АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қызсың ба не? Мүмкін емес. Тексерейік» деп әңгіме айтады…[:]

[:kz]

Бүгінгі оқиғаға қатысты қызды «өлтіру керек, аямау керек» деген сияқты оқтар жауып жатыр. Әрине, ол қызды жақтамаймын мүлде. Дегенмен ол барлық қазақ қыздарының эталоны емес!

Қазір қаракөз сіңлілерімді сыйламайтын жігіттер де жетіп артылады.

Айналамдағы жас қыздарға «тұрмыс құрыңдар. Жалғыз болып қалмаңдар» деп ақылымды айтамын. Сөйтсем «әпке-еу, жігіттер көп қой. Кездесуге де шақырады. Бірақ «қызсың ба не? Мүмкін емес. Осы уақытқа дейін қыз боп жүру мүмкін ба не? Тексерейік» деп әңгіме айтады» дейді.

Ал, бұған не дейсің?!

Кафеге барғысы келсе – «чайка», барғысы келмесе «мамбетка» болып шыға келеді қыздар осылай.

Қаракөз қыздарымыз етегін ашты, қаракөз ұлдарымыз жыртыққа үңілді. Қазаннан ұят кетсе, қақпағын келімсек ит жалайдының көрінісі болды бүгінгі оқиға.

Құдай бетін аулақ қылсын, соғыс басталса жеткілікті қаруымыз да, қарулымыз да жоқ. Меніңше, жартысы Арыста-ақ жарылып кетті.

Әлгі Әблязовтың жандайшаптары қай жерден өрт шықса, сол жерді өршітуге дайын тұрады. «Диктатор Назарбаевтың саясатын құрту керек» дейді. Мені кешіріп қойыңыздар! Диктатор болса да, маған сол бейбітшілікке негізделген саясат ұнайды!

Атырауда болған жайтта бір қыздың проблемасы емес, оның арасында ұлттар арасындағы, мемлекеттер арасындағы араздыққа сеп болар фактілер жатыр.

Намысқа шын тырысты десе, алдыңғы аптада екі жарым жасар қызды өз қазағың зорлағанда неге атып тастамадың сол айуанды, неге дарға аспадың көпшілікке көрсетіп?! Енді бір бұрымдының сайқал тірлігі дүйім елді көтерді…

Қыздардың жаман жолға түсуіне Өздеріңіз ерік бермеңіздер, жігіттер. Бағалаңыздар!

Галия Шаудырбаева

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]