[:kz]
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік іссапары барысында баяндамаларын қазақ тілінде жасап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасныда мәлімдеді.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.
Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», — деп жазды Президент өкілі.
[:]