[:kz]
Қырғызстан астанасында наразылық білдірушілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторындағы қамаудан босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол ведомство басшыларымен келіссөздерден кейін ҰҚК ғимаратынан шығарылды. Наразылық білдірушілер бірден экс-президентті қолдап: «Атамбаев»деп дауыстады.
Атамбаев былтырғы жаздан бері қамауда еді.
Бұған дейін Қырғызстанда өткен парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдірген мыңдаған адам митингке шығып, «Ақ үйді» басып алды.
[:]