[:kz]
Маңғыстауда волейбол жаттықтырушысының оқушыларына көрсеткен ерсі қылығы видеоға түсіп қалды. Кадрларда ер адамның тәрбиеленушілерді бетіне және басына қалай ұратыны көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau.kz басылымына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жаңаөзен командасының спортшыларымен болған.
Жарысқа қатысушылардың бірінің анасы оқиға 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылындағы спорт кешенінде болғанын айтты. Спорт нысанының аумағында волейболдан жарыс өткізіліп, оған Жаңаөзен командасы қатысқан.
«Менің қызым басқа командада ойнайды. Жарыс кезінде олар Жаңаөзен командасының бапкері өз шәкірттерін қалай ұрғанын көріп, оны видеоға түсірді», — дейді спортшының анасы.
Қызының айтуынша, жарыс күні жаттықтырушының бірнеше шәкірті таяқ жеген.
«Жаңаөзеннен келген команда олармен ойнайтынын түсіндік. Видеоны түсірген қызды жаттықтырушы байқап, олай жасамауды және еш жерде жүктемеуді айтты. Ойын барысында ол жиі боғауызсөздерді айтты», — деді ол.
[:]