АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Күзге дейін 95 мың адам вирус жұқтырады»: Цой жаңа болжамдарын ұсынды[:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр елімізде коронавирустың таралуына байланысты үш түрлі болжамды атады.

 

«Сонымен, пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраған кезде 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында вирус жұқтырғандар саны 95 мың адамды құрайды.

Екінші, шынайы сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 80 пайызды көрсетеді. 2021 жылдың маусым — қыркүйек айларында жұқтырғандар саны шамамен 69 мың адамды құрайды.

Оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды құраса, 2021 жылдың маусым — қыркүйек айларында вирус жұқтырған ретінде  тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды», — деді Цой.

Министр бұл немесе басқа сценарийдің жүзеге асырылуы азаматтардың вакцина салдырудағы белсенділігіне тікелей байланысты болатынын айтты.

«Осыған байланысты вакцинациямен қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың вакцинациямен қамтуды ұлғайту және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауы орынды деп санаймыз», — деп қосты министр.

[:]