АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Марапаттау кеші бидің түбін түсірген ақтөбелік түлек желіде жұлдыз болды (видео)[:]

[:kz]

Ақтөбеде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның әніне​ ортаға шығып билеген алтын белгі иегері әп-сәтте жұлдызға айналды. Топ ішінен жалғыз өзі дараланған ару қаладағы №3 мектеп түлегі Сәбина Батенов деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

 

Сәбина Батенов. Фото бойжеткеннің жеке мұрағатынан

Сәбина Батенов. Фото бойжеткеннің жеке мұрағатынан

Алтын белгі игері Сәбина Батенованың сөзінше, көңілді биінің арқсында осылайша танымал болатанын тіпті күтпегенін айтады.»Желіге шыққаны ыңғайсыз болып кетті. Әбдіжаппар Әлқожа менің сүйікті әншім. Соған қарап өзімнің көңіл-күйім жақсы болды. Бәріне жақсы көңіл сыйлағым келді. Марапаттауға қатысып, Әбдіжаппардың екі-үш әнін тыңдағаннан кейін үйге қайтып кеттім. Үйде отырсам, жұрттың бәрі «Сен Instagram-да жүрсің» деп хабарласып жатыр. Достарым, туыстарым, таныстарым бәрі жазды. Видеоны көргенде өзім ұялып қалдым. Мұндай танымалдылықты күткен жоқпын. Маған ол жерде «неге билейсің?» деп ешкім ұрысқан жоқ», — дейді​ түлек Сәбина Батенова. 

Ең сүйікті пәні ағылшын тілі екенін айтқан алтын белгі иегері болашақта тіл үйренгенді қалайды.

Сәбина Батенов. Фото бойжеткеннің жеке мұрағатынан

Сәбина Батенова

Фото бойжеткеннің жеке мұрағатынан

Видеода ортаға шығып қуана билеген түлекті ұстаздары, полиция қызметкерінің орнына тұрғызып жатқанын көруге болады. 

«Ол жерде ұрысқан жоқпын. Тек үлкен кісілерден ұят болмасын және ертең бір жерде жүруден сақтық жасайық деп жай ғана орнына тұруын сұрадым. Сөйтсем, өзім қосылып Instagram-ның жұлдызы болып кетіппін», — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлназ Сартайқызы.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 6337​ түлек мектепті аяқтаған. Оның​ ​​505 – і​​ «Алтын белгі» иегері. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға – 5189 түлек ниет білдірген.

 

[:]