[:kz]
Әлеуметтік желіде тараған шулы видеодан кейін Мақпал Жүнісова көрінбей кетті. Бұған дейін желіге түрлі суреттерін салып, оқырманмен байланыста отыратын өнер жұлдызын көпшілік жоғалтып алған еді.
Ұзақ үнсіздіктен соң әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды, деп хабарлайды Экспресс К.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Халық артисі парақшасына «Адамдар кешіріңдер» деген әнін жүктеген. Ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге шыққан әншіні жұртшылық қуана қабылдады.
Әннің астына оқырмандар Мақпалды қолдап, жүрек-жарды пікірлерін жазған. Бірі «Жаным апатайым», «Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші», «Алтын апатайым» десе, енді бірі түрлі смайликтермен өнер жұлдызын қолдайтынын білдірген.
Бұған дейін Экспресс К әншінің Мерейдің биологиялық ата-анасы басқа екенін айтқанын жазған еді.
[:]