[:kz]
Топырақ саңырау құлақтарының жоғары дәрежеде инфекцияға шалдығуына байланысты адамзат алдағы уақытта бананның жетіспеушілігін сезуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Die Welt-ке сілтеме жасап.
Tropical Race 4 (TR4) деп аталатын ауру ХХ ғасырда Азия мен Австралияда белсенді түрде тарала бастады, бірақ 2019 жылы ол алғаш рет Оңтүстік Америкада тарала бастаған.
AMI атты маркетингтік компанияның жеміс сарапшысы Урсула Шокемеленің айтуынша, Колумбия мен Гондураста алғашқы плантациялар жабылды. Сөзінше, індет химикаттардың әсеріне бой бермейді.Сондықтан инфекцияланған топырақ 30-40 жылға пайдаланудан шығарылады. TR4 негізінен Cavendish сортына әсер етеді, оның экспорты әлемдік банан саудасының 95%-ын құрайды. Мамандар фермерлердің табанындағы инфекцияланған топырақтың кішкене бөлігі де вирустың таралуына әкелуі мүмкін дейді.
Сонымен қатар, олар өсімдіктердің бір-біріне бірдей гендердің берілуіне байланысты ауру тез таралатынын түсіндірді.
Ғалымдардың пікірінше, табиғатта Cavendish сияқты бананнан артық жемісті сорт жоқ. Сонымен қатар, Азия, Африка және Американың көптеген елінде бұл жемістер күнделікті тамақтануда картоп пен күрішпен бірдей маңызды өнім болып табылады.
«Егер Жер халқының саны жеті миллиардтан астам адамды құрайтынын ескерсек, дамушы елдердің өсіп келе жатқан халқының азық-түлікке деген қажеттілігінің артуы банан өндірісінің өсуіне себеп болады», — деді БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы.
Осылайша, адамзат дәмді әрі қажетті тамақ өнімдерін де жоғалтуы мүмкін.
[:]