АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызымен бидің түбін түсірген Тұрсынбек Қабатов талқыға түсті (видео)[:]

[:kz]

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызымен билеген видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік танымал әзілкештің би шеберлігін жоғары бағалап, оған қатысты өз пікірін белсенді түрде білдіріп жатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: видеодан кадр/Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Instagram желісіндегі парақшада жарияланған бейнежазбада әзілкеш пен оның бойжеткен қызы ерекше би орындап жатқан.

Қабатовтың қызы әкесін заманауи трендтен қалыспас үшін жаңа би үлгісіне үйретіп қойса керек.

Желідегілер әкесі мен қызының видеосына тәнті болып, оларға өздерінің жылы лебізін білдірген.

«Қызы әкесімен бірдей болыпты ғой» , «Ең керемет, нағыз заманауи әке» , «Қызы өсіп қалыпты ғой» , «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» , «Күшті би» , «Қызы осындай болып өсіп кеткен ба?» , «Жарайсың. Балаларымен ойнап, әке деген осындай болу керек» , — деп жазған көпшілік.

Оқырмандар арасында әкесі мен қызының биін ерсі деп жатқандар да болды.

  

[:]