АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Марқұм анама тіл тигізді»: Көп балалы анаға бөтелкені қайта лақтырған әкім орынбасары әрекетін түсіндірді (видео)[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы желіде тараған атышулы видеоға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, сол күнгі эмоцияға марқұм анасына тіл тигізген бір ғана әйелге бағытталған. Сондай-ақ, ол көпбалалы аналарға көмектің тек заң аясында көрсетілетінін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде ашу үстінде әйел адамға дауыс көтерген астана әкімі орынбасарының видеосы тарады. Аталған видеоға қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Десе де, арасында әкімнің сөзін сөйлегендер көп. Сондай-ақ, оны бәз біреулердің әдейі аяқтан шалып отырғанын айтқандар да кездесті. Керісінше үй талап етіп отырған аналарды жақтағандар да бар. Жағдайға қатысты Бақтияр Мәкенұлының өзі түсініктеме берді. 

«Күні бұрын әлеуметтік желілерде менің көп балалы аналармен кездескен жерімнен, жасырын камераға түсірілген таспа тарап кетті. Бейнетаспа бетінде менің эмоцияға беріліп, дауысым әдеттегіден қаттылау шыққаны бар. Қалыптасқан жағдайға өзімше түсінік бере кетуді жөн санадым. 

Менің Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне келгелі бері үш айдың жүзі болды. Аталған меже аралығында жұмыс уақытымның едәуір бөлігі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге жұмсалып жатыр», — деді ол Stan.kz тілшісіне. 

Әрі қарай ол дәл қазіргі таңда қоғамның осы санаты үшін Нұр-Сұлтан қаласында атаулы әлеуметтік көмек, мектепке жол, арнайы көп балалы аналар үшін баспана бағдаралмасы, көп балалы аналарға арналған бизнес жоба, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және т.б. да ірілі-ұсақты 11 жобаның жүзеге асырылып отырғанына тоқталды. 

Сондай-ақ, осы бағытта тек «Жанұя» отбасы институтының өзі бір айға жетпес уақыт ішінде 2000 аса адам қабылдап, олардың бәрінің мемлекет тарапынан шешілуі мүмкін мәселелерін барынша шешуге тырысып жатқанын бөлісті. 

«Жеке өзім, осы уақыт аралығында 285 адамды қабылдадым. Дәл сол уақытта көп балалы аналардың кейбірі тарапынан орындалуы мүмкін емес талаптар қойылуда. Ең бастысы баспана беру. Бұл жағдайға қатысты барлық мүдделі азаматтарға айтарымыз, Нұр-Сұлтан қаласында жеңілдетілген, не болмаса тегін баспана алудың тетіктері арнайы сайтта, БАҚ беттерінде не болмаса тиісті мекемелерде беріледі. Мен, өз тарапымнан ешкімге заңды айналып ешқандай артық көмек көрсете алмаймын.  

Заң жалпыға ортақ! Оны арам пиғылмен айналып өтіп, «игілікке» қол жеткізем деген әрбір азамат оның ауыртпалығы мен жауапкершілігін естен шығармағаны жөн. Әр нәрсенің өз шегі бар, менің дәл сол күнгі эмоциям негізінен менің және марқұм анамның жеке басына тиіскен бір әйелге ғана бағытталды. Дәл сол уақытта халықтан кешірім сұрауды ешқашан ағаттық санаған емеспін және санамаймын да. Өз іс-әрекетіммен әлдекімдердің шамына тиген болсам кешірім өтінем. Барлықтарыңызға береке мен бірлік, амандық пен саулық тілеймін!» — деп қорытты сөзін ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы аналармен ұрысып жатқан сәтте түсірілген видеоның тарағаны туралы хабарлаған едік. 

[:]