АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәди Ахметов: Депутаттыққа сайлану баланың ойыны емес [:]

[:kz]

Жақында «Жұрттың баласы» лақап атымен танылған Мұрат Данияр есімді блогер Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметовты дебатқа шақырған болатын. Дегенмен дебат өтпей қалды. Мұрат Данияр қорықты ма, жеме-жемге келгенде әр түрлі сылтау айтып жас депутатпен дебатқа шықпады. Мәди Ахметов Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында Мұрат Даниярмен арада болған оқиғаны түсіндіріп, қазіргі билік жүйесіне қатысты ойын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәди Ахметов депутаттыққа партия тізімімен сайланды. Дегенмен Мәдиде депутаттықтан бас тарту мүмкіндігі болса бас тартар ма еді? Журналистің осы сұрағына жас халық қалаулысы:  — Бұл өте үлкен саяси науқан.

Депутаттық сайлану — баланың ойыны емес. Бұл маған беріліп тұрған үлкен мүмкіндік, үлкен аванс, үлкен сенім. Соны 5 жыл ішінде ақтап шығу — менің негігзі мақсатым.  «50 жылда ел жаңа» деген қазақтың жақсы сөзі бар. Бізде белгілі бір деңгейде Кеңестік дәуірден қалған стандартты түрде қалыптасып қалған үрдіс бар.

Егде жастағы тәжірибесі мол азамат депутаттыққа өту керек деген стереотип бар. Енді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан кезде 25 жастағы жас азамат Конституциялық құқығы бойынша депутаттыққа өтіп жатса оның несі жаман?! Мәжілістен бөлек, аудан, қала, облыстағы мәслихаттардағы депутаттарды алып қарасақ, 35 жасқа дейінгі 616 депутат «Нұр Отан» партиясы тізіміен мандат алып отыр.  Қазақстанда халықтың 4 миллионнан астамы — жастар. Біз үлкен мінберден жастар мәселесін көтеріп, оның сапалы орындауын қадағалуымыз керек, — деді Мәди Ахметов. Еске сала кетейік, жас депутат Елбасына ескерткіш орнату туралы идеясымен ел ішінде кеңінен танылған болатын.   

www.oinet.kz

[:]