АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: А. Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

 

Филология факультеті

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы

 

 

 

 

 

 

А. Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

I ТАРАУ

  • А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптары

1.2 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.

 

II ТАРАУ

  • А.Тоқмағамбетов – сатирик ақын.
  • “Әке мен бала” романының ерекшелігі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Дипломдық  жұмыстың тақырыбы: “А. Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі”

Мәселенiң өзектiлiгi: Асқар Тоқмағамбетов қазақ даласындағы социализм идеясын, бүгінгі заман тақырыбын жырлады. Теңдік алған кедейлердің азат өмірі, байларға қарсы таптық күресі, әйелдердің теңдік алуы, халық ішіндегі оқу-ағарту мәселесі, кедейлердің ұжымдық шаруашылыққа бірігуі – ақынның алғашқы өлеңдерінің өзекті тақырыптары бола отырып, жаңа идеяны насихаттаушы ақын ретінде танытты. Ақын өлеңдерiнiң өзектi мәселесiне үңiлiп, оның даралығы мен талантын танудың өзi талмай зерттеудi талап етедi.

Зерттеу обьектiсiне А.Тоқмағамбетовтің алғашқы өлеңдер жинағын, сатиралық шығармаларын, “Әке мен бала” романын арқау еттік.

          Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ әдебиетiнде өзiндiк орны бар А.Тоқмағамбетов поэзиясының жалпы қазақ поэзиясындағы  орнын, лирикасының тақырыптық ерекшелігін, сатирлық шығармаларының тілін, “Әке мен бала” романының тақырыбын ашу.

      Зерттеу жұмысында қолданылған әдiстер: талдау, жинақтау,  жүйелеу, салыстыру т.б. 

А.Тоқмағамбетовтің өмірі мен жазушылық қызметі.

А.Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында кедей отбасында туған. Ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Алғаш ауылдық мектеп оқыған ол 1924 жылы Ташкентке барып, сол кездегі белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратпаевтың көмегімен паштехникалық техникумның арригация бөліміне оқуға түседі. 1931-1933 жылдары Мәскеудегі редакция-баспа қызметкерлерін дайындайтын институтта оқыды.

Жазушылық жұмысына араласа бастағаннан бері Асқар көптеген республикалық газет-журнал редакцияларында (“Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан”, “Ленин жолы”, “Қазақ әдебиеті”, “Ара” т.б.), Қазақстан жазушылар Одағында басшылық және журналистік қызметтер атқарады.

¤лең-жырға жастайынан әуес ол ел ақындарының үлгісімен айтысқа түсіп, ойын-тойларда әзіл-қалжың шумақтар шығарған. Оған Сыр бойы ақындарының дәстүрі зор әсер еткен. Асқар 1923 жылдардан жаза бастайды. Бірақ өлеңдерінің басыла бастауы – 1926 жылдан, содан бергі уақыт ішінде ақынның 40-тан астам кітабы жарық көрді. Олардың ішінде “Еңбек жыры”(1928), “Еңбек жинағы” (1929), “Күлкі-сықақ өлеңдер” (1929), “Құрылыс” (1930), “Хат” (1930), “¦лы майданда” (1932), “Бақыт кілті” (1933), “Қаскелең” (1934), “Күзетте” (1934), “Уборница” (1935), “¤мір” (1935), “Советтік маршрут” (1937), “Маршалдар шықты майданға”  (1941),“Мұнай бер” (1943), “Ажалды жеңген алыптар” (1944), “Шыңға” (1949), “Қарындаш” (1950), “Аграном көктемі” (1955), “Фельетон жинағы” (1958), “Дария сыры” (1960), “Сайрайды бұлбұл” (1961), “Тырналар, сұлу тырналар” (1965), “¤мір өлмейді” (1968) сияқты өлең-поэмалар, фельетон-мысалдарының жинақтары бар.

Поэзиялық шығармаларымен қатар Асқар проза, драматургия, балалар әдебиеті саласында да елеулі қызмет еткен. Оның әр кезде газет, журнал беттерінде басылған очертері, әңгімелері мен пьесалары кездеседі. 1940 жылы  жазушы “Төрт жыл я төрт сағат” атты повесть жазды. Соғыс алдында баспасөз бетінде Асқардың “Шәуілдір” атты романының үзінділері жарияланып жүрді. Кезінде аяқтамай үзіліп қалған бұл шығармасын автор “Әке мен бала” деген атпен бітіріп, 1961 жылы бастырып шығарды. ¦лы Отан соғысынан кейінгі жылдары Асқардың “Сыр диханы” (1957), “Асыл азамат” (1959) атты документтік повестері жарық көрді. *(5.15.)

Драматургия саласындағы Асқар еңбегі 1928 жылы басылған әйел теңдігі мәселесіне арналған “Екі заң” атты пьесадан басталады. 1933жылы кәмпескеге ұшыраған байлардың колхоз құрылысына қастандығын суреттейтін “Семафор ашық” деген пьесасы басылды. Одан кейін бір актілі шағын пьесалармен қатар “Әзірет Сұлтан” (1937) атты көлемді драмасын жариялады. 1961жылы ол “Маржан” атты киносценарий жазды.

Асқар балалар үшін де көп шығармалар жазған. Оның бұл саладағы еңбектері “Тазалық — тәрбие” (1929), “Балалар досы” (1930), “Алыптар туралы аңыз” (1948), “Балаларға базарлық”(1958) атты кітаптарында жинақталған.

  Асқар шығармалары бірнеше рет жиналып, таңдамалылар күйінде (1939, 1945, 1953, 1957, 1962) басылды.

Асқар 1931 жылдан КПСС мүшесі, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1965 жылы республика жұртшылығы ақынның 60 жылдық мерейтойын өткізді. Асқардың творчестволық жолын тұтас алып, қарағанда, оның суреткерлік талантын еркін танытқан жанры поэзия екенін көреміз. Әсіресе ақын саяси лирика мен сатиралық өлеңдер, мысал саласында елеулі еңбек етті. Дәуір шындығына үн қоса отырып көптеген поэмалар жариялады.

          Асқар Тоқмағамбетовтің басты өлеңдер жинақтары мен поэма, сатиралары ондаған рет басылып шығады. “Еңбек жыры” (1928ж.), “Еңбек жинағы” (1929ж.), “Құрылыс” (1931ж.), “Хат” (1932ж.), “¦лы майданда” (1932ж.), “Күзетте” (1934ж.), “Шыңға” (1950ж.), “Қарындаш” (1950ж.)

       Асқар 1947 жылдан бастап мысал жанрымен айналыса бастады. Содан бері ол “Шырмауық пен алма ағаш”, “Мысық пен шыбын”, “Әупілден пен күмпілдек”, “Тоқылдақ пен тиын”, “Қой мен ешкі”, “Төбет пен мысық”, “Қарға мен бұлбыл”, “Тырна мен көгершін” тәрізді көптеген мысалдар жазды. Асқар бұдан тыс көптеген өлеңдерін балаларға арнады. Бірнеше шығармалары дер кезінде жеке кітап болып та басылып шықты. Ақын “Екі Заң” атты комедия, “Әзірет Сұлтан” деген екі актілі пьесалар жазды.

 

 

 

1.

 

 1.1 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптары.

 

Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды. С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.

       Асқар творчествосы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады.

         “Асқар пролетариат әдебиетіне қандай жолмен келді? Асқар коммунистер партиясы бастап отырған пролетариаттың социалистік құрылысына қалай қатынасты? Асқар пролетариат ақыны ма?”-деген сұраулар қойылып, соларға өзінше жауап береді.

        “Қазан революциясы болғанда завод, фабрика қожайындары мен жұмысшылар тартыста болып, аштық, өлім, апат болды. Орыс пролетариаты басқа ұлттық бауырластарымен бірігіп бостандық алды. Осы төмен құлдыраған шаруашылықты кемеліне келтіру дәуірінде Қазақстан пролетариат жазушыларының екінші буыны болып Асқар туды. Асқар басынан екі дәуірді өткізді. Ол әдебиет майданында комсомол ортасынан тәрбиеленіп, шынығып келіп кірісті. Ол әдбиеттің әр түрінде (өлең, әңгіме, очерк, сықақ, фельетон) жазды. Тап майданында өзінің өткір қаламын тап дұшпандарына, жат адамдарға, тап жауына түйрей білді. Оларды ұлы тілімен сықақтап, бет пердесін аша білді. Жаңа өсіп келе жатқан пролетариат кадрын, завод тұрмысын, құрылыстың шегесін, тетігін шамасы келгенше суреттеуге кірісті. ¤мірдің түйінді мәселелерін, дәуірдің кезеңді жылдарындағы саяси істерімізді көре, көрсете білді”.

 Асқар қазақ даласындағы социализм идеясын, бүгінгі заман тақырыбын жырлады. Теңдік алған кедейлердің азат өмірі, байларға қарсы таптық күресі, әйелдердің теңдік алуы, халық ішіндегі оқу-ағарту мәселесі, кедейлердің коллективтік шаруашылыққа бірігуі – ақынның алғашқы өлеңдерінің өзекті тақырыптары бола отырып, жаңа идеяны насихаттаушы ақын ретінде танытты.

Жаңа заман тақырыбын игеру Асқар лирикасында Қазан төңкерісінің маңызын, ол әкелген бостандықты, революция көсемі Ленинді жырлаудан басталды (“Мәңгі таң”, “Ленин ескерткішіне”, “¤зі өлді, жолы тірі”, “Он үш жыл”).

“Егінші”, “Мойын қос”, “Бізде алайық трактор”, “Наурыз” өлеңдерінен жаңа өмірге қадам басқан шаруалардың зор талабын, “Мұғалім”, “Жас дәрігер”, “Біздің әскер”, “Шойынқараның ойын қара” өлеңдерінен ізденіп, өсіп келе жатқан жаңа адамдардың бейнесін танимыз.

Бұл жылдардағы Асқар лирикасының басты тақырыптарының бірі –әйел теңдігі мәселесі. “Азаттық күн”, “Фатиманың хаты”, “Ағасының жауабы”, “Сәуле”, “Ажаркүл” атты өлеңдері азат әйелдердің өмір жолын бейнелейді. Асқар поэзиясының өмірмен байланысты сырларын С.Ерубаев міне осылайша сипаттады. Сыншы Асқар өлеңдерінің алуан тақырыпты, кең тынысты патриоттық пафосқа толы сыр-сипатын дұрыс ашып, көрсете білді. Осындай жетістікті жақтарын көрсетумен қатар сыншы Асқар творчествосындағы кемшіліктерге де тоқталып өтті. Асқар өмір туғызып отырған өзгерістердің мәнін түгелдей дұрыс түсініп, сезіне алмады. “Былтырғы көктем”, “Биылғы көктем”, “Маяк” өлеңдерінде Асқар мазмұнына қарамай, ұйқасты қуып кеткен-деді сыншы.*

        Саттар қазақ поэзиясына және Асқар поэзиясына мынадай талаптар қойды: Жазушы жазам деп алған тақырыбын жете түсінуі керек. Күндегі ұранды жаттап алып, оны құрғақ тақпақтап қоймай, диалектика жолымен мәселенің шын маңызын түсіну, жұртқа түсіндіру керек.

        1934 жылы және 1937 жылы жарық көрген Ғ.Тоғжановтың, Қ.Бекқожиннің сын мақалаларында Асқардың поэмаларындағы кемшіліктері баса айтылады.

        З.Шашкиннің, Қ.¤теповтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Исмайыловтың сол тұста жазған сын мақалаларында да Асқардың күнделікті өмір тақырыбын игерудегі табыстары мен кемшіліктері сөз болды. Профессор Е.Исмайылов “Сен мен шығарма” деген еңбегінде Асқардың шығармаларын үш салаға бөледі: лирика, поэма, сатира.

        Егер XX ғасырдың басындағы және қазақ әдебиетінің алғашқы дәуіріндегі поэзиямызда фельетон, сатиралық өлеңдер жазуда С.Дөнентаевтың   алатын орны ерекше десек, Асқар қазақ әдебиетінде бұл дәстүрді әлдеқайда дамытып тереңдете түсті. Асқардың сатиралық поэзияны дамытуына сөз жоқ орыстың классикалық әдебиеті, әсіресе В,Маяковский, Д.Бедный тағы басқа солар сияқты орыстың көрнекті ақындарының сатиралық поэзиясы үнемі әсер етіп отырғандығы даусыз.

        Қазақ әдебиетінде әлі дамып жетілмеген сатиралық поэзияның әр алуан үлгілерін (фельетон, эпиграмма, мысал т.б.) дамыту жолында Асқар жемісті еңбек етті. Асқар қазақ әдебиетінде фельетон, сықақ, мысал жанрын дамытушы, әрі осы жанр арқылы кейінгі жастарға үлгі көсетуші десек қателеспейміз.

 

 

1.2 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.

 

        Асқардың қазақ әдебиетінде алар орны, ақындық ерекшелігі, өмірі мен творчествосы туралы алғашқы мәлімет 1942 жылы Е.Исмайылов редакциясымен басылып шыққан оқулықта берілген екен. Одан соң бірнеше мақалалар соғыстан кейінгі дәуірде жазылды. Бұл ретте Ғ.Мүсіреповтің С.Мұқановтың, А.Нұрқатовтың, Ә.Тәжібаевтің, С.Төлешевтің мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың бәрінде де Асқар товрчествосының өмірмен тығыз байланыстылығы, лирикасы мен сатирасын маңызын айрықша атап көрсетеді.

        Асқардың ақындық шеберлігі жөніндегі жән үгіт сарындағы өлең-жырларды жазудағы табысымен қатар кемшіліктерін де көрнекті жазушы, сыншыларымыз көрсетіп отырды. С.Мұқанов: “¤леңдерінің сыртқы көрінісін, яғни түрін, көбінесе қызықты суреттейтін Асқардың бояулары кейде қалың жағылмай, жұқа сүртіліп, ілгері басқан заманының ауа райын көтермей өтіп кетеді”,-дейді.

         Ғ.Мүсірепов: “Асқар… творчествосы газетпен астасып жатқандықтан, ол көбіне өлеңді газет қарызын өтеу үшін жазады. Сол себепті Асқарда кең талғам жоқ”, -дейді. Әрине бұл Асқар поэзиясы туралы әділ сындар. Асқардың өлеңдерінде қайталаулар кезедесіп жатады.

          Асқар творчествосы туралы осындай әр түрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеулер болмаған.

Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, ақынның 1928 жылы жазылған өлеңдері мен одан бергі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар. Ақын туралы мақала жазғандар оның поэмасын бастан-аяқ сынап шығады. Ия, Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, ол сәтсіздіктер бір Асқарға ғана тән емес.

          Ақын творчествосы туралы жалпы айтуды қойып, ақын поэзиясына көшейік. Ақын өміріміздің аса маңызды сан алуан тақырыптарын жырлаған . Сонда Асқар лирикасы қандай?

         Жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап қалам ұстаған ақын содан бергі уақыттың ішінде халыққа кең тарап, өмірден тұрақты орын алған, өзіндік өзгешелігі зор аса көп поэзиялық шығармалардың авторы болды. Сонымен қатар ол жұртшылыққа көрнекті прозаик, драматург ретінде де танылып келді.

        Асқардың творчествосындағы басты тақырып – жасампаз еңбек адамын жыр ету. Заманымыздың ең маңызды мәселелеріне ақын өз творчествосымен қызу үн қосып отырған. Оның шығармаларының ең алдымен баспасөз беттерінде жарқ етіп шыға келетіндігі де кездейсоқ емес еді. Бұл ақынның творчестволық адымы халықтың күнделікті өмірімен сай түсіп отыратындығын дәлелдейді. Асқардың творчествосы тақырыбы жағынан болсын, жанрлық жағын,ан болсын көп салалы, алуан түрлі аса күрделі болып келеді. Ол өзінің ақындық талантын лирика жағынан бастады. Оның лирикасын сөз еткенде, заманымыздың актуальді мәселелерін қамтитын саяси лириканың басым екенін атап айтуымыз керек. Ақындық таланты, әсіресе осы салада яғни саяси лирикада ерекше көзге түседі.

       Автор кешегі қой соңында жүрген Шойынқараның көңіл-күй, арманын, оның көксеген, арман еткен арманы көп, ол малы көп бай, би,  Сырымбай сияқты молда немесе Қордабай сияқты ұры болсам ба екен деп бұлардың бәрін де өзіне лайықты көрмейді. Соңында Шойынқара бәрін қорытып, оқу оқып маман иесі болуды, білім алуды арман етеді. Ол:

                Байқасам азық та сол, дәулет те сол,

                Лайық адамдыққа сәлет те сол.

               ¦мтылып ілім-білім жемісінен,

               Созатын дер кезім-ау нәубетке қол.

 

               Аттанды қуанышпен Шойынқара,

               Ауылға қайырып сап қойын ғана.

              Жасынан бай үйінде қойшы болған,

              Жетімнің Шойынқара ойын қара,-деп автор кешегі қорлықта жүрген Шойынқараның сана сезімі өсіп, қайырлы қадам басып, мектеп іздеп келешекке ұмтылған, үміт болашақ оқыған жастарға екендігін түсінген Шойынқараны ақын нанымды да сенімді көрсетеді.

             Ақын творчествосынан біздің көретініміз еңбек адамының ойы мен арманын, заманымыздың сезімі мен жүрек сырларын шебер суреттейді. Оның шығармаларының көпшілігі ауыл кедейлерінің ой-арманының, тыныс мен тіршілігінің, бүкіл өмірінің көрінісі сияқты. Яғни ақынның лирикалық кейіпкері – ең алдымен еңбек адамы, жаңа өмірдің, жаңа тұрмыстың белсенді күрескері.

            Қоғамдық жаңа құбылыстар, елді индустрияландыру тақырыбы Асқар поэзиясының жаңа идеялық мазмұны болды. Егер ол бұрын көбінесе ауыл өмірін жырлап келген болса, бертін келе жаңа техника туралы жазған, поэзиялық тамаша образ жасау арқылы, сол жаңа техниканың халық өміріндегі маңызын жырлайды. Оны “Түрксиб түйіскенде” деген өлеңінен аңғаруға болады:

                       Қырдан асып, белді басып,

                       Жолды салған қандай ер?

  • ол қайратты, ол қажырлы,

Қайтпас қайсар – жұмыскер.

Ал, ендеше Қазақстан,

Түйіскенде Түрксиб.

Қалың қайрат ер еңбекпен,

Қаһарлана қайта шық!

        Ақын өз творчествосымен адамзаттың Отанға деген сүйсіпеншілігі, ел патриоттарының ерлік образдарын жасайды, олар табиғатты өзгертіп, өлкемізді гүлдендіріп жатқан қаһармандық еңбегінің даңқын көтереді.

         Ол шынында да сол дәуірдегі ерекше маңызы бар саяси әлеуметтік мәселе – әйел теңдігін де өз жырларына қосты. Әдебиет тұрғысынан асақ, осы кездегі жаңа өмір үшін күресуші, ұнамды кейіпкердің образын жасауды керек ететін үлкен тақырып болатын.    Бұл тақырыпқа Асқар Тоқмағамбетов те өзінің әсерлі шығармаларын әйел теңдігі үшін белсене күресу, қызды қалың малға сатудың озбырлық мәнін ашып көрсетті. Ол кеңес үкіметі азат еткен қазақ әйелдерін саяси-қоғамдық өмірге белсене араласуға, сауат ашып, білім алуға, өз тағдырының қожасы болуға шақырады. Оны осы кезде жазған “Бәтиманың хаты”, “Ағасының жауабы” деген өлеңдерінен байқауға болады.

                      Қабағым қатулы,

                      Жанға дерт батулы.

                      Ата-анам аямай,

                      Тек білді сатуды.

                               . . .

                      Оқиын, білейін,

                      Ойнайын күлейін.

                      Қор болмай тоқал боп,

                      Теңімен жүрейін – деп кешегі қазақ әйелінің басында болған ауыр халды шынайы да ұтымды суреттейді. Бұл шығарма сол кездегі саяси әлеуметтік өмірдің шын пердесін тауып айтқан көкейкесті күй болды. “Бәтиманың хаты” өлеңінде адамдар арасындағы асыл қасиетті нәзік те қарапайым тілмен әдемі жеткізген, бұл сол жылдары бүкіл қазақ қыздарының басындағы ауыр қасірет болатын. Сондай-ақ “Біздің Сәуле” деген өлеңінде ақын күндіктен құтылып, теңдік алған, сауатын ашып, жаңа өмір орнатудың қатардағы қайраткері дәрежесіне жеткен қазақ қызын мақтанышпен жыр етеді. “Сәуле”, “Жас жауынгер” сияқты өлеңдерінде ақын қазақтың халықтық өлеңдерінің үлгісіне, кейін орыс әндерінің өлеңдік дәстүріне сүйенеді.

        Асқар әнге арнап өлең жазған алғашқы қазақ ақындарының бірі және ол қазақ өлеңінің ырғақтық құрылысын жаңарту жөнінде де көп жұмыс жасаған. Әсіресе соғыс жылдарында әнге арнап өлең жазумен көбірек шұғылданады.

            А.Тоқмағамбетов жазған толғаулар мен поэмалар да аз емес. “Қаскелең” (1934), “Бақыт кілті” (1934), “¤мір жолы” (1940) сияқты поэмаларымен қоса “Қуаныш жыры”, “Қады жазу”, “Мұнай бер” т.б. бірнеше толғаулары бар. Бұл шығармаларында автор колхоз өмірін шебер бейнелеп, егін даласындағы еңбек ерлерінің образдарын суреттейді. Бұл шығармалардан  біз колхозшылардың ұнамды және ұнамсыз кейіпте бейнеленген әр алуан образдарды кезедестіреміз. Мәселен колхоз шаруашылығын жаңа ғылыми негізде өркендетуге бар күшін жұмсап жүрген агроном Әлібектің образын ақынның “Агроном көктемі” поэмасынан байқаймыз.

         Асқар поэзиясының мәнділігі оның күделікті өмір талабына сайма-сай келіп отырғандығында. Еңбек майданындағы халықтық қозғалыстар оның творчествосынан кең орын алған. Ол күнделікті өмір талабына өткір саяси лирикамен шапшаң жауап беріп отыратын ақын.

          Отызыншы жылдар біздің халқымыз үшін дүниежүзілік рекордтар мен тамаша жетістіктің жылдары болды. Ол жылдары атақты челюскиншілердің бүкіл әлемді таңқалдырған жорығы жасалды. Чкалов сияқты ержүрек ұшқыштар Солтүстік полюстен ұшып өтіп, елімізде көптеген қаһармандық оқиғалар болып жатты. Кеңес адамдарының дүлей табиғатты игеру жолындағы ерлік істерін бейнелеу кеңес әдебиетінің негізгі тақырыбына айналды. Бұған сол кездегі қазақтың ақын-жазушылары белсене ат салысты. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов сияқты көрнекті жазушыларымыз осы тақырыпқа арнап: С.Мұқанов өзінің “Ақ аю”, Т.Жароков “Күн тіл қатты”, І.Жансүгіров “Жорық”, Ж.Саин “Пилот сыры”, А.Тоқмағамбетов “Советтік маршрут” сияқты шығармалар халықты патриотизмге, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиеледі.

          Соғыс жылдарында фашистік агрессорларды әшкерелемеген, кеңес адамдарының жауға қарсы ерлік күресін жырламаған ақын болған жоқ: Жамбылдың “Ленинградтық өренім”, Байғариннің “Батыр туралы жыр”, Қ.Аманжоловтың “Абдолла”, А.Тоқмағамбетовтың “Ажалды жеңген алыптар” сияқты шығармаларда ерлік дәуірдің екпініне сай үндер басым болды. Міне, осы кезде ақын Асқар соғыс кезінде көптеген шығармалар жазды. Оның тақырыбы – майдан мен тылдың бірлігі, халықтар достығы, соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы күресі. Ақын халықаралық тақырыпқа арнап “Берлин көшесінде”, “Испания”, “Қараңғы түнде”, “Рейн жағасында” сияқты бірнеше шығармалар әкелді. “Берлин көшесінде” — ақын көркемдік теңеулер арқылы екі дүниенің суреттерін береді. Поэмадағы ананың балаға деген мейірімі, оны аман сақтап қалуға тырысқан әрекеттер шебер көрсетіледі. Бұл поэманың формасы мен стилі жөнінде толып жатқан дұрыс пікірлер айтылды. Жазушы Сәбит Мұқанов: “Бұл поэма сол кездегі халықаралық ақырыпқа жазылған елеулі шығарма еді. Онда ақынның Маяковскийден, Демьян Бедныйдан шебер үйренгендігі байқалады. Автор жоғарыдағы шығармаларында халықаралық жұмысшы қозғалысының көріністерін, езілген бұхара халықтың ауыр халін шынайы да дұрыс көрсете білді.”

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

2.1 А.Тоқмағамбетов – сатирик ақын

 

          Асқар Тоқмағамбетов творчествосындағы негізгі орын алатын жанр бұл – сатира. Сатира Асқар ақындығының биік шыңы десе де болады. Жұртшылық Асқарды сатирик фельетонист ретінде жоғары бағалайды. Салтыков-Шедриннің, Чеховтың, Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, сондай-ақ, Абайдың, С.Дөнентаевтың, С.Торайғыровтың, І.Жансүгіровтың, Б.Майлиннің сатиралық тақырыпқа жазылған шығармаларынан үйрене отырып, Асқар Тоқмағамбетов әдебиетімізді толып жатқан тамаша сатиралық шығармалармен толықтырды. Автордың сонау 1928 жылы “Күлкі сықақ” жинағынан бастап, күні бүгінгі күнге дейін бұл тақырыпты өз творчествосында дамытып келді.

          Орыстың атақты жазушысы Н.В.Гоголь: “халқымды қатты қадірлегендіктен де, оның даңқына дақ түсіер құбылыстарды аяусыз әшкерелегім келеді” депті. Міне мұнан Асқар сықақшылдығы еліміздің өсуіне тосқауыл болар жарамсыз жайларды өткір сатирамен оған қарсы соққы берді. Оны ақынның “Тәйірі бұда қылмыс болып па?”, “Қылтың, сылтың” фельетондарында колхоз меншігін талан-таражға салушыларға, арамтамақтарға қарсы батыл үн көтерді.*

          “Қошқары қоздап, айғыры құлындағандар”, “Тығынбаев Тығындайды да, Қалдашбаев мығымдайды”, “Құлқындастар”, “Қара бесті қайда?” т.б. фельетондарында ауылшаруашылық артелінің уставын бұрмалаушыларды, адал еңбек етушілердің есебінен күн көрушілерді әшкерелейді. Асқардың сатиралық творчествосында бюрократтар мен арамтамақтардың бүтін бір галлереясы жасалған.

¦лы Отан соғысы жылдарында жазылған фельетондарында ақын халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Соғыс жылдарында “Дондағы доңыздар”, “Қыл көпірдің үстінде”, “Шалбарға шабуыл”, “Арыстанға еліктеген мысық”, “Қорқаулар комедиясы”-саяси памфлеттер жариялап, неміс басқыншыларының қатыгездігін әшкерелеп отырды.

          Асқардың сол кездегі фельетондары досымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндіріп отырарлықтай болды. Отанымызға жақындап келе жатқан неміс офицерлерінің жексұрын кейпін, азғындығын, адамгершілік ардан жұрдай болған қанішерлігін ақын былай сықақтайды:

                                     Біртелеп зырғып шығысқа келеміз.

                                     Мылтықтың аузы қылышта келеміз.

                                     Солдатымызды қойша қырып та келеміз.

                                     ‡сініп, тоңып суықтан да өлеміз.

                                     Арыған етті, бит жеп те келеміз.

                                     Амал не, шыдап көніп-ақ келеміз.

Мұнда ақын азып, тозған неміс фашистерінің  сырқы сиқы қандай болса, ішкі дүниелерінің де соған ұқсастығын көз алдымызға елестетеді.

          Қазақ әдебиетіндегі мысал памфле жанрын дамытуда Асқар Тоқмағамбетов ерекше роль атқарған. Оның “Алма ағаш пен шырмауық”, “Мияу мен леп”, “Мысық пен тышқан” сияқты шығармаларын жанрдың сатирлық әдістерін ұтуға қосылған зор үлес деп айтуға тұрарлық. Асқардың мысалдарының ерекшелігі – ойдың жалаң дидактика түрінде берілмей, айтылмақ болған ақыл-өнегенің оқиға желісінен, сюжеттің дамуынан туып отырады. Автордың не айтпақшы болғанын оқушы шығарманың мазмұнынан-ақ оп-оңай ұға қояды.

          Қазақ әдебиетінің дамуына Асқар прозада да өзінің қабілеті бар жазушы екендігін танытты. Оның “Диқан сыры”, “Төрт жыл, төрт сағат”, “Әке мен бала”, сияқты шығармалары оқушы жұртшылықтың жылы лебізіне ие болды. Біз Асқар Тоқмағамбетовты прозаик ақын ретінде де таныдық. Қазақ жазушыларының үлкен отряды қатарында Асқардың алатын орны зор. Қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, шебер ақын, сатирик фелетонист ретінде кеңінен танылған ақын.

Асқар Тоқмағамбетов бүкіл өмір жолын, кіммен кездесті, кімнен тәрбие алды, бәрін-бәрін хатқа тізіп жазыпты: “Бірінші жазған өлеңімді “Еңбекші қазақ” газетіне жариялап, алғаш баспасөз бетіне шығарған Сәбит Мұқанов болатын. Қазақтың “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” дегеніндей Сәбитті жақсы көретінім сол болу керек.

          Міне сол бірінші өлеңім басылған газетті алып әкеме барғанымда жылап жібередей болып:

  • Сәбит көп жасап, бала-шағасының рахатын көрсін, менің көзімнің тірісінде өлеңді басып, бүкіл қазақ халқына таныстырды сені. Енді өлсем арманым жоқ, деген еді. Сәбең, алдына бара қалсам:
  • Айналайын, Асқаржан, қашан келдің, әкелген өлеңің бар ма?-деп аңқылдап қарсы алатын.”* (2.45.)

А.Тоқмағамбетовтың “Жыр күмбезі” (1969-1973 ж.ж.), “Қарбаласта” сияқты романдары, бірнеше очерк, естеліктері жазғаны белгілі. Бірақ біз Асқар Тоқмағамбетовтыірі суреткер ақын, қазақ сатирасының сардары деп танимыз. Оның бар жанымен ағылып-төгіліп жазған қаншама лирикалық өлеңдері, уытты, отты, ұшқыр да ұтқыр сын-сықақтары, поэмалары мен мысадары бар. Шындығына келсек, Асқар шығармашылығы сан қырлы. Бұл – кесек, ірі, кемел қаламагерлерде ғана болатын қасиет. Асқар — өз өмірінде баяндаудан суреткерлікке дейін, термелеп айтудан толғап жырлауға дейін биік көтерілген ақын.

                      Тебіренген ойдың түбі

                                           терең жатсын,

                       Әр шумақ өзіне сай

                                            теңеу тапсын.

                      ¦йқастары ұйқы-тұйқы

                                             бола салмай,

                       Әр ырғақ өз орнында

                                              бебеу қақсын,-

деп  жырласа,  біз  де  ақынмен  бірге  от  боп тұтанып, шалқып-тасып шыға келетіндейміз. Ақынның өлеңні  ішкі-сыртқы  қыр-сырын  сонау  кезден-ақ жетік меңгерген, оның асыл қасиетін соншама нәзік түсінген. Сол себептен де ақынның лирикалық өлеңдері ойлы да отты, терең де тегеурінді келеді. Біз ақынның осындай тамаша жарларының қатарына “Күнің түссе біреуге”, “Бір ақынға”, “Көңіл күйі”, “Нартай ақын”, “Сұлутөр”, “Көктем” сияқты лирикалық өлеңдерін жатқызар едік.

          Ақынның адам мінезін суреттейтін, әсіресе өркөкірек, тәкаппар жандар жайлы жазған отты да өткір: 

                                “Мен!”, “Мен!” деп қақпа төсіңді,

                                Менмендік жатыр қасыңда.

                                “Мен!” бастап кетсе көшіңді,

                                Ешкім де қалмас қасыңда,-*(9.15.)

деген жолдары кез-келген жанды да тәубасына келтіретіндей.

                                Күпі киген қазақтың

                                                        қара өлеңін,

                                Шекпен жауып өзіне

                                                         Қайтарамын,-

деп ақын Мұқағали жырлағандай, Асқар да өз халқының төл қазынасын жан-жүрегінен  өткізе  қайтарады.  Мәселе   қалай   толғауында,  қалай айта білуінде жатыр ғой. Көптен, халықтан ешкім де биік емес. Біреуді ала, біреуді құла көтеруге, мансабына қарай қоғадай жапырылуға тиісті емеспіз. Сондықтан жұрт алдында кісі болайық, кіші болайық, тәкаппарлықтан, менмендіктен сақтасын! Ақын осы орайда бізге, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, бағасы келмейтін, құны күн өткен сайын артып отыратын тамаша дүниелер қадырып кетті.

          Асқар Тоқмағамбетов халқымыздың игі жақсыларымен, дос-туыстарымен кездескен, көрген-білгендерін қағаз бетіне дер кезінде түсіріп отырыпты.  Ол Мұхтар Әуезов жайлы: “Мұхаң сөзге шешен кісі еді, әсіресе, шабыты келгенде, сөзін тыңдайтын адамын тапқанда ақиық бүркіттей қомданатын, шалықтап тартатын. Тыңдағанды шаршатпайтын, жалықтырмайты. Сымбатты, бет-әлпеті жақсылық үшін жаратылғандай жайдары кісі еді”, десе, дәл осы сөзін өлеңмен толғайды:

                                Мұзбалақ тегеурінді мұқалмаған,

                                Қаймағы асыл сөздің жұқармаған.

                                Қазына халыққа арналған тұрған бойы,

                                Ашылған алтын сандық Мұхаң маған.

          Ақын жайлы Ғабит Мүсірепов те қалам тартыпты: “Отыз жылдық үлкен дәуірдің ішінде болған қоғамдық ұлы өзгерістердің бәріне де үн қосып отырған Асқар ақынымыздың осы жағынан  едәуір  ойланатыны  бар.   Қара  дүрсінділікке  көбірек  ұшырап  жататын  ақын-жазушылардың аз  еместігін  еске  алсақ,  бұл  ескертудің ешкімге зияны жоқ. Асқар өлеңдері Абай қойған талапқа сай,  жүрекке жылы, тегіс те жұмыр, жатық келеді. Мысалы:

                               Қалыпты қаз да келіп, қу да келіп,

                               ‡йрек жүр көлеңкесін суда керіп.

                               Шұбырып үйір-үйір қырдың әні,

                               Теңізге келіп жатыр мыңдап өріп.* (11. 55.)

Шындап зер салсақ, ақындарымыз үшін Асқардан үйренетін көп нәрселер бар екенін төрт жол өлеңдерінен-ақ аңдауға болады”,-деп Ғ.Мүсірепов Асқардың өлеңіне әдемі талдау жасайды.

Жаны жомарт, көкірегі шуақ А.Тоқмағамбетов аққудай таза, қырандай  алғыр  С.Сейфуллин жайында “Ақын тағдыры” атты ғажайып поэма жазып,  үлкен талантқа  жақсы  ескерткіш соғыпты. Поэма бастан-аяқ әдемі, өрнекті сөзбен, терең толғаммен, айшықты суретпен өрнектелген:

                        Дабылын жаңа тапқан дауыл ұйқас,

                        Басылып тына қалды бәрі бір пәс.

                        Шумақтар шарт үзілді аркауынан,

                        ‡стіне ойда жоқта түсті зіл тас,-

деп Ақын толғағандай, іштей тебіреніп өлеңін жазып жүрген ақынды “халық жауы” деп табанынан жерге тигізбей алды да кетті. Сәкенмен бірге қаншама арман, қаншама парасат, қаншама асы қасиет кетті десеңізші? Ақын осы айтылғандардың бәрін де келістіріп суреттеп, төгілдіріп толғайды.

          Асқар Тоқмағамбетовтың төрт томдық шығармалар жинағына алғы сөз жазған Ә.Тәжібаев: “Поэма түп-түгел, басынан аяғына дейін тұтанып жарылатын сезімнен, ызалы ой, серпінді арман-қиялдан жаралған. Бұл – поэзиялық тыныс жағынан Қасымның “Абдолласымен” өрелес шығарма. Мұнда да оқушыны еріксіз ұшырып отыратын монологтар бар. Сәкенін әздеген ана көкірегінің тілі мен көзі бізге бәрін естіртіп, бәрін көрсетеді”,-деп ағынан жарылады.

          Бір кездері ұлы жазушы Мұхтар Әуезов Асқардың шығармашылығына сүйсініп: “Қырғи тілді Асқар” деп жоғары бағаласа, А.Тоқмағамбетовтың өміршең поэзиясы сол қарқынынан әлі де төмендеген жоқ, қазақ өлең-жырының бір асқар белі боп мәңгі жасай бермекші.

          “Сол “Еңбекшіні” еміп өскен Асқар Тоқмағамбет баласы бертін келе Мұхтар Әуезовтің көзіне түсіп, “қазақтың қырғи тілді ақыны атанды. Елінің сый-құрметіне бөленді. Мұхтар, Сәбит, Ғабит деп басталатын қысқа тізімнің жуан ортасынан орын алды.” Асқар есімі “ақын” сөзінің баламасына айналды. Ауылдағы бір ағамыздың:Асқар бізде де бар, бірақ ол Тоқмағамбетов емес!” деген сөзі осындайда еске түседі. Асқар аға әңгіменіңмайын тамызушы еді. Ондайда ауызымызды аңтарыла ашып, құлағымызды түре түсетінбіз.Толарсақтан саз кешкен, үміт орнынабаз кешкен балаң  боздың ел газеті- Еңбекші қазақтың есігін қара күзде қалай ашқанының өзі тыңдаушысын тамсандырып бітетін. Айта берсе екен дейтінбіз. Айта беретін. Айта берген сайын сол “Еңбекші қазақта” еңбек еткен ұлы ағаларымыздың кескін-келбеттері көз алдымызда көлбеңдеп тұра қалатын. Кенет қара сөзді қаңтарып қойып: “Ақ құба, қызыл шырай, жас өңдіден, қазақта көрдім тұңғыш Сәкенді мен. Сұлу мұрт, сұңғақбойлы, мүсін тұлға, ақыннан алдым алғаш әсерлі дем”, деп өлеңдетежөнелгенде демімізді ішке тартатынбыз. “Бізнеге солСәкен ағайдай емеспіз?!” деп артынша айнаға қарайтынбыз. Қараған тұста-ақ өзімізден өзіміз қашып құтылуға асығатынбыз. Асығатынымыз: түріміз түкке тұрмайды. Асекең де түрі келісті кісі болғандықтан да: “Кең маңдай, жүзі жайсаң, момын мұрын, ақынның ақ сарысы, сөзі-шырын”, деп өзімізше ұйқастыра салатынбыз.

          Өзіне деген осыншалық інілік ілтипатымызды аңғаратын ағамыз бізді қорашсынбай, бірде беделі биік Бейімбеттің “Мырқымбайын” жатқа соқса, енді бірде сол Бейімбеттің өзін сөзге қосып: “Міне сол ел сүйетін Бейімбетті, ұстазым боларына көзім жетті. Өйткені: “Қаламның желі бар” деп, “Дүлейлі өлең сөздің дарыны еді. Дауысы Гималайға барып еді. Сол ақын Жансүгіров Ілиястың, көшеде жүрген ізі қалып еді”, деген сөздері де әлі күнге дейін құлағымда. “Басқадан түсі бөтен, көші бөтен, бір қара өлең жазып отыр  екен. Байқасам, осы күнгі Қалмақанның, ол кезде редактордың көшірі екен”, деп бізді біраз күлдіріп алып: “Жастан-ақ құмар едік  ән-жырға,  ән  тапсақ,  құлақ құрышын қандырғанбыз. Сондағы арық бала, газет сатқыш, боп шықты қазіргі ақын Әбілдамыз”, дегені де есімде.

          Кейін Әбілда аға Тәжібаевқа Асекеңнің сол әңгімесін айтқанымда: “Иә, тап солай. Қалқаман Әбдіқадіров ағаларың көшір болса, мен: “Бүгінгі газет тамаша, оқысаң ойдан кетпейді. Тезірек сатып алмасаң, таусылып қалады, жетпейді”, депкөше-көшені басыма көтеретінмін”, деп рахаттана күлгені бар.

          Ауылымыз іргелес болғандықтан ба екен, кім білсін, Асқар ағаны бала кезден жаттап өстік. Әлі “Әліппені” айналсоқтап жүргенімізге қарамай: “Атыссақ құртамыз, шабыссақ қырқамыз. Біздің салтымыз сол, жауға қояр шартымыз сол. Оқ десе оққа тұрамыз, зеңбірек допқа тұрамыз. Қашаннан салтымыз сол, халықпыз даңқымыз зор!” деп кеудемізді соққылап, азғантай ауылдың аялдай клубына жиналғандардың жігерлерін құшырлана қайрап жататынбыз. “Бір, екі,үш… жастар алып күш. Отан қорғау жолында, сендер алға түс!” деп екі аяқты аямай кезек басып, сахнаның шаңын шығарғанда көнетоз көн етігіміздің “аузы” ашылып, шұлғауымыздың сыртқа шығып қалғанын да сезбейтінбіз.

          Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталуына қарағанда, Асекең кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан тәрізді. Бірақ, қашан барған, қашан қайтқан, одан ешкімнің хабары жоқ. Неге екені белгісіз, ол жағын энциклопедиялық анықтамалықтар да айналып өте шығады. Ал жазғандарына қарап білетініміз-Асқар Тоқмағамбетов туа сала ту ұстап, Отан үшін от кешкен жауынгер. Өзгені өзі болып сөйлетеді, өзгені өзі болып ел қорғауға үйретеді. Үлгісі бар үгітші, намысы бар насихатшы. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтында оқып жүргенде: “Қорғағаным өз табым, өзімде ерік. Армияға жазылдым өзім келіп. Қызыл әскер тобына кіргеніме, мың шүкіршілік етемін сөзім беріп”, деп жазуы соның дәлелі. Ал қай өлеңінде де қайтпас қайсар жауынгер боп көрінетін Асекең: “Чемберленді шекесінен, Чан Кай-шиді кесесінен, Муссолиниді мөнтеңдеп, туғандай қып шешесінен. Жанзалинді жалтаңдатып, айрылғандай көкесінен. Бастыратын шамасы бар, шауып өтіп төтесінен. Бұлар кімдер?- Қызыл әскер.  Қызыл әскер –біздің”, деп жазғанда бар-жоғы жиырма екі жаста екен. Бұл оның “Еңбекші Қазақтың” есігін енді-енді ашып жүрген кезі. Алған терең білімі де жоқ. Бірақ: “Өлең, сықақ, фельетон жазуды да тұңғыш рет осы газеттен үйреніп, оларды осы газет арқылы жариялап отырдым”, деп өзі жазғандай ол бар білімді сол “Еңбекші қазақтан” ала білді. “Еңбекші қазақ” ол жылдарда Чан Кай-шиді де, Муссолиниді де еңселете соғып жататын. “Еңбекші қазақ” не айтса, Асқар есімді жас ақын да өлеңдете соны айтты. Жаңылысқан жоқ ,ақырын жүріп, анық басқан сырдариялық ақын жырдарияның жағасынан бір-ақ шықты. *

          Кешегі өткен сұрапыл соғыс жылдарында ел басына төнген қатер Асқар ақынның да басына төнгендей еді. Сондықтан да ол жырымен жігер жаныған, айтқаны елге дарыған Жамбыл жыраудың жанынан табылуға тырысты. Қаһарға мінген қарт Жамбыл ленинградтықөрендерін қоршауда қалған қастерлі қаланы қалың жаудан қасық қандары қалғанша қорғауға шақырса, өлең-жырын асынған Асқар “еңку-еңку жер шалып,егеулі найза қолға алып, ер атына мінген жер”- Құлсары мен Мақат аралығын маңдай терлерімен суғарған мұнайшылар өршіл өлеңмен үндеу хат жолдады. “Самғай ұшқан самалет, көкала көкті кескілеп, қос қанаты көк тіреп, көкірегін керсін десеңдер”… “Табаны тасты тасқа ұрып, танктер өрсін десеңдер, мылжалап басын бастырып, фашистер өлсін десеңдер”….. “Көбігін көкшіл көмкеріп, толқынның тоқсан төңкеріп, терісін тіле теңіздің, пароход жүзсін десеңдер”… “Аязды түнде аялап, бесікке белі бүгілген, түн ұйқысын төрт бөліп “Құлыным!” деп жүгірген, мейірімді жүрек ананың, түлегі келсін десеңдер”… “Жазғы түнде жүріскен, жүректің лүпіл соқанын, жұлдыздар ғана біліскен, бетіне бетін тигізіп, шын жүрекпен сүйіскен, сүйіктілер сүйгенін, қайта көрсін десеңдер”… “Көтеріп туын жеңістің, абырой, даңқ, атақпен, балаларың әндетіп, елге жетсін десеңдер”…” Жауды құрттық!” дегенді, ел боп айтсын десеңдер, елмен бірге қосыла, бар күш айтсын десеңдер”… “Мұнайшылар мұнай бер! Соны сізден сұрайды ел!” деп келетін ғажап тебіреніске толы үндеу хатты бүгін де толқымай оқу мүмкін емес. Ер Махамбет қалай толғанса, Асқар ақын да солай толғанады. Махамбет айдыны мол Атырау алқабын: “Жатып қалған тайлағы жардай атан болған жер. Жабағалы тоқтысы қой болып, қора толған жер”, деп емірене жырласа, Асқар: “Жебелі садақ желпіне, сағымды сапқа тұрғызған, жұлдызды көктен жұлғызған, Ер Исатай туған жер. Көк сүңгісін көкке атса, көбелей көкті түйреген, түйреген жері күйреген, Ер Махамбет тұрған жер”, деп кезінде киелі жердің иесіне айналған аруақты бабаларды Ембі мұнайшыларының алдында көлденең тарты. Ақын арғы атақты бабаларына тартқан олардың намысты қолдан бермейтін бірбеткейліктеріне сенді. 1913-1916 жылдары патша үкіметі алдына саяси-экономикалық талап қоя көтеріліске шыққан да солар болатын. Ақыры жүйелі сөзиесін тапты. Мұнай өндіру ісі ерекше қарқын алды. Сол жылдары КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл туының Ембі мұнайшыларына әлденеше рет тапсырылғанын ескерсек, ақын Асқар аузынан шыққан сөздің көкірегі ояу, ойы озық мұнайшыларға қаншалықты әсер еткенін сезіну қиын емес.Бір сөзбен айтар болсақ, ұлы жырау Жамбылдың “Ленинградтық өрендерімі” Отан қорғау ісіне қандай үлес қосқан болса, Асқардың “Мұнайшылар, мұнай бері” қосқан үлесте тап сондай.

          Бірі баласын, бірі ағасын, енді бірі құдай қосқан қосағын зарыға күткен заман еді ол. Кейде ми қайнатқан шілденің өзі бет қарыған қаңтардан да әрі көрінетін. Көңілдерін кір баспаған, маңдайларын мұң баспаған кісіні кездестірудің өзі қиынға түсетін. Солардың барлығы да пошташының қабағын бағатын. Ол байғұстың да жүгі жеңіл болмайтын. Жеңіл болмайтыны: сарғайта, сағындыра жететін қоңырқай хат-хабарлардың арасында кейде қан құстырар қара қағаздарда жүретін. Бұлай дегенде мен ел еңсесін түсірген сол сұрғылт кезеңде де Асқар ақынның асқар таудай биіктен көріне білетіндігін айтқалы отырмын. Егер Асқар Тоқмағамбетов үзілуге айналған үміттерді жалғап,суына бастаған жүректерді жылытуға жарамаған болса, бұлай деуге менің батылым бармаған болар еді. “Қиылып қасың, төгіліпшашың отырсаң ойнап,жан. Жайнаған гүлдей, сәулелі күндей, ұмытар кім бар сізді” деп ауыл-ауылды әнге бөлемегенкім бар, айтыңыздаршы? Ия, бұл өлең жолдары орыстың “Застольная” әнінің әуенімен айтылатын. Жыл бұрын “Мұнай бер!” деп мұнайшыларға хат жолдаған Асқар енді “Сүйген жарға” деп сұрапыл соғыс өтінде өртеніп жүргендер атынан хат жазып отыр. Жай жазу емес, жақсылықтың жалауын желбірете жазып отыр. “Сен үшін жаным, төгілсе қаным, ризамын оған. Қорғайтын елді, кең байтақ жерді, ұмытар кім бар бізді”, дейді. Керемет емес пе? Әрі қарай: “Жасаймыз сайран, болады мейрам, күн жақын оған,жан. Туады күндер, тағатын гүлдер, күте бер жеңіспен бізді” . Тағы да салыстырмалы түрде айтар болсақ, Асекеңнің осы ән-өлеңі орыстың сол тұстағы “Қараңғы түн. Тек қана зулайды маңайда оқ” депкелетін ән-өлеңнен бірде кем түспейтін.”* (1.3)

          Соғыстан әлдеқайда  бұрын жазған “Батиманың хатында” да Асекең нәзік жандардың жанынан табылды. Бұл — жас жүрегін жылатқан, тоқалдықпен таңы атқан қорғансыз қыздың зары еді. Хаттың халық ойын оятқан соншалық, кейін Әбділда Тәжібаев: “Асқар қаламынан шыққан “Бәтиманың хаты” өз тұсында “Татьянаның хатындай” қабылданса, бүгін де көркемдік құндылығын жойған жоқ”, деп жазды. “Сен ағай, күткенім, тіземді бүкпедім. Зарымды, мұңымды хатқа сап бүктедім”,деп еңіреген Бәтиманы: “Талайсыз, бақсыз мен сорлы,еріксіз аттанып ұяттан, қорлыққа көндім бұл құрлы,байқалар халім бұл хаттан”,деп егілген Татьянадан бөлектеу шынында да қиын еді. Бұл-орыстың Пушкині қазақтың Абай арқылы ауылдағы ақын “бала” Асқардың жаны мен тәнін түгел жайлап үлгеріп еді деген сөз.

          Елі не көрсе Асқар ақын да соны көрді, соны жазды, соны жырлады. Бірде: “Бұлшық еттер бұл майданда, бұл майдандаойнады. Солқылдап соққан балға, тауды еркіне қоймады. Асқақтаған Алатаудың, бұйрат бойын бойлады. Нелер шоқы, терең құздың, бірі тоқтау болмады”, деп Түркістан-Сібір темір жолын салушылардың ерен еңбектерін ереуілдете жырға қосса, енді бірде: “Жан жүріп, жан ұшпаған, жан баспаған асуды адам түгіл, аң баспаған, тағысын табиғаттың” табындырып,арасын екі дүние жалғастырған” Чкалов, Байдуков, Беляков сынды қаһарман ұшқыштардың еркіктерін емірене елге жайды. Ұлы Ленин, Ұлы Октябрь, Ұлы Отан, Ұлы Жеңіс деген сияқты сүрлеуі жеткен тақырыптарды да ұмытқан емес. Мұнысы үшін оған бүгінгілердің орден тақпайтыны анық, әрине. Әйтсе де күл шаша алмайсың. Күл шаша алмайтының: кешегі күніміз-кешегі су ішкенқұдығымыз. Түкіре алмайсың. Түкірсең өзіңе түкіргенің. Сенімді серігі еткен ел жауды да жеңген, дауды да жеңген. Сенім “жылаған” күні Кеңес үкіметі де құлаған. Мұны ұмытуға болмайды. Сенімі жоқтың өмірі жоқ.

          Асқар күнгейімізге қоса көлеңкелі жақтарымызды да күн тәртібінен түсірмеген ақын. Ақынды атақты еткен де ең алдымен оның сықақтары, фельетондары мен мысалдары дер едім. Оның сықақшылдығы-оның отаншылдығы еді. Сол отаншыл ақын “түнімен ұйықтап, түсте тұратын, кейде сағат үште тұратын” желіккен жеңгейлерден “дейді екендер дейді екендерге” дейінгі аралықтағы тірлігі терістердің бірін де “тірі” қалдырғанемес. Сонысы үшін арғы-бергі таныс-білістері де, кейде тіпті министр де одан ығатын. “Денсаулық министрі Қамырбаев, қағазын күндегіден қалың жайып, отырған бір кез еді, жалғыз ғана өзі еді”, деп ауызды алысқа салатын сатира сардарынан ықпай көріңіз.

          Асекең ірі ақындығына қоса парасатты прозик, дарынды драматург те болатын. Аударма саласындағы еңбегі де елеулі еді. Сол қара сөздегі ең шоқтығы биік шығармасы “Жыр күмбезі” дер едім. Роман, аты айтып тұрғандай, Сыр елінің сүлейі, жасымас жырдың дүлейі Базар жыраудың өлмес өміріне арналды. “Дүниеден өмір бітіп, өтсем де өзім, аралап жердің жүзін жүрер сөзім. “Көре алмай кейінгіні кеттім-ау” деп, арманда болмай-ақ қой екі көзім”, деген Базардың бүкіл болмысына бойлап бару тек Асқар сияқты ақынның ғана қолынан келетін еді. Асқардан басқа ешкімде: “Зар еңіреп қызың менен ұлың келді, бізбен бірге зар жылап жырың келді. Бір сүйе алмай бетіңнен туған-туыс, Базар ақын, өлгенің шының ба еді?” деп ел-жұртын жылата алмас еді.

          Асқар кімді жазса да, нені жазса да барынша беріле, барынша төгіле жазды. Жадыға әл бітірді,жансызға жан бітірді. Жай нәрсеніңөзін жасандыра, жайната білетін. “Құйыла ақын төгілдіріп, үстін-үстінсияң кеппей. Жақсы өлеңдер жамырасын, қалатын боп естен кетпей”, дейтіні сондықтан болатын. “Суда өнеді, суда тұрып піседі. Су тазасын талғай жұтып ішеді. Жасылқияқ жамыратып шашағын, күнді сүйіп, күнге ашады құшағын. Сылап-сипап, талдап бойын тараса, қас қақтырмай қабағына қараса, құпырады, түрленеді, түлейді, бабын білер мейірімді қол тілейді. Дән қорегін күн нұрынан жияды. Әлсін-әлсін нәріне су құяды. Талбойына су маржанын түзеді, алтын қияқ су бетінде жүзеді”, деп Сыр маржаны — ақ күрішті аңсап күткен аяулысындай әлпештеп, әдемілеп әнге қосуға асығатыны да сондықтан-ды. “Неге сұлу? Неге мұнша қымбатты? Бұл сұрақта мынадай бір сыр жатты”, деп әрі қарай тағы құйындатар еді: “Өйткені оның сұлу шашын тараған, өйткені оның қабағына,қияғына асыл дәнді жиғызған, ақ себеттен астық тауын тұрғызған, еңбек ері, іске шебер ұл, қыз бар, төсінде алтын жарқылдаған жұлдыздар!”. Бұл-Асқар ақынның қолы күстен жарылған, өні күрен түстенген Сыр қазағына деген, туған ел, туған жерге деген көкірегін күңіренткен, жаны жүрегін тебіренткен оттан ыстық махаббаты еді.

          Шынын айтқанда, күрішті кәрістен артық ешкім екпейді, бірақ Сыр қазағының күрішіне күріш жетпейді. Олай болатыны: кезінде алты Алаштың анасы, Тұранның жасыл жағасы болған Сыр жерінің құнарлы басқа. “Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке азаматта ел жеткен бе?!” деп Мағжан ақын бекер айтпаған ғой.  “Ертеде Оқыс, Яксарт-Жейхун, Сейхун, түріктер бұл екеуін дария дейтің. Киелі сол екі су жағасында табасын қасиетті бабаң бейітін”, деген де Мағжан. Сол кезінде киелі жердің иесі болған батыр да дана бабаларымыздың басы жатқан жерде: “Алашым!” деп аһ ұрған Асқар ақын да жатыр. Құдайға шүкір, арты жақсы. Ел болып, еңсе көтердік. Қуанышымыз көкке жетерлік.  Асекең мен Асекеңнің ардақты ағаларының басын қосып, атақ-даңқтарын байтаққа жайған баяғы “Еңбекші қазақ” та біраз жыл “Социалистік Қазақстан” боп “салтанат” құрып барып қайта қалпына келген. Ол қазір  еркіндігіміздің төл құжатындай “Егемен Қазақстан” деп аталады. Қызылорданың газеті де солай: “Ленин жолы” емес, “Сыр бойы”. Ең бастасы-қаймағы бұзыла жаздаған қазақы қалпымыз бен ата салтымыз қайта оралды. Құт дарыған өңірдің өнегелі басшысы Икрам Адырбекұлы, “Бармын деген оңалар, жоқпын деген жоғалар” дегендей, нарықты кәдімгі қазақы қалыпқа жеңдіріп, ақын ағасына 100 жылдығына арнап дүйім елге той жасап, аламандата ат шаптырғалы жатса, бұл соның айғағы” деп жазады жазушы Т.Тобағабыл. * (1.3)      

          ¤міріміздің , тұрмысымыздың сәніне қылықтары теріс келіп қалатын тоғышар атаулыны бастан сипап, арқадан қағып отырып та сілтейтін немесе жақтан осып, желкеден түйіп те сілтейтін мінезі бар. Бірер мысал келтірсек:

  • Сіз колохоздың кімі боласы?
  • Бастығының бірі боламыз!
  • Егіске қалайсыз?
  • Несін сұрайсыз?
  • Дайындығыңыз қалай?
  • Дайындығымыз сондай?

Лап десе, тап бергелі тұрмыз,

Соқаға шап бергелі тұрмыз,

Көлікті жиыстырып жатырмыз,

Бағуға ұйыстырып жатырмыз…

Арықты қазғалы жатырмыз,

Рапортты жазғалы жатырмыз,

Ремонтты бастағалы отырмыз,

Жарамсызын тастағалы отырмыз…*(8.36.)

-деп лепірген бастық (“Мылжыңның бет-аузы”, 1932) ақырында ешбір жұмыстың жігін таба алмаған жетесіз бейшара боп шығады. Ал, жігіттің бар-жоқ сәні мен мәні сақал-мұртында деп ойлайтын, сақал-мұртынан ертелі-кеш қолы кетпейтін сылқымсымақтар Асекеңнен мынадай енші алады:

                     Сөйтіп біздің Қозыбақ

                     Оны көрсе – оған сақ,

                     Мұны көрсе – бұған сақ,

                     Бір күндері бакенбарды жасатты,

                     Екі самайды әкеліп аузына асатты.

                    Самай шаш салбырап түсіп кетті,

                    Танау астындағы мұрт ұшып кетті…

          Бұл екі үзінді Асқар – сатириктің аяқ алысын бірден аңғартады. “Лап десе, тап бергелі тұрмыз, соқаға шап бергелі тұрмыз” сияқты бірде астарлы, бірде ашық келеке күлкі ақынның творчествосына әуел бастан-ақ тән болатын. Стиль дегенімізіді, яғни жазу мәнері мен өрнегін танытып беретін.

          А.Тоқмағамбетовтың алғашық сықақа өлеңдерінің бірі – “Тоқалдың назында”:

  • Ей, немене, қабағыңды түйіп,

Кеткендей дүниең күйіп?

Көп сандалмай бер жылдам,

Көжең болса құйып!

деп салатын ашық әжуалы сықақта тоқалдың жұмысқа қыры жоқтығы, бірақ, солай бола тұра, “елдің әйелдерінше” әсем киінгісі келетіні шебер сыналады. Тоқалдың сиқы оның өз аузынан шыққан:

  • Тамақтан басқа нем бар?

Тамақтан табатын сен бар!

Киім-тамақ таппасаң,

Екі қаында нең бар?!

-деген сөздермен ашып айтылады. ¤леңді оқығанда сатира уытына, шындықты келекелеген шымырлыққа кездесеміз. А.Тоқмағамбетовте тоқпақпен ұрып тастайтын қаһарлы күлкі де кездеседі. Оның қаһарлы сатирасы капитал дүниесіндегі “достарына” бағышталған. Халықаралық тақырыпқа қаламды жиі сілтеп келе жатқан сатирик ақын капиталистік түнектің қара пиғыл әрекеттерін, доллар емген арсыздық қаракетін, қанаушылық зұлымдықтары, пайдакүнемділік, озбырлық, екіжүзділік және басқа толып жатқан мерезедрін сатира семсерімен осқылап, айдай әлемге әшкерелеп береді. А.Тқмағамбетовтың бұл саладағы сан алуан саналы туындыларының төлбасы “Берлин көшесінде” деп аталған өлең-памфлет еді. Бұл өлеңде тыныс тарылтқан сұрғылт сурет, сұмдық көріністерін ғана емес, оларға қарсы қимыл-әрекет те бар, сатирик А.Тоқмағамбетовке тән оптимистік өршіл үн бар: ашынған ана үні, жұмысшылар үні, революцияның жеңімпаз күшіне, жарқын келешекке берік сенімді үн.

Ақынның сықақ өлеңдері көркемдік жағынан ақсап жатады, тым тік айтатыны болады. Сатирик өлеңдерінің, әсіресе халықаралық өлең-фельетондарының бастапқы уытын сөз соңында әлсіретіп жіберетін кездері де кездеседі. Бұл ертеректегі туындыларынан ұшырасады. Әдебиетіміздің бүгінгі өрісіне лайық шеберлікті жазу стилі сонау 20-30 жылдары қалыптасқан А.Тоқмағамбетовтен талап етуіміз қиын болар. Ол бойындағы табиғи дарынын өз төтесінен дамытып өскен, көп уақытын, көп күш-қуатын қарбалас кезеңдердің қиындығына беріп өскен халықтық ақын, халықтық талант.

          А.Тоқмағамбетовтің әзіл-сықақ өлеңдерінде, мысалдарында, әңгімелерінде сәнді күлкі, мәнді күлкі, суретті күлкі, яғни құдіретті күлкі ересен. Сатириктің су төгілмес жорғадай тайпалатын сәттерін байқасаңызшы. В.Г.Белинский: “… Көркем әдебиеттің бояуы да, үні де.. бәрі – тіл. Тілге ең қажет қасиет – суреттілік, көркемдік” деп айтқандай, А.Тоқмағамбетовтің әсіресе, әзіл-сықақ әңгімелері мен фельетондары бастан-аяқ осы деңгейде. * (7. 25.)

          Ия, “күлкі сөздің шатысынан тумайды”. Қазір біздің кейбір жас сатириктеріміз әзіл-сықақ өлең, әңгіме жазғанда әдеби өлшемнің ауқымынан шығып айдалаға кетіп қалатын, түсінікті-түсініксіз сөздерді құрастыра беретін, “жаңалыққа” үйір болып тұр. ¤леңдері тіпті ұйқас, ырғақ іздемейді, белгілі бір дені дұрыс буын санын көре алмайсыз. Оқырманның, тыңдаушының көкейінде қона қалуы, құлағына құйылып жаттала қалуы қиын. Тегі, қашанда көркемдік қасиеті толымсыз дүниенің нарқы қымбат, өмірі ұзақ болған емес. ¤з басымда ерекше билік болса, сол жас сатириктерді мектеп қабырғасына отырғызып қойып, оларға Асқар Тоқмағамбетовтің сықақ өлеңдерін, тіпті сықақ әңгімелерін де жаттатар едім!” дейді Ғаббас Қабышев “¤зіміздің Асекең” атты өз естелігінде.

 

2.2 “Әке мен бала” романының тақырыптық ерекшелігі

 

          А.Тоқамағамбетов – қазақ әдебиетімен бірге жасасып келе жатқан жазушылармыздың бірі. Ол поэзия саласында өндіре жазып өз үнін танытқан, сықақ жанрында да өзіндік өрнегі мен айшығын жасап келегн ақынымыз. Поэзия саласымен қатар проза жанрына да қалам сілтеді. Соның куәсі ретінде қазақ әдебиетіне “Әке мен бала” атты туынды қалдырды. Енді “Әке мен бала” романына келетін болсақ, бұл романның көтерген тақырыбы: 1920 жылдардағы қазақ аулындағы барактардың өмірін суреттейді. Романнан 1919-1921 жылдар арасындағы қазақ-өзбек даласындағы жалшы-батырақтардың өсу жолындағы өмір тартыстарын терең бейнелеген кесек тұлғалы образдар арқылы айқын көреміз.  Шығармадағы басты жағымды тұлға Аманжол мен Хадишаның өсу жолдарында талай-талай өсу белестерден өтіп, қиыншылық, озбырлық, теңсіздік көргендігін, сол қияндық үстінде пісі, шыңдалып жетілгенін көреміз. Романның идеясы – негізінен Отанға және әке мен баланың бір-біріне деген сүйіспеншілігі. Романдағы ең негізгі, романға арқау болған кейіпкер бейнесі Аманжол. Қазақтың кеңес әдебиеті әуелден халықтың бостандығы, бақыты үшін алысқаны саналы күрескер, ержүрек жауынгер адамның образын жасауға, сомадауға кіріскен. Қазір типтес қаһармандардың саны қазақ әдебиетінде үлкен бір галерея боларлық бар. Олар: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” пьесасындағы Еркебұлан және оның жолдастары, “Тар жол, тайғақ кешу” романындағы Сәкеннің өзі және оның замандастары, Б.Майлиннің “жалбыр”, “Біздің жігіттер” пьесасындағы Жантас, І.Жансүгіровтің “Жолдастар” романындағы Сатан, Мардан, Мәмбет, С.Мұқановтың “Ботакөз” романындағы Асқар, Ботакөз, Амантай, А.Тоқмағамбетовтің “Әке мен бала” романныдағы Аманжол, Х.Есенжановтың “Ақ Жайық” романындағы Әбдірахман т.б.

Романның бірінші бөлімінде сараң Жайымбай байдың кесірлігінен қазаға ұшыраған Аманжолдың әкесі Андабайдан бастап, оның қарызынан құтыла алмай азап шеккен Аманжолдың Аманжолдың өшпенділік сезімінің оянуы өте нанымды сурттелген. Қараңғылық пен надандықтың шеткі түкпірінде өсіп шілдеде жарық көрмей келе жатқан қазақ кедейлерінің 1916 жылғы патша жарлығына қарсы ұйымдасуы, романның тартымды оқиғаларының бірі. Жазушы қаламына тән бір ерекшелік – оның өзі қозғап отырған оқиғаны жетік білетіндігі. Осының нәтижесінде әрбір эпизод, штрихтарды оқушыларына өркем де оралымды тілмен нанымды да нақты, бүкпесіз жеткізеді.

Асқардың кейіпкерлері кеше ғана байдың есігінде жүрген жалшы, малшылар. Олар Қазан таңының арайлы алтын сәулесінен нұр алып, өз бақыты, өз тағдыры үшін күресуші жандар. Жазушы кейіпкерлерін дайын схемамен құра ламай, оларды қиыншылық, күрес үстінде шыңдап жетілдіріп, олардың рухани өскендігін тапқырлықпен суреттейді. Хадиша мен Аманжолдың жолындағы тосқауылда есеп жоқ. Ескі салт-сана, әдет-ғұрып, байлығынан, билігінен айрылған бай-манап, елді қанаушы жәбірлер. Кездейсоқ  бәлеге ұшыратып, айналасын орап жүрген өмір сабағы Қадишаға да, Аманжолға да қатты әсерін тигізді, келешек өмірге жол сілтейді. Жазушының бұл тұстағы сөз саптауы кейіпкерлерінің жай-күйіне, ішкі толқуына, қаракетіне орай түрленіп, нәрленіп отырады. Мысалы, Хадишаның алданып қалтасындағы азын-аулақ тиынынан айырылуы, Арыстанбапта көрген қорлығы кімнің де болса жан-жүйесін босатпай тұрмайды. Керісінше шайқы мен шежіренің түр-сипатын жасағанда, аузына сөз салғанда оқырмандарына еріктен тыс езу тартқызады. Романдағы сатиралық образдар өте айқын шыққан.

Аманжол 15 жыл бойы Жайымбай есігінде өмірін жалшылықпен өткізген. Әйелі – Хадиша, баласы – Меңдіқара. Бір күні Жайымбайдың қорлығына шыдамай Аманжол баласы мен әйелін ертіп Ташкентке жол тартады.

Аманжол адал, сенгіш, аңқаулығы надандығымен ұштасып жатқан адам. Станция басындағы алаяқ қулар, Ташкенттегі шайхана иесі, Жорабай байлар адамшылық сезімінен айрылған, баю үшін арынан да, барынан да құрбан етуге әзір адамдар екенін  ол өз көзімен көріп жақсы сезінеді. Аманжолдың тағы бір көзі жеткен жайы мынау болады: Темір станциясында поезға міне алмай, қамалып вокзалда жатқанда оған қызыл командир Андрей нан, ақша беріп поезбен Ташкентке алып барып тастайды. Ташкентке келіп барарға жер, басарға тау таба алмай отырғанда коммунист Шараф деген өзбек жігіті қамқорлық жасайды.

          Бірақ табиғат та бар қаһарын аямай тігіп, жол үстінде, боранды күнде әйелі  Хадишадан көз жазып қалады. Аманжолдың ендігі мақсаты – баласы Меңдіқараны қалайда аман жеткізу еді. Оның байдан қашып шыққандағы себебі де осы баласын асырау, өзінің көрген қорлығын көргізбеу еді. Бұдан біз әкенің балаға деген махаббатын көреміз. Аманжол бейнесінің тағы жағымды образ ретінде көрінуі – оның революция ісіне араласуы. Андрей Башновпен кездесіп, әңгімелескеннен соң, Шарап деген өзбек кісінің арқасында баласын балалар үйіне тапсыруы, ал өзі Қызыл Армия қатарына алынады. Аманжол елге келгенде әйелінің зияратының үстінен шығады. Бірнеше жылдар өтеді. Бұл соғып жатқан кеудесіне ленин орденін тағынған, Калинин, атындағы қорғасын алыбының жүрегі.  Міне осы алыптың қосалқы кең қақпасына кіріп, асфальтті жағалап, гүл қоршағани фонтанды жанай біздің көптен көрмеген бейнеміз – Аманжол еді. ¤з бақытым үшін деп үлкен өмірге аттанған Аманжол енді халық бақыты үшін күрескен ер, азамат дәрежесіне көтеріледі. Сөйтіп ол үлкен өмір жолын кешеді. Аманжолдың адамгершілік қасиетін, қуанышы мен күйінішін, сағынышы мен қайғысын, жан толқындарының қат-қабат сырларын жазушы нанымды суреттейді.

          Алдағы жылдар алыс қалып, шашына ақ түсіп, бетке әжім түссе де, жас күндегі жақсы мінез жарасты сөздер әлі күнге дейін қартаймапты. Соңында Аманжол баласымен табысады. Арадағы көп жылдар баласын ұмыт қалдырған жоқ еді. Басқа отбасысы болса да Меңдіқараның орны бөлек еді.

Ал енді Хадиша бейнесіне келер болсақ, автор мұны жалшылықтан ауылнайлыққа дейін көтеріп, сол екі арадағы күрес пен азапқа толы өмір жолын нанымды суреттейді. Сол бір кезде Аманжол кешкен қиындықты Хадиша да басынан кешеді. Сүйген жардан, бауыр еті – баладан тірідей айрылған ол көзсіз көбелектей, баяғы адасқаннан кейін Арыстанбап мешітіне келеді. Кімнің кім екенін өмір сабағы үйретеді. Бір кездегі ер адамның, үлкеннің бетіне ұялып тура қарай алмайтын Хадиша енді тап жауларына қарсы күресте шынығып, өсе бастайды. Осы жолда өзі қайғылы қазаға ұшырайды.

          Жазушы Аманжол бейнесі арқылы қала өмірі, соғыс жайын көрсетсе, Хадиша арқылы ауыл тұрмысын, ел жайын бейнелейді. Аманжол мен Қадиша бейнелері оқушы қызықтырмай қоймайды. Жазушы Аманжол өмірі арқылы халық бақыты үшін күрескен, асыл қасиеттерді бойына  толық жиған адамгершіліктің биік парасатын ашқан. Аманжолмен қатар Қадиша бейнесі арқылы да жазушы қиын-қыстау кезеңдерде ермен бірдей күрескен әйел-ананы да дұрыс көрсете білген. Аманжол кездескен қиындыққа Қадиша да ұшырайды. Жазушы осы екі бейне арқылы қала өмірін, соғыс жайын, арамза молда-ишандардың жексұрын кейіптерін бүкпесіз дәл берген. Ос ыекі бейне арқылы сол кездегі заманның зымиян өкілдерінің әркеттерін жазушы нанымды суреттеп, биік шешімін таба білген. Бүкпесі көп, шытырман кезеңнің әр қилы көріністерін шашыратпай осы екі кейіпкері арқылы жып-жинақы етіп және барынша шынайы қалпында ұтымды суреттейді. Анадан баланың, әйелінен ерінің айырылуының көркемдік шешімін жазушы өте дұрыс таба білген. Аманжол да, Қадиша да романда суреттелген бар болмыстарымен реалистік образ дәрежесіне дараланып көтеріледі. Сонымен бірге осы екі кейіпкердің өткен өмір соқпақтары арқылы ескі ауылдың арамза молдалары мен ишан, хазіреттері, қазақтың Жайлыбай, өзбектің Жорабай сияқты жауыз байлардың бейнесі де бірін-бірі қайталамай шынайы қалпында берілген. Жазушы бұл кейіпкерлерінің бейнесін сатиралық негізде, әжуа, әшкере ете аша көрсетеді. * (10.3.)

          Жазушы роман желісінен де бабымен ширата білген. Олай дейтініміз бірде Хадиша жүрген ауыл өмірі, бірде бүкіл елде өзгеріс жасап жүрген Аманжол өмірі кезек баяндалады да, ортақ тақырыпта – жаңа заман үшін күреспен тоғысады. Бұл әдіс жазушының мақсатын, ойын еркін беруіне кең жол ашып, толық мүмкіндік береді. Асқар осылай ауыл өмірімен күрес күндерін алма-кезек баяндау арқылы кейіпкерлерінің  өсу дәрежесін сатылап көрсетеді.

          Жайымбай байдан бастап, Степан Сафронович, Жорабай және шайхана иесіне дейін Аманжол өзінің өсу жолында дүниенің ащысын татып, опық жеп қамықса, сол Аманжол Андрейден бастап, коммунист Шараф, қолбасшы Фрунзе мен Сәйт, Сұлухандарға дейін дүниенің тұщысын татып жадырай түседі. Коммунистер мен мейірбан достар арқылы ол сауатты, адал және жауына қатал, жалынды  патриот дәрежесінде өсіп шығады. Оң мен солын ажырататын, өмірдің мән-мағынасын білетін, көреген күрескер дәрежесіне дейін, өсіп жетіледі. Сұлу сурет, жанды диалог, драмалық түйін, үйірімді тіл арқылы адам тағдырлары оқушы көңілінде ұялап қала береді. Романның эпилогі де тартымды оқиғаға құрылған. Балалар үйінде қалған баяғы кішкентай Меңдіқара сол бойы жоқ болып кеткен-ді. Кейін әке мен бала бір жерде жұмыс жасап жүрсе де , бірінің әке, екіншісінің баласы екенін білмей жүреді. Балалр үйінде Меңдіқара “Миша” атанып, “Аманжол” дегеннің орнына Аманболов деп жазылып кетеді. Әке мен бала отыз бес жыл өткенде ғана табысады. Эпилог адам тағыдырының осындай бір үлкен түйінін шешеді. Аманжолдың бар қасіретіне ортақтасып қоса қайғырған оқушы енді мына қуанышына қоса қуанады.

          Жастайынан еңбекті жанындай сүйетін Аманжолға, өз елін қорғау үшін берілген қандай бір қиын тапсырмалар болмасын, Жайымбайдың есігінде жүріп көрген бір күнгі бейнетіне тұрмайды. Еркімен жасамаған ерлік Аманжолға бақыт әпереді. Ол енді баяғы қарапайым тұрмыстың түрткісінен тірсегі майысқан Аманжол емес, халқы сүйген, құрметтеген ардагер – батыр Аманжол болып көтеріледі. Романның әрбір кейіпкері өздерінің жағымсыз немесе жағымды ой-сезімі, мінез-құлықтары арқылы оқушының назарын бірден баурап әкетеді. Жағымсыз кейіпкер ортасынан шайқы мен молдалардың образдары десек, бұрын-соңды жасалмаған әдеби геройлардың қай-қайсысына болсада ұқсамайтын ерекше тұлғалар. Бұл тұста жазушы сатиралық тілді асқан сақилықпен пайдалана біледі.Олардың сөйлеген сөзімен адам пиғылы, зұлымдығы астасып жатады.

          Олардың өмірдегі атқаратын қызметі мен қылығына сыртқы мүсіндері астасып жатқандай әсер қалдырады… “Таңқита қырған мұртының астында ебедейсіз аузы жайылып жатыр, есебін тапса түйені түгімен жұтудан қашатын түрі жоқ. Көзі өлген балықтың көзіндей бозарып, сүзіле қарайды. Ол көздің ішінде мал, бұйым, өлік, үсір-пітір, алдау-арбау жасырынып тұрғандай. Аударылып кетсе лақ ете түсетін мес сықылды. Көзін жұмар-жұмбас сығырайтып, күн шуаққа бұйығын торайдың көзіндей жылтыратып қарайды.” Бұл Әлеухан ишанның бір көрінісіне ғана жасаған шағын портрет. Осының өзінен-ақ ишанның барлық кескін-кейпі көз алдыңда көлбеңдей кетеді.

          Осындай түйдек образдар жасауда жазушының ірі сатиралық қабілетінің орнын тауып, тың бейне жасауға сәтті роль атқарғаны көрініп тұр. Романның эпилогі де өте нанымды, тартымды. Басты геройлардың келешек өмір жолын кеңінен аша түскен.

          Балалар үйінде қалған Меңдіқараның фамилиясы да, аты да өзгеріп кеткендіктен, әке мен баланың ұзақ жылдар бойы, бірге қызмет істесіп жүрсе де таныса алмауы өмір заңына үйлесіп жатыр. Роман шындыққа жанаспайтын жамау, эпизод, штрихтардан таза. 

          Сонымен бірге романның  тілі кең түрде  арнаулы сөз етуді керек етеді. А.Тоқмағамбетов тілге  шешен,  сөзге жетік жазушы. Оның поэзиясы,  сатирасындағы  тіл байлығы  “Әке мен бала” романына келгенде еселей түскендей. Жазушы  жағымды  кейіпкерлерінің  бейнесін  жып-жылы,  халықтық әзілмен  беріп  отырса,  жағымсыз кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін өткір сатира  арқылы  береді.  Мысалы  Шайқының портреті былай суреттеледі: “… мыжырайған мойны қисықтау, танауы таңқиған, басқа денесіне қарағанда бет жаратылысы қызық, сопақ екенін, я үш бұрыш  екенін  біліп  болар емес. Құдды самаурынға түскен  кісінің  сәулесі сияқты. Қай  жағынан  қарасаң да сопияды да тұрады…”*(9.10.) Осылайша әр кейіпкерлерінің сырт мүсіндері де дараланып көрінеді. Шошынған шежіре қайнағаны “ит қуған ешкі көзденіп селтие қалыпты” деп бір ауыз сөзбен бар болмысын береді. Портрет жасауды жазушы дара мақсат етіп қоймайды, оны кейіпкерінің психологиясына орай, сонымен қабыстыра береді. Кейіпкерлердің жан дүниесі, бар болмысы кейде сол сырт мүсіні арқылы да ашылып жатады.        Романның тағы бір ерекшелігі тарихи заңдылығында. Кеңес өкіметі алғашқы орнап жатқан кезеңдегі тап күресін жеке адамдардың тағдырынан бөле алмайды. Бірте қайнап, қабыстыра суреттейді. Кеңес өкіметі орнап жатқан кезеңдегі тап күресін жеке адамдардың тағдырынан бөле қарамайды. Романда ескі атаулы бірден күйреп, жаңаға бірден орын бере қоймайды. Бұл белгілі құбылыс. Романда осы тартыс типтік оқиғалар мен мінездер психологиясы арқылы ашыла түседі. Шығарманың шындығы мен ұтымдылығы, халықтығы да осында жатыр. Романда халықтар достығы кеңінен көрестілген. ¦лы орыс халқының басқа халықтарға ағалық қамқорлығы шыншылдықпен баяндалады. Сейдахан болыс пен Құрбан ұстаның арақатысы шиеленіседі. Құрбанның болысқа деген өшпенділігі артады. Тісін қайрап жүріп ақыры Құрбан Сейдахан болысты өлтіріп тынады. Құрбан бейнесі арқылы жазушы тың шешім жасаған. Болысты өлтірген Құрбан бейнесі арқылы тың шешім жасаған. Болысты өлтірген Құрбан қаймықпайды, қашпайды. Қайта өшпенділігі артып,  қолмен істегенді  мойынмен көтеруге бекінеді. Бұл өткінші көріністе бүкіл сұрқия дәуірдің дәл картинасы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұрын поэзия жанрында ерекше танылып келген А.Тоқмағамбетов жаңа роман арқылы шебер прозаик екенін де көрсетті.

          Асқар творчествосы туралы әртүрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеу болмаған. Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, Асқардың 1928 жылы жазылған өлеңдері мен бүгінгі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар.

          Асқар туралы зерттеу жазғандар ақын поэмасын бастан-аяқ сынап өте шығады. Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, сол сәтсіздіктер бір ғана Асқарға тән кемшілік пе еді? Поэма жазуда ең майталманымыз І.Жансүгіровтің өзі тарихи тақырыпқа “Күйші”, “Құлагер” сияқы тамаша поэмалар жаза тұрып, бүгінгі өмір тақырыбына арнған “Жорық”, “Жаңа туған”, “Колхоз тойы” сияқты поэмаларын әлсміз жазған емес пе? Демек, 30-жылдардағы поэманың әлсіз болуы ортақ кемшілік.

          А.Тоқмағамбетовтің лирикасының ерекшелігі сатиралық тілмен беруінде.  Ақын лирикасының тақырыптары әр алуан. Асқар поэзиясының мәнділігі оның күделікті өмір талабына сайма-сай келіп отырғандығында. Еңбек майданындағы халықтық қозғалыстар оның творчествосынан кең орын алған. Ол күнделікті өмір талабына өткір саяси лирикамен шапшаң жауап беріп отыратын ақын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Егемен Қазақстан// 8.10. 2005 жыл., 3-бет
  2. Исмаилова Е. Асқар Тоқмағамбетов. -Алматы, 1995 ж.
  3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 3-том, 1967 ж., 325 б
  4. Қаратаев М. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1971 ж., 300 б.
  5. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті. – Алматы, 1968 ж., 420 б
  6. Қирабаев С. Халықтық дарын. – Алматы, 1970 ж., 250 б.
  7. Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, 1973 ж., 325 б.
  8. Тоқмағамбетов А. Жазғы жапырақтар. – Алматы, 1958 ж., 260 б.
  9. Тоқмағамбетов А. Шығармалар. – Алматы, 1-2 том, 1962 ж.
  10. Ленин жолы// 18.03. 1962 жыл., 3-б
  11. Шәкіров Ә. Қазіргі дәуір және қазақ әдебиетінің даму проблемалары. – Алматы, 1973 ж., 300б