АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мадина Сәдуақасова ұзын шашын қиып тастады (видео)[:]

[:kz]

Картинки по запросу мадина садуакасова

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұзын қара шашын қиып тастады. Өнер иесі образын өзгертіп жатқан сәтін желіде жариялап, оқырмандары арасында қызу талықға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Шоу-бизнес жұлдызы шаш үлгісін түбегейлі өзгертуді көздеген болу керек. Әнші ұзын шашын айтарлықтай қысқа қиып тастаған.

Сәдуақасова шаштаразда отырған видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада сұлулық салонының маманы танымал әртістің шашын қиып жатқан сәті көрініс тапты.

Желідегілер Мадинаның бұл өзгерісіне қатысты екі түрлі пікір білідруде. Бірі оған барлығы жарасады десе, енді бірі ұзын шаш әлдеқайда әдемірек екенін бетіне басып жатты.

«Неге? Не үшін қидыңыз?» , «Ұзын шаш деген жақсы емес пе» , «Обал бодды» , «Сонша өсіріп, қиып тастаған дегенді түсіне алмаймын» , «Жарасымды, жасарып қалатын болдыңыз» , «Маған ұнайды мұндай өзгеріс» , «Тек қана алға, бас аман болса шаш өсер» , — деп жазуда көпшілік.

 
 
 

[:]