АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 20 ЖЫЛДАРЫНДА ЖЕТІСУҒА РЕСС

Мазыұны 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………..3 

 

 

І. XVIII ҒАСЫРДЫҢ  АЯҒЫ — XIX ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШТЕН 

    БІРІНДЕГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН……………………………………………………….4

 

 

ІІ. ҚОҚАН ЖӘНЕ ХИУА ХАНДЫҚТАРЫНЫҢ СОҒЫС

ЭКСПАНСИЯСЫ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАУЛАП

АЛУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ АЗ АТТЫҚ КҮРЕСІ……………………………………………10

 

 

ІІІ. ХІХ  ҒАСЫРДЫҢ  20 ЖЫЛДАРЫНДА   ЖЕТІСУҒА  РЕССЕЙ  ИМПЕРИЯСЫ  ЫҚПАЛЫНЫҢ ТАРАЛЫ………………………………………………….20 

 

 

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..24 

 

Қолданылған  әдебиеттер……………………………………………………………………………..25

 

Сілтемелер…………………………………………………………………………………………………….26 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

          XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. XIX ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер — Хиуа, Бұхара және ең үлкең дәрежеде — Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шамамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең — аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезеңБұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепші болмады, өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бірлестіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады. Солай бола тұрса да, XVIII ғасырдың аяғына дейін, Орталық Азия жоңғарлардың басқыншылығы, Ираннан Нәдір шахтың шапқыншылығы, Аштархан ұрпақтары мемлекетінің құлауы және өзбек қауымдарының Орта Азиядағы иеліктерді қайта бөлісу үшін жүргізген кескілескен күресі туғызған құлдыраудан ес жиып үлгіргенше, қазақ хандары жонғарларды ығыстырып шығарып, Қазақстаның оңтүстігінде өз билігін калпына келтіріп кана кой-май, жоңғарлардан Ташкентті қайтадан тартып алды, тіпті жергілікті қыпшақтарға сүйене отырып, Ферғана істеріне де арапаса бастады. 1748 жыл шамасында «ташкенттік төре», Барақсұлтанның баласы, Наманғанның билеушісі және Турақорғанның (кейіннен Солтүстік Ферғанадағы Қоқан наместнигінің резиденшшсы) негізін салушы Шығай ханды (ол әрі Ахмадхан) дала қыпшақтары Йазы — Ферғана ханы деп жариялады. Алайда көп ұзамай ол Қоқан билеушісі Әбді әл-Кәрім биден жеңіліс тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.XVIII ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ — XIX ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШТЕН БІРІНДЕГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

 

           XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. XIX ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер — Хиуа, Бұхара және ең үлкең дәрежеде — Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шамамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең — аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан сондайлық ерекшелендіретін сипатты белгілерге нақсол кезде  түпкілікті ие болған еді.

Монғолдарға дейінгі кезенде Қазақстанның оңтүстігінде отырықшы егіншілік жазиралары қоршап жатқан, жеткілікті дәрежеде дамыған қала мәдениеті болғаны мәлім. Шынғысхан шапқыншьшығының оған мықтап апат келтіргені сонша, ол XIX ғасырға дейін оңала алмады. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлардың басып кіруі отырықшылық-егіншілік мәдениеттің құлдырауын ақырына дейін жеткізді. XVIII ғасырдын аяғына қарай Қазақстанның оңтүстігі оны мекендеген әр түрлі рулардын, көбінесе Ұлы жүз бен Орта жүз руларының көшпелі шаруашылығы басым аймақ болды.

Бұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепші болмады, өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бірлестіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады. Солай бола тұрса да, XVIII ғасырдың аяғына дейін, Орталық Азия жоңғарлардың басқыншылығы, Ираннан Нәдір шахтың шапқыншылығы, Аштархан ұрпақтары мемлекетінің құлауы және өзбек қауымдарының Орта Азиядағы иеліктерді қайта бөлісу үшін жүргізген кескілескен күресі туғызған құлдыраудан ес жиып үлгіргенше, қазақ хандары жонғарларды ығыстырып шығарып, Қазақстаның оңтүстігінде өз билігін калпына келтіріп кана кой-май, жоңғарлардан Ташкентті қайтадан тартып алды, тіпті жергілікті қыпшақтарға сүйене отырып, Ферғана істеріне де арапаса бастады. 1748 жыл шамасында «ташкенттік төре», Барақсұлтанның баласы, Наманғанның билеушісі және Турақорғанның (кейіннен Солтүстік Ферғанадағы Қоқан наместнигінің резиденшшсы) негізін салушы Шығай ханды (ол әрі Ахмадхан) дала қыпшақтары Йазы — Ферғана ханы деп жариялады. Алайда көп ұзамай ол Қоқан билеушісі Әбді әл-Кәрім биден жеңіліс тапты.

XVIII ғасырдың аяғына қарай Орталық Азия шаруашылығының қалпына келтірілуі, осы негізде есіп шыққан жетекші үш мемлекеттік құрылым — Бұхара әмірлігінің, Қоқан және Хиуа ханлықтарының пайда болуы мен күшеюі жағдайды біртіндеп осы мемлекеттердін пайдасына өзгертті.

Ферғана тарихи жағынан да, географиялық жағынан да Қазақстанның оңтүстігімен тығызырақ байланысты болды. Осында XVIII ғасырдын басында, бастапқыда өзбектердің минг кұрылымының үлесі ретінде пайда болған шағын Қоқан иелігі бірте-бірте, XVIII ғасырдың аяғына қарай, солтүстік ферғаналық қожалардың жергілікті діни жетекшілерімен және басқа да рулық-тайпалық топтармен ойдағыдай күрес жүргізе отырып, бүкіл Ферғана ачкабын өз билігіне біріктірді.

1798 жылы Қоқан тағына Әлімбек (1773/75-1810) көтерілді. Шексіз билікке ұмтылып және өзін таққа көтерген мингтуыстарының, бақылауына тартыла отырып, ол мылтықпен қаруланған және негізінен  Қухистаннан (таулы Тәжікстан мен Памирден, тура Гиндукушке дейін) шыққандардан кұрылған, саиы 6 мыңнан 10 мын, адамға дейін жететін және «тәжік» деген жалпы этнониммен аталған адал тұрақты әскер бөлімдерін құруға кірісті. Бұл «жаңа әскерді» бір ғана Ферғанадан түсетін кіріске ұстау мүімкін емес еді. Қоқан хандығы тонаушылық жорықтар мен кең көлемді аумақтық басқыншылықтар жолына түсті. 1805 жылы Ферғана аңғарынан шығар жердегі стратегиялық мекен – Ходжент біржола жаулап алынды. 1806 жылы қоқан әскерлері Ұратөбені жаулап алып, Жызақты қоршады. Шамамен нақсол уакытта Әлім бек, өз табыстарын заңжүзінде нығайтқандай, хан атағын қабылдады — Түркістан өміріндегі айта каларлыктай окиға, ол Хиуаның билеушісі, өзбектердің коңырат бірлестігінен шыққан Етзердіңхан атағын алуымен (1804-1806) бір мезгілде болды. Идеологиялық жағынан алғанда, зайырлы түрік-монғол мемлекеттің идеясының орта азиялық қожшар діни жетекшілерінен асып түсіп сажанат құрғаның білдірген бұл  қоқан хандарының Бабыр мен әмір Темір арқылы Шыңғысхан тегінен шыққаны туралы аңызбен негізделді, ал аңыз ақиқат (құқық көзі) ретінде қабылданатын.

Қоқан экспансиясының келесі нысанасы Ташкент болды.

Жоңғарлар куып шығарылғаннан кейін Ташкент иелігінде шамамен 1792 немесе 1794 жылғадейін қазақтардың шыңғыс ұрпақтары, еңалдымен Абылай хан билік етті. Ташкент пен оның аймағын Абылай хан қазақ рулық топтары арасында былайша белді. Шымкент Шымыр руына тиді. Төрт бөліктен — «тіректерден» (бастапқыда — ауылдар) тұратын Ташкент ысты (Бесағаш), Қоңырат және Орта жүз (Көкше), жаныс (Сибзар), сіргелі, ысты және ошак-ты (Шейхантаур) арасында белінді. Шынасты құлас және найман кауымдары, Паркент қыстағы мен оның аймағын шыктым тобы алды. Теле бидің баласы, жаныс руынан шыкхан Ниязбек Ташкент түбінлегі бекіністің негізін калады, ол соның қүрметіне (яғни Ниязбек) аталды және қалаға су беруді реттеп оіы-ратын түйінді пунктке айналды. Сіргелі руынан Байтебек және кият руынан Кыбырай өздерініңбекіністі мекен-жайларын салды. Ташкенттің төрт бөлігін Абылай ханнынтумалары: Бабахан тере (Шейхантаур), Аштархан ұрпақта-рынан шыккан Раджаб бек (Бесағаш), Шағатай ханның ұрпақтарынан шык-қан Мұхаммед Ибраһим бек (Көкше) және Жошы  ұрпақтарының Сибзарды басқарды. Олардың арасында Ташкентте өз билігін күшейту жолыиза үнемі күрес жүріп жатга.

          Отырыкшы тұрғындардын, көшпелілер жетекшілерінін. зорлық-зомоылы-ғына наразылығын XIV ғасырда өмір сүрген жергілікті әулие Шейхантаур (Шайхауанд-и Таһур) ибн Шайх Омар Багистанидің ұрпағы Жүніскожа паіі-даланды. Ташкент иеліктерін бөлген кезде ен. колайсыз және сусыз жерлер тиген шанышкылы және каңлы руларындағы (өйткені олар Абылай ханның жоңғарлармен шайкастарына қатыспады) өз мүридтерінің колдануына сүйеніп, Жүніскожа 1792 не 1794 жылдардан бастап 11 жыл бойы Ташкентте өз билігін орнатты. Оны қият және түрік қауымдары да колдады. Жүніскожаның иеліктері оңтүстігінде күрама тауларына (яғни Ангрен өзенінің аңғарында орналасқан Кұрама ауданын қоса алғанда), шығысында — Бискан тауларын, батысында — Сырдарияға және солтүстігінде — Шымкентке дейін кеңейді. 1799 жылы Жүніскожа соған дейін Бұхараның камкорлығын пайдаланып келген Түркістанды басып алды.

          Бірсыпыра уакыт бойы Ташкентте қожалардың софылык діни жетекшілер билігінің орнатылуы әбден занды кұбылыс еді. Орталык Азияда софылардың беделі жалпы алғанда өтежоғары болатын, ал хан билігі әлсіреген, аласапы-ран және «мезгілсіз» кезендерде жекелеген дәруіштікдінитоптар саяси өмірде кейде шешуші күштер деңгейіне кетеріліп отыратын.

          П. П. Йванов орыс деректемелерінің хабарларын жинактай келіп, Жүніскожаның казақтар жөніндегі саясатын былайша сипаттаған: «Ташкент-ке ең жакын казақ аудандарын жаулап алуды аяқтап және Ұлы ордада хан атағын жойып, Жүнісқожа, сірә, қазақтайпаларының ішкі өміріне одан өрі араласпаған болса керек, оларды басқаруды билерге беріп, зекет жинаумен шектелді. Дала еңіріне өз ықпалын күшейту үшін Жүнісқожа казақтардың ең ыкпалды адамдарын өзіне кепіл етіп ұстады. Жоғарыда аталған деректемелерден дала казақтарының карастырылып отырған уакытта Ташкенттегі саудада да елеулі рел аткарғаны көрінеді». Ташкент билеушісінін негізгі әскери тірегі казактар болды. Отырықшы тұрғындар да, көшлелілер де алынған әскери жасақ Ташкентте де, Ферғанада да «кара казан»терминмен белгіленді. Ташкент иелігі жасағьгның саны 20 мыңнан 60 мыңға дейін жететін адам болды. Жүніскожаның билігі оның жеке беделімен, кару күшімен үсталды және берік болмады. Ол өзініңбес баласын — Мұхаммедқожаны, Ханқожаны, Хашимкожаны, Сұлтан қожаны және Хамиткожаны — Ташкентке бағынышты бекіністерге басшы етіп койды.

          Жүнісқожа билігінін күшеюі мен шамшылдығы Ташкенттің Қоқанмен қактығысуына әкеп соқпай қоймады, ол феодалдық екі орталықтың бактала-стығы ғана емес, шын мәнінде мемлекеттік кұкықтық идеологияның екі ныса-нының: қожалар діни жетекшілері мен зайырлы биліктін. (хан билігінің) күресі де болды. Нақ осы күрестің барысында Қоқан билеушісі хан атағын алды.

Бастапқыда жағдай Қоқан үшін сөтсіз болып қалыптасты. Онын Ферғана-ның өзіндегі діни жетекшідік және окдіауланушылық сарындармен киын күрес жүргізуіне тура келді. 1799 жылы Әлім бек Ташкентке кокан бектерінің әйелдер жағынан туысы, Ходжентбилеушісі Ханқожаны жіберді. Кокан күштері Ташкентке жакындап келіп, Карасу деген жерге аяддаған еді. Осы жерде оларға Жүніскожа сырт жағьшан келіп тиісті. Қоқандыктар кашты. Ханкожа тұтқынға түсіп, 70 серігімен бірге өлтірілді. Соның нәтижесінде Жүнісқожа Күрамаиы басып алды. Кокан Ходженттен айырылды, ал Ферғананын солтүстігінде на-кшбанди діни тобының ферғаналық шейхы Лутфаллах Чустың ұрпағы, Чуст билеушісі Бұзрықкожа бүлік шығарды. 1800 жылы Жүнісқожа Ферғанаға аттанып, Ходжентке жакындады, осы каланың билеушісімен (онда қокан мингілерімен бакталас өзбектін йуз бірлестігінен ¥ратөбе әміршісінің кол-шоқпары билік ететін) Қоканға карсы одақжасасты. Қокан әскері де Ходженд-ке жақындап келіп, Сырдарияныңжағасынатоқтады. Екі жактың ешкайсысы езеннен өтуге бел байламады да, шайкас болмады. Үшінші өрекетген кейін ғана Әлім бек Чусты бағындырып, Бұзрыккожаны елтірді.

          Сол екі арада, Ташкенттік үстем топтың пікіріне қарамастан, қазақтар тобы колпаштаған Жүнісқожа 1803 жылы Коканға карсы жаңа жорык жасамакшы болып ұйғарды. Ол Қоқанның өзіндегі Әлім бекке қарсы бой көрсетуге катгы сенді. Қазақтардан, Ташкент пен Кұрама тұрғындарынан әскер жинап алған Жүнісқожа Кұрама жотасы арқылы өтіп, Ферғанаға кірді, сөйтіп Ашт арқылы жүріп, Чадак жолымен Гурумсарай өткелі жанында Сырдарияның оң жағасына шыкты. Сол кезге карай Әлім бек Ходжентгі коршап тұрған бадах-шандық тәжік Раджаб дуанбегіне қарсыласын өзен аркылы еткізбеуге бұйрық береді. Ходжент жанында Сырдарияның оң жағасына етіп алған Раджаб  дуанбегі жеделдете жүріп отырып, Гурумсарайға жетіп Ташкент әскерімен кездесті. Сонымен бір мезгілде Гурумсарай тұсында Сырдарияның сол жаға-сында Әлім бектің алдыңғы тобы да келді. Раджаб дуанбегі Коканның ақ жалауын көтеріп, қозғалмай түрған салт атты тубегінін касынатаулықтөжіктер арасынан елу мерген койып, өзінің жанына жіті кимылдайтын атты әскерді қалдырды. Ташкент әскерінде алауыздық орын алды. Бабахан тере, Рүстем төре және Әділ төре шайкасқа әуелі шанышкылылардың бөлімшелері мен Жүсіпқожаның өз жасағының кіруін талап етті. Казак атты әскерінің жа-лауға жасаған шабуылын мергендер мылтыктан ок атып тойтарды. Раджаб дуанбегі атты әскерінің шабуьшдары казақтардың катарларын бұзды. Қазак-тардың жасағы, ал содан сон Жүніскожа «ұрпактарының» жасағы да қоркып, каша женелді. Ташкенттің калған күштерінің шайкасқа кіріспегені былай тұрсын, Әлім бекке кашкындарды кайткенде тезірек қуып жетіп, тұтқындар мен олжаны калай колға түсіруге болатынын көрсетіп берді. Мұны керген Жүнісқожа мүлкі мен қазынасын тастай қашып, толық таңдауға ұшырады. Осы шайқастың өзінде-ақ Жүнісқожаның атты жасағының шабуылына атгы өскердің шабуылы мен атқыштардың оқ атуын бі р мезгілде карсы қойған қоқандыктар тактикасының артыкшылығы көрсетілді.

          Жүніскожа кайтыс болғаннан кейін(1804немесе 18О5ж.)Ташкенттегі билік оның үлкен баласы Мұхаммедқожаға, ал содан соң — Жүніскожаның ортаншы баласы Сұлтанқожаға кешті. Ташкенттегі әр түрлі тайталасушы топтар арасындағы үздіксіз күрес Ташкент иелігін әлсіретті. Қазақ сүлтандары Түркістанға билікті тағы да кыска уакытқа өз қолына алды: 1806 және 1809 жылдар аралығында оңда Ибраһим сұлтан мен Қасым сүлтан отырды, Куат-хан мен Токайхан (Тоғайхан) соңғысының балалары болатын. 1810 жылы онда «Абылай хан немересі» делінген біреу билік етгі.»

          Ташкентті Әлім бектің жаулап алуы екі кезенде өтті. Бірінші кезеңінде (1804—1807) қоқандықтар Ташкенттің оңтүстік жағындағы Ангрен өзенінің (Сырдарияның оң жак саласы) аңғарындағы өзбек рулары да, әр түрлі жүздердін казак, рулары да мекендеген облыс — Құраманы біржола жаулап алды. XVIII ғасырдын аяғында «кұрама халық» (түрлі ру-тайпа өкілдерінен құралған)9ірі елді мекені бар 10 мынға жуық адамнан тұрған.  ХІХғасырдың орта шенінде Құрамада енді 24 бекіністі мекен болды, бұл орайда орталығы Кереуші бекінісі, маңызы бойынша екінші мекен Аблыкеді. Кұрамадағы тегі қазақ этностар арасынан шанышқылы (Ұлы жүз), тама және керейіт (Кіші жүз) руларын атап етуге болады; тама әулеті Бұка бекінісін иеленді. Құрама ауданын көшпелілердің интенсивті этникалыкбайланыстары мен жаппай отырықшылану өңірі деп карастыруға болады. 1807 жыл шамасында Әлім бек оның Жызакка жорығы кезінде Сұлтанқожаның содтүстік Ферғанаға кіріп, Шаиданды коршауға алған (бұл Әлім бекті Жызақты коршауды койып, Ферғанаға қайтуға мәжбүр етті) жағдайын пайдаланып, өзінін, бауыры Омар бекті Ташкентке аттандырды. Шыршық өзеніне жақын жерде Сұлтанқожаның әскерін талқандап және оның өзін тұткынға апып, Омар бек Ташкенттің жаңа билеушісі Хамитқожамен (Жүніскожаның шанышқылы және каңлы тайпалары билікке көтерген кіші баласымен) шарт жасасты, ол өзін коқан ханының вассалы деп мойындады. Ниязбек бекінісінде Момын бек бастаған қокан гарнизоны және таулық тәжіктер арасынан 500 аткыш калдырылды, оған Кереушінің билеушісі бағынуға тиіс болды.

          1809 жыл шамасында діни құлшылық жасау (зікір салу) кезінде Әлім бекке қастандық жасалды: оны әлдебір кемтар (диуана) пышакпен ауыр жаракат-тады. Соныңсалдарынан Қоқаннан Ұратөбе иелігі бөлініп кетті, ал Хамитқожа кокандыктарға шабуыл жасау ниетімен әскер жинады. Сонда Әлім бек Ташкентке жана жорықұйымдастырды. Сол кезге қарай Момын бек Ниязбек бекінісінен шабуылдар жасап, каланы унемі дүрліктіріп отырды, ауыз судан тапшылық керсетіп, ташкентгіктердің жағдайын әбден киындатгы. Оның көп тұткындар алғаны сонша, оларды ит пен мысыққа айырбастады, Ниязбектегі шаяндарды кұрту үшін тіпті 13 үй кұсына үш тұткын беретін. Ташкентте аштық басталды. Ата-аналар балаларын бір күлшеге сатты. 11 күн қоршап, қала дуалын астынан үңгіп кдзып, бұзғаннан кейін кала алынды және бір күнге тонауға берілді. Хамиткожа Бұхараға қашты. Қаланы алу кезінде тәжіктің таулық атқыштары, жаяу әскерлер және зеңбірекшілер көзге түсті. Жаулап алушылар үшін кауіпті белгілі ташкенттіктердің бір бөлігі Коканға кепіл етіп женелтілді. Кейбір далалықтарды хан дарға асуға, ал ез жақтастарын ақса-қалдар (кала махаллалары мен қыстақтардың басшылары) және билер етіп бекіту ге бүйрык берді.           Ташкенттің хакімі (наместнигі) етіп Сайид Әлібек пар-ванашы тагайындалды. Ташкентті бағындыру Қоқанның Оңтүстік Казакстанды жаулап алуы басталғанын көрсетті. Мұндағы жағдай Әлім бектің ой-ниетіне қолайлы болды. Қазақ билеушілері арасында бірлік болмады. Түркістан қаласының билеушілері Бұхараның көмегіне бағдар алды, сол кезде сайрамдықтар Қоқанның жуырдағы одактастары болатын: осыдан бірнеше жыл бүрын Үратөбе түбінде Бүхара әмірі Хайдардың (1780— 1826 жылғы казан; 1800— 1826 жылдарда билік құрды) Әлім бекпен ірі шайкасы өтгі. Түркістанның бцлеушілері Ибраһим сүлтан мен Қасым сұлтан және соңғысыныңбалалары Қуатхан мен Токайхан (Тоғайхан) әмір жағында, ал 3—4 әскербасы бар 10 мыңадаздықсайрам әскері Әлім бек жағында шайқасты. Онда қоқандықтар жеңіліс тапты, оның үстіне түркістандыктар сайрамдыктардың тасталқаның шығарды.

          Басқа бір казакбилеушісі Әділ тере (Абьшай ханнын үшінші баласы) өзара кыркыстар себепті 10 мың отбасымен бірге туған жерінен мүлде кетіп, кытай-лықтардың иеліктерінен пана іздеуге мәжбүр болды. Ташкентте ірге тепкен казақтын Шынғыс ұрпактарына келер болсақ, олар кейіннен болган оқиғалар-дың көрсеткеніндей, бастапкы кезенде Дешті Қыпшақта қоқан саясатын жүргізушілер болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚОҚАН ЖӘНЕ ХИУА ХАНДЫҚТАРЫНЫҢ СОҒЫС

ЭКСПАНСИЯСЫ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАУЛАП

АЛУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ АЗ АТТЫҚ КҮРЕСІ

(XIX ҒАСЫРДЬЩ10-20-ЖЫЛДАРЫ)

          Қоқан хандығының билеушілерін қазақ даласын жаулап алу үшін баруға итермелеген не? Жоғарыда атап етілгеніндей, Әлім бек пен оның төңірегіндегілерді қазынаны жаңа олжа көздерімен толықтыруға ұмтылыс жаулап алушылық жорықтарға итермеледі. Осы арқылы ол «бұрынғы» өзбек шонжарлары мен негізінен таулық тәжіктер (XIX ғасырда олар «тәжік» этнонимімен көрсетілді) катарынан кұрылған «жаңа» әскер (бұл жауынгерлер гала-баһадүрлер деп атала бастады) арасындағы бақталастықты жұмсартып, олардың мүдделерін жаңа облыстарды басып алу мен отарлау үшін біріктіруге де ұмтылды. Қоқан әскерлерінін Ұратөбе ауданында Бұхара әмірінің күштерімен қақтығысуы қоқандыктардың батысқа қарай ілгерілеуін токтатып, олардың экспансиясының бағытын ғана өзгертті.

          Отырықшы-егіншілікті Мауараннахрдың кешпелі шет аймағы ретіндегі Казақстанның оңтүстігін жаулап алу кокан феодалдарына бай жазираларға ие болуды бермесе де, оның есесіне мал өнімдерініңтүсуімен қоса, олардың Орта Азияны Ресеймен және Кытаймен байланыстырып жатқан керуен жолдарына стратегиялық бақылау жасауды да қамтамасыз етті. XIX ғасырда олардың арасындағы сауданың едәуір ескендігінен де бұл өте маңызды болды. Ақырында бұл кең байтақ аймақты жаулап алудың идеологиялык маңызы зорболатын.

          Орта Азияның, яғни Мауараннахрдың отырықшы халқы мың жыл бойы Дешті Қыпшаққа қорқынышпен қарап келді, әр түрлі дәуірлерде Орта Азияға өз әулеттерін (эфталитгер, түріктер, Шыңғыс ұрпақтары, Шайбани ұрпақтары және басқалар) отырғызып қоятын жаулап алушылар толкыны сол жақ-тан келетін. Дешті Кыпшактыңтым болмағанда бір белігін бағындыру және бүкіл Ішкі Азияның мұсылмандары кең келемде кадірлейтін «99 000 шайхылар жетекшісін» иелену қоқан ханының беделін болып көрмеген биікке көтерді.

          Ташкентгі бағындырғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1810 жылдың ақпанында Әлім бек Ресеймен сауда жасау үшін тауарлар артылған 300—400түйе-ден керуен жабдықтап, оны Ташкентке жіберді. Нак сол уакытта ол Ташкенттегі хакім Сайид Әлібектен қазақтардың салықтар: зекет (малдан) пен харадж (егістен) телеуден бас тартқаны туралы хабар және бағынбаушыларды тыныштандыру үшін әскер жіберуді сұраған өтініш алды. Сол кезде хан қысқы аязға қарамастан керуеннің ізінен Сайрамды, Шымкентті және Түркістанды бағындыру үшін 12 мың адамдық «жаңа» әскер жіберді, Әскер құрамына бітістірушілік және миссионерлік міндетгер жүктелген Ташкенттің 50 шакты үлемі енгізілді. Төңіректегі кешіп үлгірмей, жаулап алушылардың колына түскен қазақ тұрғындары «тамтығы қалдырылмай» тоналды.

          Осы жорықтың барысында қоқандықтарды басқарған тәжік Зухур дуанбегі Сайрамды коршады, Шымкент кыстағына бекініс салып, онда мылтықтары (туфангдар) мен екі зеңбірегі бар 200 жаяу және 400 салт атты атқыштарды қалдырды. Содан соң ол Әулиеатаға келіп, бекініс салды және онда тәжіктер Абдаллах даткд пен Шахбек датка бастаған 1000 жауынгер каддырды. Одан әрі Зухур дуанбегі Түркістанға жақындады. Басқа бір лакапка қарағанда, Түркістанға жорыкты ташкенттік Шынғыс ұрпағы Салымсактөре баскарған, ол келіссездерден кейін түркістандықтарды Әлім бектін билігіне бағынуға көндіріп, оған 90түйегеартылған сый-сыяпат, соның ішінде «кәмшаттерісінен» тігілген әдемі тон жіберген».

          Қалай дегенменде Зухур дуанбегінің одан арғы қимылын Ташкент түбіндегі Мингерікте, ханның інісі Омарбектің ордасында болған окиғалар тоқтатып тастады. Оныңтуыстары (анасы жағынан, Фази аталыктың ұрпақтары — аса ыкпалды мингтер әулетінің мүшелері) мен бұрынғы шонжарлардан шыққан, Әлім бектің дара билігіне наразы Абылай ханнын ұрпақтарынан ташкент және қазақ шонжарлары, коңырат, шанышқылы, сіргелі, бестанба бірлестігі мен қарақалпақтар қолдаған әскербасылар бұл сөтті батыл қимылдауға қолайлыдептапты,өйткені Қазақдаласына жіберілген «жаңа» әскер үскірік аяздан адам айтқысыз азап көріп, наразылық білдіре бастаған еді. Каскүнемдік жасаушылар тақты басып алу үшін Омарбекті Қоқанға жасырын қашып баруға көндірді (сол кезде Әлім бек Ташкентте болатын). Қаскүнемдік туралы кеш білген Әлім бек әскерді Ташкентке асығыс шакырып алып, Коканға бет алуға мәжбүр болды. Ташкенткеөзінің баласы Шахрухты (онын шешесі қазақ болатын) калдырып кетті. Кетер алдында ол Ташкенттің бұрынғы астық база-рында өзінің колынатүскен каскүнемдерін, соның ішінде қазақтағы Шыңғыс ұрпағы Салымсақ төре мен Әділ төрені (сірә, Қытайға көшіп кеткен басқа Әділ төренің аттасы болса керек) дарға асып үлгірді. Алайда Қоқанға бара жатқан жолда әскер ханды тастап, тарап кетті, ал оның өзі көп ұзамай 1810 жылдың көктемінде Қоқанға жакын жерде өлтірілді. Әлім бектің қаза табуы оның мемлекеттік істерге Ферғананың шонжар «аксакалдарынын» ыкпалын кемітуге жасаған әрекетінің сәтсіздікке ұшырағанын білдірді, ал Әлім бек жүргізген үстем таптын әлеуметтік базасын кеңейту саясатынын барысында олардың мүдделеріне қысым көрсетілген еді.

          Шонжарақ сақалдар оның туған інісі Омарды (1785—1822; 1810— 1812жыл-дарда билік кұрды) таққа көтерді, ол сол шонжарларға анасы жағынан да, өзінін немере карындасы Таджаннисамен (Мохларайим, өзбектің классик акыны Надира есіміментанымал) некесі жағынан да байланысты болатын. Батылдығы мен өркөкіректігі жағынан марқұм ағасынан әлдекайда кем түсетін жаңа хан жұмсақдығымен және нәзік талғамымен ерекшеленді, ақындық дарыны болатын және Әмір деген бүркеншік атпен (тахаллус) парсы және түркі тіддерінде өлендер жинағын (диуан) қалдырды. Оныңтұсында алғаш рет Қоқанның ресми хроникасы («Умарнама» және «Шахнамай Умархани») жазылды.

          Төңкерістен кейін Ферғанадағы ішкі істерді жайғастыру, Ұратөбе мен Жызаққа қатаң бақылау орнатуға жасалған сәтсіз әрекеттер Қоқанның Оңтүстік Қазақстанға экспансиясын бірнеше жылға кідіртті. Оның үстіне Ташкент төнірегінде Қарахан руынан және қарақалпақ қытайлардан шыккан Қабыл деген біреу пайда болды. Ол өз төңірегіне көшпелі қазақтарды жинап алып, бір кезде өзінін. иелігі болған Бағыстан деген жердегі Шаткал тауларында жасырынып жүрді және кереуендерді тонап, Ферғана мен басқа да жапсарлас жатқан аудандар тұрғындарының таудағы жазғы жайылышарда жайып жүрген малын тартып ала бастады. Омар хан 500 тәжірибелі таулық атқыштарымен түпшібашы, датқа атағы да бар Әбді әл-Әзімді (Әзімбайды), сондай-ак Чуст пен Қасандағы хакім Жүсіп Әлиқожаны Қабылға карсы аттандырды. Қамыс-қорғанға жеткен сон (Солтүстік Ферғанадағы Сырдариянын оң жағасы) Қоқандықтар екі топқа бөлінді. Жүсіп Әли қожа Хазрати Идрис кесенесі арқылы жүріп ал Әбді әл-Әзім Бағыстан шатқалына беталды. Әзімбаймен шайқаста Қабыл жараланып, Нанай бекінісіне (Шаткал таулары) жасырынды, ол жалғыз кірер жолды тас, ағаш және т.б. кұлатып бітеп кетгі. Сол екі арада Қоқанның екі отряды жиырма күннен кейін косылып, шатқалдан шығар жолды жауып тастады. Содан сон, коршаудағылардың сырт жағына мергендер мен Кухистан жауынгерлерінен тәжірибелі тауға ермелегіштерді баскарған Әбді-и Қаһһар токсаба Бадахшиді жіберді. Олар екі асудан өтіп, арканнан жасалған баспалдак. пен жартаскд кағылған шегелер аркылы тік тауға көтерілді және алтыншы күні оның басына жетіп, қоршаудағыларды жоғарғы жактан атқылауға кірісті, ал қоршаудағылар өлімге бас тіккен өжетгікпен шайқаса бастады. Үш күңдік шайқастан кейін кокандықтар кіреберісті алды. Сол кезде олар-дың жаршысы өздеріне тек Кабыл және тағы да бес әскербасы ғана керек, қалғандары қаруынтастаса, толық бостандық алады деп жариялады. Көпшілігі суық қаруы мен мылтықтарын тапсырып, тарап кетті, бірақ бірсыпырасы Қабылмен бірге қасарыса қарсылық көрсетуін жалғастыра берді (екі жақ та үлкен шығындарға ұшырады). Жағдай үмітсіз болған кезде Қабыл Омар ханға езін кызметке алуды етініп хат жіберді. Әзімбай арқылы Қабылға ешкандай кауіпсіздікке кепілдік берілмеген жауап алынды. Кабыл түткынға берілгеннен кейін Әзімбай оны хан сарайына жеткізді.Қокандықтар Қабылдан көптеген малды тартып алып, хан оларды иелеріне қайтарды. Омар ханның өкімімен Қабыл Ташкенттегі Чорсу Регистан алаңында дарға асылды. Басқа тұтқындар да дарға асылды.

          1813—14 жылдары қоқандықтар Түркістан қаласының маңындағы мекен Қарнақты алды. Қоканның дала өңіріндегі жағдайын тағы бір оқиға күшейтіп жіберді. Абылай ханның баласы Әділ тере кьггай иеліктерінен өзінің сан мың-дық қосынымен туған жеріне кайтып келіп, Ташкент төнірегінде орналасқан Омар ханға 1814 жылы өзінің баласы Нұралы төреден сәлем айтып жіберді, онда өзінің «дінсіздерден» кайтып келгенін хабарлады және өзінің калған күндерін ислам иеліктерінде өткізуге үміттеніп, Омар ханға бағынатынын білдірді. Хатында Әділ тере Тоқтамыс ханды өзінің бабам деп атаған және Қоқан билеушісінен қоқан хандары өз генеалогаясын тарататын әмір Темір алдындағы бабасының «кінәсін» ұмытуды сұраған. Алыста қалған XIV ғасыр оқиғаларын алға тартып, қазақ сұлтаны өз тегін Тоқтамыс ханға тіреген (дәлірек айтқанда, ол қазақтардағы Шыңғыс ұрпақтарының бабасы емес, жолы үлкен туысы болған, бұлар сияқты ол да Жошының, он үшінші және кенже ұлы Тоқай-Темір ұрпағы еді) бұл қызықты жағдай қазақ-қоқан қатынастарының идеодогаялық сырларын ашып береді. Қоқан хандарынын шыққан тегі тураы аныздың қазакдаласындағы әсері және қоқан экспансилсынын карсы вдеялыкәрекеті (ТемірдіңТоктамысхаңды  бағындыра аямағаны жалпы жұртқа мәлім факт екенің, сондай-ақ хаттын мазмұны Қоқанның сарай жанындағы шежірешісінің біржақты айтуы бойынша жеткенің ескергенде) сында бейне тапқан болуы мүмкін. Қалай болғанмен де, Нұралы төре қоқан сарайында құрметпен қабылданып, әкесі үшін қорғау грамотасын алды.

          Қоқандықтардың Түркістанды алу кезін анықтау жөніндегі мәліметтер әр түрлі. 1813—14 жылдары Қоқанда болып қайтқан  Назаровтың айтуынша,бұл 1814 жьшы; барон Е.К. Мңддендорфтың пайымдауы бойынша 1815 жылы болған. Бірақ қоқан шежірешісі басқа уақытқа келтіреді, ол: 9 джумади 1231 (1816жылғы7сәуір).

          Түркістанды алу үшін ресми далел Омар ханның аксүйектерімен бірге Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіне тәуап етуге деген тақуалық тілегі болды. Хан әскерімен Ташкенттен шығып, Сайрамға келді және Түркістанды басып алуға аруактардан медет сұрау үшін жергілікті шайхылардың қабірлеріне соқты. Содан соң ол Түркістанға Ташкенттегі хакім Раджаб күшбеги Бадахшидің бастауымен 1000 адамнан тұратын тандаулы жасак жіберді. Жасаққа сондай-ақ Хушвакт кұсбегі йуз, Қарахан руынан Ханқожа мирасад, Лутфаллах Чуст руынан Төрехан мирасая, Мұхаммед Шәріп аталық және басқалар кірді. Атпен үш күн жеделдете жүріп отырып, қоқандықтартаң қылаң бергенге дейін Түркістанға жауынгерлерді алдын ала асықтырып жасырын жақындады. Бекініске білдірмей жетіп, бір-бірінің үстіне шығу арқылы дуалға көтеріліп, қақпашыны өлтірді. Асадбеги қожа есікті ашып, жасақ калаға лап койды. Қоқан сарайының жанынлағы шежірешінің арсыздыкпен ескерткеніндей, ханақаның (дәруіштер мекені) есігі алдында кездейсоқта софыға кездесіп қалып, шу кетермеуі үшін оны да өлтіруге тура келген.

          Шабуыл түркістандыктарды қапы қалдырды. Сол кезге қарай олардың билеушісі Тоқай төре Бұхара әмірі Хайдар жіберген Ибраһим қожаның атты қолымен толыктырылған еді. Алайда тұткиылдан жасалған шабуыл үрей туғызды. Тоқай төре мен Ибраһим қожа кашып құтылды. Түркістан алынып, тонауға түсті. Омар хан бағынған калаға келіп, кесенеге мінәжат етті. Мұнда баскаруға ата-бабасынан Қоқан сарайының маңында болған Шайһы-Бадал-мырза датқа тағайышщдды.

          Бұл окиғаларды суреттеген кезде қоқандық авторлар Йасауидін кесенесіне әмір Темір орнаткан «керемет» казанға да назар аудармай өтпеген. Оның ғажай-ып ерекшелігі құрбандыққа кой әкелген адам оны қазанға салып, шын ықыласымен тілек тілесе, тілегіне сәйкес кой санына қарамай-ақ қазан толатын бол-ған. Дешті Кыпшактың «үлкен адамдарының» бірі казанға 500 койдың етін салыпты, ол сонда да толмапты, ал басқа бір адам оны 5 коймен толтырыпты-мыс. Омар хан қазанды 70 коймен толтырыпты. Түркістанды жаулап алуға Қоқанда зор мән берілгені сонша, онда қайтып барғаннан кейін хан өзін «әмір әл-муслимнн» — «діндарлзрдыңәміршісі» деген кұрметті атақпен (лақап) атауға бұйрық берген. Стамбулға, өзлауазымымен бірге діндарлардың халифы болып саналатын түрік сұлтанына ханның Түркістанның бағындырылғаны туралы хаты беріліп, Қоқаннан Қажы Мир-Құрбанның елшілігі жіберілді. Алайда Қоқанның соңғы ресми хроникасының авторы Молда Нияз-Мұхаммед кейініректе Түркістанның шынуы жөнінде ащы мысқылмен: ұрлық әдісімен басып алынған уәлаят түптің түбінде адалдық көрсетпейді, — деп атап өткен.

          Түркістанның алынуы кокан-бүхара бақталастығын шиеленістірді. Түркістаннан кашкан Тоқай төре Бұхарадан баспана тапты. Оның өтінішіне көнген әмір Хайдар Бұхараға қарасты иеліктерден Тоқайдың соғысқа жарамды қазақтарды жинауына рұқсат етті. Өзінің әртекті қолын жасақтап алған Тоқай Созаққа келіп, сонда орнықты да, сонан соң Түркістанды қоршады. Коқандықтар оған карсы Ташкенттен 300 тандаулы атты әскермен Базар баһадүр йузді жіберді. Ташкентпен Созақ арасындағы қашықтықты үш күн ішінде жүріп өтіп, қоқандықтар Созаққа жақындап келді, сонан соң Кдза шатқалына бет алып, Тоқайға көмектескен 1000 қазақ отбасынан тұратын ауылға шабуыл жасап, оларды қашып кұтылуға мәжбүр етті, көп олжа мен тұтқындарды қолға түсірді. Түңде Тоқай Созақты тастап қашты.

          Оның бұдан кейінгі әрекеттері де сәтсіз болды. Сол кезде қоқандықтар

Пішағар бекінісіне (Ұратөбеден батысырақта) жақын жерде Бұхара әмірлігімен шекарағатонаушылық шабуылдар жасады. Олар Тоқай төренін әмір Хайдарға жіберген жаушысын қолға түсірді. Бұл Тоқайдың әрекеттерін тыю үшін Түркістан ауданына бірнеше жасақ жіберуге мәжбүр етті. Жасақтарды сол кезде — ак белгілі болған Хушвакт парванашы, Төрехан мырза және Бакауыл бегі баскарды. Қазақдаласы тағы да күйзеліске ұшырады. Тоқай ханның «қасиетті Бұхарадағы» одан кейінгі тағдыры кайғылы болып тынды. 1827 жылы маркұм әмірдің балалары арасындағы билік үшін күреске араласкан ол сәтсіздікке ұшыраған жакты жақтап шайқасып, әмір Насраллах (1806—1860 жылдың күзі; билік қүрған жылдары 1827—1860) билікке келген соң өлтірілі.

          Қоқандықтарға қарсы басқа бір ірі бой керсетуді Шыңғыс ұрпағы Тентек төре ұйымдастырды. Көтеріліске шыккан саны 12 мынға жуықадам Сайрам-ға, ескі бекініске шоғырланды. Омар хан көтерілісті басу міндетін өзінің уәзірі және туысы Әбілкасым аталыкка жүктеді. Бұған сондай-ақ Хушвакт құсбегі, Лашкар кұсбегі (ол туралы төменіректен караныз), Мұхаммед Шәріп парванашы, Ханқожа мир-асад және баска да тәжірибелі әскербасылар тартылды. Көтеріліске шыккандар бетпе-бет шайкаста талқандалып, шегінді де, екі жа-сакка бөлінді. Бірі Сайрамдағыдан неғұрлым мықты Шымкентбекінісінета-ғылды. Екіншісі Сайрам бекінісін қорғай бастады. Қоқандықтар Шымкентті қоршауға алды, онда қазақтарды Рүстем басқарды. Кескілескен қоршаудан және қазақтардың түн жамылып жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Шымкент апынды. Сонан соң Қокан әскерлерінің кызыл және ақтулары Сайрамда да көтерілді. Оны қоршау кезінде кокандыктар зеңбірек пен мылтыкты кенінен колданды. Коршаудағылардың күш пен кзражаты сарқылғаннан кейін Тентек төре берілуге, Қоқанға жыл сайын баж (жол үшін теленетін алым) және зекет төлеп тұруға келісіп, Омар ханның сарайына өзінің ұлынансый сыяпат жіберуге мәжбүр болды.

          Көтеріліс басындағылардын негізгі малшылар бұқарасы арасында беделінін жеткіліксіз болуы, бой көрсетулердің бытыраңкылығы, іс-кимылдын үйлесімсіздігі және көтеріліске шыккандар катарында бірлік болмауы, Бұха-раныңкемегінесүйену әрекеттері(осыныңөзі-актайпаластарыныңбұкара-сына қозғалыс басшылары ықпалыньгң әлсіз болғанын көрсетеді), акырьшда, рулык-тайпалык жасактарға күресте оқататын кол мылтығымен және артил-лериямен каруланған «жаңа әскер» мен атты әскердің іс-кимылын ұштастыр-ған кокандыктардың әскери басымдығы — осынын бәрі Қазакстандағы қоқандықтарға қарсы бой көрсетулерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Қозғалыстарды Шыңғыс ұрпақтары — сұлтандардын басқару фактісі оған қатысушылар идеологиясының Шынғысхан енгізген Дешті Кыпшақтағы Жошы ұрпақтарының хан билігі институтының 600 жылдық дәстурін қорғаған ескі салт пен көненін көзін көксегенін дәлелдейді.

          Оңтүстік Қазақстанда қоқандықтар үстемдік еткен дәуірді шартты түрде екі кезенге бөлуге болады. Біріншісі жаулап алудың басталуынан {1810) 1840 жылдардын басына дейінгі уақытты қамтиды және Қоқан хандығының гүлдену дәуіріне тұстас келеді. 1841—42 жылдарда оның терең әлеуметтік-саяси дағдарыс (осы біртақырап қалған мемлекеттің 1876 жылы құлауына әкеп соққан) кезеніне аяк басуымен Қазақстанның онтүстігі үшін сынастар мен сілкіністердің жаңа кезеңі басталып, ол 1865 жылы Ташкентті орыс әскерлерінің алуымен және бүкіл осы аймақтың Ресей империясының билігіне көнуімен аяқталды.

          Бірінші кезең Қоқанның Қазақстан мен көршілес Қырғызстанда аумақтарды басып алуының барынша етек алуымен, жаулап алынған жерлерде өкімшілік бақылау орнатуымен сипатталады. Бұл саясатты жүргізуде Омар ханның жеке құлы, Читрилде туған, 1816 жылдан 1841 жылғадейін (азын-аулақ үзілістермен) Ташкенттен қазақ даласын басқарған, кұс беті деген де атағы бар Лашкар беклербегі (Гулам шах деген де сол) зор рөл атқарды. Соның, бастамасымен Сыр өңірі аудандарында Ақмешіт, Шолақ (Қазақлы Жүлек), Созақ бекіністері салынды. Өзбек тарихшысы Ю. А. Соколовтың деректері бойынша, Қазакстан мен Қырғызстанда қоқан бекіністерін салудың хронологиясы мынадай: «1813 ж. — Бұхараның бұрынғы Жанғы бекінісі, Сырдарияның сол жағасында, Қуандария өзенінің бас жағына жақын; 1815 ж. — ол Сырдарияның оң жағасына кешірілді және, сірә, Акмешіт атауын сол кезде алса керек; 1814 ж. — Шолаққорған (Қаратаудың солтүстік беткейінде орналаскан); 1815— 1820 жылдары — Сырдарияның оң жағалауындағы Күмісқорған, Жаңакорған, Жүлек, ал Сарысудың оңтүстік ағысында — Жаманқорған; 1821 ж. — Талас өзенінде Әулиеата; Кырғызстанның солтүстігіндегі Нарын өзенінде Кетпентөбе; 1822 ж. — оңтүстік-шығыс Қырғызстандағы Куршаба өзенінде (Гульгиге жақын) Қызылқорған, Алай алқабында (онтүстік Кырғызстан) Дарауытқорған; 1825 ж. — солтүстік Қырғызстанда Шу өзенінің бойында қырғыз жотасына жақын жердегі бекіністер: Мерке, Пішпек, Тоқмақ., Атбашы; 1830 ж. — Тянь-Шаньдағы Сонкел көлі ауданындағы Жунгал; 1830—32 ж. — Нарын өзеніндегі, ағысы бойынша Кетпен төбеден жоғарырақта Кұртқа». Бұл тізбеге батыстағы ең шеткі форпост болған, Акмешіттен 160 шақырым жерде орналаскан Күмісқорғанды, сондай-ак Жаңакор-ған бекінісін қосуға болады. Бұған коса, Шудың жағасында, оған Карағаты өзенінің күйылысынан жоғарырақта Иткешу бекінісі орналасты.      Сонымен кокан билігі Қазақстанда Хиуа шекаралықбекетгерімен жанасуға дейін жетіп, батысына да (Жетісуға жетіп), шығысына да таралды.

          Оңтүстік Казақстанға Қокан билеушілері ғана емес, сонымен қатар олар мен бақталас болған Бұхара және Хиуа феодалдары қызығушылық көрсетті.

          Жоғарыда айтылған оқиғалардан көрініп отырғанындай, Қазақстанның. Сыр өңірі аудандарында Бұхара әмірлері қоқан хандарына әлсіз қарсылас болды. Мәселе мынада: географиялык жағынан Бұхара Орта Азия мемлекеттері арасында өзекті жағдай алды, оның, күштері неғұрлым «келешегі зор» басқа бағыттарға үнемі тартылып отырды. Сондыктан Қазақстанның оңтүстігінде белсенді саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеулі болған бұхара билеушілері өздерінін Қоқан мен Хиуаға қарсы күрестегі табиғи одақтастары ретінде қазақ сұлтандарына ара тұра қолдау көрсетіп отыруды жөн көрді.

          Кейбір деректер Бұхараның қазақ даласына экспансиясының ерекшеліктерін ашып береді. Бұхараның «Тарихи Әмір Хайдар» деген хроникасында XIX ғасыр-дынбасындаТүркістанды иеленген қазақ сұлтандары  Ибраһим сұлтан мен Қасым сұлтанның кезінде Бұхара әмірі Шах Мұраттың (1785-1800 жылдары билік еткен) мұриттері болғанына емеурін жасалған, мистикаға кызығушылық танытқан Шах Мұрат құрметтеушілер сол үшін оны Шахи масум («Күнәсіз шах») деп атаған еді. Оның баласы және мирасқоры Әмір Хайдар (1800—1826) кезінен оның қазақ билеушісі Харун Ғазиханға (Арынғазы да сол, төменіректен қараңыз) түркі тіліндегі хаты жеткен, онда әмірдің оған Шир Ғазы ханмен бірге «шәкелерінің орнында тұтас бір нәрсенің екі жартысы» сияқты билік етсін деген тілекпен хан атағын бергені және «[әмірдің] рақымды қолы оларды басынан сипап отыратыны» көрсетіледі. Әмір Хайдар басқа бір хатында қазақтар мен қарақалпақтардың билері мен ақсақалдарына сөзін арнап, оларға Мырза Мұхаммед Жүсіп пен оның серіктеріне, олар әмірдің Түркия мен Ресейге елшілері болғандықтан, кедергі жасамауды тапсырады.

          1818 жылы Әбдікәрім Бұхари қазақтардың кеше жүріп, үлкен қашықтыктарға баратынын атап өтті, мәселен, олар көктемде орыс шекараларына жа-кындайды, ал кыста Хиуа, Бұхара және Түркістан шектерінде пайда болады: шекті және төртқара бірлестіктері (Кіші жүз), сондай-ақ оқ, қырық мылтық, бозашы шоудар (түрікмендер текті топтар) мен қарақалпақтар Үргеніш төңірегіне тоқтайды, ал шөмекей, қойыт, жаппас, жағалбайлы (Кіші жүз), кыпшақтар (Орта жүз) мен қарақалпақтар Ташкент, Бұхара және Самаркан теңірегінде қыстайды; акырында, қоңырат, үйсін (хушин) тамалар Ташкент Қоқан шектеріне Әндіжан мен Наманғанға дейін жетеді. XIX ғасырдың ең басында шекті және төрт қара руларын — Шерғазы сұлтан, шемекей, жаппас рулары мен қарақалпақтарды — Бөлекей сұлтан (1808/9 жылы өлген), Орта жүздің коңырат, сондай-ақ тама және үйсін руларын — Кұдайменді сұлтан, ат қырғыздарды және Іле бойы мен Қытайдағы Аксу аудандарында көшіп жүргендерді Қобыз сұлтан баскарған.   Тұтас алғанда, Бұхара билеушілері Қызылқұм ауданын және Шардара бекінісінен (1866 жылы орыс әскерлері кираткан), Бұхараның ең солтүстіктегі уәлаятының және өзбектердің бүркіт тайпасының ежелгі иелігінің орталығы Нұратадан Сырдарияның сол жағасындағы учаскені азды-көпті бақылауда ұстаған.

          Хиуа хандығы Хорезм жазирасы мен оған жапсарлас аудандарды иелене отырып, қазақтармен ежелден тығыз байланыстар жасады. Шынғыс құқығы бойынша Хорезм Жошы ұлысынын бір бөлігі болғандықтан, XVIII ғасыр бойында Хиуа тағында Кіші жүзден шыққан толып жатқан қазақ хандары алмасты (көбінесе — аты ғана), ал XVIII ғасырдың аяғында билік басына өзбектердің қоңырат бірлестігінің, үстем тобы келді, олардың басшысы Елтүзер (1804— 1806) қоңыраттардың тегін Шынғыс-хан әулетімен жақындастыратын аңыз негізінде хан атағын алды. Әр түрлі түрікмен, өзбек және қарақалпақ құрылымдарының, арасында өз билігін нығайтумен айналысқан Хиуа билеушілері 1811 жылға дейін Сырдарияның төменгі ағысының қазақ феодалдарын өз ырқына көндіруге бата алмады.

          Ал қазақ қауымдарының арасында бірлік болмады: әрбір ірі ру тобының өз ханы болды және олар дербес саясат жүргізді. Шөмекей тобының басшысы Ералы ханның баласы Сұлтан Темір хан болды. 1809 жылы ол 1500 адаммен тенге-қытай және кыпшақ кауымдарына шапқыншылық жасады, бірақ тойтарыс тапты. Шекті руының «падишахы» Қайып ханның баласы Әбді әзіз хан болды, ол 1810 жылы сары қытай руының керуенің тонады. Әбдіәзіз ханның інісі Шерғазы хантөрт каратайпасын басқарды. Табын тайпасы 1811 жылы Нұралыханның баласы Қаратайханның билігін таныды. Қазақ билеушшерінің қарақалпақ билерімен қатынастары ерекше шиеленісті болды. Бұл руаралық күреске Хиуа билеушілері араласып отырды.

          1811/12 жылдың қысында Хиуа ханы Мұхаммед Рахим (1776—1825; 1806—1825 жылдары билік еткен) Сұлтан Темір ханға елшілік жіберіп, бағынуың, тұтқын Хиуа бодандарының бәрін беруді және Хорезмнен, Йауараннахрдан және Ресейден шыққан керуенді тонауын тоқтатуды талап етті.-Хиуа ханы өзі қарақалпақтарды Жаңадариядан көшіргеннен кейін бұл ауданды қазақтардың алып қоюына да наразы болатын, өйткені Хиуа ханы оны өзінің иелігі деп санайтын. Қазақтар жалтарма жауап қайтарып, Хиуа билеушісінің билігін Орта жүз таныса, оны тануға уәде берді. Бұл жауапқа қанағаттанбаған Хиуа ханы қазақ елшілерін зынданғатастауға бұйырды да, өзбек, түрікмен (жәуміт, шаудыр) және қарақалпак құрамаларынан әскер жинап алып, 1812 жылғы қаңтардың аяғында жазды гүні Еділ мен Жайық өзені шектеріне дейін көшіп барып, қысты Сырдария мен Қуандария жағалауында еткізетін қалың жатқан шөмекей руына өзі бастап жорыққа шықты.

          Хиуа әскері Қақпа сексеуіл және Ақабан тақыр даласы арқылы жүріп, қақаған суыққа қарамастан, Жаңадариядан мұз үстінен өтіп, Хасан қалаға соқпай, қазақ қоныстарына шабуыл жасады. Жаудың жақындағаны туралы кеш хабарланған қазақтар көшіп үлгірмеді де, олар талапайға түсті. Сұлтан Темір хан қашып құтылғанымен, хиуалықтар мол олжаны: 100 мыннан астам қойды, 40 мыңнан астам түйені және 500 қыз-келіншекті қолға түсірді. 1812 жылы Мұхаммед Рахим ханның ордасына Сұлтан Темір ханның елшілері оған бағынуды талап еткен хат әкелді. Хиуаханы қазақтардан Хиуа иеліктерінде қолға түсірілген барлық тұтқындарды қайтарып беруді талап етіп, сол жағдайда қазақ тұтқындарын қайтаруға уәде етті.

          1815         жылдың ақпанында Хиуа ханы қазақтың шекті руын шабуға кият Сүйін би, маңғыт Досым би және Ілияс шиғауыл бастаған 5 мын жауынгер жіберді. Шектілердің басшылары Әбдіәзіз хан мен Жаназар би Сырдарияның арғы бетіне қашып құтылды. Хиуалықтар өз астанасына мол олжамен оралды.        Бұл үшін Хиуа ханы Сүйін биге мол сый тартты.

          1816         жылдыңкарашасында хиуалықтардың қазақтарға жана шапкыншылығы жасалды. 200 қазақ қарақалпақтарға шабуыл жасағаннан кейін (1816 жылғы желтоксанда) Мүхаммед Рахим хан Әбдіәзіз ханның баласы Арынғазы ханға бағынатын шекті руларына Сүйін биді, Досым би мен Ілияс шиға-уылды тағы жіберді. Жорықкд жәуміттер, шаудырлар жөне қарақалпақтар қатысты. Жорық кезінде шабуыл жасаушылар жағынан 20 адам, қазақтар жағынан 2 мың адам өлді, ал қазақтың 700 қыз-келіншектері тұткынға алынды. Арынғазы хан калың ну тоғай арасына жасырынып құтылды.

Осы қарақшылық шабуылдардан кейін қазақ сұлтандарыныңбір бөлігі Хиуа билеушісінің үстемдігін мойындады. 1819 жылдын наурызында Арынғазының немере ағасы Шерғазы хан Мұхаммед Рахим ханға өзінің қызын берді. Сол кезде,

1819       жылғы 21 қарашада соңғысы Шергазы ханның баласы Жанғазы төрені қазақтардың, ханы етіп бекітті. Әкесі мен баласының қолдауына сүйенген Хиуа ханы 1820      және 1821 жылдары олардың дұшпаны Арынғазыға (оны Бұхара әмірі Хайдардың қолдағаны мәлім) екі рет шабуыл жасады. Осы баяндалғандардан қазақ сұлтандарының өзара қырқысқан араздығы Хиуа мен Бұхаранын қазақдаласына ықпал жасау үшін бақталастығымен ұштасып кеткенін аңғаруға болады. Хиуа билеушілері өз саясатында руаралық араздық пен өштікті шебер пайдаланды және бір руды екіншісіне айдап салып, өз үстемдігін жүзеге асырды. Хиуалықтар өздерінің қоныс тебуін нығайту үшін Сырдарияның төменгі ағысың да бірнеше бекіністер салды немесе ескілерін қалпына келтірді. Олардың ең белгілісі — Сырдария атырауы тармақтары бастауының біріндегі бұрынғы бекіністің, кираған жұртына салынған Жанкат (1840 жылдарда бұл бекініс оның сонғы хиуалық комендантыныңаты бойынша Кожанияз ретінде, ал одан да кейініректе Ресеймен сауда жасаған бір керуенбасының аты бойынша Райым бекінісі ретінде белгілі). Алайда Хиуа Қазақстанда Қоқан мен шындап бәсекелесе алмады, ол Қоқаннан да, Бұхарадан да едәуір әлсіз және ез әдеуеті жөнінен де, халқының саны жөнінде де олардан төмен болатын, XIX ғасырдың орта шенінде Хиуа хандығы Бұхара әмірлігінен 2,5-3 есе аз және Қоқан хандығынан 3-3,5 есе аз еді. Сондықтан Хиуаның ұлтарапық қайшылықтарға суйеніп тең ұстау саясатын Арал өңірі қазақтарың бақылаудың едәуір дәрежеде әлсіз болуының көрінісі деп қарастыруға болады. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстанда тікелей әкімшілік басқаруды енгізуге тырысып жатқан кезде Хиуа хандары қазақ сұлтандары мен хандары институтың қазақтар жөніндегі өз саясатының басты құралы ретінде пайдалануың жалғастыра берді.

 

 

 

 

 

 

 

3.ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 20-ЖЬІЛДАРЬІНДА ЖЕТІСУҒА РЕСЕЙ  ИМПЕРИЯСЫ ЫҚПАЛЫНЫҢ  ТАР АЛУЫ

          Орта Азия хандықтарының Қазақстандағы белсенділігін Орынбор мен Сібірдін орыс әкімшілігі де, Шынжандағы маньчжур-қытай өкімет орындары да мұкият қадағалап отырды.

          Ұлы жүздің ірі бірлестіктері албан, дулат және шапырашты көшіп жүрген Жетісуда сонау 1778 жылы әлде бір Ташкенттік мыңбасы Қаскелең өзені маңына бекініс салыпты. 1810 жылдарда Қоқан экспансиясы әуелі оңтүстік батыс, ал содан соң бүкіл оңтүстік Жетісуды да (Іледен арғы өлкені) қамтыды. Осындай жағдайда Ұлы жүз екілдері 1818 жылы патша үкіметіне өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкіметі өтінішті қарап, Ұлы жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдің бодандары деп жариялады. Абылай ханның баласы Сүйік сұлтан өзіне бағынышты 55 мың адамымен бірге бодаңдыққа сол кезде ант берген еді. 1822 жылы таш да 14 сұлтан -Абылай ханның немерелері мен Әділ төренің балалары орыстың өкімет орындарына бодандық туралы өтініш жасады, бұл өтініш 1824 жылғы 13 мамырда бұл сұлтандардың еркек кіндіклі 165 мың адамымен бірге бодандығы туралы кұжатқа I Александрдың қол коюымен қанағаттандырылды. Алғашкылар болып бодандықты үйсін, жалайыр, албан, суан, шапырашты, ысты, ошақты, қанлы бірлестіктері және басқалар қабылдады. Қазақ малшыларың өз жағына тар-туға тырысып, Сібірдің орыс әкімшілігі малдан алынатын алым мөлшерін оны қоқан жинаушыларының алатынына қарағанда 2,5 есе азырақ (1 %) өтіп белгіледі.

          Сонымен бірге Ресей Жетісуға Қоқанның кіруін дипломатиялық амалдарды пайдаланып тежеуге тырысты. 1828—29 жылдарда, яғни орыс-түрік соғысы кезінде, Ресейде Тұрсынқожа бастаған Қоқан елшілігі болған еді. Петербург қоқан және орыс мүдделері өрісін Шу өзенінін бойымен бөлуді ұсынды: орыстар оның сол жағасына, ал қоқандықтар оң жағасына өтпеуге тиіс болды. Ұсыныс қабыл алынды. Алайда содан сон қоқандықтар келісімді бұзды: солтүстікте Ұлытау тауларында олардын аванпостылары пайда болды, ал Іледен арғы өлкеде олар Қастек (қоқан деректемелерінде Аштақ, Хаштақ), Үш Алматы және Тойшыбек бекіністерін салды.

          1834 жылдың мамырында Лашкар күсбегі 6 мың адамдык жасағымен солтүстікке қарай беталды, Есіл енірі даласында Алаша хан кесенесіне жетті, Ұлытау алқабында 1000 адам гарнизоны бар бекіністің негізін қалады. Бұл әрекеттер орыс өкімет орындарына қарсы көтерілген Саржан Қасымов сұлтанды қолдау сылтауымен жүргізілді. 1834 жылы Ақмоладан шыққан орыс отряды (700 қылыш, 51 найза және 6 зеңбірек) бұл бекіністі аяып, онын қорғанларын қиратты, гарнизонды еліне, Ташкентке қайтарып жіберді.

          Цин өкімет орындары да Жетісуда өз белсенділігін көрсетті. Бұл туралы Ш. Уәлиханов. міне, былай деп жазған: «Даланың бұл бөлігіне орыс әскерлері келгенге дейін Үлкен орда 1824 жылдан Ресейдің қамқорлығында деп саналғанмен де, қытайлар болмашы алым жинау үшін Іледен арғы өлкеге өз отрядтарын жіберуді 1840 жылға дейін тоқтатпады, сол жылы олар осындағы шапыраштылардан Теренезек алқабы маңында күйінішті де аянышты жеңіліске ұшырады».

          Сөйтіп қоқандықтардың қысқы қыстаулар аудандарында құрған бекіністер тізбегі орасан зор аумақты бақылауға және қазақ, қырғыз және қарақалпақ малшыларынан салық алуға мүмкіндік берді. Егер 1810 жылдарда Ташкент хакіміне 400 мың қазақ бағынса, 1830 жылдардың басындағы османдық құжатқа қарағанда, Қоқанға бағынышты қазақтар саны (өсіріп көрсетілген болуы ыктимал) 200 мың шаңырақ, ал қырғыздарды, қарақалпақтарды және Құрама (Шахрухийа) көшпелілерін қосып алғанда — 200 мың шаңырақ болған, ал хандықтың отырықшы халқы 3 млн адамға дейін жететін еді.

          Руаралық қараздықты пайдалана отырып және жекелеген руларды неғұрлым пұрсатты жағдайға қойып, қоқандықтар  (латыншадан — бөліп ал да, билей бер) саясатын ұстанды. Ташкентте ірге тепкен және оның төңірегіне қоныстанған, бұрынғысы сияқты, Ташкент хакімінің тірегі болуын жалғастырып отырған шанышқылы және қаңлы рулықтоптардың қазақтары мейлінше қолайлы жағдайларды пайдаланды. Олар әскерде қызмет етті және әкімшілік қызметтерді атқара алатын. Кейініректе 1859—1861 жылдарда солардың бірі -Ташканди ақсақалы Қазақ байдың баласы Рүстембекке Ташкент уәлаяты мен Дешті Кыпшақ хакімінің жоғары әкімшілік кызметі бірсыпыра уақытка (бір жылға дейін) екі рет сеніп тапсырылды, бірақ бұл ерекшелік болды (Рүстембек 1858— 1862 жылдары Қоқаңда билік еткен Малла хан әйелінің бауыры еді).

          Ал қазақтардың негізгі бұқарасы зекет төлеуге міндетті болды. Ұлы жүз руларының көпшілігі (ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, сіргелі, сыйқым, шымыр, жаныс және суан), Орта жүздің (коңырат, қыпшақтардың, наймандар мен арғындардын бір бөлігі) және Кіші жүздің (жаппас) бір белігі осы санатқа жатқызылды. Зекет мөлшерінің біршама аз болғанына (шариғат бойынша мүліктің 1/40 бөлігі) қарамастан, бұл салық казақтар үшін ауыр болды, өйткені Ташкент әкімшілігінің тарапынан бақылау болмаған жағдайда оны жинаушылардын (зекетшілердін) жеке баю мақсатымен оп – оңай  жаппай қорқытып алу мен тонаушылыққа айналып отырды. Қоқан бекіністеріне жақын маңайда көшіп жүрген далалықтарға олардың гарнизондарын күту, ол бекіністерді жөндеу мен кеңейту жөніндегі міндеттер жүктелді.

          Қазақтар Қоқан хандары ұйымаастыратын соғыс жорықтарына тартылды. Мәселен, Омар хан тұсында «Арқа қазақтары» Ұратөбеге жорыққа, Лашкар құс бетінің басқаруымен олар қоқандықтардың Қашғарға( 1826 ж.) және т.б. жорығына қатысты. Бұл қатысуды әскери міндеткерлік ретінде де, баю амалы реті неде де қарастыруға болады.

          Бір қызығы, Лашкар құсбеті хакім болған жылдарда дала өңірін бағындырып ұстау үшін нақсод көшпелілердің күштері пайдаланылды:оның әскерінде 3 мын адам ғана қала (шахра) тұрғындары болатын, ал қалғандары қазақтар мен кырғыздар арасынан шыққаңдар еді. Яғни бір бірлестік екіншілерін тыныштандыру үшін пайдаланылды.

          Бұрын атап өтілгені кедей, Қазақстанның оңтүстігі үшін жоғары өкімшілік етуші адам Ташкент хакімі болды. Қазақстанның Сыр өңіріндегі аудандарың

басқаратын Түркістан хакімі де іс жүзінде соған бағынды. Ташкент хакімінің екі көмекшісі болды — сарқар (немесе мырзабашы) салық жинауды және аза.маттық істерді жүргізді және батурбашы (әскербасы) әскери мәселелермен және көшпелілердің істерімен айналысты. Қоқандықтар өздерінің дала жөніндегі саясатында орыс әкімшілігінен айырмашылығы, Шынғыс ұрпақтары-сұлтандарға емес, халық өкілдері — билерге сүйенді, олардың кейбіреулеріне датқа атағы берілді, бұл оның иесін салық төлеуден босататын.    

          Қоқан билеушілері Қазақстандағы өз табыстары үшін таулы Тәжікстаннан, Памирден және шектес аудандардан келушілерден іріктеп алынған әскери кұрамаларға міндетті болғандықтан, олардың ішіндегі атақты адамдар Қазақстанның оңтүстігі мен Ташкентте әкімшілік орындар алуға артықшылықты пайдаланды. Мәселен, Түркістанды жеңген бадахшандық Раджаб дуанбегі 1810-1816 жылдарда Ташкенттің (және тиісінше Онтүстік Қазақстанның) хакімі болды. Қара тегіндік Самсалық қыстағындатутан қана атшах(1862жылы өлтірілді) 1840 жылдарда Түркістанды, ал одан сон 1860—1862 жылдарда Ташкентті басқарды. 1862 жылы пансадбашы (бесжүздікші) Сұлтан би Қаратегіни Жаңақорғанның қоқанның соңғы қоменданты бола жаздады, ал Түркістанның қоқандық соңғы хакімі Мырза Дәулет би   болды.

          Ол кезде Орталық Азияда «тәжік» этнонимімен бәрі бірдей емес, тек таулық тәжіктер мен Памирдің Бадахшанның және т.б. оларға жақын халықтары ғана аталды. Шын мәнінде, Лашқар кұсбегі де солардың арасынан шыққанды.

Жақын арада Түркістаннан табылған қоқандық кезендегі мұрағатта тәжік тілінің қаратегін диалектісіндегі құжаттар қамтылады, ал Қоқан хандығының ресми (және элитарлык) тілі ортаазиялық парсы тілі (XVI—XIX ғасырлардағы тәжік әдеби тілі) болған. Тарихи оқиғалардын дамуы барысында Казақ-стан мен таулы Тәжікстан, Ферғана мен Орта Шығыс халыктарының тағдырлары осылайша араласып, астасып кетті.

Қазақ малшылары өзара тиімді мәдени және сауда-экономикалық байланыстарға тартылды. Мысалы, Орталық Азияның Ресеймен керуен саудасын ұйымдастыруға жаппас тайпасы белсене қатысты. Оның адамдары жыл сайын Ташкентке барып өз түйелерімен орта азиялық көпестердің тауарларың тасуға жалданып жүрді. Сол жылдардағы қазақтардың ерекше адалдығы олар көпестердің түсіп қалған тауарларың тауып алып, оларды бір күндік жерге дейін куып барып, тауып алған затың тіпті болмашы болса да иелеріне қайтаратыны айтылады.

           Лашқар күсбегі хакімдік еткен бейбіт жылдарда осылай болған, ал ол Тоқай төре мен Тентек төренің көтерілістерінен тағлым алып, ынсапты салық саясатын жүргізген еді (әрбір көктемде салык жинағаңда, ол шариғатпен әдет нормаларын сақтады, малшылардың өз еркін өздеріне беріп, мүлкіне қолсалмады) және дала өңірін сенімді басқарды. Қазақтар мен қырғыздар арасындағы қақтығыстар тыйылды, бірсыпыра уақыт бойы тыныштық біршама кауіпсіздік және арзаншылық орнады. Әулиеатада ташкент таразысы бойынша 1 ман (170-172 кг) астық 2 теңге (күміспен 40 тиын) тұрды 1823 жылы хандықтан куылған, көзкарасы тәуелсіз адам, Қоқан ханзадысы Хуха Хакім хан Лашқар кұсбеті қазақтарды падишах сияқты басқарды және олар ұзақ уакыт бойы «шанберіліп кетті» деп жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Қорыта  айтқанда  XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. XIX ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекеттер — Хиуа, Бұхара және ең үлкең дәрежеде — Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын (шамамен 1810-1866 жылдар аралығын) алса да, бұл кезең — аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды кезең. Оңтүстік Қазақстан өзін қазақтардың басқа облыстарынан сондайлық ерекшелендіретін сипатты белгілерге нақсол кезде  түпкілікті ие болған едіБұл жағдайлар мұнда қазақ хандары билігінің нығаюына себепші болмады, өйткені бай отырықшылық-егіншілік жазиралары болмаған олар көшпелі бірлестіктерге өз билігін нығайту үшін олардың ресурстарын пайдалана алмады. Солай бола тұрса да, XVIII ғасырдың аяғына дейін, Орталық Азия жоңғарлардың басқыншылығы, Ираннан Нәдір шахтың шапқыншылығы, Аштархан ұрпақтары мемлекетінің құлауы және өзбек қауымдарының Орта Азиядағы иеліктерді қайта бөлісу үшін жүргізген кескілескен күресі туғызған құлдыраудан ес жиып үлгіргенше, қазақ хандары жонғарларды ығыстырып шығарып, Қазақстаның оңтүстігінде өз билігін калпына келтіріп кана кой-май, жоңғарлардан Ташкенттіқайтадан тартып алды, тіпті жергілікті қыпшақтарға сүйене отырып, Ферғана істеріне де арапаса бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер тізімі 

 

  1. Қазақстан тарихы “Көне  замманнан  бүгінге  дейін” ІІІ  том,  Алматы  2002
  2. Қазақ ССР тарихы ІІІ  том  1982
  3. Қазақстанның мәнениеттануы. Алматы  2002ж.
  4. Бекмаханов ХІХ ғасыр  20 – 40 жылдары 

Қазақстан   Алматы, 1994 ж.

  1. Қасымбаев Ш. Кенесарыхан  саяхатшы   және  қолбасшы, Алматы 1993 ж.
  2. Қазақстан тарихы Т.з. А., 2002
  3. Қазақ ССР тарихы. Т.з. А., 1982
  4. Аманжолов Қ.Р. Түркі халықтарының тарихы. Т.з. А., 2005
  5. Абылай хан Т.з. 1992
  6. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен А., 1994
  7. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994
  8. Қазақ халық әдебиеті. Көп том А., 1995