АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Маңғыстау облысына келген америкалық туристердің шашы тік тұрып кетті (видео)[:]

[:kz]

Туристер мен жергілікті тұрғындар ерекше жайтты көріп таңғалысты. Маңғыстау облысында адамдардың шашы электр тоғынан тік тұрып кетті. 

Мамандар мұны жер мен ауа арасындағы электр қуатының әсері деп топшылады, деп жазады Ладаға сілтеп Stan.kz.

«Бұл жолы мен америкалық туристерді Босжир жеріне алып келдім. Ең жоғары нүктеге шығып, ерекше жайтқа тап болдық. Қолымызды көтергенде, сытырды естідік. Кейін шашымыздың тік тұрып кеткенін көрдік», — дейді Aktau Off Road клуыбының мүшесі Сергей Хачатрян.

Физиктер мұны қалыпты жағдай санайды. 

«Жер бетінде үнемі заряд болады. Сол күні ауа райы қолайсыз, ауа дымқыл болып тұрды. Сондықтан ауа мен жер заряды әрекеттесті», — дейді геолог-физик Геннадий Тарасенко.

 Stan.kz.

[:]