АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытай экономикасы баяулап барады: бұл кімге тиімді? [:]

[:kz]

Соңғы он жылдықтың ішінде Қытай экономикасының қарқыны айтарлықтай төмен түскен дейді BBC NEWS тілшісі. 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысынан кейін жаңа қарқын алған мемлекет әлемдік экономикада өзіндік орны бар елге айналған еді.

  Бүгінгі күні әлем экономикасы 1990 жылдардың басынан бері ең баяу қарқынмен дамып келеді. Қытай премьер-министрі Ли Кэцян елде 6% — дан жоғары өсу қарқынын ұстап тұру оңай болмайды деген мәлімдеме жасаған. Бұған әсер еткен жағдайлардың бірі – ішкі мәселелер.

АҚШ басшылығымен сауда соғысы және шошқа безгегі-мұның бәрі Қытайдың жылдам экспансиясын тежейді. Азия Оксфорд университетінің экономисі  Томми Ву «Қытай елінің дамуының баяулауы айтарлықтай маңызға ие. Ішкі жағдайдың нашарлауы, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі. Бәрі де бірден-бір себепкері», — дейді. Петерсон Халықаралық экономикалық институтының мүшесі Гэри Хуфбауэр «Әлемнің алпауыт елдерінің бірі Қытайдағы дәл осы жағдай жаһандық дамуды белгілі бір көлемде түсіреді»,- деп бағалады.

Қытай экономикасы екінші тоқсанда жылдық есеппен 6,2% — ға өсіп, жылдың алғашқы үш айында 6,4% — дан және 2018 жылы 6,6% — дан төмендеді. Қытай үкіметі салықты төмендету арқылы экономиканы ұстап тұруға тырысуда.  

 

qamshy.kz

[:]