АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қыста да қауын-қарбыз сатып жатыр[:]

[:kz]

Жетісай ауданында қауын сатылып жатыр. Керек болса қарбыз да табылады. Қанша іздесек те оңай таптыра қоймайтын дәмділерді енді Жетісайдан алуға болады.

Бұл жөнінде осындай бизнесті жолға қойған Бекқали Қалмұратов айтып берсін.

«Менің негізгі кәсібім – жұмыртқа сату. Жаңа жылдың алдында ғана Өзбекстанға жол түсіп, базарда тізіліп тұрған қауындарды алғым келді. Сөйтіп балаларым жесін деп бірнешеуін ғана сатып әкелдім. Оны көріп үйдегілер мен туыстарым мәз болып қалды.

Қыс мезгілі болған соң қызықтап, суретке, видеоға түсірдік. Қарап отырмай, оны «инстаграмдағы» парақшама жарияладым. Содан сарайда жиналған он шақты қауынды, біздің дәм татып отырғанымызды көрген желі қолданушылары «сатыңыздаршы», «салып жіберіңіздерші», «аяғым ауыр еді» деп өтініш қыла бастады. Менің жазбамды аяғы ауыр әйелдердің оқитыны, дәмететіні ойға келмепті. Сөйттім де үйдегі қалған бірнеше қауынды жүкті екі-үш келіншекке салып жібердім.

 

Өтініштер мұнымен тоқтап қалған жоқ. Алғысы келетіндер қатары көбейіп жатқан соң тағы да Өзбекстанға аттандым. Бұл жолы молырақ алып келіп, шетінен сата бастадым. Елу данасы он күнге жетпей өтіп кетті. Сұранушылармен бірге «инстаграмдағы» достарым да көбейе берді. Тапсырыс берушілер «Дәмді екен, ұнады. Бағасы да аса қымбат емес. Тағы да алғымыз келеді» деп пікір айтып, алғыстарын жаудыруда. Неге екені белгісіз, бірақ қарбызға сұраныс аз.

Қауынның бағасын білгісі келетіндерге айтарым, бір данасы 2,5 мың теңгеден басталады. Үстінен көп те қоспаймын. Тек барып-келген жолақы ғана есептеледі. Қажет болса Қазақстанның кез-келген жеріне жеткізуге дайынмын. Ал ақшасын өзім хабарласып айтқан «Каспи голдтағы» есепшотқа аудара берсе болады», – дейді кәсіпкер.

 

Егер қауын мен қарбызға тапсырыс бергіңіз келсе, Бекқалидің 8-702-400-00-90 байланыс нөміріне хабарласа аласыз.

zamana.kz/

 

[:]