АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа дейін көтеріліп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті (фото) [:]

[:kz]

 

Кувейтте ауа температурасы рекордтық көрсеткішке дейін жетіп, елдегі бағдаршамдар балқып кетті деп хабарлайды Хабар 24. Шілде айында Кувейттегі сынап бағанасы көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің көзінде 70 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан елдің көшелеріндегі бағдаршам балқып түсіп, жеңіл көліктердің пластик бөліктері еріп кеткен. Al Rai басылымының хабарлауынша, Әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстық мезгіл болып отыр. Аптап ыстыққа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі халықты электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ, үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды.

Фото: Хабар 24

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда аптап ыстықтан 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарғанын жазған едік. Жаздың бірінші айында еліміздің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінде болып, 46 градус ыстық тіркелген.

kaz.nur.kz

[:]