АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің қызына қандай ат қойды? (фото)[:]

[:kz]

Танымал әнші Сәкен Майғазиев дүниеге келген төртінші баласын жұлдызды достарымен бірге перзентханадан шығарып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

«АЛЛА — ұлық! Әрқайсыңыздың әулетіңізде әлдидің іңгәләған үні болсын», — деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, әнші осыған дейін жеке парақшасында қызына қандай есім қоярын білмей, халықтан сұраған болатын. Кейін белгілі болғандай нәрестеге Мақпал Жүнісованың ұсынысымен Сәфия есімі қойылыпты.

«Белсенділік білдіріп, ой бөліскендеріңіз үшін баршаңызға Аллаһ разы болсын! Алаштың аяулы қызының таңдауына тоқтадық», — деп қуанышымен бөлісті әнші. 

 

NUR.KZ.

 

[:]