АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қызымды терезеден лақтырғанын көршілері видеоға түсірген» — Грузияда көз жұмған бойжеткеннің анасы[:]

[:kz]

Грузияда қаза тапқан қазақстандықтың анасы Айсұлу Айтпаева қызының өліміне қатысты мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің айтуынша, ол қызы Әсел Айтпаевамен соңғы рет қайғылы жағдайға дейін екі сағат бұрын сөйлескен. Әсел анасынан қонаққа келуін өтінген. 

 

Бірақ Айсұлу Грузияға қонаққа емес, қызының мәйітін тану үшін аттанған.

«Бұл күн маған ауыр болды: мен баламды тану үшін бардым. Иә, шынымен де, ол. Оны өлтірді деген нұсқаны әлі де ұстанамын. Мен аудио қоңыраудан бастаймын, онда барлығы бар. Бұл өз-өзіне қол жұмсау емес. Сондай-ақ маған көршілердің Әселді терезеден лақтырған сәтті видеоға түсіргені айтылды. Егер бұл адам бар болса, одан полиция бөлімшесіне баруды сұраймын», — деді Айсұлу Айтпаева.

Сонымен қатар, әйел қызының мәйітін бүгін Қазақстанға алып кететінін мәлімдеді.

Әсел Айтпаеваны жерлеу рәсімі 13 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Қабанбай батыр ауылында өтеді.

Бұған дейін қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  

[:]