АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Курстық жұмыс: ХУІ ғасырдағы Швейцария одағының құрылуы

Кіріспе

      ХІХ ғасырдың ортасы – Қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала  бастауының көріністері айқын байқалды: отырықшы мал шарушылығы мен егіншіліктің дамуы, жеке меншік жердің гүлденуі кең таралуы, жылқы санының азайып ірі қара малдың көбеюі. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан ресейлік кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмсалды. Тұтас алғанда, Қазақстан өнеркәсібіне кәсіпорындар жағдайының әлсіздігі, шығарылатын өнім сапасының төмендігі, жұмысшылардың техникалық біліктілігінің жеткіліксіздігі, білімді инженер- техник мамандардың мүлде болмауы тән еді. Бұл оның 1887 жыл Екатеринбургте өткен Сібір- Урал ғылыми- техникалық көрмеге қатысуға кедергі жасады.\1\

Бірақ өнеркәсіптің сол бір болмашы көрінетін деңгейі, оның техникамен біршама төмен жарақаттандырылуының өзі дегенмен де өлкенің полиэтникалық халқының экономикалық әл- ауқатында өте маңызды жағдай болып шықты, оны шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесіне тартты.

      Қазақ өлкесінің бірте- бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда сауданың нысаны мен мазмұнына аз өзгеріс енгізген жоқ. Ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Ең соңғысын көбінесе бүклі өлкені жайлап орналасқан орыс- украин шаруа тұрғындары және қазақ станциялары жүргізсе, айырбасты көбінесе көшпелілер жүргізді.

      Қазақстанның Орта Азиямен сауда байланыстарының мың жылдық тарихы бар. В.В.Бартольд: « Для культурных областей Средней Азии торговля с кочевниками- турками всегда имела большое экономическое значение …. » — деп жазды. \1\ Қазақстан мен Орта Азияны байланыстырған тек оның территориясының жақындығы ғана емес, этно- мәдени, тарихи дәстүрлері мен экономикасының ұқсас тұстарының көп болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мадунов С. История казахско- узбекских отношений в ХІХ –начале ХХвв. – Туркестан, 1992 год.

 

 

І. ХІХ ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі  Кәсіпкерліктің дамуы

      ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамдық өмірінде ұлттық буржуазия тобы қалыптаса бастады. Бұл топтар қоғамның кәсіпшілік негізін қалады. Белгілі тарихшы Е.Бекмаханов былай деп жазған «ХІХ ғ ортасында товарлы капиталистік қатынастарының қазақ қоғамына енуіне байланысты қоғамның әлеуметтік жүйесінде күрделі өзгерістер болды. Қазақтың кейбір бай феодалдары капиталистік қатынасқа тез арада ілесіп кетті. Байлардың жаңадан құрылған жалдамалы еңбек, ауылшаруашылық машиналары кеңінен қолдана бастады» — деп жазады, өзінің «ХІХ ғ екінші жартысындағы және ХХ ғ басындағы байлар шаруашылығы және оның ерекшеліктері» деген еңбегінде \1\. Жаңа бай элементтер тобы өз шаруашылығының рынок сұранысына байланысты құра білді. Патша үкіметінің Қазақстандағы отаршыл экспансиясы оның әлеуметтік экономикалық өмірдегі табиғи ішкі қатынастарды толығымен өзгертті десе болады. Сонымен қатар олар қоғамның дамуына рыноктық қатынасты енгізу арқасында кәсіпкерлік топтардың қалыптасуына ықпал еттті. Ол жөнінде орыстың зерттеушілері Румянцев П.П. өзінің «Современный экономический строй» деген еңбегінде, Галуза П.Г. өзінің «Социальные отношения в казахском ауле и переселенческой деревне Казахстана в начале ХХ века » — деген еңбегінде, қазақ қоғамындағы кәсіпкерліктің дамуы жөнінде ашып көрсеткен. Галузо былай дейді

« Қазақтың жаңа байлар тобы жәрмеңкеде сатылатын малдың иесі ғана емес, сонымен қатар олар жердің де иесі» — деп көрсеткен. \2\ Олар ауылшарушылығының товарларын рынокқа шығарып қана қоймай, капитал қорында жинағанын көрсетеді. Қазақ шаруашылығын рыноктық қатынасқа тарту оңайлыққа соққан жоқ. Қазақстанның көптеген аудандарының тұрғындары әлеуметтік немесе психологиялық жағынан капиталистік қатынасты түсінуге және қабылдауға дайын емес еді. Олар малдың жаңа тұқымдарын көбейтуге және ауылшаруашылығының жаңа технологиясын меңгеруге көп көңіл бөлмеді. Орыс көпестері ауыл тұрғындарынан арзан бағаға мал және мал өнімдерін сатып алып немесе айырбастап отырды. Кейбір қазақ байлары алыпсатарлықпен айналыса бастады. 1822 жылғы реформадан кейін сауда қатынасы тез дами бастады. ХІХ ғ 90 жылдары ХХ ғ 90 жылдары Павлодар, Атбасар, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе уездерінде мал, мал өнімдерін сатумен айналысатын 640 қазақ көпестері қалыптасты. Олардың қатарында Петропавл саудагері Бектұрған Қарағановтың жылдық сауда айналымы 150 сомды құрайды. Қазақтың ірі көпесі Жейінқұловтың жылдық айналымы 500 сомды құрайды, ал Ибрагимов деген көпес астық ұнын, нан сатумен айналысты, Құрабаев деген саудагер киіз, киіз өнімдерін сатқан. Сонымен қатар саудагерлер маклерлік алыпсатарлар, приказщиктер ұстаған делдалдықпен айналысқан. 1898 жылы Көкшетау уезінде 62 приказщик қазақтар болып табылды. \3\ Байлардың шаруашылығын зерттеу нәтижесінде 1849 жылы Ақтөбе, Павлодар уездерінде алыпсатарлар тіркелген. ХІХ ғ қазақ саудагерлердің қатарында түрлі саудамен айналысатын саудагерлер қалыптаса бастағанын көрсетеді. Мысалы Павлодар уезінің Тереңкөл болысының 5- ші ауылында тұратын Ж.Бейітов 20 жылдар бойы түрлі сауда операцияларын жүргізгені жөнінде мәлімдейді. Оған кәсіпкерлік қызмет жөнінде дәлел болатын Павлодар қаласында сақталған тастан қаланған дүкен бола алады. Архив документтерінде сақталған Ақмола уезінің кәсіпкер саудагерлері Осман Ибелгибаев, Тұрсын Тайшынов, Ж.Тексылықов және тағы басқа кейбір қазақ кәсіпкерлері орыс отаршыларынан жерді жалға алып, оны үлестіктерге бөліп, жалға беріп отырған. Кейбір ұлттың буржуазия өкілдері өз капиталдарын фабрика, зауыт өндірісіне салып отырған.

      Қазақтар негізгі ішкі рынокқа: мал, мал өнімдерін, тері, жүн, тері, киіз, арқан, қап және тағы басқа бұйымдар шығара бастады. Қалада тұрған қазақтар өз бұйымдарын ақшаға, ал шалғай ауылдарында тұратын ауыл тұрғындары өз өнімдерін орыс көпестеріне айырбасқа берген. ХІХ ғ аяғы ХХ ғ басы жәрмеңке саны тез өсе бастады. 1885 Нарын өзені бойында Нарын- Сергиополь жәрмеңкесі ашылады. 1893 жылы Жаркент уезінде ең ірі Қарқара жәрмеңкесі жұмыс істей бастады. Жетісу өлкесінде Қапал уезінде Бектұрған жәрмеңкесі ашылды. 1894 жылы Верный, Қапал, Лепсі, Жаркент сауда орталықтарында сауда- өнеркәсіп айналымынан түскен ақша 9 млн. сомды құрады. Жетісу көпестерінің беделі жылдан- жылға өсе бастайды. Халықаралық сауда байланысында Ресей және Қытаймен байланыстары жандана түседі. Верный уезінің кәсіпкерлері өз өнімдерін сыртқы саудаға шығарып, көп пайда табады. Олардың қатарында Ф.А.Пестов, Н.А.Пугалов, А.Мальков, П.Абдрахманов, В.Ф.Калпаков және тағы басқалары болған. 1867 жылы Россияда крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің дамуын жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп товарларын өткізетін рынок ретінде ролі күшейді. 1867- 1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару жұмыстарына байланысты жұмыстар жүргізілді. Патша үкіметінің ұлтшыл- отарлық саясатына қарамастан Қазақстанда жүзеге асқан реформалар өлкенің жалпы россиялық деңгеиіне көтерілуіне жағдайлар жасады, капиталистік қатынастар процесінің орнауын жеделдетті. Қазақстанда шыт, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді,

 

 

  1. Бекмаханов Е.Б. «ХІХ ғ екінші жартысындағы және ХХ ғ басындағы Қазақстандағы байлардың шаруашылығы және оның ерекшеліктері» М., 1961. 434с. — 338-346.
  2. Галузо П.Г. Социальные отношение в казахском ауле и переселенческой деревне Казахстана в начале ХХ века. \Казахстан в канун Октября. Под ред. проф. П.Г.Галузо. А-А. 1968. 284с.-с.25-148.\
  1. Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ – начале ХХ в.

 

 

 

ал Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық тасылды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралдық шаруашылық ыдырай бастады. Сауданың жаңа түрі – жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің жылдық товар айналымы 1 млн. сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда дамыды. Өсімқорлық тарады. 1870-1890 жылы саудада несиеге берудің капиталистік түрлері қалыптасты. Банктер құрылды. Сауда- өнеркәсіп орталықтары  ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік жақта тұрды. Қалаларда ауылшарушылық өнімдерін өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ, тері илейтін, механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін жаңа кәсіпшіліктер саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды. Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз өнеркәсібі, Каспидің балық шаруашылығы кәсіпшілігі капиталистік сипат ала бастады. 1874- 1876 жылдары Орынбор теміржолы салынды. 90 жылдары Сібір темір жол магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске қосылды. Темір жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен байланыстың артуына, транзит сауда көлемінің артуына ықпал етті.

      Патриархалдық томаға- тұйықтықтың күйреуі, натуралды шаруашылықтың ыдырауы, товар- ақша қатынастарының таралуы, сауда мен астыққа деген қажеттіліктің артуы отырықшылыққа және егіншілікке көшуді тездетті. 1889 жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10 млн. пұт астық өндірді. Ақтөбе және Қостанай уездерінде 9 млн. пұт астық жиналды.

      Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі маңызыды жеміс патриархалдық- феодалдық ыдырау прцесінің жеделдеуі, тапқа жіктелу және ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан айырылған қазақ кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де, кәсіп іздеп қалаларға кетті. ХІХ ғ аяқ шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы табының бір бөлігі ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе, кен және тұз өнеркәсібінде істейтін жұмысшылар саны өсті. 1855 жылы мұнда 1353 жұмысшы болса, 1900 жылы 11225- ке жетті. Өлкенің өнеркәсіп орталықтарында орыс, қазақтар бірігіп еңбек етті.

      Ауыл өмірінің барлық салаларына капитализмнің енуі туғызған дағдыдан тыс тұрмыс жағдайлары номадтарды табиғи- географиялық жағдайларды ескере отырып, шөп шабумен, аң аулаумен, бақша егумен айналысуға итермеледі.

      Едәуір көп шапқан қазақтар оны пайда келтіре отырып, Орынбор, Петропавл табыншыларына сатты, капуста, картоп өсірді. Пеовскіде жергілікті халық капуста егіп, оны орыс тұрғындарына сатып пайда тапты: 1 пұт картоп 20-40 тиын тұрды. 1888 жылдан бастап Семей облысының оңтүстік уездерінде құнарлы топырағы бақша егуге жалпы қолайлы жерлерде қазақтар қоныстанушылардың ықпалымен қарбыз, қауын өсіре

бастады: Өскемен уезінде- 5449, Семейде- 3054, Павлодарда-2030, Зайсанда- 180, облыс бойынша -10733 дана қауын- қарбыз өсірді. Оңтүстік аймақтарда бақша шаруашылығы ескі дәстүрдің жалғасы ретінде жер- жерде өріс алды.

      Кәсіпшіліктің жергілікті түрлерінің арасында аң аулаудың өскенін атау керек, атап айтқанда, оны жәрмеңкелерде сатылған аң терілерінің санына қарап аңғаруға болады.

      Жүн, тоң май, қыл және тағы басқалары сияқты мал өнімдерінің мейлінше мол болуы, сондай- ақ осы шикізаттың өңделген түрі, мысалы, киіз, шекпен, қыл арқандарға деген қажеттілік ауылдарда үй кәсіпшілігінің дамуын ынталандырды, олардың бұйымдары да жәрмеңкелерде сатылды.

      Оңтүстік аудандарда сапалы жүндерден дағдылы төбесі шошақ, маңдайында күнқағары бар, көшпеліні оңтүстіктегі аптап ыстықтан қорғайтын жазғы киімдердің сөзсіз бір бөлігі болып табылатын айыр ақ қалпақтар дайындалды.

      Өнеркәсіптің дамуы, қалалардың кең- байтақ өлкелердің экономикалық өмірі орталықтарына айналуы, акционерлік қоғамның құрылуы және шаруашылық жүйесіндегі басқа да өзгерістер банк мекемелерінің желісінің кеңеюін көп жағынан тездетіп, экономиканың дамуындағы негізгі сатып алу- сату құралы ретінде ақшаның рөлін ұлғайтты.

      1871 жылы Қазақстанда ашылған алғашқы банктердің бірі Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сомды құрайтын қалалық қоғамдық банк болатын. Ал 1875 жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесінің құрылуы құрамына Жетісу облысына кірген бүкіл Түркістан генерал- губернаторлығы үшін елеулі оқиға болды. Мемлекеттік банктің мұндай бөлімшелері Қазақстанның сауда орталықтарымен қалыптасып келе жатқан өнеркәсіп орталықтарында: Оралда, Петропавлда, Семейде, Верныйда жұмыс істеді. Қазақстанда Ресейдің ірі экономикалық аудандарымен қосқан жаңа темір жол желілерінің іске қосылуы Қазақстанда империяның ірі банк мекемелерінің жаңа бөлімдерін немесе бөлімшелерін ашу үшін қолайлы негіз жасады. Ресейдің ең әйгілі 9 банкісінен Қазақстан қалаларында өз бөлімшелерін ең алдымен Дала өлкесінде ашқан Сібір сауда банкі болды: бұл банктің 57 бөлімшесінің 6 бөлімі, яғни 12,3 пайызы Қазақстанда: 1894 жылы- Омбыда, 1898 жылы- Семейде, ал ХХ ғ. басында- Ақмола, Верный, Қостанайда, Павлодарда жұмыс істеді.

      Банктердің болмашы желісінің өзінің пайда болуы бірқатар ерекшеліктері бар және қазақ- қырғыз кассалары арқылы жүзеге асырылған, өлкеде ХІХ ғ 70 жылдарында қолданылған ұсақ кредиттің біртіедеп таралуын жеделдетті. Олар далалық облыстардың байырғы халқына көкейтесті шаруашылық және отбасылық қажеттерін қанағаттандыру үшін қаражат беруді мақсат еттті. Банк ісінің жай- күйі, оларда капиталдың көбеюі Қазақстан тұрғындарының арасында ақша жүйесінің таралуына, оның баспа- бас айырбастауды ығыстырып шығарып тастауына тікелей тәуелді болды.

      Егер капиталистік сауда әдістері бәрінен бұрын қамтыған солтүстік- батыс және шығыс аудандарда көшпелілердің ақша белгілерінің мәнін, құнын ұғынуы тез қарқынмен жүрсе, империяның құрамына кейініректе енген оңтүстік аудандарда бүкіл құбылыс едәуір кейіннен орныға бастады. Профессор Смирновтың пікірі бойынша, нақты ақшаның енгізілуі және жаңа жүйе бойынша есеп айырысу аймақ жаулап алынғаннан кейін ене бастаған және Оңтүстік Қазақстанда жергілікті ақша теңге Қоқанның теңгелерімен еркін айналыста жүрген. Көшпелілерде ақша қаражатының болуы олар үшін қала банктерімен іскерлік байланыс орнатуға, өсімқорлармен тығыз кредит- ақша байланыстарын жасауға, жергілікті банктерде есепшоттар ашуға, біртіндеп рыноктық қатынастарға тартылуға, қалаларда жылжымайтын мүлік сатып алуға кең мүмкіндіктер ашты. «Бұрынғы кезде, жергілікті халықта, 4-5 мың сомы бар адам ең бай адам деп саналған, қазіргі уақытта мұндай байларды қалалар ғана емес, қыстақтарда да кездестіруге болады, ал қалаларда 300 мың сом нақты капиталы бар байлар кездеседі», — байып алған көшпелілер қатарына шыққан жаңа әлеуметтік топтың өмірін «Туркестанские ведомости» газеті осылайша сипаттайды.

 

 

 

І. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХ ғ. басында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы

     Ресей капитализмінің отары ретінде ревалюцияға дейінгі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы дамыды. Бұлар тау- кен өндіріуші және кен- зауыт өнеркәсібі, сондай- ақ ауылшарушылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау- кен өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30- жылдарда Алтайда А.Демидотың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті «Кабинеттің» меншігіне көшті. Бұл кәсіпорындарда басыбайлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міндетті күш- көлік міндетткерлігі қолданды, сондықтан да олар реформадан кейінгі кезеңде құлдырауға ұшырады, ал ХІХ ғ аяғына қарай жекелеген әрекеттерге қарамастан жұмысын мүлде тоқтатты.

         Орталық Қазақстанның сан- салалы экономикасының құрамдас бөлігі жергілікті өнеркәсіп болды, оның біркелкі емес, өтпелі ең алдымен ұсақ тауарлы деңгейі мен мәні бірқатар қарама- қарсы пікірлер туғызды. Өздерінің көлемі, құрылысының қарапайымдығы жағынан, сондай- ақ оларда жұмыс істейтін жұмысшылар саны бойынша шағын бұл зауыттар шын мәнінде ХІХ ғасырдың аяғы- ХХ ғасырдың басында ғана өнеркәсіптің қарапайым бастамалары болды.  Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану неғұрлым табысты болды, оларға ХІХ ғ 30 жылдардың басынан орыс көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті монополиясының болуы ықпал етті.

      1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс- қорғасын және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен күміс балқытуға арналған Благодатно- Степановский зауытын, ал 1849 жылы Александровск заутын салды. Жиырма жылдан кейін екі зауытта өз жұмысын тоқтатты. С.И.Поповтың мұрагерлері 1858- 1859 жылдары Новониколаевск күміс- қорғасын зауытын салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс істеді.

      ХІХ ғ 40 жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов жергілікті байлардан Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алқабын, Жезқазған және Спасск- Вокресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс өндірумен айналысты. С.А.Попов 1887-1888 жылдары Қарқаралыға жақын жерде Косьмо- Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде Степановск зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып, біріншісі 1913 жылға дейін, екіншісі 1907 жылға дейі жұмыс істеді. Бұл кәсіпорындардың бәрін кәсіпкерлер жеткілікті қаражаттары мен тәжірибесі болмай өндіріс техниаксы төмен және білікті жұмысшылары жоқ жағдайда салып пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып кетті де, ақыры аяғында күйзеліске ұшырады.

      ХХғ басында жалпы кен өнеркәсіп орындары, алғашқы орында мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік қоғамдарының қолна көшті. Олардың арасындағы алғашқы кәсіпорындардың бірі- 1904 жылы Лонданда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, ХІХ ғ екінші жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған  « Спасск кен рудаларының акционерлік қоғамы». Қоғам орыс кәсіпкерлерінен Спасск мыс балқыту зауытымен қоса Спасск- Воскресенск мыс кенішін және Успенск мыс кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі темір кенішін сатып алды. Қоғам аралас құрамды ағылшын-француз қоғамы болды және Франция президенті М.Ф.Карноның, ұлы француз капиталисі Клод Эрнест Жан Карноның  байланыстары мен ықпалы арқасында құрылған еді. Ол патша шенеуніктерін сатып алу жолымен тиімді мәміле жасауға қол жеткізді. Қоғамның басқармасынан төрт ағылшын және төрт француз кірді. Оның төрағасы – ағылшынның ірі капиталисі, Парламент мүшесі Артур Фель, ал вице-президенті Э.Карно болды.

      1914 жылы Риддер және Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын қоластына қаратқан  «Орыс – Азия корпарациясының» концессиясына көшті. Шын мәнінде бұл ағылшын компаниясы болатын, онда мысалы, Лесли Уркарт сияқты ірі қаржы іскерлері үстемдік етті және 1914 жылы ол өзінің «Ертіс корпарациясы» атты еншілес қоғамы арқылы Қазақстан Кенді Алтай мен Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен Риддер және Қырғыз кен- өнеркәсіп акционерлік қоғамдарын құрды.

      1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск темір жолы мен Екібастұз зауыттарына жеткізілді. Темір жол желісі 1916 жылдың аяғына қарай аяқталды және 1917 жылға дейін қрғасын- мырыш концентраттары Риддерден Екібастұзға дейін негізінен күш көлігімен тасылды. Риддерде шағын байыту фабрикасы мен Быструха электр станциясы салынды. Соңғысын Риддер кеніштерімен бірге 1916 жылы Быструха өзенінің тасыған суы басып кетті.

      1880- 1890 жылдардағы өлкедегі кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын өндіру болатын. Өскемен уезінде 125- тен астам кен орны жұмыс істеді. Бірақ ХХ ғ басында бірқатар себептергет байланысты / салықтың көп мөлшерде салынуы, қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс материалдарының жеткіліксіздігі және т.б./ Өскемен уезінің алтын кеніштері 50- ге дейін қысқарды. Бұл алтын өнеркәсіпшілерін капиталды орталықтандыруды күшейтуге өз серіктестеріне инженерлер тартуға, өндірістік- техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өндіріс технологиясын жақсартуға және т.б. мәжбүр етті. Алтын өндіруші салаға Ресейдің орталық, Сібір мен Алтайдың ірі өнекәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын өнеркәсіпшілерінің қатарында орыс және татар ұлты басым болды. 1904 жылы Өскемен уезінің 8 кеніш базасында- «Алтай алтын өнеркәсіп компаниясы», 1906 жылы Зайсан уезінің бес кеніші мен рудниктер базасында- « Марқакөл алтын өнекәсіп серіктестігі», 1912 жылы Өскемен уезіндегі алтын айырып алу фабрикасы бар 9 кеніштер мен рудниктер базасында «Оңтүстік- Сібір алтын өнеркәсіп серіктестігі » құрылды.

      1893 жылы ашылған Екібастұз көмір кенішін  1899 жылдан 1903 жылға дейін «Воскресенск кен- өнекәсіп қоғамы » пайдаланып келді. Көмірді негізгі тұтынушылар Сібір темір жолы, Батыс Сібір пароходствосы және т.б. болды. Қарағанды мен Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту заутының отын базасы болды. Қарағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін 1906-1907 жылдарда тар табанды темір жол ашылды. Бұл көмір өндіру мен тасуды көбейтуге едәуі ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен өсті. Қоңыр көмір кен орындары да игерілді.  1913 жылы Жезқазған мыс кеніштерінен 120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына бастаған Қарсақбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді. 1915 жылдан бастап Ташкент темір жолының Бершүгір станциясына жақын жерде осы жолды отынмен қамтамасыз ету үшін Ленгір кен орнынан қарапайым кен өндіріле бастады. Нақ осы кен орнының көмірімен Шымкент пен Ташкенттің кен орындары жабдықталды.

      Сонымен қатар тұз өндіру де дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, алыс жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік- батысындағы Корьяков, Повольже, Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылыа саны көп, әрі ірі капиталистік кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы Басқұншақ және Семей облысының Павлодар уезінің Коряков кәсіпшіліктері болды.

      Орал- Жем мұнай ауданы да ағылшын кәсіпкерлерінің қолында болып шықты. Ол мұнда өздерінің дербес акционерлік кәсіпшіліктерін құру жолымен де, үлес қосып қатысып, орыс компаниялары арқылы да енген болатын. 1911 жылы 2 сәуірде Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұның өзі Жемде ірі көлемде мұнай өндіруді бастап берді. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын пайдалану үшін мынандай ағылшын қоғамдары құрылды: Батыс- Орал мұнай қоғамы, Орал- Жем қоғамы, Орталық Орал- Каспий қоғамы, Солтүстік Каспий мұнай компаниясы және басқалары құрылды.

        Мал шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары Ақмола және Семей облыстары болатын. Жергілікті мекемерер жинаған деректемелер бойынша, мұндай кәсіпшіліктің ошақтары Ақмола облысында ХІХ ғ. орта шенінде пайда болған. 1888 жылы Семей облысында 63 зауыт- 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашытатын және басқа да 4 зауыттар болып, оларда 262 жұмысшы істеген, жалпы шығарған өнімдерінің сомасы 230 мың сомды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Сауданың дамуы

       Орта ғасырларда Қазақстан территориясы арқылы өткен Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыттары Қазақстанда Шығыс және Батыс елдерімен, сол кездегі саяси жағдайдың аса күрделігіне қарамастан, тығыз байланыстырды.

      Көптеген тарихи жазба деректер қазақтардың әр түрлі мемлекеттермен сауда- сатық байланыстарын орнатқандығы туралы хабарлайды.

Сол мемлекеттердің бірі- Қытай. Көршілес екі мемлекеттің арасындағы байланыстардың қалыптасуына территориялық жақындастық пен экономикалық факторлардың ықпалы зор болды. Осының арқасында Қазақстан мен Қытай арасында шекаралық сауда пайда болды, Семей, Өскемен, Бұқтырма сияқты сауда орталықтарының экономикалық байланыстарды нығайтуда ролі басым болды. Қазақстанның көршілес Қытаймен саудаысның даму шарттарының бірі аумақтың шектестігі, 1881 жылы Цинь империясы мен Ресей арасындағы Петербург шартына қол қойылу болды. Шыңшаң қалаларындағы орыс саудагерлерінің саны айтарлықтай өсті, олардың көпшілік бөлігі Шәуешекте сауда жасады және олардың табыс мөлшері 200 мың сомды құрады. Құлжадағы сауда жандана түсті. Цинь империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да елді мекендердің шаруалары мен қазақтары қатысты. Олар негізінен бидаймен сауда жасады. ХІХ ғ 80 жылдарында Жетісу өлкесі арқылы Шыңжаңмен жасалған сауда байлансытарының өсуі байқалды. Жаркент учаскесінің бастығының мәлімдемесіне қарағанда, 1893 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін Қарқара жәрмеңкесі арқылы Батыс Қытайға 171 саудагер барған, апарған заттарының құны 435433 сом болған. Қазақстанға Қытай экспортының басты бөлігі шай болды. Қытай шайын негізгі тұтынушылар ретінде қазақтар бүкіл шекаралық өңірде осы тауардың әкелуіне үнемі мүдделілік танытты.

      Қазақ тарихын зерттеушісі, атақты ғалым А.И.Левшин: «Қытайлықтар қырғыз қазақтарды матамен қамтамасыз етті» — деп жазды. \ 1 \

      ХVІ ғ екінші жартысында қазақ- ағылшын қатынастары қалыптаса бастады. Қазақ жерінің ағылшындардың назарына ілігуін олардың ұлы географиялық ашуларымен сабақтастыруға болады. Ағылшын көпестері мен саяхатшылардың Қазақ еліне қатысты жазбаларын саралағанда ағылшындардың шығыстағы саясатында қазақ жерлеріне белгілі дәрежеде мән беріле бастағаны көрінеді. Бұл жазбалардың ішінде Джон Кэстільдің, Антон Дженкинсонның, Джон Эльтонның еңбектері өте құнды болып табылады. Джон Кэстельдің күнделігінде қазақ елі туралы, оның Үндістанға апаратын жаңа сауда жолдарын барлаудағы ыңғайлы, тиімді мекен екенін жазған. Сонымен қатар қазақтардың саяси- әлеметтік, салт- дәстүрлері, экономикалық құрылысы, сауда байланыстары туралы көптеген

 

  1. Левшин А.И. Описание киргиз- казачьих, или киргиз- кайсацких орд и степей. Алматы, 1996

 

 сауда байланыстары туралы көптеген мағлұматтар жинады.

      Ол күнделігінде «… Эти людине знали денег, не понимали, что цена чего- то может измерться денежными единицами» — деп жазды. \ 2\

      Қазақстан мен Орта Азиямен сауда байланыстарының мың жылдық тарихы бар. В.В.Бартольд: «Для культурных областей Средней Азии торговля с кочевниками- туракми всегда имела большое экономическое значение…..  » — деп жазды. \ 3\

     Қазақстан мен Орта Азияның тығыз байланыстылығы тек оның территориялық жақындығы емес, этно- мәдени, тарихи традициялары мен экономикасының ұқсас тұстарының көп болуынан еді. Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Түркістанмен жасаған керуен саудасында Петропавловск бекінісінің ролі зор болды. Себебі мұнда Сібірдің әр түрлі қалаларымен Москвадан келген орыс көпестерінің сауда келісімдері жүретін еді. Түркістан мал және мал өнімдерін сататын орталықтардың бірі болды. Түркістан базарына өзбектің жібек маталары, кілемдері, тігілген киімдер қойға ауылшаруашылық өнімдеріне айырбастау үшін әкелінді. Түркістан аймағында айырбас сауда дамыды. Малдың, астықтың, және т.б. заттардың құны алтынға теңеліп, бағасы шығарылып отырған. Түркістан саудасына сол кездегі елдің ішкі және сыртқы саяси жағдайы әсер етсе де ол өзінің дамуын тоқтатпады.

      ХІХ ғ соңында қазақ жерінде көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтарға сай келетін сауданың үш түрі жүріп тұратын- айырбас сауда, жәрмеңке- периодтық сауда, стационарлық сауда. Көшпелі малшаруашылығына сауданың бірінші түрі қолайлы болды. Сауда көбінесе таурды қарызға беру арқылы жүрді, нақты төленбеген товар құны өсіп отырды.

      ХІХ ғ кредиттің капиталистік түрімен банктер ашылды. Қалалық банктер 1871- 1875 жж. Петропавловскіде ашылды. Кейін мемлекеттік банктер басқа қалаларда да жұмыс істей бастады. 1887 ж. Семей банкінің айналымы 10,3 млн. сомды құраса, ал 1895 ж. 22,3 млн. сомды құрады.

      ХІХ ғ 60 жылдарында Сырдария жазығында орналасқан ірі Жүлек бекінісі қазақ- өзбек саудасының қызу жүретін орталықтарының бірі болды. 1863 ж. осы базарда Ташкент, Түркістан және Бұқара саудагерлерімен жалпы көлемі 25671 сом, 58 тиынның товары сатылды. Мұндай жағдайлар Қазақстанның оңтүстігіндегі Қоқан және Хиуа бекіністерінде қалыптасты. ХІХ ғ 50- 70 ж. Сырдария жазығының И1 және И2 фортындағы Қазалы және Перовск бекіністері өзбек- қазақ сауда байланыстарының орталықтары болды.

 

 

  1. Джон Кэстль. Дневник путешествия в году 1736- м из Оренбурга к Абулхаиру, хану Киргиз- Кайсацкой Орды. Алматы, 1998.
  2. Мадуанов С. История казахско- узбекских отношений в ХІХ- начале ХХ вв. Туркестан, 1992.

 

 1856 ж. Бұқара көпестері Қазалыға 500 түйеге жегіген тоавр әекелсе, 1857 ж. 850 түйенің товарын жеткізген.

       ХІХ ғ аяғында Қазақстанның оңтүстігінде Түркістан, Шымкент, Сайрам қалаларында қазақ- өзбек сауда байланыстарының тұрақты пунктері болды. Көпхалықты Түркістан базарының391 сауда лавкасы, жылдық айналымы 316 мың сомды құрады. Түркістан базарына қойды көбінесе Бұқара көпестері сатып алды. 1862 ж. Түркістанның 240 мың соға сатып алынған ұсақ және ірі мал айдап апарылды. Түркістандықтар өзбек көпестерімен бірге сауда операцияларына белсенді қатысты. А.Н.Тетеревников: «Между среднеазиатскими купцами и киргизами сделки происходит гораздо легче. Киргиз лучше знает азиатский товар, более привык иметь дело с азиатским торговцем» — деп атап көрсетті. \ 4 \

      Ташкент базарында қазатардың күнделікті тұтыну заттары және Ташкент қалаларының ұсталары дайындаған заттар сатылды. Ал киіз базарында қазақтардың жүннен жасалған заттары ұсынылды. Ірі сауда орталықтарының бірі Амударияның оң жағасындағы Петро- Александровск немесе Төрткөл болды. Ол 1847 ж. патша әкімшілігімен тұрғызылған болатын. Түркістан губерниясы Сырдария облысы, Амудария бөлімінің оталығы болып қала берді. Тұрғындардың басым көпшілігі европалықтар болды, ал жергілікті тұрғындар қаланың шетінде тұрды. Төрткөл базарына Шурахан бөлімінен жергілікті халықтар және қызылқұмдық қазақтар келді.

      ХІХ ғ ортасында саудамен қазақ көпестері жеке айналыса бастады. Олар Ирбит жәрмеңкесінен сатып алған орыс товарларын Петропавловск сауда орталығында сатты. Сатып алынатын заттар ақшамен, ал сатылатын товар малмен есептелді. Ардайым товар- шикізат құны өсіп, ал сырттан келетін товарлардың құны кеміп отыған.Бұл процесте көпестер санының көбеюі және олардың арасында өзара конкуренция басым рөл атқарды.

      Қазақ өлкесінің бірте- бірте капиталистік қатынастар өрісіне тартылуы халықтың экономикалық өміріне, атап айтқанда сауданың нысаны мен аз өзгеріс енгізген жоқ.

    Қазақ өлкесінде ішкі сауда екі нысанда: айырбас және ақша арқылы жүзеге асырылды. Географиялық орналасуы себепті бұрынғысынша Орта жүздегі бұрынғы округтік приказдар, Кіші жүздегі шептер маңындағы экономикалық ошақтар, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның жаңадан құрылған қалалары, көп адам тұратын қыстақтары айырбас сауданың орталықтары болды. Оларға қазақ ауылының, шаруашылық жағынан оқшаулануын неғұрлым әлсірете түсуі үшінкөшпелілер мен отырықшы тұрғындар арасындағы делдалдық рөл берілді. «Қазақ даласының шикізат өнімдерін, Орта Азия өнекәсібінің бұйымдарының бір бөлігін орыс өндірісінің өнімдеріне айырбастау» айырбас саудасының басты объектісі болды. Бұл орайда Троицк, Орынбор, Петропавл, Верный, Семей сияқты айырбас сауда- саттығының дәстүрлі орталықтарының айналымдары 50- жылдардың аяғында-ақ елеулі мөлшерге жетіп бірнеше мың сомды құрады.

 

 

60- жылдардағы әкімшілік реформалардың жүргізілуіне, Орталық және Солтүстк Қазақстанның бай табиғи ресурстарын шаруашылық жағынан игеруді кеңейту жөніндегі үкімет саясатының кеңінен жүргізілуіне байланысты экономикалық өмірді жандандыра түскен жаңа орталықтар, атап айтқанда Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Қазалы, Жаркент қалалары пайда болды. Айырбас саудасы ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін Петропавл, Орынбор, Семей қалаларының тарихында болғанындай қаланың өзінде емес, қайта аталған қалалардың шегінен тыс едәуір қашықтықта жүргізілді.

    Ақмолада мал шаруашылығы тері базарына шоғырландырылды. Онда тауар сақтауға арналған қоймалар болды, ал кең ауласына қамбалар орналасты, Павлодарда саудагерлер пайда түсіру үшін маусым бойынша жақын орналасқан қазақ ауылдарымен тұрақты шаруашылық байланыс жасап, номадтар арасында қажеттілік жылдан- жылға өсе түскен тауарларды жеткізіп отырды. Қарашаның ортасында Ертіс өзенінде мұз қатқан кезде «сауданы жалғастыру үшін далалық жерлерден қазақтар түйемен келетін» еді, олар қала тұрғындарынан көбінесе ұн сатып алатын, айырбастап алатын болған. Сауда мәмлегерінің қалған бөлігі қалалық Николаев жәрмеңкесінде одан әрі жүргізілді және оның айналым сомасы ХІХ ғ. 60 жылдарының аяғында- ақ едәуір мөлшерге- 250 мың сомға дейін жетті. Қазалы қаласы «Орыс Түркістаны» сауда- экономикалық өмірінің орталығына айналып, көрсеткіштер жөнінен Перовскі мен Түркістаннан, Шыменттен озып кетті. Ол арқылы Ресейге 3,561300 сомның тауарлары әкетілді. Облыс аумағына әкелінгені 110000, одан әкетілгені- 40 мың сомға жетті. Сауданың қаулап өсуіне Жаркент қаласының дамуы дәлел болды. Оның айналымдары туралы 1898 жылы жергілікті кеден жинаған мәлметтер бойынша пікір айтуға болады: мануфактура өнімдері көтерме сауда сомасы- 26 мың, бакалея- 121 мың, галонтерея- 55 мың, аралас бұйымдар- 220 мың, ұсақ- түйек- 6 мың, темір бұйымдары- 80 мың, оның үстіне қала базарында, сауда нүктелерінде қазақтардың сатқаны: жылқы- 4165, құны- 83360сом, басқа мал- 3448-51720, қой- ешкі- 34264- 102792 сомның көлемінде болды.

    Торғай облысының уездер орталығы бойынша да ішкі сауданың көрнеу өсекні аңғарылды. 1896 жылы сауда айналымдары Ақтөбе қаласы бойынша- 500 мың, Торғай қаласы бойынша- 200 мың сомға жетті.

    Жетісу облысының құрамындаы Ыстықкөл уезі саудада елеулі табыстарға жетті. 1883 жылы Нарын- Қарақол арқылы 209 керуен өтті, 471 мың сом тұратын тауар әкелінді. Қазақтардың қала рыноктарында, базарларыннда үнемі мал сату өсіп отырды. Оның серпінділігін Сырдария облысы бойынша аңғаруға болады: 1886 жылы нақты малдың саны 2456 бас болып, оның 206 басы сатылған.

    Ішкі сауда көбінесе ақшалай нысан алы, алыстағы далалық аудандарды барғн сайын қамти берді. Сауда куәліктерінен алынатын қаражат қазынаны едәуір байытты. Ірі қоныстарға ірге тепкен саудагерлер саны да едәуір өсті.

 

 

Мұны 1898 жылғы деректер айқын көрсетед: Паводара І мельдия көпесі- 1, ІІ мельдия көпесі-63 адам, Өскеменде- 1 жеткен.

    Қазақстанның Монғолиямен аумақтық жақындығы ерте кезден бастап шет елдермен сыртқы сауданың кеңейтілуі үшін кең мүмкіндіктер ашты. 1860 жылы Ургада оарыстың тұңғыш коммерциялық фирмасы құрылды, онымен көп ұзамай Үлбі, Бұқтырма сияқты қыстақтар арқылы Өскемен көпестері байланыс орнатты. Қазақстан арқылы орыс- монғол саудасының дамуына көп жағынан Мәскеудің «Савва Морозов және оның ұлдары» компаниясы себепші болды.  1872 жылы оның бастамасымен 92 түйе мен 30 аттан тұратын, сомасы 45 мың сом тұратын тауарлар апаратын екруен жасақталды. Алайда Ресейдің Монғолиямен сауданы дамытуға қатысты көтермелеушілік шаралары ойдағыдй нәтиже бермеді. 1873 жылы, Урга косулдығының мәліметтері бойынша, Бийскіден Монғолияға таурлар апару 16700 сом мөлшерінен аспады және бағыты үмітті ақтамады.

    Ресейден тауарлар 4 бағыт бойынша тасылды: 1- Өскемен мен Семейден Қобдаға; 2- Бийскіден Шуя трактісі арқылы Қобда мен Ульястайға; 3- Минусинскіден Кяхтаға; 4- Забакайлье мен Амур өлкесі рқылы Кяхтаға жеткізілді. Сонымен көпес керуендерін Могнғолияның сауда орталықтарына апаратын жолдардың бірі Өскемен мен Семей арқылы өтті. Мұның сол қалаларда тұратын немесе орталық губерниядан келетін орыс көпестері үшін де, сенімді адамдар арқылы сауда жасайтын қазақ саудагерлері үшін де ынталандырушылық маңызы болды.

    Қазақстанның көршілес Қытаймен саудасының даму шарттарының бірі аумақтық шектестігі, сондай- ақ 1881 жылғы Цинь империясы мен Ресей арасында Петербург шартына қол қойылы болды. Цинь империясының қалаларымен саудаға Үржар, Мақаншы және басқа да елді мекендердің шаруалары мен казактары қатысты. Олра негізінен бидаймен сауда жасады. ХІХ ғ. 80 жылдарында Жетісу өлкесі арқылы Шыңжаңмен жасалған сауда байланыстарының өсу сарыны байқалды. Жаркент учаскесі бастығының мәліметтеріне қарағанда, 1893 жылы 15 мамырынан 15 маусымына дейін Қарқара жәрмеңкесі арқылы БатысҚытайға 171 саудагер барған, апарған заттарының құны 435433 сом.

      Жәрмеңкелер. Жәрмеңкелік сауданың тұрақтылығын немен түсіндіруге болады? Ең алдымен рынокты қамтамасыз етуші- қазақтар мен малмен сауда жасаушылар арасында неғұлым тұрақты сауда қатынастарын орнатуға кедергі жсаған қатынас жолдарының жеткілікті дамытылмауымен түсіндіруге болады; екіншіден, бұл- жәрмеңке саудасының қалыптасқан дәстүрлі талаптарымен көшпелілердің жеткілікті түрде таныс болуымен; үшіншіден, сол кездегі статиытикада атап өтілгеніндей даладағы байырғы мекендеушілердің көшпелі тұрмыс- салтымен түсіндіріледі.

      Жазғы және күзгі болып бөлінген жәрмеңкелер саны жөнінен Ақмола облысы жетекші жағдайда болды. Жәрмеңкелер саны 40, одан кейін Семей облысы келеді, онда жәрмеңкелер саны 14 жетті. Реформадан кейінгі ең ірі

 

 

жәрмеңке Қоянды жәрмеңкесі,1848 жылы құрылып, Қарқаралыдан 52 шақырым жерде орналасты. 1 маусымнан 1 шілдеге дейін жұмыс істеді. Екі шақырымға дейінгі алапты алып жатты. Жәрмеңкеде мемлекеттік банктің бөлімшесі, пошта, телеграф қызмет етті.

      Қарқара жәрмеңкесі ірі, ХІХ ғ аяғында ашылған жәрмеңкелердің бірі болды, ол император патша ағзамның жарлығы бойынша 1893 жылы 29 қаңтардан бастап Жетісу облысының Қарқара өзенінің бойында жұмыс істей бастады. Жәрмеңкенің жұмыс уақыты 15 мамырдан 15 маусымға дейін бір айға созылып, алғашында онда сауда жасаушылар баж төлеуден босатылды.

      Жәрмеңкелердің жұмыс істеу уақыты туралы айтқанда, олардың қызметінің іс жүзінде басталуы мен аяқталуының әрдайм сәйкес келуі сирек кездесетінін ескеру керек. Ол толып жатқан факторларға және негізінен алғанда малдың қысты қандай жағдайларға байланысты өткергендігіне және қыстаудан кейін қоңданып үлгергеніне байланысты болды. Ең алдымен жәрмеңкенің көшпелілерге арналуы себепті, олырдың қызмет жағдайлары, орналасқан жері туралы анық ақпараты болған, үкімет нұсқауларының орындалуын қадағалап отырған генерал- губернаторлар арнайы төтенше себептер болмайынша және озбырлықпен өзгертуге жол бермеу үшін маусымдық жәрмеңкелердің еш себепсіз орын ауыстырылуын немесе олардың орналасқан жерінің өзгертілуін мақұлдамады. Сөйтіп ХІХ ғ 80- 90 жылдарында жәрмеңкелер Қазақстанды рыноктық қатынастар жүйесіне барған сайн кең тарта түсті, тауар қатынастарына малдың көп бөлігін пайдаланып, бүкіл сауда құрылымын елеулі түрде ұүздіксіз өзгертіп, далалық экономикалық өмірін бұрынғысынан гөрі жандандыра түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

      ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. басында Россия имперализм дәуіріне аяқ басты. Қазақстан Россия үшін бұрынғысынша өнім өткізетін аймақ, арзан шикізат көзі болып қала берді. Пайдалы кен орындарының байлығы, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты. Тау-кен кәсіпорындапры солардың қолында қала берді. Жер байлығын игеру жыртқыштықпен жүргізілді.

      ХІХ ғасырдың соңында Қазақстандағы фабрика- зауыт өнеркәсібін кішігірім қол еңбегіне негізделген кәсіпорындар құрады. Қазақстан отарлаушы Ресей империясының экономикалық жағынан артта қалуынан зардап шекті. Қазақстан өлкесі халықаралық капиталдың қанау объектісіне айналды. Ресейге шетел капиталының енуіне байланысты орыс және шетел капиталының арасында шикізат көздерін иелену жолында бәсеке басталды. Бұл күресте Ресей кәсіпкерлері жеңіліс тауып, Қазақстандағы өздерінің кәсіпорындарын шетелдіктерге сатады. Қазақстанда мыс, қорғасын- мырыш, көмір және мұнай өндіріетін шетелдік және аралас акционерлік қоғамдар осылайша пайда болды.

      Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемін ірі өнеркәсіп өнімінің мөлшеріне қарап пайымдауға болады. 1913 жылы ірі өнекәсіп 67 млн. сомның жалпы өнімін шығарды. Осының ішіндегі өндіріс құрал- жабдықтарының үлесіне- 18,2 млн. сом, ал тұтыну заттардың үлесіне- 48,8 млн. сомды құрады.

      1913 жылы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптің жалпы көлемін ірі өнеркәсіп өнімінің құрылымы процентке шаққанда мынандай болады: өндіріс құрал- жабдықтарын өндіру- 27,2, тұтыну заттарын өндіру- 72,8. Мұның ішінде көмір өнеркәсібінің үлесі- 1,4; Мұнай өндіруші кәсіпорындарінікі- 3,7; түсті металлургиянікі- 12,1; тоқыма өнекәсібінікі- 6,5; ұн- жарма өнекәсібінікі- 2,4; ет өнеркәсібінікі- 2,1 процент.

      Мал шаруашылығы мен егіншілік өнімдері ұсақ кәсіпорындарда өңделді. Бұл деректер экономиканың отаршылдық сипаты Қазақстанда өнеркәсіп ең алғаш дами бастаған сәттен- ақ қалыптасқанын аңғартады.

      Қазан төңкерісіне дейін Қазақстандағы өнеркәсіп дауы жұмысшы кадрларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Кейбір авторлар қазірдің өзінде «төңкеріске дейінгі Қазақстан өнеркәсібінде маман қазақ жұмысшылары болған жоқ. Қазақтар тек шикізат, отын, дайын өнімдерді тасу сияқты қосалқы жұмыстар ғана атқарды» дегенді айтады.\ 1 \ Бұл мүлде жаңсақ пікір. ХІХ ғасырдың ортасында- ақ кәсіпорындардағы барлық жұмысшылардың көп бөлігін қазақтар құрады. Ірі кәсіпорындардағы қосалқы жұмыстардың едәуір бөлігін, негізінен қазақтардың атқарғаны рас. Алайда, жергілікті ұлт өкілдері аса үлкен шеберлікті қажет ететін мамандық иелері арасында да аз болған жоқ. 1902- 1903 жылдары Орталық Қазақстандағы тау- кен өнеркәсібіне қарайтын Лондон кен өндіру

 

  1. «Казахстанская правда», 1992, 1- ақпан.

 

компаниясының басқарушысы болып істеген Э.Нельсон Фельдің дерегіне қарағанда « 5 мыңнан астам қазақ қызмет етті. Олар балқытушы, күйдіруші, кенші мамандықтарын игерді. Еңбектің құдіретін түсінген қазақтар өздерінің техникалық білімдерін мақтан етті, жұмысты бар жан- тәндерімен беріліп істеді …». \ 1 \

      Жергілікті жұмысшыларды аяусыз қанаудың, жұмыс уақытын шектен тыс ұзартудың, ең төменгі жалақы төлеудің нәтижесінде кәсіпорыниелері шаш етектен пайдаға кенелді. Өнеркәсіп ілгері дамығанымен жергілікті ұлт өкілдерінен инженер- техник қызметкерлері мен білікті маман дайындауға онша көңіл бөлмеді.

      Патша үкіметі экономиканың бұл саласына қазақтың байлары мен көпестерін, көкірегі ояу азаматтарын жоғарлатпады. 1856 жылы Тәттімбет Қазанғапов Батыс Сібір өлкесінің генерал- губернаторы Гасфордқа хат жолдап Қарқаралы округіндегі алтын кеніне барлау жүргізуге рұқсат сұрайды. Сондай- ақ, Баянауыл округінің аға сұлтаны, поковник Мұса Шорманов та жоғарғы өкіметке өз округінде кен орындарын ашып, алтын өндірумен шұғылдансам деген ниетін білдіреді. Бірақ Алтай кен зауыттарының басшылары қаржы министірлігінің нұсқауымен бұл өтініштерді қанағаттандырмады. Өйткені ол жылдары Қазақстандағы кен оарындарына барлау жүргізіп, өнім өндіруге тек Ресейдің кәсіпкерлері құқылы еді.

      Тау- кен кәсіпорны Қазақстан экономикасының ішкі сұранымына байланыссыз жұмыс істеді. Бұл жүйеге сырттан келген адамдар басшылық жасады, жұмысты ұйымдастыру дәрежесі төмен болды, өндірілген пайданың бәрі Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтіліп жатты.

      Төңкеріске дейінгі Қазақстан өнеркәсібі отаршылдық сипатта болды, жергілікті шикізаттарды өңдеуден өткізіп, игілікке пайдаланатын кәсіпорындар жүиесі дамымады.

      Табиғи ресурстарға өте бай Қазақстанның біртіндеп қалыптасып жатқан өнекәсіптік келбеті бірінші кезекте кен- зауыт саласымен анықталды. Орталық Қазақстандағы мыс рудаларының,көмірдің, қымбат металдардың оарсан көп қорлары ХІХ ғаысрдың 80 жылдарында өндіруші өнеркәсіптің жеткілікті дәрежеде болашағы бар ошақтарының құрылуына ықпал жасады:Көкшету уезіндегі алтын кен орындары, Қарағанды бассейініндегі тас көмір кені және басқа да осындай салалар аймақтың ерекше маңызды экономикалық сала ретіндегі мүмкіншілігін едәуір дәрежеде анықтап берді.

      1898 жылдың басында Семей облысының Павлодар уезінің Воскресенск Кен- өнеркәсіп қоғамы құрылды, ол Павлодар уезінің далалық аймағында табылған аса бай тас көмір және мыс рудалары кенін өндіруді мақсат етті. Кен орындары мен рудниктердің иелері қазақтардың қызметін ықыласпен пайдаланды, алайда алғашқы кездерде олардың еңбегі онша өнімді болмады және оған орыс жұмысшылары еңбегіне қарағанда ақы әлдеқайда арзан

 

  1. «Индустриальная Караганда», 1991, 24 августа.

 

төленді, бұл жағдай жұмысшы кадрларының қалыпртасуы ісінде де өте маңызды болып шықты. Дегенмен, көптеген кен өндіруші кәсіпорындардың техникамен жарақаттандырылуы төмен дәрежеде болды.

      Руда кеніштері әр түрлі әдістермен- штольнялардың, шахталардың, разрездердің көмегімен айналымға енгізілді. 1890 жылы мыс өндіруші 27 рудникте 7 шахтағ 6 разрез, 1 штольня, 59 шурф болды. Кен өндіру саласында өз кезеңіндегі сол саладағы соңғы техникалық жаңалықтарымен жарақаттандырылған кәсіпорындар құрылды, олар: Қарқаралы уезіндегі Николаев мыс балқыту зауыты, Семей облысының Қанды алқабындағы Поповтардың Александровск қорғасын- күміс- мыс зауыты, Ақмола облысының Жалғызқарағай алқабындағы Козьмо- Демьянов қорғасын- күміс- мыс руднигі, Спасск рудниктері, Успенск заыттары, Қарағанды, Саран көмір кеніштері, Зырянов рудниктері және т.б.

      Қазақстан территориясында орта ғасырдың өзінде сауда кең көлемде жүргізілген. Оңтүстік аймақты басып әйгілі Жібек Жолы өткен. Жетісу өлкесіндегі және Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген халық жоңғарлармен, қытайлармен, Орта Азия хандықтарымен тығыз сауда байланысын жасаған. Ол кезеңде сауданың үш түрі дамыды: айырбас, жәрмеңке және тұрақты сауда кең қанат жайды.

      Айырбас саудамен негізінен орыс көпестері шұғылданды. Түркі тауарлардың мол қорын алып қазақ сахарасынан шыққан олар қайтарда отар- отар қой, табын- табын сиыр, үйір- үйір жылқы айдап қайтқан. Сондай- ақ жәрмеңкеге шығаратын жібек, жүн, азық- түлік түрлерін әкелді. Орыс көпестері үшіе сауданың бұл түрі өте тиімді болды. Өйткені қазақ даласында олармен бәсекелесетіе ешкім болмады. Сондықтан олар өздері апарған тауарға шектен тыс жоғары баға қойды да, жергілікті тұрғындардан алатын тауарларға бағаның ең төменгі шегі белгіленді. Айырбас кезінде көп жағдайда қой малы өлшем бірлігі ретінде алынды. ХІХ ғ соңына таман айырбас саудасының жылдық айналымы миллион сомға жуықталды. \ 1\                            Сауданың екінші түрі жәрмеңке болды. Маусым сайын өткізілетін жәрмеңкелерде фабрика мен зауыт бұймдары шикізатқа және мал шаруашылығының өнімдеріне айырбасталды. 1900 жылы 106 жәрмеңке өткізіліп, 32,7 млн. сом айналымға түскен.

      Темір жолдың болуына байланысты Қазақстанды отарлық қанау бұрынғыдан да күшейді. Темір жолдың болмауы Ресей капиталының Қазақстанға кең көлемде енуіне кдергі келтіріп, оның отарлық империяның шикізат және азық- түлік қоймасына айналдыру процесін кешеуілдетіп келген еді. Темір жол жүйесі өлкенің байлығын жеделдете игеру үшін және орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру үшін аса қажет болды.

      Жиырмасыншы ғасырдың басында тұрақты сауда жүйесінің дамуына

байланысты жәрмеңкелердің саны азайды, қазақ даласына шығатын

 

1.Россия, т. ХVІІІ. Киргизский край. СПб. 1903. 288- бет.

 

керуендер саны да сиреді. Оның есесіне қалаларда сауданың тұрақты жүйесі пайда болды.

      Қазақстан өнеркәсіп капиталымен бірге Еуропа елдерінің сауда капиталы да тереңдеп ене бастады. Омбы қаласында Морозовтардың, Ряушенскийлердің үлкен сауда қоймалары болды. Петропавлдағы американ, ағылшын, неміс фирмалары жергілікті өнеркәсіп қожаларымен, көпестермен сауда операцияларын жүргізді. Қалалардағы сауда жүйесінің тарамдалған сипатын мына деректерден анық байқауға болады. 1915 жылы Петропавлда 445 сауда орны- 8 млн. 390 мың сомның, Көкшетаудағы 53 сауда орны- 876 мың сомның, Атбасардағы 71 сауда орны – 1 млн. 106 мың сомның тауар айналымын жасаған.

      Бұрынғысынша жәрмеңкелер де елеулі рөл атқарған. Төңкеріс қарсаңындағы Қазақстанда жылдық сауда айналымы 150 млн. сомға тең болатын 128 жәрмеңке жұмыс істеген болатын.

      Қазақтар арасындағы ауқатты адамдар мал шарушылығы өнімдерімен қатар егіншілік өнімдерімен де кең көлемде сауда жасады. Олардың шарушылықтарында ауыл шаруашылығы машиналары болды, жалдамалы жұмысшылар еңбек етті. Мәселен, 1914 жылы Ақмола облысынан Ресей губернияларына 94439 ірі қара, 95735 қой, 3993 жылқы жөнелтілген. Сөйтіп бір жыл ішінде 56 млн. 992 мың сомның сауда айналымы жүзеге асырылған. \ 1 \

      Қазақстандағы жан- жақты дамыған сауда өсім алушылықпен ұштастырылды, айырбас баламалы сипатта жүргізілмеді. Сауданың мұндай түрі отаршылық қанауды бұрынғыдан да күшейтуге жол ашып, қазақтардың көп бөлігін қайыршылыққа ұшыратты. Бұл процесс пысық адамдардың одан әрі баюына мүмкіндік жасады.

      Дамып келе жатқан тауар- ақша қатынасында банк қызметі елеулі орын алды. ХІХ ғ. соңында Қазақстандағы облыс орталықтары мен ірі қалаларында мемлекеттік банк бөлімшелерінің жүйелері жұмыс істеді.

      Ресей мен Еуропа елдеріндегі рыноктармен тығыз байланыстығы жергілікті жүйесінің қалыптасу процесі байқалды. Бірақ бұл біртұтас ұлттық рынок дәрежесіне жете алмады. Бұл процеске рыноктардың шашыраңқы орналасуы және территориясының бірнеше губернияларға бөлектенгендігіде бөгет жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Обзор Акмолинской области за 1914 г. 40- бет.

 

Қосымша

 

Тау- кен өндірісі

 

 

 

· Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды.

· ХІХ ғ. соңы- ХХ ғ. басындағы 300- 400 жұмысшылары бар ірі өнекәсіп орындары – Спасск мыс қорыту зауыты \1857\, Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.

· 1898 жылы – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск кен- өнеркәсіп қоғамы құрылды.

· Кен кәсіпшілігінің орталығы- Қарқаралы уезі.

· Химия өнекәсібінің бастамасы- Шымкент сантонин зауыты\1822\

· Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны- 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17,8% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХ ғ. 90 жылдарында кеңінен пайдаланылды.

 

Темір жол

 

· 1893- 1895 жылдары- Сібір теміржолы салынды. \ ұз. 3138 км.\ Оның 187 шақырымы қазақ жерін басып өтті.

· 1893- 1897 жылдары- Рязань- Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.

· 1899- 1905 жылдары- Орынбор- Ташкент темір жолы салынды. \ұз. 1656 км.\ 1906 жылы қаңтарда іске қосылды.

· Орынбор- Ташкент темір жолында 30 мың жұмысшы болды.

· Патша үкіметінің темір жолдар салудағы мақсаты:

1.           Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды татуды тездету.

2.           Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.

3.           Қазақстан мен Орта Азияны Ресей өнеркәсіп орталықтарымен байланыстыру.

4.           Қазақ халқының ұлт- азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу.

 

Ауыл шаруашылық өндірісі

 

· Балық аулау кәсіпшілгі- Ертіс, Жайық,Каспий теңізі,Зайсан маңы.

· Тұз өндіру- батыс, солтүстік- шығыс аймақтағы тұзды көлдер.

· 1875- 1900 жылдар Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды.

· Арал теңізі, Қарабас көлі- тұз өндіру ашылды.

· Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобыл уездерінде Қазақ өлкесінен 300 мың пұт тұз әкелінді.

· Мал шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары- Ақмаола және Семей облыстары. Семей облысында 13 былғары, 9 саьын қайнататын,1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш зауыты болды.

· Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон зауыты жұмыс істеді.

· Торғай облысында 42 былғары, тон, май қорыту, сабын қайнату зауыты, 202 диірмен, май шайқау зауыты болды.

 

Сауда

 

· 1822 жылы- Бөкей ордасындағы алғашқы жәрмеңке.

· 1855 жылы- Семейдегі екі қалалық жәрмеңке.

· Ірі сауда орталықтары- Петропавл, Ақмола, Орла, Семей, Бұқтырма, Орынбор, Омбы.

· Банк несие ұйымдары жұмыс істеді.

· Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылды:

1.     Орал 1867 ж.

2.     Петропавл 1881 ж.

3.     Семей 1887 ж.

4.     Омбы 1895 ж.

5.     Верный 1912 ж.

· Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің 7 қазақ өлкесінде жұмыс істеді.

· Кредиттік мекемелер ең көп аймақ- Ақмола облысы.

· 1848 жылы Қоянды Ботов жәрмеңкесі ашылды. Бұл жәрмеңкеге әйгілі Әміре Қашаубаев жиі барған.

· Қытай саудасы жүргізілген жәрмеңкелер:

1.     Қарқара

2.     Шар- ЕКатеринская \ Семей облысы\

· Жәрмеңкенің басты дамыған өлкесі- Ақмола облысы.

· Қытаймен сауда жүргізетін ірі орталық- Құлжа қаласы.

· Монғолиямен сауда жасайтын орталық- Семей.

· ХІХ ғ. соңында Жетісуда қарқара жәрмеңкесі ерекшеленді.