[:kz]
Тележүргізуші Мадина Балғабаева өзін бақытты әйелмін деп санайды. Себебі бақытты ана. Бір ұлы бар. Сүйікті ісімен айналысады. Айналасында жақсы әріптестер мен достары бар. Алайда бір қайғысы барын айтады. Оны мұңайып қана еске алады.
Бұл туралы «Без фильтров» бағдарламасында айтылды.
Мадина Балғабаева осыдан бірнеше жыл бұрын отбасымен жол апатына түсіп, әкесі сол апаттан қаза болған. Ал анасы мүгедектер арбасына таңылған. Бұл осыдан 15 жыл бұрын болған жағдай.
«Әкем жол апатынан қаза болды. Анам мүгедектер арбасына таңылды. Бұл осыдан 15 жыл бұрын болған жағдай», — деді тележүргізуші.
Өзі 16 жыл бұрын жолдасымен ажырасып кеткен. Бүгінде 19 жастағы ұлы Германияда білім алып жатыр.
«Ұлым мектепті Канададан бітірді. Ағылшын тілін жоғары деңгейде үйрену үшін шетелге кетті. Екі жыл жалғыз өзі шетелде тұрды. Оның болашағынан үлкен үміт күтемін. Ол әлемге танылған азамат болады деп ойлаймын», — деді Балғабаева.
Балғабаева қыз-келіншектер 45 жастан асқанда ғана өз күтіміне, дене, бет күтіміне қарау керек деп есептейді. «Жастықтың өзі — әдемілік» дейді ол.
«Кез келген адам жас кезінде әдемі. Сондықтан 20 жасында, 25 жасында бет күтімімен айналысып, бетін тарттырып, екпе салып жүретін қыздарды түсінбеймін. 45 жастан асқанда ғана ондай қызметтерді атқару керек деп ойлаймын», — деді.
Мадина ханым қаржылық жағынан мүмкіншілік болып жатса, әлемді аралағысы келеді. Әлемді танығысы келеді.
«Адам есейген сайын бірнәрсені көргісі, білгісі келіп тұрады. Мен де сондай жастамын. Өзімді бақытты әйел санаймын. Кереметтей ұлым бар. Достарым бар. Сүйікті жұмысым бар. Таңды күліп қарсы аламын. Бақытты әйелдің өмірі осындай шығар», — деді ол.
[:]