АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Құттықтай берсеңіздер болады»: 4 баласымен жалғыз қалған әкеге бес бөлмелі үй берілді[:]

[:kz]

Әйелі көз жұмып, төрт баласымен жалғыз қалған Жамбыл Дауытов көмек қолын созған жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Құттықтай берсеңіздер болады, халқым. 40 күн бұрын әйелі қайтыс болып, төрт баламен далада қалған Stan.kz, Еуразия каналдарына шығып, бизнесмендерден көмек сұраған Жамбыл бауырымызға менің инста-төркіндерім асарлатып 5 050 000 теңгеге 5 бөлмелі үй, 10 соток жерімен үй әперді. Эльмира Ешниязова жеке қайырымдылық қорының атынан нотариусте үйдің документтерін рәсімдедік», — деп жазды Эльмира Ешниязова есімді желі қолданушысы. 

Көп балалы әке де өз кезегінде қуанышын жасырмады. Десе де, ол дәл қазір өзін балалардың өзінде қалуы мәселесі алаңдатып отырғанын жеткізді. 

«Құтты болсын. Іші балапандардың күлкісіне толсын!», «Құтты болсын. Бақыт әкелетін шаңырақ болсын», «Алла разы болсын! Берекелі баспана болсын», «Істеген жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын» деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ер адамның төрт баласымен жалғыз қалғаны туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, ол балаларын бағып береміз деп сұрағандарға жауап берген болатын

 Stan.kz 

[:]