[:kz]
Тараз қаласының тұрғыны сатып алған киімінің қалтасынан кездейоқ хат тауып алды.
Видео Инстаграмның 100baksoff тобында жарияланды. Тұрғынның айтуынша, шалбарды Тараздан сатып алған.
“Кеш жарық, достар, бүгін 2018 жылдың 10 маусым. Қызыма шалбардың белі тар болғандықтан резинасын шығарып алдық та, хат тауып алдық, Онда “көмектесіңіздерші, мен құлдықтамын” деп жазылған. Лебединовка деп ауылдың атауы көрсетілген”, – дейді әйел.
Лебединовка ― Қырғызстанның Шу облысы, Аламудун ауданындағы ауыл.
http://alashainasy.kz
[:]