АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………………………………3

І ХІХ   ғ. ІІ   жартысы  мен  ХХ   ғ. І жартысындағы   Ресейдегі  саяси  ойлар.

1.1.   1961 ж.   Крепостниктің  правоның  жойылуы  қарсаңындағы  әлеуметтік    саяси    идеялар……………………………………………………………………………………………………………………………8 – 13

1.2. 1870 – 1880 жж.  Ағартушылар,   халықшылдар идеологиясы Плехановтың  «Еңбекті азат ету» тобы………………………………………………………………………………………………………………………..13 — 18

1.3. ХІХ ғасырдың  90 жылдарындағы   сациал  демократиялық   идеялар (Ленин, Мартов, Стасова, Засульич)………………………………………………………………………………………………………….18 — 24

1.4. ХХ ғасырдың  бас  кезіндегі   1905 – 1907  жылдардағы орыс   революциясына  дейінгі   және  кйінгі   қоғамда   қалыптасқан   саяси  идеялар……………………………………………………….24 — 28

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………………………………29

Пайдаланылған  әдебиеттер………………………………………………………………………………………………..30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ресейдегі 1861 жылғы шаруалар реформасы сот, ағарту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару салаларында да жалғасып, қоғамдық өмірде саяси идеялық ағымдар мен Ресейде Александр І-нің либералдық бастаулары мен оның әдебиетте талқылануынан (Сперанский, Карамзин) кейінгі «реформалар дәуірінде» либерализмнің келесі толқыны бой көтерді.  Олардың либералдық көзқарастары ағартушылық консерватизммен аралас болды. Бұл топтың көрнекті өкілдері қатарына мыналар жатады: Б.Н. Чичерин (1828-1904) 5-томдық «Саяси ілімдер тарихының» (1869-1902), «Халық өкілеттілігі туралы» (1866), үш бөлімнен тұратын «Мемлекеттік ғылым курсы -(1894-1898), «Құқық философиясы» (1900) еңбектерінің авторы, С.А. Муромцев («Азаматтық құқықтағы сот пен заң», (1880), Н.М. Коркунов («Құқықтың жалпы теориясы бойынша лекциялар, (1886),  М.М. Ковалевский («Юриспруденциядағы тарихи-салыстырмалы метод», (1880), Кавказдағы заң мен әдет» (1886), ‘»Қазіргі әдет және ежелгі заң» (1886), 3 омдық «Тікелей халық билігінен өкілеттік халық билігіне дейін» (1906) еңбектерінің авторы.

Либералдар утопиялық социалистермен, алғашқы орыс марксшілдерімен, кейінгі славянофилдердің консервативті-романтикалық оппозициясымен қатар заңгер-догматтардың да көзқарастарымен пікір талстырды. Олардың арасында идеялық айырмашылық та болды. Мысалы, Б.Н. Чичерин классикалық либерализмнің жаңагегельдік жобасын, Муромцев мүдделер юриспруденциясы шеңберіндегі либерализм, Вл. Соловьев — діни-философиялық бағыттағы либерализм, П.И. Новгородцев табиғи-құқықтық дәстүр позицияларын ұстанса, М.Н. Ковалевский мен П.Г. Виноградов өздеріне дейінгі К.Д. Кавелин сияқты дәстүрлі либерализмнің теоретиктері болды.

Аталмыш дәуірдегі орыстың консерваторлары кейінгі славянофилдер сияқты европалық саяси тәжірибеге сенімсіздікпен қарап, патриоттық мәдени-ұлтшылдықты көтермелейді. Бұлардың қатарына Н.Я. Данилевскийді (1822-1885), К.Н. Леонтьевті (1831-1891), және Ф.М. Достоевскийді (1821-1881) жатқызуға болады.

Орыстың діни-философиялық тұрғыдағы саяси-құқықтық ойы Вл. Соловьевтің (1853-1900), Ф. Достоевскийдің, К. Леонтьевтің, ал кейінірек С.Н. Булгаковтың (1871-1944) және Н.А. Бердяевтің (1874-1848) шығармашылықтарынан көрінеді. Бұлар европалық мәдени құндылықтарды игеру ерекшеліктері мен әлемдік тарихи процестегі Ресейдің рөлі туралы сол заманғы идеяларды өздерінше ерекшелеуге ұмтылды, алайда практикада бұл әрекет сынаржақтылықпен шектесіп жатты. Достоевскийде түбіршілдік бағдар басым, Соловьевте утопиялық ойлар басым болса, Бердяевта орыс өмірі мен орыс рухындағы «терең антиномияның» салдарынан мұны жүзеге асыру мүмкін емес.

XX ғасырдың басында Ресейде марксизмнің позициясы күшейе түсті. Революцияшыл радикалдардың арасында орыс марксшілдері халықшылдарды ығыстырып шықты. Орыс марксизмнің акесі Г.В. Плеханов болып саналады. Кейін бұл бағытты В.И. Ленин, Н.И. Бухарин, Л.Д. Троцкий жалғастырды.

Ресейде конституциялық басқару енгізілгеннен кейін заң мен құқық саласында едәуір алға басушылық байқалды. Конституциялық (құқықтық) мемлекет мәселелерін зерттеумен А.С. Алексеев, С.А. -Котляревский, В.М. Гессен, М.М. Ковалевский сияқты орыстың құқықтанушылары айналысты, Құқық философиясы Г.Ф. Шершеневичтің (1863-1912), Б.А. Кистяковскийдің (1868-1920), Е.Н. Трубецкойдың (1863-1920), П.И. Новгородцевтің (1866-1924) шығармашылықтарында қарастырылды.

Кеңестік Ресейдің бастапқы тәжірибелері шетелге асып кеткен орыс құқықтанушыларының салыстырмалы-тарихи зерттеулерінің объектісіне айналды. Ресейдің «болашағы» туралы бұл сыншыл-аналитикалық жұмыс шетелдегі ғылыми орталықтарда жүргізілді. Орыс эмигранттарының мұндай орталықтары Харбин, Прага, София, Берлин қалаларында орналасты. Н.А. Бердяев, П.А. Сорокин, П.Б. Струве, Г.К. Гинс, Н.С. Тимашев, С.Л. Франк, С.И. Гессен және өзгелері шетелдегі ең танымал орыстың құқықтанушылары болды.

Философиялық-құқықтық құрылымдардың өркендеуіне жол ашты. Реформаторлар мен консерваторлардың, либералдар мен радикалдардың арасындағы идеялық алшақтық айқындала түсті.

Патша Александр 11 бұйрығымен құрылған шаруа ісі жөніндегі Бас комитеттің (басқа арушысы Я.И. Ростовцев) жұмысы үлкен қоғамдық пікірталас тудырды. Шаруа мәселесін шешуде 30-40 жылдары славянофилдер бастаған сезеайысты 50-жылдардың соңында халықшылдар жалғастырды. Халықшылдық бағдарламаның кейбір тұстары дворяндық реформаторлардың радикалды қанатының ұстанған позициясымен сай келді. Бұл бағыттың көрнекті өкілі Алексей Михрйлович Унковский (1828-1893/94), 1857 жылдың өзінде Тверь губорниясы дворяндарының атынан Александр И-ге шаруа мәселесін шешудің радикалды жобасын ұсынды. Реформаторлар қатарына митрополит Филаретті (Дроздовты) (1782-1867) де кіргізуге болады. 1861 жылғы 19 ақпандағы Манифесті дайындауды Александр II Ю,Ф, Самаринге жүктеген болатын, Алайда оның жобасымен келісім болмады, сондықтан бұл материал Филаретке тапсырылып, оның ақырғы үлгісі даярланды. Ол мемлекет пен құқыққа деген православиелік иерархиялық көзқарасты ұстанды.

1861 жылғы реформа жермен қамтамасыз ету және еркіндікке байланысты шаруалардың үмітін ақтамады. Сондықтан бұл реформа оны жақтаушылар тарапынан да, оның қарсыластары — радикалдар тарапынан да сынға ұшырады. 60-жылдар қоғамдық қозғапыстардағы радикалды идеялар мен бағдарламаларға толы болды. Бұл кезеңді тарихшылар ресейлік түбірдегі революциялык, утопиялық социализмнің қалыптасу дәуірі деп атайды. Бұл екі бағыттан — әртекті зиялы қауым ортасындағы бұқаралык, революциялық қозғалыстан және орыстың утопиялық («шаруалық») социализм ағымдарынан пайда болды. Шындығында да, реформадан кейінгі Ресейде социапизм идеялары -бастапқыда сен-симонистік, фурьерлік, ап кейіннен маркстік идеялар студенттер, әдебиетшілер, жас офицерлер мен мемлекеттік қызметшілер, тіпті дін иелерінен шыққандар арасында кеңінен таралды.

Орыстың утопиялық социализмінің өкілдері қатарында А.И. Герцен және Н.Г.Чернышевский бар. Олардың екеуі де славянофилдердің көзқарастарын құрметтеді.

Қауымдық (халықшылдық, «шаруалық») социализмнің идеялары мен құрылымдарына алғаш келген әлеуметтік философтардың бірі Александр Иванович Герцен (1812-1870)

болды. Ол селолық қауымды болашақ орыс социализмінің негізгі тірегідеп қабылдады. Оның 1861 жылғы 1 қарашадағы «Халыққа барі» ұраны ондаған жылдар бойы патриоттық көңіл-күйдегі жастарды күреске жұмылдырды.

Герценмен салыстырғанда Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) нағыз демократ ретінде көрінеді. Оның «Қауымдық иелікке қарсы философиялық көзқарастарды сынау» (1858), «Экономикалық әрекет және заң шығарушылық» (1859) мақапалары мен «Не істеу керек?» еңбектері Ресейде оқуға тыйым салынған шығармалар болды.

Герцен мен Чернышевскийді кейде социалист-утопистер деумен қатар, революцияшыл демократтар деп саналды. Алайда «революцияшыл» деген сөз мағынасы жағынан 70-жылдардағы халықшылдар қозғалысындағы бакуниншілдер мен террористер туралы ұғымға жақын.                                                   

Михаил Александрович Бакунин (1814-1876) XIX және XX ғасырларда таралған ультрареволюциялық социализм бағыттарының бірі ұжымшылдық анархизм бағытының негізін қалаушының бірі. «Федерализм, социапизм және антитеологизм» (1868), «Кнуто-германдык, империя» (1871), «Мемлекет және анархия» (1873) деген еңбектеріндегі оның көзқарастары текорыс халықшылдары арасында ғана емес, кептеген батысеуропалық елдерде де өз жақтастарын тапты. Бакунин мен Л. Толстойдың анархистік ілімдерін Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) жалғастырды. Ол бастапқыда географ, геолог, биологиядағы эволюциялық теорияны терең зерттеуші, этика теориясы мен тарихы бойынша монографиялық жұмыстардың авторы ретінде белгілі болса, кейіннен анархизм теориясы мен тарихы бойынша еңбектер жинағының авторы ретінде танымал болды. Кропоткин анархия ілімін табиғат пен қоғам туралы қазіргі ғылыммен, әсіресе, жануарлар әлемі мен адамзат қауымдастығындағы өзара көмек туралы әлеуметтік-философиялық іліммен біріктіргісі келді.

Радикалдар қатарына сондай-ақ, «Алға» журналының жетекшісі, Петр Лаврович Лавровты (1823-1900) жатқызуға болады. Бастапқыда Чернышевскийді жақтаған ол алғашқы «Жер мен ерік» ұйымына, I және II Интернационалға, Париж коммунасы мен кейінгі «Халық еркіне» белсене атсалысты. «Болашақ қоғамдағы мемлекет элементі» деген еңбегінде өзінің антиутопиялык, көзқарасымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси ілімдер.

1.1. 1961 ж.   Крепостниктің  правоның  жойылуы  қарсаңындағы  әлеуметтік    саяси    идеялар

XIX ғасырдың орта шенінде Россияда феодалдық-крепостниктік системаның дағдарысы мейлінше шиеленісті. Ескі крепостниктік өндіріс қатынастары өндіргіш күштердің дамуына кедергі болды. Шаруашылықты жүргізудің кертартпа әдістерін өзгерту үшін крепостниктік шаруалардың басым көпшілігінде не қаржы, не білім болмады. Помещиктердің имениелерінде әлдеқандай бір жаңа әдістер енгізіле қалса, оларды игеруге шаруалардың құлқы соқпады. Өнеркәсіп орындарында істейтін еріксіз жұмысшылардың еңбек өнімділігі де мардымсыз болды. Жаңа, буржуазиялық қатынастар қалыптасқан, яғни ерікті және жартылай ерікті жалдамалы еңбек қолданылған жерлерде, крепостниктің үстемдігіне қарамастан, өндіргіш күштер шапшаңырақ дамыды.

1860 жылы Россияның өңдеу өнеркәсібінде істеген жұмысшылардың жалпы санының 4/5-ше жуығы өз еркімен жалданғандар еді. Жұмысшыны өз еркімен жалдаудың капиталистік системасы мақта мата өнеркәсібінде өте — мөте көп тарады. Алайда жұмысшылардың басым көпшілігі өз иелері оброкқа босатқан мемлекеттік, удельдік және помещиктік шаруалар еді. Ауыл шаруашылығында ерікті жалдамалы еңбек негізінен Россияның оңтүстігіндегі халық аз мекендеген далалық аудандарда болмаса, басқа жерлерде сирегірек қолданылды. Крепостниктік право әлі де сақталып отырған жағдайда капигалистік шаруашылық жеңіп шығып, өндірісті толық меңгеріп кете алмады. Феодалдық системаның кертартпалығының салдарынан крепостниктік Россия экономикалық жағынан тым мешеу еді. Өндіріс орындарын техникамен жабдықтау жағынан да, еңбек өнімділігінің дәрежесі жағынан да, товар өндіру мөлшері жөнінде де батыс европалық елдер Россиядан әлдеқайда озьш кеткенді. Ауыл шаруашылығы ұзақ уақытқа дейін тоқыраған жағдайда болды, жиі-жиі егін  қалуы салдарынан жұрт жаппай аштық пен түрлі эпидемияға душар болды. Астық саудасы кең етек алып отырған жағдайда феодалдық меншік иелерінің шаруалардың жер үлесін қысқартып, өздеріне зорлап жұмыс істетуі шаруалар шаруашылығыныд қорланып, ілгері басуына мүмкіндік бермеді.

Өндіргіш күштердің (ең алдымен өнеркәсіп саласында) қол ,жеткен дәрежесі мен үстемдік етуші феодалдық қарым-қатынастардың арасындағы сәйкессіздік шиеленісіп, дау-жанжал түріне айнала берді. Шаруалардың барған сайын өрши түскен антифеодалдық қозғалысы белек алған осы қайшы-лықтардың өте-мөте айқын керінісі еді,  Шаруалардың толқулары бытыраңқы, ұйымдаспаған түрде болса да, қоғамдық өмірдің барысына зор ықпал жасап отырды. Шаруалар   қозғалысы    демократиялық интеллигенция арасынан, көбіне әртектілер —  мен жарлы чиновниктер, діни қауымнан және басқа сословиелерден шыққандар жағынан тілектестік және идеологиялық қолдау тапты.

50-жылдардың аяқ шені мен 60-жылдардың бас кезіндегі  демократияшыл интеллигенцияның жұрт таныған көсемдері А. И. Герцен мен Н. Г. Чернышевский болды. Олар күреске шыққан шаруалардың мүдделері мен тілектерін қорғады. А. И. Герцен 1853 жылы Лондонда «Орыстың еркін баспа— ханасын» ұйымдастырып, самодержавие мен крепостниктікке қарсы бағытталған шағын-шағын шығармаларды үзбей шығарып отырды. Қырым соғысы және Россиядағы қоғамдық өмірдің жандануы Герценге жаңа күш-қуат берді. Ол 1855 жылдан бастап «Полярная звезда» деген атпен мұқабасына өлім жазасына тартылған декабристердің бейнелері салынған мерзімді жинақ шығара бастады. Герцен дворян революцио-нерлерінің даңқты  дәстүрін  жоғары   көтеріп,  ілгері   дамыта беруге ұмтылды. Декабристер сияқты, Герцен де дворян ұрпағы еді, сондықтан да ол өзінің көзқарастарында дворяндық дүние танымның кейбір қалдықтарынан арылып болған жоқ еді. Ол дворян сословиесінің прогресшіл топтарына әлі де үміт артып, қан төгіс революциядан гөрі бейбіт төңкерісті жақтады; I Николай елгеннен кейін А. И. Герцен патшаның мирасқоры II Александрды шаруаларды құлдықтан, ал Россияның бүкіл халқын деспотизмнен азат ететін жаңа жолмен жүруге көндіруге болады деген алдамшы үмітте болды. Алайда либерализм жағына қаншалықты ауытқығанымен, Герцен орыс халқын жанындай сүйетін және ен жайлаған езушілікті мейлінше жек көретін революцияшыл демократ болып қала берді; ол шаруаларды жеріменен азат етуді үнемі қолдап отырды, ал егер қоғамды бейбіт жолмен өзгертудің сәті түспесе, онда күрестің революциялық әдісін қолданудан тайынбайтынын ашықтан-ашық мәлімдеді.

Европадағы 1848—1849 жылдардағы революция күшпен басылғаннан кейін, Герценде халықшылдық көзқарастар қалыптаса бастады. Утопиялық социализм идеяларымен рухтанған Герцен жаңа дүниенің — әлеуметтік бауырластық пен теңдік дүниесінің негізін орыстың шаруалар қауымы қалайды деген қате пікірді басшылыққа алды. Герценнің «жерге праволы болу» және «жерді тең бөлу» жөніндегі идеялары шындығында помещиктердің билігін және оның  экономикалық негізі — феодалдық жер иелену тәртібін жоюды көздеген шаруалардың ниетін білдірді.

Герцен өзінің досы Н. П. Огаревпен бірге 1857 жылдан бастап «Колокол» атты журнал шығаруды қолға алды. Журнал орыс қоғамының ат жалын тартып мінген азаматтарының бәрін күреске аттандыруды көздеді. Крепостниктік правоны дереу жойып, шаруалардың өздеріне тиесілі жер үлестерін сақтау — Герцен кеңінен өрістеткен үгіттің негізгі арқауы осы еді. Журнал редакциясына Россиядан кептеген мақалалар мен корреспонденциялар түсіп жатты. «Колокол» феодалдық-самодержавиелік құрылыстың өте-мөте жиіркенішті жақтарын аяусыз әшекереледі. «Колоколдың» әшкерелеу әрекеттерін Россияның билеп-төстеушілері де кез жазбай қадағалап отырды. Журнал беттері Россияға астыртын жіберіліп, алдыңғы қатардағы интеллигенцияның арасына кеқ таралып жатты. Герценнің азаттық сүйгіш сөздері Россиядағы революциялық қозғалысты өршіте түскен аса қуатты құралға айналды.

Россияда Н. Г. Чернышевский (1828—1889) және оның ең жақын пікірлестері Н. А. Добролюбов (1836—1861), ақын Н. А. Некрасов (1821 — 1877) басқарған демократияшыл үгіттің маңызы одан да зор болды. Герценге қарағанда Чернышевский әр тектілерден шыққан, студент кезінің өзінде — ақ оның дәйекті революцияшыл-демократтық көзқарасы қалыптасқан. Герцен сияқты Чернышевский де утопиялық социализм идеяларымен рухтанып, болашақ социалистік құрылыстың түп негізі қауымдық жер иеленушілік болады деп үміт артты. Герцен сияқты Чернышевский де халықшылдық идеологиясының негізін салушы болды.

Патша үкіметі алғашкы қадамдарын мейлінше сақтықпен бастады. 1857 жылдың басында үкімет Шаруалар ісі жөніндегі құпия комитетті   құрды,   ол   шаруаларды «тым қауырт және күрт төңкеріссіз» бірте-бірте азат етудің жоспарын жасауға тиісті болды. Комитеттің құрамына өздерінің реакциялық крепостниктік көзқарастарымен жұртқа әйгілі болған Николай патшаның маңғаз төрелері кірді. Олардың ойынша крепостниктік правоны жою бір белгісіз ұзақ  уақытқа созылып, өтпелі шараларды қолдану жолымен, көбінесе помещиктердің өз ынтасымен жүзеге асырылмақшы еді. Осындай ынтаны туғызу үшін үкімет Литва губернияларындағы дворяндардың қарамағындағы шаруаларын жерсіз азат етпекші болған ниетін қолдау керек деп тапты.

«Крепостниктік тәуелділіктен азат етілген шаруалар жөніндегі жалпы «Ережеден» басқа, 1861 жылғы 19 февральда алдыңғысымен тығыз байланысты тағы да 16 заң жобалары бекітілді. Бұларға бүкіл помещиктік имениелерге (жер құнын төлеп алу, басы байлы малайлар және тағы басқалары туралы) қатысы бар 4 жалпы «Ереже», империяның басты-басты аудандарындағы (Великорус, Украина, Белоруссия және Литва) шаруаларды жерге орналастыру жөнінде 4 «Ереже» және қосымша (ұсақ поместьялы жер иелерінің шаруалары туралы, кен заводтарының жұмысшылары және тағы басқалары туралы) арнаулы 8 заң жатқызылды. 1861 жылғы 19 февральда қабылданған заңдардың негізгі шешкені: шаруалардың жеке басына азаттық беру туралы мәселе, азат етілген шаруалардың жер үлестері мен міндеткерліктері туралы, шаруалар пайдаланатын жерлердің құнын төлеп алу туралы және шаруаларды басқаруды ұйымдастыру туралы мәселелер болды.

Крепостниктік шаруалар осы заң жарияланған кезден, яғни 1861 жылғы марттың 5-нен бастап, жеке басына азаттық алды.          

Осы күннен бастап помещиктер шаруалардың жеке басын билеу — оларды сату, сатып алу, сыйға тарту, бұйым ретінде кепілге салу, оларды өз бетінше бір жерден екінші жерге көшіру, біреуге қызметшілікке, жұмысқа жіберу, жазаға тарту және тағы басқа осындай бұрынғы праволарынан айрылды. Шаруалар жеке басына да, дүние мүліктеріне де дереу право алды. Шаруалардың жеке басының праволары: помещиктің рұқсатынсыз, ез еркімен некелесу, жеке адамдар-мен, қазынамен өз бетінше шарт жасасу және міндеттемелер алу, сауда, өнеркәсіппен емін-еркін айналысу, өз беттерімен азаматтық және қылмысты сот істерін жүргізу болды. Сонымен қатар шаруалар енді «селоның ерікті азаматтары» ретінде өз еріктерімен қоғамдық өзін-өзі басқару органдарына қатыса алатын, басқа сословиеге (мещан, купец және басқаларына) ауыса алатын, тұрған жерінен басқа жерге өз еркімен кете алатын, қызметке кіре немесе оқу орындарына түсе алатын болды. Азат етілген шаруалар мүлік праволары жағынан — өзінің жеке меншігіне мал-мүлік жинауға, құнын тәлеп алған жерлерін емін-еркін пайдалануға және жергілікті әдет-ғұрып бойынша мал-мүлкін мұраға қалдыруға праволы болды. Бүрын помещиктердің «қол астында» болған крепостниктік шаруалардың жеке басына және мал-мүлік жинауына право беру 1861 жылғы қабылданған «Ережелердің» ең бір прогресшіл, буржуазиялық дамудың талаптарына сәйкес жағы болды.

Алайда 1861 жылғы 19 февральда қабылданған «Ережелер» экономикалық емес жолмен зорлаудың системасын толығымен жоя алмады: «селоның ерікті азаматтарының» қатарына қосылғандарына қарамастан, шаруалардың жеке басы мен мал-мүліктері түрлі шек қоюшылықпен шырмалып кала берді. Помещиктермен жер құнын төлеп алу келісімдерін жасағанға дейін шаруалар уақытша міндеттілердің жағдайында саналып, помещиктің вотчиналық өкіміне бағынуға тиісті; ал помещик оларға селолықстароста арқылы әр түрлі талаптар қоюға праволы болды. Реформа жарияланғаннан кейінгі алғащқы тоғыз жылдың ішінде шаруаның жер үлесінен бас тарту правосы болмады, демек, ол селолық қоғамның құрамынан шығып кете алмайтын болды. Бірақ бұл мерзім өткеннен кейін де шаруаны селолық қоғамнан шығармаудың неше түрлі амалы істелді. Ақшалай және затпен өтелетін міндеткерлікті уақытында дұрыс орындап отыру үшін, бәрі бірдей болып жауап беретін тәртіп азаттық алған шаруалардың еңсесін баса берді: селолық қоғамның қаулысы бойынша мойнында борышы барлар оны басқа жаққа барып, не біреудің қолына кіріп жұмыс істеп, басқа да кәсіп істеп, өтеуге тиісті болды, ал борышы жоқтар қарыздарлар үшін жарна төлеуге міндетті болды. Жер қүнын төлеп алу келісімдерін жасасқан және өзіне меншікті жер үлесін алған шаруалардың бәрі правосы тең емес, алым-салық төлейтін, әскерде ауыр жұмыс атқаратын, ұрып-соғу жазаларына тартылатын сословие болып қала берді (бұдан артықшылықпен пайдаланатын сословиелердің мүшелері — дворяндар, купецтер және діни адамдар ғана босатылғандығы.

 

1.2.  1870 – 1880 жж.  Ағартушылар,   халықшылдар идеологиясы Плехановтың  «Еңбекті азат ету» тобы

Самодержаваемен     жекпе-жек    күресте дұрыс революцияшыл    теорияны іздеу       халық   ерікшілдері   өздерінің  таңдаулы күштерінен айрылып, өз ұйымын әлсіретіп алды. Сонымен қатар олардың ен, басты террорлық мақсатының жүзеге асырылуы — император  II Александрдың өлтірілуі халық ерікшілдерінің тактикасының дұрыс еместігін, олардың программалық және теориялық нұсқаларының қателігін көрсетті. Күресті сол бұрынғы жолмен жүргізе бермек болған халықшыл революционерлер мұны бірден ұға қойған жоқ. Алайда 80-жылдардың бас кезіндегі реакцияның меңіреу үстемдігі кезеңінде орыстың революцияшыл қозғалысында жаңа ағым белең берді. «Нақ сол заманда орыстың революциялық  ой-пікірлері бәрінен де гөрі   жігерлі   жұмыс істеді»,— деп атап керсетті В. И. Ленин. Революцияшыл ой-пікір  Россияның экономикалық құрылысында шаруалар  реформасынан бергі уақыт ішінде болған өзгерістерге қорытынды жасауға тиісті болды. Ол ең алдымен ірі машина индустриясының   және   темір   жолдардың   едәуір   жедел   ескенін, соның нәтижесінде өнеркәсіп пен темір жол пролетариатының қалың бұқарасы қалыптасқанын көрмей отыра алмады. Мұның үстіле бұрын жалпылама бір тұтас бұқара болып келген шаруалар халқы енді барған сайын село буржуазиясы мен село пролетариатына жіктеле бастады. Россиядағы болашақ адам — пролетарий екенін өмірдің өзі көрсетті. Жалпы адамзат мәдениетінің XIX ғасырдағы ең ұлы табысы — К. Маркс пен   Ф.   Энгельстің  ілімін  орыс  революционерлерінің  қабыл алып, Россия жағдайына қолдануы олардын, жоғарыдағы қорытындыны ғылми  тұрғыдан    негіздеуіне көмектесті.  Марксизмді Россияда алғашқы   тарата    бастағандар    Георгий Валентинович   Плеханов   пен   оның   «Еңбекті   азат  ету»   тобы болды.                       

Г. В. Плеханов және      Г. В. Плеханов 1856 жылғы 29 ноябрьде     Тамбов губерниясының Гудаловка   селолығына шығуы осында помещик семьясында туды.  Воронеж гимназиясын өте жақсы   бітірген   Плеханов   1874 жылы

Петербургтегі  тау-кен  институтына   оқуға   түсті.  Мұнда  ол халықшылдық қозғалысқа белсене қатыса бастады да, көп ұзамай құпия «Жер мен ерік» қоғамының көрнекті қайраткерлерінің бірі болып алды. «Жер мен ерік» қоғамы жікке бөлініп, «Халық еркі» партиясы құрылғаннан иейін Плеханов халықшылдардың шаруалар социализмі идеясына шын берілген тобын жаңа «Қаралай бөліс» ұйымына топтастырды, бірақ кейіннен ол полицияның қуғындауы салдарынан 1880 жылы жасырын түрде шетелге кетуге мәжбүр болды.

Ол Женевада тұрып, Маркс пен Энгельстік ғылми социализмімен және батыс европалық жұмысшы қозғалысымен жақынырақ танысты, сондай-ақ орыстың революциялық қозғалысының практикалық тәжірибесіне тереңірек зер салды. Плеханавтың бар ынтасы бірте-бірте марксизмді оқып үйренуге ауды. «Өзімнің жеке басым туралы айтсам,— деп жазды Плеханов бертін келе,— «Коммунистік манифесті» оқу менің емірімдегі бүкіл бір дәуір болды». 1882 жылы Плеханов «Коммунистік манифесті» орыс тіліне аударып, оған өзі алғы сөз жазды,   мұның өзі онын, марксизм    позициясына көшкендігіне айғақ болды.

Орыстың революцияшыл ой-пікірдегі «Еңбекті азат ету» жаңа, маркстік ағымы Г. В. Плеханов  орыстың тұңғыш маркстік «Еңбекті азат ету» тобын құрған кезеңнен бастап қалыптасты. Топтың құрамына Плехановтан басқа бұрынғы «қаралай белісшілер» В. Засулич, П. Аксельрод және басқалар енді. 1883 жылғы 25 сентябрьде бұл топ орыстың шетелдік баспасөзінде «Қазіргі заманғы социализмнің кітапханасын басып шығару туралы» деген өздерінің программалық мәлімдемесін жариялады. Өзінің осы мәлімдемесінде абсолютизммен күресуді аса маңызды тарихи міндет деп тапқан бұл топ орыс жұмысшы табын ұйымдастырып, онын, арасында социализмді насихаттауды, Россиядағы болашақ жұмысшы социалистік партиясын құруға әзірлік жасауды өзінің алдына мақсат етіп қойды.

«Қазіргі заманғы социализмнің кітапханасын» басып шығару топтың, жаңа күрес жалындағы алғашқы қадамы болды. «Кітапхананың» міндеті, біріншіден, Маркс пен Энгельстің аса маңызды шығармаларын орыс тіліне аудару арқылы Россияда ғылми социализм идеяларын тарату; екіншіден, революциялық ортада басым болып келген халықшылдық теорияларды сынап, орыстың қоғамдық өмірінін, аса маңызды мәселелерін ғылми социализм мен жұмысшы табының мүддесі тұрғысынан жазып шығу болды.

«Еңбекті азат ету» тобы     маркістік    әдебиетті   басып   шығару    және  оны  Россияда тарату жөнінде үлкен   жұмыстар істеді. Өз еңбектерін жарыққа шығарумен қатар топтың Плеханов және басқа мүшелері К. Маркс пен Ф.Энгельстің бірқатар шығармаларын: «Коммунистік партияның манифестін», «Жалдамалы еңбек пен капиталды», «Социализмнің утопиядан ғылымға дамуын», «Философия қайыршылығын» және басқаларды орыс тіліне аударып, бастырып шығарды. Оның үстіне «Жұмысшы кітапханасы» деген атпен Дикштейннің сол кезде жұртқа әйгілі болған «Кім қалай тұрады» деген кітапшасы, жұмысшы Петр Алексеевтің сотта сөйлеген сөзі және басқа әдебиет басылып шықты. Россиядағы алғашқы маркстік үйірмелер мен топтардың жасырын кітапханалары негізінен алғанда осы кітаптар мен кітапшалардан құрастырылды.

«Еңбекті азат ету» тобы өзінің жұмысын өздеріне орыстың көпшілігі халықшылдар болып табылатын революционер эмигранттары дұшпандықпен қараған аса қолайсыз жағдайларда батады. Бірақ ол күрес майданына өзі қорғап отырған марксизм идеялары қоғамдық дамудың талаптарын дұрыс бейнелейтініне кезі жеткен берік сеніммен шықты. Орыстың марксизмі Россияда туып келе жатқан пролетарлық қозғалыстың теориялық көрінісі еді.

Г. Плеханов пен В. Засулич К. Маркспен және Ф. Энгельспен хат жазыса бастады. «Еңбекті азат ету» тобының мүшелері сондай-ақ халықаралық социалдемократиялық қозғалыстың аса көрнекті қайраткерлері В. Либкнехтпен және А. Бебельмен, П. Лафаргпен және Ж. Гедпен, Польшадағы, Болгариядағы, Румыниядағы алғашқы марксшіл топтардың басшыларымен және басқалармен үздіксіз хат жазысып тұрды, шетелдік социалистік баспасөзге ат салысты. Орыстың жас марксшіл ой-пікірінің халықаралық аренадағы өкілі болған Плеханов көп ұзамай-ақ Ф. Энгельстен кейінгі маркстік философия жөнінде жазатын ең ірі тұлға болып алға шықты.

 Плехановтың халықшылдармен күресі

Г. В. Плеханов    халықшылдардың   барлық экономикалық және философиялық  көзқарастарын ең бірінші болып батыл сынға алды. Халықшылдардың дүмше пікірлерін тереңде өткір сынға алумен қатар Плеханов маркстік көзқарастарды тамаша қорғап, негіздеп берді.

Өзінің халықшылдыққа қарсы жазған сындарында Плеханов К. Маркс пен Ф. Энгельстің Прудон, Бакунин, Ткачев және басқалар сияқты социализм мен анархизмнің ұсақ буржуазиялық, утопиялық ағымдарымен күрестегі тәжірибесіне сүйенді. Революцияшыл халықшылдардың патша өкіметіне қарсы жан қиярлық күресіне шын жүректен тілектестік білдіре отырып, Маркс пен Энгельс халықшылдардың Россия ерекше жолмен — капитализмге соқпастан шаруалар қауымы арқылы социализмге дамиды деген көзқарастарын санады. Орыс халықшылдарын сынағанда Маркс Россия тарихын және оның аграрлық құрылысын алғашқы деректер бойынша терең зерттеген мағлұматтарына сүйенді. К. Маркс пен Ф. Энгельстің көзқарастарын дамыта отырып Плеханов халықшылдықты жанжақты сынға. алды.

Тұтас  алғанда  «Еңбекті   азат  ету» тобының  программасы бүкіл орыс революциялық қозғалысының толғағы жеткен мәселесі — саяси бостандық жолындағы, социализм жолындағы күреске қажетті күштерді қайдан алу керек деген мәселеге дұрыс жауап берді және Россиядағы дербес жұмысшы қозғалысы жаңа туып келе жатқан кездің өзінде-ақ күрестің дұрыс жолын белгілеп берді. Оның зор тарихи маңызы міне осында. Плехановтың халықшылдарымен жүргізген қиян-кескі идеялық күресі және оның марксшіл көзқарастарды дарындылықпен насихаттауы марксизмнің орыс жерінде дамытылуының манызды кезеңі болды. Революцияшыл көқіл күйдегі интеллигенцияның ақыл-ойын әлі де болса билеп келе жатқан және алдыңғы қатарлы жұмысшыларды адастырушы халықшылдық идеологияны женбейінше, орыстың революцияшыл қозғалысы дұрыс жолға шыға алмайтын еді. Оның табысқа жетуі үшін ең алдымен халықшылдықты идея жағынан талқандау кажет болды. Плеханов және оның «Еңбекті азат ету» тобы халықшылдық теория мен практиканы өлтіре сынай отырып, оған күшті соққы берді.

1883  жылы   «Еңбекті    азат   ету»   тобының  құрылуының арқасында Россияда марксизм туды. «Орыс социалдемократиясының негізін қалау —«Еңбекті азат ету» тобының сіңірген басты еңбегі»—деп атап көрсетті В. И.Ленин. Бұл топ құрылғаннан кейінгі алғашқы он жыл Россияда марксизм теориясының, марксшіл көзқарастың, социалдемократияның программалық қағидаларының жасалып, нығайған кезеңі болды. Бірақ идеялық ағым ретінде қалыптасқанымен бұл кезеңде орыс социал-демократиясының бұқаралық жұмысшы қозғалысымен байланысы болмады. Орыс социал-демократиясын теориялық, идеялық жағынан негіздеген «Еңбекті азат ету» тобы пролетарлық қозғалысқа қарай тек алғашқы қадамды жасаған еді.

«Социализм және саяси күрес», «Біздің ала ауыздықтарымыз» деген өзінің алғашқы еңбектерінде Плеханов Россияда шаруалар мәселесінің орасан зор маңызы бар деп тапты, деревняда крепостниктік қатынастардың қалдықтарын жоюды жақтап, тіпті социал-демократтар жерді национализациялау және «қаралай бөліс» талаптарын қолдауға дейін баратынын айтты. Алайда кейіннен ол бұл мәселелерде ақырына дейін дәйекті болмады, сөйтіп, бірқатар жағдайларда шаруалардың революцияшылдық рөлін жете бағаламады. «Пролетарий мен «мұжық»,— деп, жазды Плеханов,— бұлар нағыз біріне-бірі қарама-қарсы күштер Пролетариаттың тарихи рөлі қаншалықты революцияшыл болса, «мұжықтың» рөлі соншалықты кертартпа». Мұнымен бірге ол патша өкіметі мен буржуазия арасындағы қайшылықтың тереңдігінде асыра бағалап, орыс буржуазиясы «көп реттерде батыс буржуазиясының рөліне ұқсас роль атқарады», яғни революциялық роль     атқарады деп санады.

Плехановтың бұл  қате   пікірлерін   В.  И.  Ленин   түзеді. Марксизмнің дамуының жаңа кезеңі Лениннің есімімен тығыз  байланысты.

 

1.3. ХІХ ғасырдың  90 жылдарындағы   сациал  демократиялық   идеялар (Ленин, Мартов, Стасова, Засульич)

90-жылдардың     бас     кезінде    қоғамдық сындағы қоғамдық      қозғалыс жандана бастады. Бұған ең бірінші   себеп   болған—1891   жылы   Поволжьеде және басқа да жерлерде егіннің шықпай қалуынан туған бұрын бұл жерлерде болып   көрмеген   ашаршылық, ал онан соң Поволжьедегі қалалар мен Россияның оңтүстігін екі жыл қатарынан жайлаған оба. Қоғамдық   ерлеуге қатысқан негізгі күш жергілікті земстволық және қалалық демократияшыл интеллигенция, әсіресе студент жастар болды.

Революцияшыл жастардың таңдаулылары аштық пен обадан қырылып жатқан шаруалар мен қала кедейлеріне көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге үйірмелерде халықтық тартып отырған қасіретінің себептері, елдің бүкіл қоғамдық және саяси құрылысының іріп-шіруі, елдің болашағы туралы мәселені бұрынғыдан да күшті талқылайтын болды.

Россиядағы тұңғыш маевкаларда алдынғы қатарлы жұмысшылардың сөйлеген саяси сөздері, жалпы білім беретін әр қилы кешкі және жексенбілік курстарда оқитын студент жігіттер мен қыздардың жұмысшылармен сабақ өткізуінің жиілеуі қоғамдық ерлеудің құрамды бөлегі болды. Петербургте, Москвада, Нижний Новгородта және басқа да қалаларда саяси қызметі үшін жазалаудан аман құтылған, бұрын социал-демократиялық үйірмелерге қатысқан адамдар өз қызметін қайта бастады. Маркстік жаңа үйірмелер құрылып жатты.

Маркстіқ ой-пікірдің жедел өрістеуі, оның жаңадан ерлеуі 90-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық қозғалыстың жандануының тікелей нәтижесі еді. Бұл өрлеу саяси аренаға кемеңгер ойшыл және пролетариаттың көсемі, революциялық теорияға жаңадан аса зор үлес қосып, нәр берген, маркстік ілімді ілгері дамытқан В. И. Лениннің шығуымен тікелей    байланысты.

Петербургке келісімен В. И. Ленин «ақ-сақалдар» үйірмесі   деп аталған    1892    жылғы      күздің     өзінде-ақ     құрылған, маркстік үйірмеге кірді, оның «ақсақалдар» үйірмесі деп аталған себебі: оны ұйымдастырған С. И. Радченко мен Г. Б. Красин бұған дейін М. И. Брусневтің тобына қатысқан болатын. Бұларға технолог студенттер Г. М. Кржижановский, В. В. Старков, А. А. Ванеев, П. К. Запорожец, университет студенті М. А. Сильвин және басқалар келіп қосылды. Бұл топқа қатысқандардың бір ерекшелігі — бұлардың маркстік даярлығы біраз жоғары еді. Бірақ іс жүзінде бұл топтың пролетарлық қозғалыспен байланысы нашар болатын.

«Ақсақалдар» тобына Лениннің кіруі оның бейнесін өзгертіп жіберді, топтың жұмысына бірден жаңа, тың тыныс қосты. Замандастарының айтуына қарағанда Ленин сол жылдардың өзінде-ақ өзінің жан-жақты білімділігімен, Марксті ерекше терең білетіндігімен, марксизмді сол кездегі орыс болмысына қолдана білуімен, аса зор ұйымдастырғыш талаптымен және жұмысшы табының жеңісіне кәміл сенетіндігімен  айрықша  көзге түскен.

«1893 жылғы күзде заводтағы жазғы тәжірибе жұмысынан келгенімде,— деп еске алады Кржижановский,—мен өзімнің үйірмемде түгел бір ерекше серпіліс пайда болғанын көрдім, мұның бірден-бір себебі — Волга жағалауынан келген біздің жаңа досымыз Владимир Ульянов аз уақыттың ішінде-ақ біздің  ұйымнан  орын  алыпты  бізді    оның    Маркс қаруын ғажап  қолдана  білетіндігі,  елдің экономикалық жағдайына статистикалық  жинақтардағы   дәлме — дәл деректер   бойынша адам таң қаларлықтай тамаша қанықтығы сүйсіндіретін».

1893—1894 жылғы қыс бойы Ленин және   «ақсақалдар» тобындағы адамдар Петербургтің заводтары мен фабрикаларында алдыңғы қатарлы пролетарийлермен берік байланыс орнатты. Ленин Нева заставасы сыртындағы, Петербург жақтағы және Васильев аралындағы   жұмысшы үйірмелерін басқарып  бастады. Үйірмелерде Ленин саяси экономиядан сабақ жүргізіп,  жұмысшыларға К. Маркстің  «Капиталын» түсіндірді

            Лениннің  үйірмесіне қатысқан жұмысшы, бертін келе ірі партия қызметкері болған И. В. Бабушкин өзінің естеліктерінде Ленин үйірмесінде сабақтардың қалай өтетінін былай деп айтушы еді: «Лектор бұл ғылымды бізге ешбір дәптерсіз, өз сөзімен  баяндайтын, жиі-жиі бізден не қарсы пікір туғызуға, не  бізді айтысқа түсіруге тырысатын. Сөйтіп, біздің лекцияларымыз аса көңілді, қызықты болып өтетін. Біз бәріміз де бұл лекцияларға риза болып, лекторымыздың ақыл-парасатына әрдәйім қайран қалатынбыз. Үйірме мүшелерін өз бетімен жұмыс істеуге баулу үшін Ленин оларға сұрақтар жазам листоктар үлестіреді екен, оған жауап беру үшін завод, фабрика, өмірін бақылап біліп отыру қажет болған. Міне осындай жолмен үйірмедегі сабақтар емірмен, жұмысшылардың өз тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы күресімен тығыз   байланыстырылып  отырған.

Маркстік «ақсақалдар» тобының басқа мүшелері де (Г. Кржижановский, В. Старков, А. Ванеев, М. Сильвин) Петербургтің әр түрлі аудандарында жұмысшы  үйірмелерін басқарды, Олардың кейбіреулерінің екі-үштен үйірмесі болды. «Ақсақалдар» тобы не бары 20—30-ға жуық жұмысшы үйірмесін біріктірді. Үйірмелерге қатысқан және бірте-бірте орталық топтың ролін атқара бастаған «ақсақалдар» тобымен байланысы бар алдыңғы қатарлы жұмысшылардың саны 100 — 150 адамға жетті. Орталық топтың құрамында 10—16 адам болды, ол жұмысты өте-мөте астыртын жүргізді. Бұдан басқа да социал-демократиялық үйірмелер пайда болды («жастар» тобы, Тахтаревтің үйірмесі және т. б.).

Петербургтің    жұмысшы    үйірмелерінде көшу               жүргізілген    социал-демократиялық    насихат едәуір қанат жайды. Бірақ сонымен бірге бір ғана үйірме жұмысының жеткіліксіз екендігі сезілді, ол жұмысшыларды қанататтандырмады, өйткені   ол алдыңғы   қатарлы   жеке

жұмысшылардың ой-өрісінің  кеңеюіне   септігін    тигізгенімен бұқараны қамти   алған  жоқ. Пролетарлық  қозғалыстың өрлей түсуі тұйық үйірмелердегі насихаттан жұмысшы бұқарасы арасында фабрикадағы тәртіпті, езгі мен правосыздықты әшкерелейтін саяси үгітке көшуді талап етті.

Көп ұзамай Петербург социал-демократтарының мезгіл талабына сай саяси үгітке іс жүзінде кешуіне қолайлы жағдай туды. 1894 жылғы декабрьде Нева кеме жасау және механикалық заводында (бұрынғы Семянников заводы) ойда жоқта «бүлік» шықты: жұмысшылар рождество қарсаңында жалақыны кешіктіргені үшін заводқа кіретін ауыз бөлмені, кеңсені және заводтың дүкенін талқандап, фабрика корпустарының әйнектерін қиратты. Толқуды басып жаншу үшін қазақтар, полиция, жандармдар шақырылды. Осы оқиғалар турасында Ленин Бабушкиннің белсене қатысуымен Семянников жұмысшыларына арнап листовка жазды, ол кейін қолдан бірнеше дана етіп көшірілді. Ал Бабушкин листовкаларды заводтың мастерскойларына таратты. Осы тұңғыш листовка жұмысшылардың назарын аударды, жұмысшылар оны мақұлдап үн қосты. Ал «Порт жұмысшылары неге ұмтылуы қажет» деп аталған листоктың ықпалы одан да әсерлі болды. Оны 1895 жылы февральда Новый портындағы стачкаға байланысты орталық топ шығарған болатын. Осының ізінше Семянников заводында тағы да толқулар шықты. Бұл толқуларға байланысты тағы да прокламация шығарылды. Петербург заводтары мен фабрикаларында листоктардың көмегімен осылайша кең үгітке бастама жасалды.

Сонымен, В. И. Ленин бастаған социал-демократиялық «ақсақалдар» тобының бастамасымен орыс социал-демократтарының жұмысында бетбұрыс жасалды. Олар шағын үйірмелердің шеңберінен шығып, саяси үгітті кеңінен ерістете отырып, пролетарлар бұқарасымен берік байланыс орната бастады,  оны  күреске  кетерді.

1895  жылғы   апрельде   В. И. Ленин   шетелге жүріп   кетті. Онда ол   төрт   айдан астам уақыт болды. Онда барғандағы мақсаты — «Еңбекті азат ету» тобымен байланыс орнатып, оны, ең алдымен, көпшілікке арналған маркстік шығармалар бастырын шығару арқылы Россия пролетариатының қаулап дамып келе жатқан қозғалысына көмек көрсету жұмысына тарту еді. Ленин Женевада, Парижде және Берлинде болды. Ол Плехановпен бірігіп алдыңғы қатарлы жұмысшылар үшін «Работник» атты мерзімді жинақ шығаруға келісті.

Шетелде Ленин Батыс Европаның аса көрнекті социалистік қайраткерлері П. Лафаргпен және В. Либкнехтпен танысты парламенттер мен жиналыстарда Гәд пен Бебельдің сөздерін тыңдады, астаналық аса ірі кітапханаларда жұмыс істей, батысевропалық жұмысшы қозғалысын зерттеді.

Ленин  шетелден  келісімен,  орталық топ  бұрынғыдан  да белсене жұмыс істеді. В. И. Лениннің бастамасымен Петербургтің социал-демократиялық бытырадқы үйірмелері мен топтары бір жерге біріктірілді, сөйтіп, 1895 жылғы күзде бір-тұтас ұйым «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» құрылды. Орталық топ «Одақтың» аудандық топтарына басшылық етті, ал аудандық топтар өз тарапынан жұмысшы-ұйымдастырушылар арқылы фабрикалар мен заводтардағы үйірмелердің  қызметіне жетекшілік жасады.

«Күрес одағын» ұйымдастыру Петербург социал-демократтарының жаңа тактикаға көшуді баянды етуіне және бұқаралық үгітті одан сайын ерістетуіне көмектесті. Жұмысшы үйірмелерінің ең басты міндеті саналы үгітшілер даярлау болды.

«Одақтың» экономикалық талаптар саяси талаптармен ұштастырылған жедел листоктар шығару арқылы жүргізген бұқаралық үгіт жұмысы күн санап қанатын кең жая түсті. «Күрсс одағы» қуатты күшке айналды.

1895  жылғы  күзде  Петербургте  стачкалық   қозғалыс өрлей бастады. Ноябрьде    Торнтон шұға фабрикасының тоқымашылары арасында қатты тебіреніс болды. Бұл фабрикамен бұдан бұрын да байланысы бар «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» енді «Тоқымашылар нені талап етеді?» деген листовка шығарды, оның ықпалымен 500 тоқымашы ереуілге шықты. Бірнеше күннен соң «Одақ» Торнтон фабрикасының барлық жұмысшыларына арнап тағы да листовка шығарып, тоқымашыларды қолдауға шақырды.

Осымен бір мезгілде дерлік Лаферм фабрикасының папирос жасаушыларының қызу ереуілі бұрқ ете қалды. «Одақ» бұл жайында да арнаулы листовка шығарды. Декабрьде Путилов заводында, Кениг фабрикасында және тағы басқа жерлерде жаңа ереуілдер мен толқулар болды. Стачкаларға «Одақ» дереу листовкалармен үн қосып отырды, онда кәсіп иелерінің озбырлығы, жұмысшылардың қайыршылық тұрмысы мен жұрдай правосыздығы туралы барлық шындықтың бетін ашып көрсетті және жұмысшылардың қожайындар мен үкіметке қоятын талаптарын тұжырымдады.

Сөйтіп, езіліп-жаншылған, қараңғы жұмысшы бұқарасының стихиялы түрдегі наразылық дүмпуі мен капиталистерден кек алу әрекетінің орнына Россия пролетариатының экономикалық және саяси күресі басталды. Жүмысшылар тұрмыс жағдайларын жақсартуға, жалақыларын арттыруға, жұмыс күнін қысқартуға, үкіметтің озбырлығы мен шексіз өктемдігін жоюға ұмтылды. Басқаша айтқанда социал-демократиямен идеялық және ұйымдық байланыс орнатқан бұқаралық жұмысшы қозғалысы басталды. Сөйтіп, орыс жұмысшы қозғалысы ілгері қарай аса ірі қадам жасады, жаңа сатыға көтерілді. Ол халықтық революцияны әзірлеу кезеңіне кірді.

Россиядағы азаттық қозғалыстың жаңа, пролетарлық дәуірі басталды, бұл дәуір Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісімен  аяқталды.

Стачкалық қозғалыстың өрлеуінен сескенген патшаның өкімет орындары «үгітшілерге» қарсы шара қолданбақшы болды. 1895 жылғы 9 декабрьге қараған түні «Күрес одағының» көптеген мүшелері мен қатардағы жұмысшылар қамауға алынды. Ленин, Кржижановский, Старков, Ванеев және «Одақтың» басқа да көптеген басшы қайраткерлері қамалды. Бірақ полицияның бұл шапқыншылығы кең өрістеп келе жатқан қозғалысты тоқтатып қоя алған жоқ. «Күрес одағының» осыдан бір аптадан соң шығарған листоғының өзінде-ақ былай деп жазылды: «Қамаумен, жер айдаумен жұмысшы қозғалысын үкімет басып тастай алмайды: жұмысшы табы капитализм езгісінен қашан толық азат болғанынша стачкалар мен күрес тоқталмақ емес».

Қамауға алу 1896 жылғы январьдың басында қайтадан жүргізілгенімен, листоктар барлық фабрикалар мен заводтарда үздіксіз таратыла берді, оны почта арқылы фабрика инспекторлары, тіпті жамдарм басқармасы мен дуан басының өздері де алып тұрды. Сол жылғы қыста және көктемде бірнеше ондаған листоктар шығарылды. Осы үгіттің әсерімен Лебедев фабрикасында, Жаңа адмиралтействода, Сампсониев мануфактурасында, Варшава темір жолының мастерскойларыида, Ворониннің мақта жіп иіру фабрикасында, Сестрорецк және Балтық заводтарында жаңа стачкалар мен толқулар болды. Әсіресе екі мың дана болып шығарылған бірінші май листогы жұртқа күшті әсер етті. Жұмысшылар арасында осы листок тудырған жауынгерлік рух Петербург тоқымашыларының май айындағы орасан зор стачкасына негіз әзірлеп берді.

«Күрес одағының»      Петербург «Жүмысшы    табын    азат ету тарихи ролі           жолындағы    күрес   одағы»   Москваның, Вильноның, Қиевтің, Нижний Новгородтың, Самараның, Тверьдің, Владимирдің, Тифлистің және басқа да бірқатар қалалардың социал-демократиялық ұйымдарымен және топтарымен байланыс орнатты. Осының әсерімен жергілікті социал-демократтар да жұмысшы бұқарасы арасында саяси үгітке көше бастады. Сөйтіп, маркстік идеялар 90-жылдардың орта шеніне қарай алдыңғы қатарлы жұмысшылар мен революцияшыл жастардың таңдаулы топтарының ақыл ойын билеп алып, орыстың қоғамдық ой-пікірінде ең ықпалды бағытқа айналды және халықтық жаңа қозғалыс — пролетариат қозғалысының құрамды белегі болып алды. Әлеуметтік және саяси ұлы мұраттарды пролетариаттың тап күресімен ұштастыру, ғылыми социализмді жұмысшы қозғалысымен ұштастыру, міне, осылай жүзеге асырыла бастады.

«Күрес одағы» социализм жолындағы күресті демократия жолындағы күреспен іс жүзінде байланыстырды. «Одақтың» қайраткерлері полицейлік езгі мен зорлық-зомбылықтың әр-бір көрінісін самодержавиеге қарсы саяси үгіт мақсатына пайдаланып  қалуға  тырысты.

Петербург «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» жұмысшы қозғалысына сүйенген және пролетариаттың капитал мен абсолютйзмге қарсы таптық күресіне басшылық еткен революцияшыл маркстік партияның тұңғыш ұрығы  болды.

«Социал-демократия қоғамдық қөзғалыс болып, халық бұқарасының өрлеуі болып, саяси партия болып жарық дүниеге  келді»

1.4. ХХ ғасырдың  бас  кезіндегі   1905 – 1907  жылдардағы орыс   революциясына  дейінгі   және  кйінгі   қоғамда   қалыптасқан   саяси  идеялар

Россия тарихында бірінші орыс революцияциясының   өте   ерекше маңызы   болды. Жұмысшы табы мен   шаруалар үш жыл (1905—1907)   ішінде саяси тәрбиенің бай мектебінен өткенді сонша, тіпті мұндай мектепті олар бейбіт дамудың ондаған жылдарында да өте алмас еді. Революция барлық таптарды қимыл үстінде көрсетті, олардың талабының сырын ашты, олардың ел әміріндегі ролі мен маңызын айқындап берді. Революция патша өкіметі — елдің барлық халықтарының қас жауы екеніне, либералдық буржуазия патша өкіметімен ауыз жаласуға баратынына, оның контрреволюциялық күш екеніне бұқараның көзін жеткізді.

Пролетариаттың жетекшілік ролі осы жылдары анық көрінді, ол миллиондаған шаруалардың күресін бастап, буржуазиялық-демократиялық революцияның гегемоны ретінде тарихта тұңғыш рет бой көрсетті. Қобалжып ауытқуларына қарамастан еңбекші шаруалар пролетариаттың революциядағы шынайы одақтасы болды. Бұл одақ стихиялы, пісіп-жетпеген болса да, самодержавиені ойсыратқан басты күш осы пролетариат пен шаруалар. Орыс пролетариатын өзінің басшысы деп санаған елдегі барлық ұлттардың еңбекші бұқарасы революцияның белсенді күшіне айналды. 1905—1907 жылдардағы революция империализм дәуіріндегі тұңғыш буржуазиялық-демократиялық, халықтық революция болды; жұмысшылар мен шаруалардың белсене атсалысуы революцияның құлашты кең, жаюының, жауынгер сипатының бірден-бір белгісі  болды.

1905—1907 жылдардағы революция күрес тәсілі жағынан пролетарлық революция болды. Қарулы көтеріліске ұласқан бұқаралық саяси стачка сияқты күрестің күшті құралы тарихта бірінші рет өте зор көлемде қолданылды. Декабрь ұрыстары пролетариаттың қолына күшті құралды — баррикадалық жаңа тактиканы берді. Пролетариат партиясы күрестің сан салалы түрлері мен құралдарын — соғыс құралдарын да, бейбіт, жария құралдарды да игерді, революцияның әр кезеңінде солардың ең бастыларын саралап алға тартуда, пайдалануда зор  тәжірибеге  ие  болды.

1905 жылы жұмысшы бұқарасы тарихта тұңғыш рет өзінің Советтерін құрды, олар пролетариат пен шаруалардың революцияшыл демократиялық диктатурасының ұйтқы органы, қарулы көтерілістің органы болды.

Революция кезінде таптар мен партиялардың барлық программалық және тактикалық ережелері бұқараның іс-қимылы арқылы сыналды. Бірінші орыс революциясының халық бұқарасына үлкен ықпал жасағаны, пролетариат пен шаруаларды зор саяси, ұйымдастыру тәжірибесімен қаруландырып, олардың азаттық алу жолындағы ілгергі күресін жеңілдеткені, міне, осыдан. Большевиктер партиясы пролетариат ісіне қалтқысыз берілген, революцияның қандай жауларымен болса да, оппортунизммен, ымырашылдықпен күресте ақырына дейін айнымайтын бірден-бір революцияшыл партия екеніне жұмысшы табының өз тәжірибесінен көзі жетті. 1905—1907 жылдардағы революция социалистік революцияны дайындау жолында зор тарихи роль атқарды. В. И. Ленин бертін келе: «1905 жылғы» бас репетиция болмаса, 1917 жылғы Октябрь революциясының жеңуі де мүмкіні болмас еді» деп жазды. Россиядағы револю Шығыста және Европада революциялық қозғалыстың дамуы үшін 1905 жылғы орыс революциясының елеулі маңызы болды.   Орыс   революциясының   тікелей әсерімен Германияда, Францияда, Австрия-Венгрияда, Болгарияда, Италияда, АҚШ-та жұмысшы қозғалысы күшейе түсті. Халықаралық социал-демократия мен жұмысшы қозғалысының аса көрнекті қайраткерлері Францияда — П. Лафарг, Германияда — А. Бебель, Қ. Цеткин, Ф. Меринг, К- Либкнехт, Р. Люксембург, АҚШ-та— У. Хейвуд, Болгарияда — тар («тесняк») социалистер партиясының көсемдері Д. Благоев, В. Коларов және басқалары орыс революңиясын қызу құттықтады.

1905—1907 жылдардағы революция жұмысшы қозғалысындағы революциялық және оппортунистік бағыттардың ымыраға келмейтіндігін бұрьшғыдан да айқындап, ашып берді, буржуазиялық реформизмді аластау процесін тездете түсті, сөйтіп, Россия жұмысшы табын халықаралық жұмысшы қозғалысының басына қойды. Орыс революциясы халықаралық жұмысшы қозғалысының орталығы Россияға ауысқанын бүкіл әлемге  әйгіледі.

Орыс тәжірибесі Қытай революциясының дамуына терең ықпал жасады, ол 1911 жылы Қытай республикасының құрылуымен аяқталды. Орыс революциясының ықпалымен Персияда (1905—1911) және Түркияда (1908) революциялар өрістеді. Ұлт-азаттық қозғалысы Афганстанды және Таяу Шығыстағы арап халықтарын қамтыды. Отаршылдық пен феодальдық қанауға қарсы Индия, Индонезия, Египет және империалистік державалардың басқа да отарларының халықтары күреске шықты. Бірінші орыс революциясының ықпалымен отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі дүние жүзілік империалистік системаның жаппай дағдарысының толғағы жетіп келе жатқанының қаһарлы айғағы болды

1907  жылғы  жазда реводюция  біржолата басылып  тасталынды  да, елдің тарихына реакцияға дем берушілердің бастыларының бірі — ішкі істер министрі және Министрлер советінің председателі П. А. Столыпиннің атымен аталып, столыпиндік реакция дәуірі деген атпен енген жылдар басталды.

В. Г. Қороленконың қанатты сөзімен айтқанда, өлім жазасы «дағдылы құбылысқа» айналды. Өлім жазасына үкім етілмегендердің көбі каторга мен түрмелерде каза тапты. Ел әдеттегі тәртіппен басқарылмай, 1881 жылғы 14 августағы «Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қорғау шаралары туралы Ереже» негізінде төтенше тәртіппен басқарылды. (VIII тарауды қараңыз.) Басты соққы жұмысшы табы мен оның партиясына қарсы бағытталды. Большевиктік ұйымдар аяусыз талқандалды. Революцияшыл социал-демократияның көрнекті қайраткерлерінің бәрі түгелдей дерлік не шетелге (эмиграцияға) кеткен, не түрмеге түсіп қалған болып шықты. Партия ауыр дағдарысты басынан кешіріп, ұйымдармен байланысы үзілген, үздіксіз сәтсіздікке ұшыраған, қаржысыз қалған жағдайларда күрес жүргізуге мәжбүр болды. Солай бола тұрса да большевиктер   ұйымдығы мен тәртібін мүмкіндігінше толық сақтап,  бұл дағдарыстан  мейлінше  аз шығынмен   шыға   білді.

Ал ұсақ буржуазиялық партиялар жұмысы әбден құлап, берекесі қашқан күйде болып шықты, олар жеке-жеке топтар мен ағымдарға бөлініп кетті.       Полицнияның қудалау соққысынан және өнеркәсіп депрессиясы жағдайында стачка козғалысы шұғыл төмендеп кетті, 1910 ж. стачка жасаушылардың саны 46 мыңға дейін азайды, соның өзінде стачкалар көбінесе қорғаныс сипатта болып отырды, өйткені капиталистер жұмысшылардың 1905 жылғы жеңіп алған табыстарын тартып алмақшы боп, барлық жерде шабуыл жасады. Помещиктер мен әкімдерге қарсы революцияшыл қимылға белсене қатысқан «аграрниктерді» жазалап, қамауға алудан әлсіреп қалған шаруалар ауыр күндерді бастарынан  көшіруде  еді.

1906 жылдан 1912 жылға дейін 600-ден астам кәсіпшілер одақтары жабылды және, шамалап айтқанда, кәсіподақтарды тіркеуге рұқсат берілмеді. Қысқа мерзім ішінде мыңға жуық газеттер мен журналдар жойылып кетті.         Қара жүздік «Орыс халқы одағы» мен «Михаил Архангел одағы» ұйымдары революционерлерді ұрып-соғып, өлтірумен болды, прогресшіл қайраткерлердің қыр соңына түсті, үрейлендіру, қудалау орнатты. Олардың барлық әрекеті үкімет қаржысының есебінен жүргізілді және мүлдем жазалаусыз қалып отырды. Патшаның өзі өзінің және мүрагерінің кеудесіне «Орыс халқы одағының» значогын қадап, одақтың басшысы доктор А. И. Дубровинге құттықтау телеграмма жолдады.Торыққандардың қаламынан туған әдебиет кең таратылды. Мұндай жазушылардың тақырыбы өзін-өзі өлтірушілік, опасыздық, азғындық, сатқындық болды. Көптеген жазушылар — Арцыбашев, Игорь Северянин, Вербицкая және басқалары — қоғамдық мұраттарды қорлады, сенімсіздік пен түңілушіліктің ұрығын септі. Осы уланған идеялар бәрінен бұрын жастарға   қатты  зиян  келтірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта  айтқанда  1861 жылғы 19 февральда қабылданған «Ережелер» экономикалық емес жолмен зорлаудың системасын толығымен жоя алмады: «селоның ерікті азаматтарының» катарына қосылғандарына қарамастан, шаруалардың жеке басы мен мал-мүліктері түрлі шек қоюшылықпен шырмалып қала берді.

Тұтас алғанда «Еңбекті   азат  ету» тобы тобының тарихтағының программасы бүкіл орыс революцияларлық қозғалысының толғағы жеткен мәселесі — саяси бостандық жолындағы, социализм    жолындағы күреске қажетті күштерді  қайдан  алу  керек деген  мәселеге дұрыс жауап берді және Россиядағы дербес жұмысшы қозғалысы жаңа туып келе жатқан кездің өзінде-ақ күрестің дұрыс жолын белгілеп берді. Оның зор тарихи маңызы міне осында.

Маркстіқ ой-пікірдің жедел өрістеуі, оның жаңадан өрлеуі 90-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық қозғалыстың жандануының тікелей нәтижесі еді. Бұл өрлеу саяси аренаға кемеңгер ойшыл және пролетариаттық көсемі, революциялық теорияға жаңадан аса зор үлес қосып, нәр берген, маркстік ілімді ілгері дамытқам В. И. Лениннің шығуымен тікелей    байланысты.

Орыс тәжірибесі Қытай революциясының дамуына терең ықпал жасады, ол 1911 жылы Қытай республикасының құрылуымен  аяқталды.  Орыс  революциясының ықпалымен  Персияда (1905—1911) және Түркияда (1908) революциялар өрістеді. Ұлт-азаттық қозғалысы  Афганстанды  және Таяу Шығыстағы    арап    халықтарын    қамтыды.    Отаршылдық    пен феодальдық қанауға қарсы Индия, Индонезия, Египет және империалистік державалардың басқа да отарларының халықтары күреске шықты. Бірінші орыс революциясының ықпалымен отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі дүние жүзілік империалистік системаның жаппай дағдарысының толғағы жетіп келе жатқанының қаһарлы  айғағы болды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер   тізімі

 

  1. СССР тарихы «Жоғары оқу орнына  арналған»
  2. СССР тарихы  Л.М. Иванов , А.Л. Сидров  2 том
  3. Қазақ СССР тарихы көне  заманнан  бүгінге дейін 5 том.
  4. Ленин В.И.  «1905 – 1907 жж. Социал демократиялық  революциясы»
  5. СССР тарихы  1 том.
  6. Әлемдік мәдениеттану ой  санасы 10 том.
  7. Адамзат күн тізбесі Абдурахманов  С.
  8. Алдабек Нұржамал «Дүниежүзі  тарихы»
  9. Р.Қ. Нұрмағанбетова № 2  Тарих адамзат   ақыл ойының    қазынасы
  10. Р.Қ. Нұрмағанбетова    Тарих адамзат   ақыл ойының    қазынасы  Ресей  тарихы.
  11. Ізтілеуов  К.  Жаңа  заман тарихы
  12. Шамидинова Ф. Шетелдердің    жаңазаман   тарихының   тархинамасы.