[:kz]
«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек «Қарақатпен шай» бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш рет өз бизнесі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі жақсы табыс түсіріп келген кәсібінің жабылу себебін түсіндірді. Анықталғандай, эстрада жұлдызын аталмыш бизнесті өзімен бірге ашып, біраз уақыт бойы бірге жұмыс істеген серіктесі «лақтырып» кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдар Тұрғамбекпен ортақ кәсіп ашқан азамат әншінің алыс туысы екенн. Ол «Айдар» шайы әкелген бар табысты қалтасына салып, бір мезетте жоқ болып кеткен.
«Алғашқы болып шықты. Қазір енді бәрі шығарып жатыр ғой. Оны айтатын да кез келген шығар. Алғаш рет айтып тұрмын бұл бизнесім жайлы.
Маған бір туысқаным келді. Алыс туысқан болған. «Осындай шай ашайық» деді. Мен ондай бизнеспен мүлдем айналысып көрмегенмін. Мен ойланамын деп жүргенде, ол маған «Айдар» шай деген көптеген шай қорабын алып келді. Дайын шайды ұсынды. «Мен шығарып қойдым, енді бірге жасайық» деді.
Мен ойланып, ақыры шыққан соң, неге жасамасқа деген шешімге келдім. Бірақ, басы-қасында көп жүре алмайтынымды бірден айттым. Мен тек жарнамасымен айналысайын дедім.
Сосын, біз бастағалы бері интернет желісімен көп жұмыс жасадық. Бір жыл ішінде аса үлкен көлемге шықтық. Екі жігіт болып, бірге аштық. Бір жылда үлкен жетістіктерге жеттік. Біздің шайды бүкіл қазақстандықтар ала бастады» , — деді әнші.
Пайда тұрмақ, бастапқыда құйған ақшасын қайтарып ала алмаған Айдар бұл жайтты өзінің бизнес жайлы бейхабар болуының қателігі деп түсінген.
«Басында әлбетте, қиын болды. Шайды шетелден, Кениядан алып келіп отырдық. Сол елдің бір сапалы шайын әкеліп, салдық. Ол қымбат тұрады. Сол себпті, басында біз пайда көрмедік. Тек абыройға жұмыс жасадық.
Сосын, үлкен жұмыс жасап, қомақты қаржы бізде айналып жатты. Сөйтіп, қасымда бірге істеп жүрген жігітті бір мезетте таппай қалдым. Бүкіл айналып жатқан ақша соның қолында болатын. Телефонын өшіріп жоқ болып кетті.
Қайда кеткенін білмей қалдым. Бұл жерде менің кінәм — бизнеспен айналыспауымның кесірі. Келісімшартқа отырмағанбыз, қазақша бастап кеттік қой.
Қазір мен бизнес психологиясын оқып жатырмын. Қателік көп екен менің тарапымнан. Жай алғанмын да, ақшаны бере салғанмын.
Елу де елу болып, бірге ашқан едік. Ортадан үлкен қаражат құйдық. Қосқан ақшамды шығарып алмадым» , — деп күйінді әнш
Айдар Тұрғамбек өзімен туыс болып келген серіктесінің үстінен арыз жазбаған. Әнші бәрін Аллаға тапсырдым деп отыр.
«Түбіне дейін қазбалмадым. Іздестірдім, рас. Бір кездері Ресейде жүргенін естідім. Бірақ, сол күйі әлі жоқ. Керемет бизнес болып еді. Алайда, қатты көңілім қалды. Жасамаймын деп шештім. Ағалармен ақылдасып көрдім. Ол кісілер керек емес деді. Ұзаққа созылып кетеді, уақытыңды алады» деді. Мен бір Аллаға тапсырып, мәнісі болар деп ойладым. Оны ары қарай қазбалаған жоқпын» , — деп қайырды әнші.
[:]