АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Майра Мұхамедқызы жаңа қызметке тағайындалды[:]

[:kz]

 

 

Белгілі әнші Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

«Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 9 мамырда Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Әділ Қожықов «Азаматтарға арналған үкіметті» басқаратын болды Майра Мұхамедқызына жаңа қызметіне сәттілік, шығармашылық шабыт тілейміз!», — делінген хабарламада.

kaz.nur.kz

[:]