АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мәдениет министрлігі шеттетіп тастады»: Роза Рымбаева 5 жылдан бері концерттерге қатыса алмай жүр[:]

[:kz]

 

 

 

Белгілі әнші Роза Рымбаева соңғы бес жылда үкіметтік концерттерге шақырылмай жүргенін айтты деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Роза Рымбаевадан Астананың 20 жылдығы мерейтойына арналған концерттік бағдарламалардан неге көрінбей жүргенін сұрад

«Кейінгі бес жылда мен мәдениет министрлігінің, президенттік аппараттың бірде-бір концертінде жоқпын. Мені шақырады, кейін қоңырау соғып, сізді бағдарламадан алып тастадық деп айтады. Осы жолы да тура солай болды. «А+» компаниясы Нағима Есқалиева екеумізді әуелі бағдарламаға қосып, ертесіне хабарласып, алып тастадық деді. Не үшін, не себептен екенін айтпайды», — дейді әнші.

Рымбаева мерекелік бағдарламаларға неге шақырылмай жүргенін ұйымдастырушылардың өзінен сұрауды ұсынды.

«Астананың бірде-бір мерекелік бағдарламасында жоқпын. Оның себебін солардан (ұйымдастырушылардан – ред.) сұраңыздар. Әндерім дайын, шығармашығылым сол баяғы қалпында. Мен тек қана жанды дауыспен, тек қана оркестрмен ән айтатын әншімін. Сондықтан менің деңгейіммен ұялмай шығуға болады. Кез келген бағдарламаға әніммен үлесімді қоспасам, бұздым деп айта алмаймын. Мен хит әнші емеспін, той әншісі емеспін. Қазақстанды шетелге таныстыру керек болса, мен әрқашан дайынмын», — деді Роза Рымбаева.

Sputniknews.kz.

[:]