АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстанның оңтүстік бөлімінің сауда – саттығы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Шымкент институты

Тарих факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-зиялыларының қалыптасуы

 

Орындаған: сырттай оқу факультеті,

3 курс, 441-34 оқу тобының

студенті Сұлтанова З.

Қабылдаған: т.ғ.к. доц.м.а. Исабек Б.Қ.

 

 

 

 

 

Шымкент 2007

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім:

 

  1. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы

 

  1. ХІХ ғасырдағы Қазақ ағартушы-демократтарының қоғамдық-саяси, дүнитанымдық көзқарастары мен тарихта алатын орны мен рөлі:

 

а) Ы.Алтынсариннің жас  ұрпаққа  тәлім–тәрбие,  білім  берудің  кейбір

мәселелері, ғибратнамасы

 

б) Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, ағартушылық, тарихи-географиялық ерен еңбектері мен тарихи үлесі

 

в) А.Құнанбаевтың – тарихи дара тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде

 

г) Алаштың арқасүйер ардақтысы А. Байтұрсынұлының тарихқа  көзқарасы

 

 

Қорытынды

 

Cілтемелер тізімі

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

  

 

 

 

 

Кіріспе

Кез-келген тарихи,  яки  болмаса  шығармашылық  тұлға тек өз халқының інжу-маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде “әлем азаматы” санасында болып әр кезеңдегі әралуан халықтың мәдениетіне тоғыстыратын, тарихынан терең орын алған буын екендігі хақ. Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Шын мәнінде, түп шежіресі сонау түркілерден басталатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын сақтай қалғаны-оның  еркіндік  сүйгіш  ерік-жігерінің,  асқақ  рухының  арқасы.  Осы  жолда  арғы-бергі  замандарда  орын  алған  бас  көтерулердің  арқасы. Елі  мен  жері  үшін  жанын  пида  еткен  боздақтардың  арқасы”- деп еді. [16]

Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі – ХІХғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік болып саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ нәтижесі жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. Сонымен, 1897 жылы санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1 пайызы ғана сауаты барға жатқызылды, еркектерінің сауаты 12 пайыз, әйелдер – 3,6 пайызды құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды. Қазақстан халқының сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы ХХғ. Басында да бола қойған жоқ. Егер Ресейлік орталық аудандарында прогрессивті интеллигенцияның бастмашылдығы бойынша әліппелік сауатсыздықты жою ісімен жексенбілік мектептер ашылып, земстволар айналысса, яғни шындап қолға алына бастаса, Қазақстанда бұл сөзден әрі аспады. Дәл осындай қым-қуыт кезеңде қазақ халқының біртуар ұлдары мен қоғам қайраткерлерінің тарихи рөлі мен аса күрделі әрі ерен еңбектері, талмай күресуі, халық жауы атанған талай боздақтарымыз бен қазақ халқының қаймақтарының еліміздің болашағы үшін атқарған еңбектері ерекше болды. [1]

Бұл тақырыптың мақсаты мен міндеті — бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің  жас  өркенін  өз  халқының  тарихынан  терең  орын  алатын  ұрпақты  тәрбиелеу  барысында  халқының  тарихы  мен  өнерінде,  әдебиетінде  өшпес  із  қалдырған  ұлы  тұлғалардың  тарихи  жолын  айқара  ашып  кеңінен  таныстырар  болсақ,  сол  бір  тарих  бетінде  өшпес  іздері  қалған  күрескер  ақындар, ұлт-азаттық қозғалысының  көсемдері, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлт-зиялыларының қалыптасуы мен олардың ерекше өмір жолдарымен  кеңінен  қарастыру болып табылады. Осы  зерттеу  жұмысына  арқау  етіп  отырған тақырыптың  өзі  бүгінгі  өмірімізде  өзіміздің  арғы-бергі тарих  жолын  танудағы  ең  бір  өзекті  тарихи  тақырыптың  бірі.  Өйткені  әрбір  дамитын  халық  өркениетке  бет алып  дамуы  үшін  ең  алдымен  өз халқының  өткен  жолын  нақты  талдай  түсіп,  терең  білуі  тиіс,  сонда  ғана  ол  өзінің  қайда  бара  жатқанын, нені  меңзейтінін,  өзінің  қай  жерде  тұрғанын,  қандай  жолдан  өткенін  біліп,  болашағын  болжап,  жүрер  бағытын  ажырата  алмады.

ХІХ ғасырдың 60-жылдарының басында Ресейде басыбайлы құқық жойылып, бірқатар буржуазиялық реформалар қабылданды. Бұл реформалар самодержавиенің рухани өмірін, мәдениетін, халыққа білім беру салаларын да қамтыды [2] Ресейде капиталистік өнеркәсіптің біршама жедел дамуы – отаршылдық жағдайдағы қазақ жерін арзан өнім өткізетін қорға дерлік тегін шикізат көзіне айналдырып алды.

60-жылдардың бас кезінде патша үкіметі қазақтарды басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеу үшін арнаулы комиссия құрды. Дайындап жатқан жаңа реформаның отаршылдық мәнін сол кездің өзінде-ақ сезіне білген Ш.Уәлиханов қайта құру қазақ жерінде халықтың өзін-өзі басқару негізінде жүргізілуін талап еткен еді. Патша үкіметі қазақ халқының азаттылығын жаныштай отырып, қазақтың ұлттық болмысын Ресейдің экономикалық, саяси және мәдени өмірінің жалпы арнасына зорлықпен сіңістіріп жіберді. Қазақ даласына капитализмнің және тауарлы-ақшалық қатынастардың ене бастауымен байланысты мұнда шаруашылықтың патриархалдық- феодалдық укладтарының ыдырау процесi де жылдамдай түстi, қоғамның әлеуметтік жіктелуі арта түсті, қазақ еңбекшілерінің саяси санасы арта түсті. Қазақтың рухани өмiрiне реформалық Ресейдiң төңiрегiндегi идеологиялық күрес өз әсерiн тигiзбей тұра алмады. Қазақ өлкесiнде iс-әрекеттерi ұлттық мәдениет тарихында бүткiл дәуiрдi құрап тұратын көрнектi ойшылдар толқыны пайда болды. Олар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М,Дулатов, Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов сынды ағартушылар едi.

 

 

І. ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы — ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістерді қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспанциямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп таңылды.

Патша өкіметінің кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылды. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделерімен құқықтарын елемей, оның рухани дамуын тежеді.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезеңде орын алған соңғы құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасайды, қазақ қоғамын да жаңа идеалардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалықтары  ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардың шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінеді.

Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы халықтың интелектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтықсыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады” [2] — деген болатын. Егер Қазақстанның кеңес дәуіріндегі интеллигенциясында интеллектуал топты кімдер құрайды деген сауал қойылса, А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Жұмабаев, М.Мақатаев, ғылымда А.Байтұрсынов, С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, Т.Рысқұлов, тағы басқалар аталынады. Интеллкетуалдарды қолдан жасау мүмкін емес. Инттеллектуалдар бірін-бірі қайталамайды, қалдырған мұраларын шатастырып алу мүмкін емес еді. [3]

Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін біре-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне арасмастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті. Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердің мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тілі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен заңтану-Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны бөлу тәртібі туралы ілім, заңтану нгіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары,

Отарлау кезінде, әсіресе ХХ ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кеңейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайту қол жеткізді. Патша үкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнініде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды. [4]

Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуға тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірді. Алайда бұған қарамастан 1874 жылы Қазақсьанның мұсылман мектептері Халық ағрту министірлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршылық әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. «Көшпелі болса да, мұсылман болса да, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл-Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында «с сол тілде жүргізіледі».

Мұсылман оқу орындарына қатаң талаптар қойылды, олардың бұзылуын отаршылдық әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны ұздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.

Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния», Троицкідегі «Расулия», «Уазифа» сияқты медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін.  [5]

Патша үкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Орыс әкімшілігінің қазақ балаларын бастауыш оқу орындарына тарту ниетін осымен түсіндіруге болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамып келе жатқан капиталистік шаруашылық жағдайында Халық ағарту министрлігінің бастауыш орыс-қазақ және орыс мектептері елдің шаруашылық өмірінің қажеттерін қанағаттандыра алмады. Ел өмірінде неғұрлым жоғары деңгейдегі оқу орындарын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған байланысты өлкеде қалалық училищелер, орта мектептер(гимназиялар), кәсіптік мектептер ұйымдастырыла бастады.

Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтың қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердің үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды.

Патша үкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды. Оқу бағдарламаларының мазмұны да қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуы мүдделерін негізге алмай, отаршыл әкімшіліктің қажеттері мен талап-  тілектеріне бейімделді. Орыс өкімет орындарының мұндай кертартпа саясаты бүкіл отарлау кезеңінде Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орнының ашылмауына әкеп соқты. Отаршыл әкімшіліктің қазақ балаларын орта және оның үстіне жоғары білім алуға жібермеу ниеті ұлттық сана сезімінің өсуінен, қазақ халқының отаршылдық режимге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуінен қорқу, сондай-ақ ұлт зиялыларының пайда болуына жол бермеушілік туғызған еді. [6]

Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті, ал олардағы оқу үрдісінде  орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейін Қазақстанның көптен прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарында білім алғанын ұмытуға болмайды.

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланады, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргендей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды.

          ХХ ғасырдың басындағы  алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өңірінде қызу қызмет жүргізді.

          Сонымен Ресей оқу орындары революцияға деінгі кездің өзінде-ХІХ ғасырдың екінші жартысы-ХХ ғасырдың басында білімді адамдар тобының кеңеюне, әрбір халықтың ұлттық хиялыларының қалыптасуына Қазақ жастары шетелдерде де оқып білім алды, қазақ қыздары арасынан да жоғары білімді мамандар қалыптасты. Мәселен, Ғ.Мусин Каир университетін, Ж.Сұлтанаев пен А.Түнғаншин Варшава мал дәрігерлері институтын, С.Шанов Стамбул университетін және т.б. [7]

          Ресейдің жоғарғы оқу орындарын бітірген қазақтар өз ауылдарымен қалаларына қайтып оралып, өз білімін, ағартушылық рухын жерлестеріне беріп отырды. Отарлаушылардың тілегіне қарама-қарсы, жаңа зиялылардың таңдаулы бөлігі өз халқының мүдделерін қорғау жолына түсті, азапқа толы рухани ізденістерден өтіп, олар рухани құлдыққа қарсы шықты және азаттық қозғалысын басқарды.

          Тарихи тәжірибенің көрсеткеніндей, күрт әлеуметтік өзгерістер кезеңдерінде зиялылар әрқашанда едәуір белсенділігімен, дербес бастамашылығымен ерекшеленіп отырды. Әлеуметтік, инттеллектуалдық және адамгершілік сезімдегі зиялылар қоғамдағы жеке адамның жағдайы туралы, оның анаға қатынасы туралы мәселені көтереді.

          Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. А.Байтұрсынұлы көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілін де оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді.

          ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша заңдары көшпелі халықтың құқығына нұсқап келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жерінде қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша үкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бұқарасының құқықтық білімін кеңейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен тереңдетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.

          Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылығын білдіріп отырды.

          Патша шенеуіктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелең қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғарғы оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Қазақ жастары Қазан, Томск, Санк-Петербург, Мәскеу т.б. университеттерде, техникалық және медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рол атқарған қазқ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы ХХ ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты [8]. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азт, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттілігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұтылды. Олардың күш-  жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов және басқалардың қалыптасуымен ерекшеленеді. М.Тынышбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеумен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның ірге тасын ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді.

          Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық санасы-тарихтың душар келген қоғамның өзі сияқты күрделі құбылыс. Біз қарастырып отырған кезеңде шовинистік отаршылдық идеология арасында ымырасыз күрес жүріп жатты. Қазақ даласына қалыптасып келе жатқан жас қазақ зиялылары белсене таратқан саяси идеялар қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, бүкіл халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал жасады. [9]     

 

  1. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ТАРИХТА АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

 

Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жәй азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар мен ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. ХІХғ. өзінде Ш.Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: «Таңқаларлық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған оқу», — деп бағалады ол мұны.

ХХғ. Басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыстар басталды. Оны ұйымдастырушылар қазақтың біртуар ұлдары мен қазақ ағартушы-интеллигенциясы болды. Олар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін: әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметика, география, жаратылыстану, тарих және өзге де пәндерді оқыту керектігін дәлелдеді.

Бұл орта қазақ халқының маңдайындағы шоқ жұлдыздары А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов т.б. аса ірі қоғам қайраткерлері болды. [10]

Азаматтық сипаттағы жәй оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғаннан кейін ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуіктер, тілмәштер, мұғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789ж. Орынбор қаласында үкіметтік мектебінің негізі қаланды, 1825ж. Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омск кадет корпусы әскери мамандар мен әкімшілік шенеуіктерді даярлады.

Азаматтық тұңғыш қазақ метебі 1841 Бөкей Ордасында Жәңгір ханның бастамасымен жұмыс істей бастады. 1898-1914жж аралығында Қазақстандағы бастауыш мектептр саны 730-дан 1988-ге жетті, шәкірттер саны 29,1 мыңнан 101 адамға дейін өсті. Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы.Алтынсариннің күш салуымен 1887ж. Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890-1896жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.

 

Ы.Алтынсариннің жас  ұрпаққа  тәлім–тәрбие,  білім  берудің  кейбір мәселелері, ғибратнамасы

 

Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында ХІХ — ғасырдағы қазақ халқының аса көрнектi ағартушы демократы, жаңашыл педагог, оқымысты, қоғам қайраткерi Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889) терең із қалдырды.

Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметi 1861ж. реформаның нәтижесiнде капитализм неғұрлым жылдам дами бастаған кезде өттi. Ы.Алтынсарин қазақ қыздарын оқыту, оларды  мәдениетке және қоғамдыє жұмыстарға тарту мәселесiндегi әлеуметтiк маңызы бар iстердi iске асырған жаңашыл қайраткер болды.

Ол Қостанай облысында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылып, атасы – Орынбор шекаралық комиссиясының әскери басшысы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді. Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.

Ағартушылық идеялармен жігерленген ол аулдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің мәнін түсіндірді. Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Осы салдыртқан мектептің ашылу салтанаты 1864ж. қаңтарда өтті. Ол мектеп жанынан балалар жатып оқитын интернат ашты. 1869ж. АлтынсаринТорғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметіне орналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл басшыларымен сайлауға қатысып отырды. Сол сайлауларда ол дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады.

1879ж. Ы.Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанның көп жерлерінде мектептер ашылды, атап айтсақ, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Торғай обылысының ауылдарын аралап, халықтан қаржы жинап, Ырғыз, Николаевск, Торғай, Илецк уездерінде мектептер ашты.

Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап 2 оқу құралын жазып шығарды: «Қырғыз хрестоматиясы» және « Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқау». Орыс классиктері мен ойшылдарының еңбектері мен шығармаларын қазақ тіліне аударды, өз шығармаларында ол демократиялық ағартушылық идеяларды насихаттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті. Ағартушы қоғам дамуының кейбiр заңдылыєтарын дұрыс ескерiп, қазақ даласындағы шаруашылықтың даму жетістігі туралы аса құнды пiкiрлер айтқан. [11]

 

Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, ағартушылық, тарихи-географиялық ерен еңбектері мен тарихи үлесі

 

Қазақ халқының тамаша ұлы Шоқан (Мұхаммедқанапия) Уәлиханов (1835-1865) прогрессивтi орыс мәдениетiн қабыл алған тұңғыш қазақ ағартушысы, орысша сауат алып, өз заманының алдыңғы қатарлы ойшыл дәрежесiне дейiн өркендеген қазақтың алғашқы ғалымы болды.

Шоқан терең энциклопедиялық iлiмi бар, өз заманындағы ғылымда бiрқатар мәселелердi жаңаша көтере бiлген, кемелдi iрi оқымысты едi. Ол аса көрнектi саяхатшы-зерттеушi, этнограф, ботаник, геолог, лингвист, тарихшы, философ, қоғамдық-саяси қайраткер әмбебап жан едi. Өзiнiң тым қысқа ғұмырында Ш.Уәлиханов жоғарыда айтылған ғылым салаларының бәрiнде де құнды мұралар, өзiнiң өшпес iздерiн алдырды.

Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысы, Сырымбеттiң сұлу табиғаты қойнауында туып өскен. Жас өмiрi биiк қарағайлы қалың қайыңды, көлi мен көгi мол Айыртау, Құсмұрын деген жерлерде өткен.

Шоқанның шыққан ортасы қазақтың iрi феодалдары, хан-сұлтан, бай тобы. Әкесi Шыңғыс Омск әскери училищесiн бiтiрген, орысша сауатты, офицерлiк шенi бар (полковник болған) адам. Ол патшаның сенiмдi адамы, жергiлiктi әкiмi болып есептелiнген. Ал, Шыңғыстың әкесi Уәли мен шешесi Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгiлi Абылай хан болатын. Шоқан бала күнiнiң өзiнде-ақ мейлiнше алғыр, зерек ойлы болды. Шығыстың бiрнеше халықтарының тiлiн бiлген, көзi ашық бiлiмдi кiсi болған, әжесi Айғаным да немересiнiң тәрбиесiне көп көңiл бөледi. Халық ауыз әдебиетiнiң небiр асыл қазыналарын, ертегi-аңыздары мен жыр-дастандарын Шоқан бала күнiнде сол әжесiнен естiп тыңдайды.

Шоқан әуелi Құсмұрында қазақ мектебiнде оқып, арапша хат таниды. Шоқанды әкесi 1847 жылы Омскiдегi кадет корпусына  бередi. Шығыс тiлдерiнен араб, шағатай тiлiн жасынан жақсы үйренген, кейiнiрек Орта Азияның түрiк тiлдерiн меңгерген.

Омбыда ол  Шығыс тарихын терең зерттедi. Шоқан 1855 жылы орталық Қазақстанда Жетiсу мен Тарбағатайда болып, қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрып және ескi дiни нанымдары жайында материалдар жинап қайтады. 1856 жылы полковник Хаменовский экспедициясымен қырғыз елiне барып қайтқандағы жиналған материалдар негiзiнде Шоқан қырғыз-қазақ картасын сызып шығады.

Шоқан 1856 жылдың тамызының басында Құлжаға аттанып үш ай бойы қытайлардың, ұйғырлардың, дұнғандардың, жоңғарлардың тарихымен, этнографиясымен танысады.

Көрші халықтар тарихымен айналысу оған қазақ халқының ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жинақтаған материалдарын терең талдап және салыстыра отырып, ол «орта ғасырларда мұндағы отырықшылық (Қырғызия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі) Іле алқабында күшті тараған» деген қорытынды жасады.

Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы жайында хат», «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы», «Қазақ шежiресi», «Жоңғария очерктерi», «Алты шахар немесе Қашғария туралы», «Ciбiрге қайтатын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы», «Ыстықкөлге сапарының күнделігі» «Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерiнде толыққанды тарихи-этнографиялық шығармалары жарық көрді, мақалалары мен хаттарында өзiнiң қоғамдық-саяси және әлеуметтiк ойларын ортаға салып отырған. Ш.Уәлихновтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударды, сондықтан оны 1857ж. осы қоғамның толық мүшесі етіп сайлаған.

1858ж. Қашғарияға жасырын баруы Ш.Уәлихновтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі болды. Ол Азия елдеріндегі алғашқы ғалым ретінде әйгілі «Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстық алты қаласының жағдайы туралы» (1858-1859) тамаша шығарма жазып шығарды. Оның бұл еңбегін Ресейдің және басқа елдердің шығыстанушылары өте жоғары бағалап, көп кешікпей ағылшын тілінде басылып шықты. Жиһан кезудің ауыр жағдайлары мен жүйкенің зорлануы және жолда кездескен мұқтаждықтар жас ғалымның денсаулығына әсер етпей қалмады. Үйіне оралысымен ауыр науқасқа ұшырайды. 1860ж. Соғыс министрінің шақыруымен Қашғарияны зерттеуші Петербургке келді. Мұнда ержүрек жиһанкез әрі Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірінің білгірі ретінде қарсы алынып, орденмен марапатталады және шенін жоғарылатады. Өте жас 1865ж. өмірден өткен ғұлама ғалым артында мәңгі өшпес із қалдырады. Өзінің соңғы хаттарында, туыстарымен көрісе алмай өмірден өтіп бара жатқанын, бәрін құшағына қысатынын айтқан.

Ш.Уәлихновты орыс географиялық қоғамы және Ресей ғалымдары аса жоғары бағалай келіп, шығыстанушы ірі ғалым И.И.Веселовский былай деп жазды: «Шығыстану ғылымы аспанынан Ш.Уәлихнов жарқыраған метеордай жарқ етті». 

Шоқан өзiнiң «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегiнде  жалпы дiни көзқарасқа қарсы, соның iшiнде исламға да қарсы аяусыз күрес жүргiзу пікірлерін ортаға салып, оған терең әлеуметтiк мiнездеме бередi. [12]

 

А.Құнанбаев – тарихи дара тұлға әрі қоғамдық қайраткер ретінде

 

Революцияға дейiнгi қазақ мәдениетi тарихындағы ең iрi тұлға қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы, ағартушы, кемеңгер ұлы философ Абай Құнанбаев (1845-1904) қазiргi Семей облысы, Абай ауданында, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай алғашқы бiлiмдi өз үйiнде жалдамалы молдадан алды. Кейін Абай Семей имамы Ахмет-Ризаның медресесіне жіберіледі. Алайда әкесі Абайды қаладағы оқуын бітірткізбей ауылына қайтарып алып, оны сот және ру басының болашақ әкімшілік қызметіне дайындай бастайды. Абай ділмәр шешендік, өткір сөзділік, тапқырлық басты қаруы саналған сөзбен қақтығысу тәсілдерін меңгерді. Соттың істі қарушылығы қазақтың ғасырлар бойы өмір сүрген әділетті құқы негізінде жүргізілді. Енді ер жетіп, кемеліне келген Абай 20 жыл бойы халықтың поэтикалық шығармаларын, шығыс ақындарының шығармашылығын және орыстың классикалық әдебиетін оқып-үйренді. Көптеген аударма жұмыстарымен шұғылданып, орыс әдебиетін өлеңдерін аударды, өзі де өлеңдер жинағын жазып, белгілі «Қара сөздерімен» халықтың барлық әлеуметтік, саяси, фәлсафалық тұжырымдамаларын жазып қалдырған дана ақын, ойшыл.

Абайдың ағартушы болып қалыптасуына Батыс Европа елдерi, орыс мәдениетi, ойшыл болуына Шығыс және көп халық мәдениетiнiң орны ерекше болған. Абай Әл-Фараби еңбектерiн бiлген деген пiкiрде ертеректе профессор Қ.Сағди тарапынан философияға, даналыққа зор мән берген. Мәселен, Жиырма екiншi сөзiнде ол әлеумет iшiнде “кiмдi қадiрлеуге болады?” деген сұрає қойып, оған өзi жауап бередi. Болыс, би, мырза, қу аяқ, сұмдарға халықтың ешқандай құрметi жоқ, сүйкiмсiз жандар дей келе ол, ұры, залым, адамдарға  сенуге болмас, біз тек шын момындарды алмасақ, соның тiлеуiн тiлемесе болмайды,- деген тұжырымға келедi.

Абай шығармаларындағы ашық қойылатын әлеуметтiк, этикалық проблемалар; қазақ әйелдерi, жастар, достық, махаббат, еркiндiк жайлы мәселелер болды. Бұл мәселелердi көтеруде де Абай өзiн, бұқарашыл ойшыл ретiнде танытты.Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Өзі шонжар баласы болса да қазақ кедейлерінің сөзін сөйлеп, әділдігін ай»тып отырған, өзінің жан күйзелістерін өлеңдері мен шығармаларында жазып қалдырып отырған. Әсіресе, қазақтардың надандылығы, руға бөлінушілік, ымыраға келмеушілік, жұмыссыздық, жалқаулық, бай-шонжарлардың кері әркеттерін әшкерелеп, өлеңге түсірген. [13]

Өз заманындағы қоғамдық қайраткер қайшылықтармен күресуде діни көзқарасын да білдіреді. Дінге шын пейлімен сенуші болса да, «Құдайға әділдік пен сүйіспеншілік тән» деп ар-намыс, әділеттілік жат молдалар іс-әрекетіне қарсы шыққан. Ол қазақ халқын өз кеселдерін жеңіп шығуға шақырып, өзгермейтін адам болмайды деп ол халқын, достыққа, ымырашылдыққа, әділеттілікке, ар-намыс тазалығы мен ел алдындағы парыз, борышын ақтауға, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, болашақ жайлы көптеген ойлар айтып қазақ елінің маңдайындағы өшпес жұлдызы болып қала бермек.   
 

Алаштың арқасүйер ардақтысы А. Байтұрсынұлының

тарихқа  көзқарасы

 

Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің  жас  өркенін  өз  халқының  тарихынан  терең  орын  алатын  ұрпақты  тәрбиелеу  барысында  халқының  тарихы  мен  өнерінде,  әдебиетінде  өшпес  із  қалдырған  ұлы  тұлғалардың  тарихи  жолын  айқара  ашып  кеңінен  таныстырар  болсақ,  сол  бір  тарих  бетіндегі  өшпес  ізі  қалған  күрескер  ақын, ұлт-азаттық  қозғалысының  көсемі,  «Алаш» партиясының,  «Алашорда» үкіметінің  негізін қалаушы көрнекті мемлекет және  қоғам  қайраткері,  қайсар  әрі батыр  тұлға  Ахмет Байтұрсынұлының (1873-1937)  өмір  жолымен  кеңінен  танысу  біздің басты  мақсатымыз.

Қазақтың кең даласының қай  түкпіріндегі де төбешікті  қақ  жарсаңыз — асты тұнған тарих — халық тарихы. Ахмет мұрасы тарихи  тағлымы  мол,  тәрбиелік  мәні  биік  мұралардың  бірі.  Ол  өз  халқының  рухын  көтерер  өзекті, патриоттық сенімді  өлеңдерімен  халқының  жүрегіне  мәңгі  орын  тапты. Сондықтан  да  халық Ахметтің  мұрасын  рухани  қазына  ретінде  қастерлеп  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отыр. Халық  алдындағы  ісіне Ахметтің  ісіне  өлшем  жоқ,  ол  тек  ұлтының  алғысымен,  ықыласымен  өлшенеді.  Ахметтің  үлылығы, көсемдігі оның  болашақ, тәуелсіз қазақ мемлекеттігінің қамын ойлап, заң, құқық  салаларында,  ұлттық  әскер  құру,  қазақтың  ғылымын  ұйымдастыру,  жерде  пайдалану,  сауда-саттық,  кәсіпті  дамыту,  шаруашылық  құру,  өнер,  денсаулықты  сақтау  сияқты  санқилы  мәселелерге  терең  бойдап,  оның  қажеттігіне  елді  ұйытып,  осы  жағдаяттардың  өзге  елдерде,  өзіміздегі  халіне  талдау  жасаған  ойларынан  да  айқын  аңғарылады.  Біз  килігіп  отырған  экономикалық,  рухани,  әлеуметтік  қиындықтарды  Ахмет  осыдан  сексен  бес  жыл  бұрын  болжап  қойыпты.  Оны  ғасырдың  басында-ақ  осындай  ұлан-асыр  мәселелер  мазалап,  болашақ  егеменді  елінің  қамы  қинапты.  Ол  шамасы  осы  күнгі  тәуелсіз  қазақ  мемлекеттігінң  дүниеге  келетініне  кәміл  сенімді  болған.  Ол  жарқын  болашаққа  сенді,  халқын  да  сендірді,  сондықтан да  халқы  оны  көсем,  рухани  жолбасшымыз  деп  білді.

          Лениндік  нормалар  бұзылып,  сталинизм  қылышынан  қан  тамған кезеңде, Ахмет Байтұрсынұлы  әуелі 1929 жылы  бір  ұсталып,  абақтыға қамалып,  лагерь  тепкісінен  түсіп  ұзақ  азап  көріп, 1934 жылы  қайтып келгенмен, 1937 жылы  тағы  репрессияға  ұшырап,  атылды.  Ұлы жүректің ауыр   тағдыры  осындай,  ал  толық  өмірбаянын  жазу  үшін  көптеген  архив деректерді,  замандас  естеліктері,  тарихи материалдарға  сүйену  қажет. Қазір  қолда  бар  дүниелердің  ішінде  оның  өзі  орысша  жазылған «Жизнеописание» (1929, 8 март), «Биография» (1929, 27 август) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар ҚазПИ  архивында  сақталған. Кезінде Ахмет Байтұрсынов,  оның  ғылыми  еңбектері  туралы  орыс ғалымдары проф. А.Самойлович (Литература турецких народов, «Литература Востока», вып. І. П., 1919), Е.Поливанов (О Киргизско-казхской орфографии. «Бюллетень САГУ», вып. 7, Ташкент, 1924) бағалы пікірлер айтқан болатын.

Мәскеуде 1929 жылы «Комунистік академия»  баспасынан  шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» 1-томында (305-306 беттер) А. Байтұрсынұлы: «Аса көрнекті  қазақ  ақыны,  журналист  және  педагогы… Ол-қазақ  тілі  емлесінің  реформаторы,  грамматиканың  және  қазақ  әдебиеті  теориясының  негізін  салушы» деп  бағаланып,  негізгі  өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік  қызметі  айтылады. Түркістан  республикасы  Орталық  атқару  комитеті  мен  Түркістан Орталық партия  комитетінің  газеті  «Ақжол» 1923 жылғы  4 ақпанда шыққан 270-санында: «Қазақтың  дыбысына,  сөзіне  арнап   Әліппе  мен  әріп,  тіл  һәм оқу  құралдарын  шығарып,  қазақтың  жалпақ  тілін  талайға  үйреткен Ахмет еді.  Ұлт қамы  дегенді  көксеген  адам  болмай,  қазақ  құлшылыққа кез  болғанда  бостандыққа  жол  көрсеткен  Ахмет еді»,-деп жазылған [14].

Біз туған Отанымызды, ұлтымызды, Жерімізді Ахметтей аялай, сүйе аламыз ба?!. Ол үшін қамығып, қайғырып, ел, ұлт, жер бақыты жолында қажет болса, жоғарыда атлған ойшылдар мен ғалым, ақындарымыз және Ахметтей азап кешіп, тозағына төзіп, өмірімізді сарп ете аламыз ба?!. Ахмет те өзіміз сияқты құдай жаратқан пенде болғанын бір мезет есімізге аламыз ба?!. Қалайда Ахметтің өмірі өнегелі. Ахметтің азапты ғұмырын басымызға бермесін десек те, бізге Ахметтің жүрегін, парасатын санасын берсінші деп тілейікші.

 

 

 

Қорытынды.

“Ұлттық тұлғаларды, олардың ержүрек батырлығын, ақындығын ұлт-азаттық көтеріліс жолындағы күрескерлігінің, ұлттық рухани көсемдігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп дәріптеу керек”, — деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай қазіргі еліміз тәуелсіздігін алып, еңселі ел бола бастаған шағында қазақтың ХІХ–ХХғғ. өмірі мен шығармашылығын жаңа қырынан  кеңінен зерттеп, жас ұрпаққа танытатын кездер туды. [16]

Патшалық отарлаудың асқынуына, оның қазақ жерінде өкім  қарарлары мен жандайшаптарының зорлық-зомбылығына, қанауы  мен тонауына қарсы шыққан тұлғалар, қазақтың қайсар ұлдары жеріміздің әрбір тасы мен топырағында мәңгі қаланып сақталмақ. Олардың іс-әрекеттерінің бәрі отаршыл саясаттың алдын-алу  шаралары болды. Бірақ, сол кезде озбыр саясаттан құтылу  пешенемізге жазылмапты. Қайта жылдар өткен сайын сұрқия  саясат кемеліне жетіп,  қарсы шыққандардың бәрін жоқ қылды. Ұлтының игілігі үшін жасалған «іс-әрекеттері зиялыларымыздың  “халық жауы” есебінде тұтқындалып, бұл дүниемен қош айтысуына түрткі болды. “Халық жауы” атанғандардың есімін  атауға, сондай-ақ олардың ұстанған бағыт-бағдарын құптауға қатаң тыйым салынды. Қаншама жылдар бойына зиялы азаматтарымыздың саяси жұмысын атқарғандығына дәлел болатын құжаттар қараңғы мұрағат қойнауларында шаң басып жатты десеңізші? Халқым  деп  көкірегі қарсы айрылған ұлт-зиялыларымыз рухани көсемдеріміз жалындап, кемеліне келіп тұрған шағында тас қапастарға, лагерлерге, колонияларға қамалып, қыршындарынан қиылып жатты. Осы  сәтте  мына  бір  өлең  шумағына  назар  бөлейік:

                       Бір  адам.

Бір  адам – “бұзушы” деп  бүткіл  жанды,

Бір  адам —  “ұлтшылсың” деп  тұтқындалды.

Бір  адам – қас  дұшпанға  айналдыда.

Бір  адам – Сібір  жаққа  айдалды да.

Бір  адам – діншілсің  деп  қудаланды,

Бір  адам – іздеп  пана  нуға  барды.

Бір  адам – білімді деп  жазаланды,

Бір  адам – шетте  жүріп  қазаланды.

Өмірде  өшпес  мәңгі  тақырып  бұл,

Ақындарды  жырлауға  шақырып  тұр.

Менің  де  болмас еді-ау еш  арманым,

Шындық  үшін  кетсем  де  атылып  бір!.   [17]

Сондықтан да зерттеп, зерделей түсу ісі әлі де жалғасады.  Бұл тарихи танымы мол құнды мұраны зерттеген сайын, көзін ашқан, бұлақтай халқына берер мол қазынасы қырынан танылады. Олай болса әлі де зерделеп, зерттеп тарих тереңінен сусындай түсеміз.  
Cілтемелер тізімі:

 

  1. Әбжанов Х. Таңдамалы. І-том. А, 1998.- 174-17б.
  2. Бұл да осы жинақта. 180б.
  3. Қазақстан Тарихы ІІІ-том. А, 2002.-  718-726б.
  4. М.Әуезов. Ахаңның елу жылдық тойы. Ақ жол. А., 1997-ж, 93-94б.
  5. «Бес арыс» — Құрастырған: Д.Әшімханов.-Алматы: Жалын, 1992.-224-226б.
  6. Бұл да осы жинақта. 250-255б.
  7. А.Байтұрсынов. Аудармалары. 1989.-100-102б.
  8. Бұл да осы жинақта . 102-103б.
  9. Бұл да осы жинақта. 23б.
  10. Бұл да осы жинақта.
  11. «Бес арыс»- Құрастырған: Д.Әшімхан.-Алматы: «Жалын», 1992. 208б.
  12. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым. Қостанай: 2002.-201-205б.
  13. Қазақстан тарихы ІІІ-том. А, 2002.-700б.
  14. А. Затаевич. 1000 песен казахского народа. Оренбург. 1925.- 338с.
  15. «Бес арыс»-Құрастырған: Д.Әшімханов.-Алматы: Жалын, 1992.-206б.
  16. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра-1999.-55б.
  17. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым. Қостанай: 2002.-206-210б.
  18. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым. Қостанай: 2002. 211-213б.
  19. М.Қойгелдиев. Алаш қозғалысы А, 1995. 235б; Саяси элита және ұлт мүддесі; Ұлттық рухтың ұлы тіні. А., Жеті жарғы, 1996ж.
  20. Бүл да осы жинақта. 237-238б.
  21. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым. Қостанай: 2002.- 214-218б.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. “Бес арыс”(Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар). Құрастырған Дидахмет Әшімханов. Алматы «Жалын» 1992 ж.
  2. «Алаш» 2003ж. Кітапты құрастырып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктемелер жазғандар Ісмақова, Г.Пірәлиева, С.Сәкенов, К.Мұстафаева.
  3. Қозыбаев. Ахмет Байтұрсынұлы–ХХғасырдың ұлы реформаторы Ұлттық рухтың ұлы тілі. А., Ғылым, 1999. Ғасыр арқалаған арыстар, Егемен Қазақстан.1994. 12 тамыз.
  4. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. Санат. 230-бет; Саяси элита және ұлт мүддесі, Ұлттық рухтың ұлы тіні. А., Ғылым, 1999.
  5. М. Құл-Мұхаммед. Алаш ардагері. Жақып Ақбаев. А., Жеті жарғы, 1996.
  6. Алашорда. Құжаттар жинағы. Құрастырған Н. Мартыненко. А., 85-б. (Бұл үзіндінің аудармасы М.Құл-Мұхаммедтің көрсетілген еңбегінен алынды).
  7. К.Нұрпейіс. Ахмет Байтұрсынұлы-аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері. Ұлттың Ұлы Ұстазы.  А., 2001.
  8. М.Әуезов. Абайдан кейінгі соңғы ақындар. Шығармаларының 50 томдық толық жинағы. 1-т. А., Ғылым, 1997ж
  9. Р.Нұрғалиев. Алып бәйтерек. Ахмет Байтұрсынұлы. Ақ жол. А., Жалын, 1991.
  10. Р.Сыздықова. Ахмет Байтұрсынов. Ұлттың Ұлы Ұстазы. А., 2001.
  11. А.Затаевич. 1000 песен казахского народа. Оренбург, 1925.
  12. З.Қабдолов. Ахаңның әдеби қисындары, Көзқарас.  А., Рауан, 1999.
  13. З.Ахметов. Бүкіл қазақ «Ахаң» деген. Ұлттың Ұлы Ұстазы.  А., 2001ж.
  14. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырғандар. Шәріпов Ә., Дәуітов С.)- Алматы: жазушы, 1989.- 320 бет., порт., суретті.
  15. Сембаев А.И., Храпченков Г.М. Очеркии по истории школ Казакстана (1900-1917гг.). А., 1972, 27,
  16. Өлкедегі баспасөз тарихын зерттеуші, белгілі библиограф У.Субханбердинаның деректері бойынша Санкт-Петербургтегі М.Е.Салтыков-Шедрин атындағы кітапханада газеттің 22 нөмірі сақталған.
  17. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған Ү. Субханбердина. А., 1999.
  18. Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. Алматы: Сөздік-словарь. 2001ж.
  19. Тасымбеков А. Жан даусы.  Алматы: Жалын. 1994.
  20. Азалы кітап (құрастырғандар:Қ.Оразбекұлы, С.Нұрмағамбетов, Б. Дінәсілов, Ш.Дәнеева. Алматы: Зерде.-1998ж).
  21. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы. 1997.
  22. Айтаханов Қ. Алты алашқа белгілі, Қазақ әдебиеті. 1994.Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар . Ташкент: Халқ мероси. 2000ж.
  23. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.  Алматы. 1992ж.
  24. М.Рүстемов. Асыл азамат. Мәдениет және тұрмыс. 1998ж.
  25. ӘбубакировС, Әбубакирова Г. Алтын діңгек.  Алматы: Қазақпарат.-2002ж.
  26. Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат. 1998ж.
  27. Әбжанов Хангелді. Таңдамалы. Бірінші том .  Алматы:  Қайнар.  1998ж.-І том.  .
  28. Н.Ә.Назарбаев. Тарих  толқынында.  Алматы: Атамұра. -1999ж.
  29. Қойгелдиев М. Ұлтшылдық бағытын ұстанған кімдер? Алматы 1991ж.
  30. Зұлқарнай Алдамжар. Тарих пайым мен тағлым.  Қостанай. 2002ж.
  31. Әтішев.А.Ә. ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғбасындағы Қазақстанның саяси ой пікірі . Алматы. 1979ж.
  32. Омарбеков Т. «Зобалаң» және «Кіші қазан ол не?» Ақиқат-95ж. №10.
  33. Қ Атабаев. Айға шапқан арыстандар.  Ақиқат-1998ж.
  34. Әбжанов Х. Қазақстан ителлигенциясы:Тарих пен Тағдыр . Ақиқат-1991ж. №11.
  35. «Ақиқат» журнал., №11. 1999ж.