АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Маған дауыс берген жоқсыз»: депутаттыққа «тағайындалған» Владимир Божко жұртқа қыр көрсетуде[:]

[:kz]

«Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!». Қоғам белсенділерінің «Демалыс кезінде немен айналысып жатырсыз?» деген сауалына Мәжіліс депутаты Владимир Божко осылай жауап берген. Әлеуметтік желіде азаматтар «ханның баласы болса да, қараша халыққа дұрыстап жауап берсін» деп сын айтуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Негізінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина карантин кезінде халық қалаулылары нендей шаруа тындырып жатқанын білмек болып, олардың көбіне хабарласыпты. Бірі жауап қатқан, екіншісі телефонын көтермеген.

Ал Владимир Божко болса, фейсбук арқылы: «Сіз, құрметтім, бір нәрсені шатастырып отырған сияқтысыз. Маған дауыс берген жоқсыз, сәйкесінше сайлаушым емессіз. Жұмыс берушім де сіз емес», — деген.

Белсенді Айгүл Өтепова бұл ретте «Сенген қойым сен болсаң…» дегеннің кері келгенін айтады. Ассамблея атынан Мәжіліске өтіп, төрағаның орынбасары болған Божко өзіне қатысты ешқандай шараның қолданылмайтынын білген соң, осылай қыр көрсетті деген пікірде ол.

Жалпы, Владимир Божконың қоғаммен диалог құру стилі көпке белгілі. Осыған дейін «әлеуметтік төлем үшін тізерлеп тұрып алғыс айтыңдар» дегені де ел есінде. Ал соларды біздің әріптестер «халық қалаулысы» дейді…

[:]