АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғызстанда тағы бір төңкеріс болуы мүмкін [:]

[:kz]

Садыр Жапаровтың Қырғызстанға президент болып сайлануы, оның шетелге президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейден бастауы алыстағы АҚШ-қа ұнамай жатыр.

Саясаттанушы Игор Шестаковтың айтуынша,  енді АҚШ Қырғызстанға ашық түрде қысым жасауға кірісті.  — Мұның бәрі де АҚШ-та президентікке Байденнің келуімен, АҚШ-тың сыртқы саясатының өзгеруімен байланысты.  Әлем қырғи қабақ соғысының жаңа кезеңіне өтті деуге де болады.  Әзірге соғыс тек ақпараттық тұрғыдан жүріп жатыр. Алайда Вашингтонның Қырғызстанға қатысты әлдебір сценарий жасап жатқаны анық. Бұл сценарийді 2013-2014 жылдары Украинадағы жағдаймен салыстыруға болады. Соңғы кездері АҚШ Ресей мен Қытайды өзінің дұшпандарының қатарына қосып қойды.

Қырғызстан Ресеймен одақтас, Қытаймен дос ел. Сондықтан АҚШ геосаяси ойындарды жүргізу үшін Қырғызстанды полигон ретінде пайдаланады.  Бұдан кейін өзінің ойындарын Қырғызстан арқылы Ресеймен, Қытаймен дос елдерге таратады. Мәселен, Беларусьтегі жағдай сияқты, – дейді саясаткер.  Саясаттанушының айтуынша, биылғы жыл Қырғызстан үшін қиын болып тұр. Себебі елде бір емес үш сайлау өтіп жатыр.

Оның үстіне әлеуметтік-экономикалық жағдай да мәз емес. Қырғызстанның қоғам қайраткері Асылбек Анарбаевтың айтуынша, Қырғызстанға қазір қауіп-қатер төніп тұр.   — Расталмаған ақпараттарға қарағанда, Қырғызстандағы АҚШ елшілігіне 60 миллион доллар қаражат түскен.  Енді батысшыл ақпарат құралдары,  үкіметтік емес ұйымдар тапсырысты  орындауға кіріседі.  Бұл дегеніңіз елдің ішкі саясатына ашық түрде араласу деген сөз.

  Олар демократияның атын жамылып,  дербес елдердің тәуелсіздігіне  қысым жасайды.  Мұның бәріне біздің еліміздің Ресейге қарап бой түзей бастағаны әсер еткен сияқты. Бұл АҚШ әкімшілігіне ұнап отырған жоқ.  Сондықтан елдегі геосаяси жағдай жақын арада күрт өзгеруі мүмкін, — дейді қоғам қайраткері.  

www.oinet.kz

 

[:]