тұрбат ауылы, Отырар ауылы, Шаян ауылы, Баба-Ата ауылы);
 Жамбыл (Тараз қаласы, Мерке ауылы, Мойынқұм ауданы);
 Балқаш (Балқаш маңы, Балқаш көлi);
 Қарқаралы (Қарқаралы қаласы, Кент таулары);
 Жоғарғы Бұқтырма (Қатонқарағай ауылы, Берел ауылы, Рахманов бұлақтары курорты, Марқакөл көлi);
 Сайрам-Шымкент (Шымкент қаласы, Сайрам ауылы, Арыс қаласы, Сарыағаш қаласы);
 Шучьe-Бурабай (Щучинск қаласы, Көкшетау қаласы, Бурабай, Қотыркөл, Зерендi демалыс аймақтары);
 Ақтөбе (Абат-Байтақ кесенесi, Қобда ауданы, Жаманшың табиғи қорығы, Ырғыз ауданы, Айдарлыаша Хромтау ауданы, Қарғалы су қоймасы, Темiр, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар аудандары);
 сондай-ақ «Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенi.

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе, тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
 Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
 Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.
 Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге тиiс.

 Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
 Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
 Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң негiзi болып қызмет атқаратын болады.
 Бұдан басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың (ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға мүмкiндiк бередi.
 Стратегияда белгiленген iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.