АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызмет құны удай қымбат, туризм қалай дамиды?[:]

[:kz]

Туризмді дамытамыз дейміз. Әлі өз-өзімізге қызмет етіп үйрене алмадық.

Одан бөлек, қызмет құны удай қымбат. 1 қаңтарда Шымбұлаққа бір отбасы болып бардық. Екі ересек, бір бала, төрт сағатқа жүз мың теңгеге жуық ақша кетті .

Абономент — 23 500 тг.

Шаңғыны жалға алу — 31 000 тг

Инструктор, 1,5 сағат (бала мен ересек адамға) — 28 500 тг.

Көлік пен тамақтануды қоспағанда 83 мың тг кетіпті.

Демалып алып, ақша санап отыр демеңіздер. Қысқы спорт арзан емес екенін білем. Сонда да, қолжетімді емес екені анық.

Осы демалысты шаңғылатып өткіземіз бе деп едік, бір барған соң бет қайтып қалды.

Шыңғыс Мұқанның әлуеметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

[:]