[:kz]
«Шоң-Капка-автожолы» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары Қырғызстаннан қантты заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті. Атап айтқанда, Қазақстан азаматы тізгіндеген жүк көлігі ұсталды.
Қырғызстан МҰҚК ШҚ баспасөз қызметі 24.kg тілшілеріне рөлінде Қазақстан азаматы отырған «КамАЗ» автокөлігі ұсталғанын хабарлаған. Шекарашылардың сөзінше, ер адам құжаттарды бірден ұсынған. Онда көлікте тыңайтқыштар, атап айтқанда селитра бар екені көрсетілген. Алайда тексеру барысында шекарашылар бірнеше қап селитраның артына жасырылған 30 тонна қантты тапты. Осылайша, көлік жүргізушінің Қазақстанға Қырғызстаннан жүкті жалған құжаттармен өткізбек болғаны анықталды. Тілшілердің айтуынша, құжаттар рәсімделгеннен кейін жүргізуші мен жүк одан әрі тексеру үшін құзыретті органдардың қызметкерлеріне табысталған.
[:]