АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Лавров Ресейдің Украинаға қандай талаптар қоятынын және соғыстың қашан аяқталатыны туралы айтты[:]

[:kz]

 

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров италиялық «медиасет» телекомпаниясына берген сұхбатында Мәскеудің Киевке қойған талаптары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лавровтың сөзінше, Ресей Украина президенті Владимир Зеленскийден ұлтшылдық құрылымдарға ұстап отырған тұрғындарды босатып, қарсылықты доғару туралы бұйрық беруін талап екен. 

«Біз оның берілуін сұрамаймыз. Қарапайым азаматтарды босатып, қарсылықты доғару туралы бұйрық беруін талап етеміз», — деді ол. 

Сонымен қатар Лавров Ресей тарапының мақсаты Украинадағы режимді өзгерту емес екенін қосып өтті. Сыртқы істер министрінің сөзінше, бұл – америкалықтардың кәсібі және олар мұны бүкіл әлемде жүзеге асырып отыр. 

Сергей Лавров Украина президентінің өз елінде бейбітшілік орната алатынын айтты. Сондай-ақ Зеленскийдің «әлемнің президенті атануға мүмкіндігі болған дейді. 

«Зеленский ашық түрде Минск келісімін орындамайтынын айтуды жөн санады. Сөзінше, бұл Украина мемлекетінің, халқының құлауын білдіреді екен. Ал Минск келісімін жазып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мақұлдағандар үнсіз қалды», – дейді ол.

Лавров соғыстың аяқталуы туралы айтып, Ресей әскерилерінің белгіленген мерзім, яғни 9 мамыр үшін іс-әрекеттерін жеделдетпейтінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Песков Ресей президенттері Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстанның ЕАЭО мен Кеден одағынан шығу мәселесін талқыламағанын мәлімдеген еді. 

[:]