АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қытайға 40 мың гектар жер сатылады деп жалған ақпарат таратқан әйел халықтан кешірім сұрады[:]

[:ru]

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 40 мың гектар жер сатылды деп жалған ақпарат таратқан әйел халықтан кешірім сұрады. Ол болған жағдайға қатысты өкініп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел адам WhatsApp және Telegram желілерінде қазақ жерінің бір бөлігінің Қытайға берілгені туралы жалған ақпарат таратқан болатын. Кейін ол өз қатесін түсініп, кешірім сұрады. 

«Мен біреулерден Күршімдегі 40 мың гектар жердің Қытайға сатылғаны туралы ақпаратты естіп, кейін оны мессенджер арқылы тараттым. Алайда араға бірнеше күн салып бұл ақпараттың жалған екеніне көзім жетті», — деп түсіндірді ол. 

Күршім ауданы тұрғынымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде 40 мың гектар жердің қытайларға сатылатыны туралы ақпарат тараған-ды. Кейін президент пен облыс әкімі мұны жоққа шығарды. 

Stan.kz

[:]