[:kz]Қызылорда облысында үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға жеткізілді[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған үш жасөспірім оқ тиіп ауруханаға түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсанда сағат 18.00-де Қармақшы ауданы Төретам аулындағы аялдамалардың бірінде болған. 

«Жасөспірімдер медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген ведомствоның баспасөз релизінде. 

Полицейлер күдіктілерді ұстады. 

«Бүгінде бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қажет сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Қызылорда облысының ПД өкілдері. 

[:]