АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырған[:]

[:kz]

Қызылорда облысында бір отбасының сегіз адамы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 

коронавирус

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Хабар 24 арнасында өткен онлайн-брифингіде айтты. 

«Вирус жұқтырғандар бір отбасының мүшесі. Олар 6 жастан 44 жасқа дейінгі аралықта. Үшеуі 14 жасқа толмаған бала», — деді Абдусаметов. 

Айтуынша, бір көшеде жақын тұратын адамдар сақтық шараларын сақтамауы себепті ауруды жұқтырған. 

«Бұл ретте басқосуларды, жиындар, той-томалақты өткізбеуге шақырамыз. Тұрғындар сақтық шараларын сақтамағандықтан осындай жағдайға тап болып отырмыз. Тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, жеке басын оқшаулауға, қауіпсіздік әрекетін жасауға шақырамыз шақырамыз», — деді ол. 

Облыста 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар 388 адаммен байланыста болған. 

Бұған дейін Қызылорда облысында 10 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік. 

[:]