АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғызстандық азаматты Алматы әуежайының жағдайы шошытты (фото) [:]

[:kz]

Оңтүстік Кореядан отанына оралған қырғызстандық азамат Алматы әуежайын сынап тастады. Ол Бішкектегі әуе айлағын мысалға келтіріп, оның барлық халықаралық талаптарға сай келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Facebook.com/elmar.kim

Фото: Facebook.com/elmar.kim

 

Эльмар Ким өз Facebookпарақшасында алматылық әуежайдан алған әсері туралы жазба жариялады.

Оның сөзінше, жақында ер адам отбасымен Кореядан Қырғызстанға ұшқан. Жанұя Алматы әуежайында үш сағат үзілістен кейін екінші ұшаққа отыруы керек болған.

Осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар ана мен бала бөлмесін пайдалануды жөн көреді. Алайда, бөлмеге кірген олар өз көздеріне өздері сенбей, таң қалады.

Фото: Facebook.com/elmar.kim

Фото: Facebook.com/elmar.kim

«Кореядағы бөлмелерден кейін, мен артқа, Қазақ КСР-не түсіп қалғандай болдым. Ол жақта ештеңе болған жоқ…», — деп жазды азамат.

Эльмардың айтуынша, бөлмеде тек ескі кушетка, балалар кереуеті, жаялық үстелі және қолжуғыш тұрған.

«Дәретхана да, қоспа дайындайтын қайнаған су да, тіпті, майлық та болған жоқ. Бөлме 3 м. х 2,5 м көлемде екен. Жағымсыз иісі бар карцер сияқты», — деді ол.

Одан бөлек, жұбайлар алматылық әуежайда Wi-Fi жүйесіне қосыла алмаған екен. Олар жергілікті сатушыдан құпиясөз сұрағанда, олар міндетті түрде сауда жасау қажет деген талап қойыпты. Шетелдіктерге кеңес бергендер қатарында жергілікті сим-картаны сатып алуды ұсынғандар да табылған.

«Үш сағат күту уақыты үшін нөмір сатып алудың қажеті не?», — деп сұрады ол.

Сонымен қатар, қымбат бағалар мен «жұтаң шылым шегетін орын» да қырғызстандықтардың көңілінен шықпапты.

«Енді Бішкектен қайтып жатырмыз. Біздің рейс бір сағат кейінге шегерілгендіктен, Манас әуежайындағы ана мен бала бөлмесіне бардық және мен не көріп тұрмын? Дәл Сеулдегідей!… Бәрі бар. Диван, төсек, заманауи жаялық үстелі, ересектер мен балаларға арналған тамақ ішетін орын. Одан бөлек, әлемдік стандарттарға сай келетін көптеген нәрсе», — деп жазды азамат.

Фото: Facebook.com/elmar.kim

Фото: Facebook.com/elmar.kim

«Көршілер өздерін қырғыздарға қарағанда экономикалық тұрғыда дамып кеткендей көрсетеді. Бірақ, Алматының стерильді аймағында болған соң мен олай емес деп ойлаймын», — деді ер азамат.

Эльмардың жазбасы желіде бірден тарап, жұрттың талқысына түсті. Желі қолданушыларының көп бөлігі жазба авторымен келісіп, Алматы әуежайының жағдайы мәз емес екенін алға тартты.

«Алматы әуежайының қызметі де, қарым-қатынасы да нашар, кафелердегі бағалар өте қымбат», «Ащы болса да, шындық. Өкінішке қарай, бізге мұны мойындау қажет», «Мен болған әуежайлардың ішіндегі ең нашары» деп жазды олар.

Ал желідегілердің кейбірі керісінше, Алматы әуежайының барлық талаптарға сай екенін жеткізді.

«Менің жазбама көпшілік әртүрлі көзқарас танытып, балағаттауға дейін кетіп жатыр. Сол себепті, пікірлерге қолжетімділікті шектеуге мәжбүрмін! Менің жазбам қазақстандықтардың ашуына тисе, кешірім сұраймын. Ешкімді ренжіткім келген жоқ. Тек Қырғызстан мен Қазақстанға жоғары экономика, әр жанұяға бақыт тілеймін! Әлем мейірімділікпен сақталып тұр!», — деді кейіннен автор.

NUR.KZ редакциясы аталған жағдайға байланысты алматылық әуежайдың баспасөз қызметінен жауап күтуде.

  

[:]