АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайда тасқыннан зардап шеккендерге қаражатты Димаштың атынан өзгелер аударған[:]

[:kz]

Димаш Құдайбергеннің Қытайда су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай көмекті өз қалтасынан аудармағаны анық болдыБұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

«Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін… Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа – Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар…», – деп жазды әншінің әкесі. Белгілі болғандай, су тасқынынан зардап шеккендерге қаражатты Димаштың атынан әншінің Қытайдағы продюсерлік компаниясы BG Talent аударған.

Айта кетейік, маусым айының соңында толассыз жауған жауынның кесірінен Хунань проыинциясын су басып қалды. Салдарынан елді-мекен тұрғындарының басым бөлігі үй-күйсіз қалып, ішерге ас таппай отыр. Алапат тасқыннан зардап шеккендерге Қытай билігінен бастап, көптеген танымал адамдар көмек қолын созуда.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Димаштың су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 млн теңге аударғаны хабарланған еді.

Источник: Stan.kz

[:]