АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады[:]

[:kz]

 

 

Қырғызстан мен Қытай газ құбырын салады. Қырғызстан және қытайдың SINO-Pipeline International Company Limited компаниясы «Қырғызстан-Қытай» газ құбырының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, жоба құны 1,2 млрд доллар болады. Құрылыс 2019 жылдың аяғында басталады. Жоба уақыты — 3 жыл.

Ол құбыр арқылы түркімен газы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумағы арқылы Қытайға тасымалданады.

Қырғызстан аумағынан өтетін құбыр ұзындығы — шамамен 215 шақырым.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

turkystan.kz

[:]