АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қыдырәлі мен Қарақаттың ұл-қыздары анасының туған күніне ән арнады[:]

[:kz]

 

Қарақат Әбілдина 44 жаста. Әнші меншікті мерекесіне орай ет жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Дүбірлі тойда өнер иесінің ұл-қыздары ән айтып, өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбілдинаның тойы Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде тойланды. Кешке келген қонақтар арнайы дресс-кодқа сай киініп келуге тырысты. Әдетте белгілі бір түсті таңдайтын Әбілдина бұл жолы ерекшеленіп, меймандардан тойға Дарико Хасанғалиеваның образында келуді сұрады. 

Тойды Болмановтар жанұясының жақын досы, белгілі актер Тұрсынбек Қабатов басқарды. Той кезінде Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғыш ұлы Бекболат анасына арнап ән шырқады. Сондай-ақ, ұлдардың кенжесі Айсұлтан Болман мен 5 жасар Аяла Қыдырәлі көпшіліктің алдында өнерлерін паш етті.

Дүбірлі тойда танымал қазақ жұлдыздарынан бөлек, «Қарақат» мектеп студиясының шәкірттері мен түлектері қонақтар қатарынан табылды.

 
 

[:]